Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы «__» _________
№_____-ө-м бұйрығымен бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы (22-шығарылым)
1 – бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) 22-шығарылымы «Ұшу аппараттарының, қозғалтқыштардың және оның жабдықтарының өндірісі және жөндеу жұмыстары» бөлімінен тұрады.
2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.
3. Тарифтік-біліктілік өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
4. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
5. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
6. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
7. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.
9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
10. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшасы көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
12. «Ұшу аппараттарының, қозғалтқыштардың және оның жабдықтарының өндірісі және жөндеу жұмыстары» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 22 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2002 жылғы редакциясында берілген.
2 – бөлім. Ұшу аппараттарының, қозғалтқыштардың және оның жабдықтарының өндірісі және жөндеу жұмыстары
1. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі
Параграф 1. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 2-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету бойынша, бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету және қарапайым ақаулықтарды жою бойынша дайындау-қорытындылау жұмыстарын орындау: агрегаттар мен аспаптарды сыртқы тексеру, оларды шаңнан, ластан, қардан тазарту; бұқтырмаларды құбырларға орнату және оларды алып тастау, тораптар мен агрегаттарды және тағы басқа жуу әрі сыртқы консервілеу.
14. Білуге тиіс:
негізгі конструктивтік және техникалық деректер, техникалық пайдалану ережесі, пайдалану ерекшеліктері және ерекше ақаулықтар, қызмет көрсетілетін бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді және оның құрамдас бөліктерін сақтау және консервілеу ережесі;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын майлардың, қоспалардың, сұйықтықтардың, материалдардың түрлері және міндеті;
пайдаланылатын қосалқы жабдықтардың, қолданылатын аспаптар мен құралдардың міндеті және қызмет принципі;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету регламенттерінің түрлеріне арналған жұмыс орнын даярлау тәртібі.
Параграф 2. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 3-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:
құрамында жанбайтын криогендік өнімдер бар бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерде күрделілігі орташа регламенттік жұмыстарды орындау;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді, тасымалдағыш құралдарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау және жанбайтын криогенді өнімдерді сақтау;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді ағымдағы жөндеу бойынша күрделі емес жұмыстарды жүргізу; азын-аулақ механикалық ақауларды, ұсақ сызаттарды жою; жекелеген агрегаттар мен аспаптарды демонтаждау және орнату.
16. Білуге тиіс:
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге қызмет көрсетуде техникалық шарттар;
негізгі тораптар мен агрегаттардың міндеті мен қызмет принципі;
қызмет көрсетілетін ұшу аппараттары туралы жалпы мәліметтер;
қолданылатын криогендік өнімдердің негізгі сипаттамасы;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің негізгі тораптары мен агрегаттарын орнату және реттеу ережесі;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелер элементтерінің ерекше ақаулықтары және оларды жою тәсілдері;
тасымалдағыш құралдар құрылғыларының принциптері және жанбайтын криогендік өнімдерді сақтау;
күрделі емес байқау стендтерінің, қондырғылар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті, оларды пайдалану ережесі;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын агрегаттардың, материалдардың, міндеті, сипаттамасы және таңбалануы; криогеника негіздері.
Параграф 3. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 4-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:
құрамында жанбайтын және жанатын криогендік өнімдері бар бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету бойынша күрделі регламенттік жұмыстарды орындау;
тасымалдағыш құралдарды пайдалану және күрделі жөндеу, жанатын криогендік өнімдерді сақтау.
18. Білуге тиіс:
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің принципті және монтажды тәсімдері;
технологиялық регламенттер;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің, тасымалдағыш құралдардың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою тәсілдері, криогендік өнімдерді сақтау, пайдаланылатын жабдықтардың қызмет принципі және қолдану ережесі;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді басқару жүйесі, олардың жұмыс істеуін тексеру тәсілдері;
қосалқы жабдықтардың, құрылғылардың, құралдардың міндеті, қызмет принципі және қолдану ережесі;
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің, тасымалдағыш құралдардың және криогендік өнімдерді сақтаудың эксплуатациялық құжаттамасы; криогендік техника негіздері.
Параграф 4. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 5-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:
сериялық бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерге техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстардың күрделі түрлерін орындау;
сірнелі ағыс іздегіштермен азотты, дренаждау-құю коммуникациясын, вакуумды коллекторларды, экранды-вакуумды оқшаулағыш жеңдерді және пневмобасқару жүйелерін тексеру.
криогендік жүйелердің, басқару жүйелерін күрделі ақаулықтарын жойып, олардың тораптары мен агрегаттарын реттеп, функциялануына тексеру;
сынақтың хаттамасын жүргізе отырып, бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді сынаққа дайындауға, сынақ жүргізуге және өңдеуге қатысу.
20. Білуге тиіс:
сериялық бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің күрделі ақауларын жою тәсілдері мен әдістері;
қолданылатын материалдарға әр түрлі криогендік сұйықтықтардың әсері;
сірнелі ағыс іздегіштер тораптарының құрылғысы;
сериялық бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің басқару жүйесінде болатын ақаулар;
сериялық бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді, олардың жекелеген агрегаттарын пайдалану ерекшеліктері, сынаудан кейін криогендік жүйелерді жетілдіру және реттеу әдістері;
криогендік жабдықтардың технологиялық өндірісі, пайдалану және жөндеу жөніндегі негізгі мәліметтер;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының жұмыс істеу принциптері;
төмен температура техникасын және вакуумды техника.
Параграф 5. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 6-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді және олардың кешенін пайдалану, сынау, жетілдіру және техникалық қызмет көрсету;
сериялық бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді сынауларға толық техникалық даярлауды жүзеге асыру және сынаулар жүргізу;
едәуір күрделі тораптар мен агрегаттардың бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерін реттеу және реттеу;
ақауды анықтау, ревизия жүргізу, куәландыру және ақауларды жою бойынша күрделі жұмыстарды жүргізу.
22. Білуге тиіс:
күрделі бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді, оларды басқару жүйелері мен кешендерін тексеру және реттеу, анықтау және жою әдістері;
пайдаланылатын және сыналатын жүйелердің басқа да жүйелермен функционалдық байланысын;
күрделі криогендік техниканың пайдалану мен сынауларға техникалық даярлығының ерекшеліктері;
криогендік техниканы сынаудың барлық түрін жүргізудің технологиясы мен ерекшеліктері;
сынақ бағдарламалары.
23. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Параграф 6. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 7-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің тәжірибелі тораптары мен агрегаттарды реттеу, теңшеу және жетілдіру;
әлсіз жерлерін және едәуір қауіпті ақауларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
25. Білуге тиіс:
тәжірибелі тораптар мен агрегаттарды өңдеу кезінде күрделі бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді, оларды басқару кешендерін пайдалану, сынау, жетілдіру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету әдістері;
әр түрлі типті ұшу аппараттарының конструктивтік ерекшеліктері, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелсіздігі;
салқындатудың термодинамикалық негіздері, төмен температураларды алу тәсілдері, терең салқындату циклдері;
қолданылатын бақылау-өлшеу аппараттары мен аспаптардың конструкциясы және тексеру ережесі.
26. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Параграф 7. Криогендік жүйелер жөнінде авиация механигі, 8-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:
сирек кездесетін бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелерді және олардың кешенін пайдалану, сынау, жетілдіру және техникалық қызмет көрсету;
криогендік кешендердің күрделі тораптар, агрегаттары мен аспаптарының жұмысындағы бастартуларға диагностика жүргізу және алдын алу;
сараптама және сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде өлшеу құралдары мен аспаптарын тексеру және реттеу;
сараптамалық криогендік кешенді өлшеу құралдары мен аспаптарын және апатты үрлеу жүйелерін тексеру және реттеу;
сараптамалық криогендік кешендерінің жүйесін жүйелендіру және жұмысындағы бастартуларды талдау, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы күрделі ақауларды жою әдісін таңдау;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың ақауларын жою және жөндеу бойынша жұмыстардың сапасын тексеру.
28. Білуге тиіс:
жабықтың жалпы жағдайына диагностика жасау және тораптар мен бортты және жер үсті авиациялық криогендік жүйелердің жұмысындағы бастартулардың негізгі себептерін белгілеу;
вакуумды техниканың конструктивтік ерекшеліктері;
ағыс іздегіш әдістері;
ұшу аппараттарының конструкциялық ерекшеліктері және олардың негізгі жүйелерден айрықшалықтары;
жылу беру заңдары; төмен температуралық жылу оқшаулау тәсілдері;
қызмет көрсетілетін автоматиканың құрылғысы мен қызметі принциптері.
29. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
2. Герметизаторшы
Параграф 1. Герметизаторшы, 2-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:
бұрауларды сала отырып қалақпен немесе жаққыштармен жағу әдісімен қарапайым конфигурациялы агрегаттардың бетіндегі пісіру және тойтарма тігістерін сұйық және паста тәрізді герметикалармен үстіртін герметикалау;
энергия ағындарын, жуғыш ерітінділердің буын пайдаланатын арнаулы қондырғыларда немесе қолмен үстіңгі беттерді герметикалауға дайындау;
сынаулардан кейін бұйымдарды жуу.
31. Білуге тиіс:
үстіртін герметикалау жүргізудің технологиясы; беттерді герметикалауға дайындау үшін стендтерге қызмет көрсету ережесі;
қолданылатын герметикалардың түрлері, оларды жағу тәсілдері, ұстану режимдері;
майсыздандыру сұйықтығы мен еріткіштердің түрлері, оларды қолдану тәсілдері.
32. Жұмыс үлгілері:
1) герметикалау бұраулары – дайындау және салу;
2) әуе кемелерінің жолаушылар кабиналары – жіктерді жаққыштармен жаға отырып немесе бұрауларды сала отырып герметикалау;
3) отсектер, панелдер, сағалар – жіктер мен тігістерді жаққышпен жаға отырып герметикалау.
Параграф 2. Герметизаторшы, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа конфигурациялы ішкі бетті әр түрлі герметикалармен герметикалау;
қол жетпейтін жерлердегі қосындыларды үстіртін герметикалау;
ұшу аппараттарының ажырамайтын қосындыларын ішкі тігісті құрастырудан кейін герметикалау;
үстіңгі беттерді герметикалау бойынша дайындық сапасын бақылау, герметикаларды дайындау және герметика қабатының қалыңдығын бақылау.
34. Білуге тиіс:
ішкі тігісті құрастырудан кейін герметикалау процессінің технологиясы;
герметикалау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын және аспаптарының құрылғысы мен қолдану ережесі;
қолданылатын герметикалардың маркалары мен қасиеттері.
35. Жұмыс үлгілері:
1) ұшу аппараттарының желдеткіш кабиналары – ішкі тігісті құрастырудан кейін герметикалау;
2) лонжерондар, шпангоуттар, ұшу аппараттарды қаптау – ішкі тігісті құрастырудан кейін герметикалау;
3) шынымата қаптамасы – герметика жағу.
Параграф 3. Герметизаторшы, 4-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:
ұшу аппараттар агрегаттарының күрделі отсектерін құрама (ішкі тігісті және үстіртін) герметикалау;
үстіңгі бетті герметикалау жүргізу үшін стендтерге қызмет көрсету;
ұшу аппараттарының ішкі кессон-бактары мен бітеу көлемдерінің тігістерінің герметикалығын сынауға қатысу;
герметикалау ақауларын Герметикалардың көмегімен жұмсақ бактардың арматураларын жөндеу.
37. Білуге тиіс:
ұшу аппараттар агрегаттарының күрделі отсектеріне құрамды герметикалау жүргізудің технологиясы;
қолданылатын жабдықтардың құрылғысы және жұмыс істеу принциптері;
пайдалану жағдайында герметикаланатын тораптардың міндеті және жұмыс жағдайы;
бұйымдарды герметикалыққа сынау жүргізу процессінің технологиялық жүйелілігін; герметикалау ақаулығын жою тәсілдері;
герметикалардың сапасын көзбен айқындау.
38. Жұмыс үлгілері:
1) отын ыдыстары, экипаж бен жолаушыларға арналған регенерациялы кабиналары – құрамды тәсілмен герметикалау;
2) люктер, қанат отсектер, лонжеронда – герметикалыққа сынау.
3. Авиациялық техниканың ақауын анықтаушы
Параграф 1. Авиациялық техниканың ақауын анықтаушы, 2-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:
бекіту бөлшектерінің (нормаларының) ақауын табу;
қарапайым бекіту бөлшектерінің техникалық жағдайын, электр және радио элементтердің, басу платтарын, дәнекерлеп қосылулардың лак-бояу жағындыларын және лак жағындыларының жағдайын көзбен айқындау;
жоғары білікті авиациялық техниканың ақауын анықтаушының басшылығымен қарапайым тораптар мен бекіту бөлшектерінің ақауларын табу;
қарапайым бекіту бөлшектерін таңбалау және пломбылау.
40. Білуге тиіс:
қозғалтқыштарды, радио жабдықтарды, ұшу аппараттарды, арнаулы жабдықтар мен авиациялық аспаптарды жөндеу кезінде нормаларға қойылатын техникалық шарттар;
бұрандалы қосындылардың түрлері және қарапайым бекіту бөлшектері туралы негізгі мәліметтер;
қарапайым бөлшектерді маркалау және таңбалау бойынша нұсқаулық.
41. Жұмыс үлгілері:
1) бұқтырма – сынақтан кейін бұйымдарда болуын тексеру;
2) ажырағыш қосынды агрегаттарын нығыздау – бар болуын тексеру;
3) қаптама профильдер және пластиналар – ақауды анықтау;
4) шайбалар, гайкалар, болттар – ақауды анықтау.
Параграф 2. Авиациялық техниканың ақауын анықтаушы, 3-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:
қажетті өлшеу, оптикалық және электрмен өлшеу құралдары мен аспаптарын (индикатор, омметр, мегометр, амперметр, вольтметр, тестер және тағы баска) қолдана отырып, авиа қозғалтқыштардың, ұшу аппараттарының, аспаптық, электр, радио және арнаулы жабдықтардың қарапайым бөлшектердің, тораптары мен агрегаттарының ақауларын табу (техникалық жағдайын айқындау);
тораптар мен агрегаттардың жинақталу дұрыстығын тексеру;
ақау табылған қарапайым бұйымдарды жөндеу тәсілдерін айқындау;
коммутациялық аппаратураны кіріс бақылау;
күрделі бекіту бөлшектерді, цилиндрлік форма бөлшектерін магнитті бақылау;
авиациялық техниканың бөлшектері мен тораптарын жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы толтыру.
43. Білуге тиіс:
жөнделетін ұшу аппараттар, авиа қозғалтқыш немесе жарақтану жүйесі туралы негізгі мәліметтер;
ақауға тексерілетін қарапайым бөлшектердің, тораптардың, агрегаттар мен аспаптардың конструкциясы, олардың жұмысының ерекшеліктері және жөндеу технологиясы;
қарапайым бөлшектер мен тораптардың ерекше ақаулары;
бөлшектердің тозуының негізгі сипаттамасы;
металдың коррозиясы туралы негізгі мәліметтер және одан қорғау тәсілдері;
ақауға тексерілетін бұйымдардың шектеулері мен қондырмалары, металдары және қорытпалары, металды емес материалдары туралы негізгі мәліметтер;
сызбаларды, күрделі емес принципті, монтажды және жартылай монтажды тәсімдерді оқу ережесі;
бақылауды бұзбайтын әдістер туралы негізгі мәліметтер;
ақауды анықтау кезінде қолданылатын өлшеу құралдары мен аспаптары туралы негізгі мәліметтер, оларды пайдалану ережесі.
44. Жұмыс үлгілері:
1) қанаттың алмалы-салмалы бөлігі жігінің болттар – ақауды анықтау;
2) болттар, төлкелер, саусақтар – магнитті дефектоскоппен ақауды анықтау;
3) бортты жебелер, арнаулы аспалар, шүберін қалпақшалары – ақауды анықтау;
4) тұрмыстық санитарлық, жүк тиегіш, авариялық, құтқарушы жабдықтар – ақауды анықтау;
5) шағын жүйе (ленталар, бұрыштықтар, үштіктер, кронштейндер) және отын жүйесінің (фланецтер, крандар, қамыттар, бұрыштықтар) бөлшектері – ақауды анықтау;
6) аспапты тақталардың каркастары, қаптамалары, әуе аспаптарының бекіткіш сақиналары – ақауды анықтау;
7) капоттар, кронштейндер, плафондар, үстелдер, бөлгіштер – ақауды анықтау;
8) лабиринттер, корпус бөлшектері, турбина доңғалақтары, қанатшалар – көзбен шолып тексеру;
9) басу платтарының лак жағындылары, баспа өткізгіштері – ультракүлгін сәулелерінде ақауды анықтау;
10) компрессорлар мен турбиналардың қалақтары – геометриялық өлшеу;
11) май сорғылары, соратын сорғылардың гидроцилиндрлері – ақауды анықтау;
12) радио блоктардың, радиоэлементтердің оң панелдері – ақауды тану;
13) серіппелер – сипаттамаларды түсіріп алу;
14) болттардың, бұрандалардың, шпилькалардың, шпонкалардың, штифтердің көмегімен жүзеге асырылатын қозғалтқыштың тораптарын, агрегаттары мен жекелеген элементтерін алмалы-салмалы қосу – бақылау, қабылдау;
15) резеңке-техникалық бұйымдар – өлшеу, ақауды анықтау;
16) реле, контакторлар – кіріс бақылау;
17) гидрогаз, отын, өрт, дренаж жүйелерінің құбырлары - ақауды анықтау;
18) цилиндрлер, поршеньдер, бағыттағыш төлкелер, газ таратып-бөлгіштердің итергіштері, мойынтіректердің ұяшықтары – бөлшектелген бөлшектер арасындағы саңылауларды есептеу;
19) электромагниттер, арматуралар, электр лампалар, электр қалқандар, электр қораптар, штепсель ажыратқыштар, антенналар – омдық кедергіні өлшей отырып ақауды анықтау, оқшаудың кедергісі.
Параграф 3. Авиациялық техниканың ақауын анықтаушы, 4-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:
қажетті өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, күрделілігі орташа авиа қозғалтқыштардың, ұшу аппараттарының, аспаптық, электрлік, радио электрлік, арнаулы жабдықтардың бөлшектері, тораптары, агрегаттары техникалық жағдайының ақауын анықтау;
магнитті және люминесцентті дефектоскоптарда күрделілігі орташа бөлшектерге бақылау жүргізу;
күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды жөндеу тәсілдерін айқындау;
авиа қозғалтқыштарға, ұшу аппараттарға, жарақтану жүйесіне және электрлік, радио электронды, арнаулы жабдықтарға құжаттаманы рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;
авиа қозғалтқыштардың, ұшу аппараттарының, электрлік, радио электрондық, арнаулы жабдықтардың және жарақтану жүйесінің бөлшектері мен тораптарын жетілдіруге жіберу жұмысының тізбесін жасау.
46. Білуге тиіс:
жөнделетін әуе техника бөлшектерінің, тораптарының, агрегаттары мен жабдықтарының конструкциясы, міндеті, қызмет принципі, орнату орны және пайдалану ережесі;
әуе техникасының материалдық бөлігінің бөлшектерін, тораптарын, агрегаттары мен аспаптарын бракқа шығаруға қойылатын әуе техникалық шарттар;
күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптардың ерекше ақаулары;
ақауға тексерілетін бөлшектер мен тораптарды демонтаждау мен бөлшектеудің технологиясы;
авиациялық материалдардың механикалық қасиеті;
термоөңдеу және металдар мен қорытпаларды пісірудің түрлері;
шақтамалар мен қондырмалардың жүйесіне қойылатын мемлекеттік стандарттар;
коррозияға қарсы жағындыларды іріктеу ережесі;
бақылаудың бұзылмайтын әдістерінің негізгі аппаратурасын басқару тәсілдері;
магнитті, құйынды токты, ультрадыбысты және сұйықтық бақылаудың теориясының негіздері және қолдану саласы;
радиолокация, радиотехника, электр техника, механика негіздері;
бақылаудың әр түрлі әдістерін қолдану әдістемесі;
ақауға тексерілетін бұйымдарға формулярларды, паспорттарды, аттестаттар мен бюллетендерді рәсімдеу ережесі.
47. Жұмыс үлгілері:
1) авиа қозғалтқыштардың агрегаттары – қосындылардың, герметикалаудың жіктерін бақылау;
Достарыңызбен бөлісу: |