Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет190/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   219

403 

 

әзірленеді [1]. Бұл міндеттер атқарылды ма, әлде жоқ па? Белгісіз... 



Бұл  бағдарлама  іске  қосылғанда  кӛптеген  қиындықтарға  кезігеді.  Ең 

алдымен  ол  әрине  –  ата  –аналар.  Кӛптеген  ата  –  аналар  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың  бірге  оқығаның  қаламайды.  Ӛйткені,  біздің  елімізде  мүмкіндігі 

шектеулі  адамдарды  басқа  адамдардың  кӛзіне  кӛрсетпеген.  Мысалы,  кӛптеген 

мүмкіндігі шектеулі адамдар үйлерінде қамалып, сыртқа шығудан қорқады. Біз 

жасы  үлкен  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  психологиялық  және  социалды 

түрде, яғни қоғамдық кӛлікте жеке дара қолдану немесе дүкенге кіру, жұмысқа 

толық түрде орналасуға кӛмек бере алмасақ,  ӛздерінің басқалардан ерекшелігі 

бар екенін сезбейтін  балалардың психологиялық түрде дайындала аламыз ба? 

«Бала қылық жасамаса бала болмас», - дегендей, он баладан біреу болсын 

мүмкіндігі шектеулі балаларға күліп, кемсіту мүмкін.  

Сонымен  қатар,  ең  негізгі  ӛзекті  мәселелердің  бірі  –  мектеп.  Егер  де 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  басқа  балалармен  тең  түрде  оқытсақ,  оларға 

арналған  жеке  мектеп  керек.  Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  мектептерде 

қолданылатын  орындықтар  мен  парталарға  отырғыза  алмайсың.  Оларға 

қозғаныла  алатын,  денелеріне  сәйкес  келетін,  жылжитын  орындықтар  қажет. 

Балалар ӛздерін мектепте жайлы сезіну керек. 

Инклюзивті  білім беру  оқыту  үдерісінде  балаға жеке  кӛмек  кӛрсету  мен 

психологиялық-педогогикалық  қолдауды  қамтамасыз  етеді,  жалпы  білім 

беретін  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  кедергісіз  аймақ  құру  ғана 

емес,  баланың  психофизикалық  мүмкіндігін  ескере  отырып  құрылатын  оқу-

тәрбие  үдерісінің ерекшілігінде ескерген жӛн.  

Жалпы  инклюзивті  білім  беру  –  мүміндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-

үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін: жалпы және 

арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады. 

Инклюзивті оқытудың негізгі ұстанымдары: 

1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен 

жетістіктермен анықталады. 

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 

3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы. 

4. Барлық адам бір-біріне қажет. 

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 

6.  барлық  адамдар  құрбы-құрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет 

етеді. 


7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-ӛзінің мүмкіндігіне қарай орындай 

алатын әрекетін жүзеге асыру. 

8. Жан-жақтылық адам ӛмірінің даму аясын кеңейтеді [2, 25]. 

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, 

жақсы ӛмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 

Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама 

бойынша реттеген абзал: 

 

жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; 



 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ақаулық  типтеріне  сәйкес  арнаулы 




404 

 

білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; 



  мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке 

ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы. 

Балалардың  мектептегі  кӛмекшісі,  тәрбиешісі,  анасы  –  мұғалім. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды олардың ерекшеліктеріне қарамай білім беретін 

ұстаздардың  саны  жоқ  десе  болады.  Инклюзивті  оқыту-  барлық  балаларға 

мектепке  дейінгі  оқу  орындарында   мектеп  және  мектепке  ӛміріне  белсене 

қатысуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту-оқушылардың  тең  құқығын 

анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Адамдармен 

қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді. 

Инклюзивті  оқыту-барлық  балалардың  мұқтаждығын  ескеретін  ерекше 

қажеттілігі  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім 

үрдісінің  дамуы.  Инклюзивті  білім  беру  балалардың  оқу  үрдісіндегі  

қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын 

ӛңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге 

енгізілген ӛзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың 

жағдйын  да  ӛзгереді.  Инклюзивті  білім  беруді  ашқан  мектептерде  оқыған 

балалар  адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіндік  алады.  Инклюзивті  оқыту 

балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік 

бейімделуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне  қарамай  балаларды  айыратын 

кедергілерді  жоюға  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға  балалардың  түзеу-

педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  қоршаған 

ортаның   балаларды  жас  ерекшеліктеріне  бейімделуіне  жағдай  қалыптастыру, 

яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат [3, 7]. 

Қорыта  айтқанда,    қазіргі  таңда   әр  оқушыға  жеке  тұлға  ретінде  қарап, 

саналы тәрбие  сапалы білім беру ӛмір талабы болып табылады. «Бәріне  бірдей 

мүмкіндік», «Сапалы білім  -барлығы үшін» деген ұстанымды  қолдаймын. Ең 

бастысы  кемтар  балаларға  деген  қоғамның  кӛзқарасын,  пікірін  ӛзгерту  керек, 

олар  үшін  кедергісіз  орта  қалыптасыру  қажет  және  мүмкіндігі  шектеулі 

баламен  бір  сыныпта  отырған  дені  сау  бала  әлдеқайда  мейірімді,  қайырымды 

болып    ӛсетінін  халықаралық  тәжірибе  кӛрсетіп  отыр.Енді  сол 

тәжірибеніңбіздің  еліміздеқанат  жайып,  ӛркендеуінепедагогтар  қауымы  зор 

үлес  қосуы  қажет  деп  ойлаймын.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сыртқы 

ортамен  қарым  –қатынасқа  түсіп,  ӛзін  әлеуметтік  ортада  жеке  тұлға  санап, 

олардың тағдырын ел болып реттейтін кез келді. «Бала тағдыры  -ел тағдыры» 

деп  қарап,  ұрпақтың ӛмірге  келген  сәтінен бастап,  тәлім  –  тәрбиенібойларына 

сіңіріп,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  ӛмірге  даярлап,  еліміздің 

дамуына ӛз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді. 

 

Әдебиеттер:   



 

1.  «Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың   2011-2020  жылға 

арналған  Мемлекеттік бағдарламасы». – Астана, 2010. 

2.  Руководящие  принципы  политики  в  области  инклюзивного  образования. 

Париж, ЮНЕСКО, 2009. 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау