Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет165/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   219

351 

 

 



Әдебиеттер: 

 

1. БайбақтинаА.Т..  Информатиканы  оқытуда  проектілер  әдісін  қолдану 

технологиясы  және  программалық  проектілер  айқындамаларын  құру  негіздері 

туралы.  «ММ  ИТОН»  Абай  атындағы  АМУ  75  жылдығына  арналған  II 

Халықаралық ғылыми конференция материалдары, 67 бет, Алматы, 2003ж. 

2. Использование    проектной    деятельности    в    обучении    предметов 

естественно  математического    цикла.    –    Астана:    Национальная    академия 

образования им. И. Алтынсарина, 2014 – 48с.  

3. БайбақтинаА.Т..  Информатиканы  оқытуда  проектілік  әдісті  қолдану 

мәселесі туралы.- Абай атындағы АМУ хабаршысы, Алматы, 2002, -47-50 бет. 

4. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в 

системе образования /Под ред.-М ., 2000ж., 15-20 бет. 

5. http://khabar.kz/archive/kz/o-am/item/32038-2020-zhyly-zhogary-

synyptarda-4-pan-agylshyn-tilinde-okytylady 

 

 

 



ҤШТІЛДЕ ОҚЫТУДЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРУДА САНДЫҚ БІЛІМ 

РЕСУРСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Ӛнерхан Г., Дҥрмекбаева Ш.Н. 

Ш. Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті  

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

guline@mail.ru, durmekbaeva@mail.ru

 

 

Мақалада қоғамның дамып ӛркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім 



саласында  ең ӛзекті мәселенің  бірі  әлемдік  білім  кеңістігіне  жол  ашатын үш 

тілдік  білім  беру  жүйесіне  кӛшу  мәселесі  айтылады.  Онда  білім  беруді 

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізге 

алынады.  Үш  тілде  оқыту  негізінде  оқушылардың  коммуникативтік 

дағдылары дамып, ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктері кеңейіп, бәсекеге 

қабілеттілігі артады.Әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін үздік білім беру 

ресурстары  мен  технологияларын  құрастырып,  оқу  үдерісіне  енгізу  және  үш 

тілді  еркін  меңгерген  жаңа  мамандарды  даярлау  қазіргі  күнгі  ӛзекті 

мәселелердің  бірі.    Сандық  білім  беру  ресурстары  білім  беру  мазмұнын 

анықтайтын электрондық оқыту жүйесі кешендерінің бірі. Сандық білім беру 

ресурстары арқылы оқыту оқушылардың тақырыпты тез, әрі оңай түсінуіне, 

ӛткен  тақырыптарды  ӛз  бетінше  қайталап  отыруына  және  тілдерді  еркін 

меңгеруіне жағдай жасайды.  

 

Қоғамның дамып ӛркендеуіне байланысты  қазіргі таңда білім саласында 



ең  ӛзекті  мәселенің  бірі  әлемдік  білім  кеңістігіне  жол  ашатын  үш  тілде  білім 

беру  жүйесіне  кӛшу  болып  отыр.  Үштілді  меңгеру  дәрежесі  сол  адамның 




352 

 

немесе  бүтіндей  халықтың  ӛмір  сүрген  тілдік  ортасы,  әлеуметтік, 



экономикалық,  мәдени  ӛмірі,  тұрмыс-тіршілігі  секілді  кӛптеген  факторларға 

байланысты [1:14]. Кӛптілді меңгерген адам әуелі ӛз тілінде ой қорытып, туған 

халқына  ӛнеге  болып,  ӛзге  жұртпен  бәсекеде  ырықты  орынды  иеленіп,  сан 

мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол ӛз ӛмірін қалай да мағыналы 

ӛткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ.Сондықтан қазіргі қоғамда кӛп тілді 

болу  әр  адамды  кең  ӛріске,  тың  ӛмірге  бастайтын  жол  болып  есептелмек. 

Кӛптілді білім - мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың ӛзегі. Бүгінгі таңда кӛп 

тілді  оқыту  –  жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын, 

әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін 

қажеттілік. 

«Қазақстан  әлемде  тұрғындары  үш  тілді  қатар  қолданатын,  яғни  қазақ 

тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-халықаралық тіл ретінде, ағылшын тілі- әлемдік 

экономиканың  жетістікті  интеграциясы  ретінде,  жоғары  білімді  елдер 

қатарында қабылдануы  тиіс»- деді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев [2].    

Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  кӛп  тілділікті  оқыту  мен  дамытуда 

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы, «Тілдердің үштұғырлылығы» 

мәдени  жобасы,  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  №1118 

Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасы»  басшылыққа  алынуда.  Үш  тілде  оқыту  негізінде 

оқушылардың  коммуникативтік  дағдылары  дамып,  ақпараттық  кеңістігіне  ену 

мүмкіндіктері  кеңейіп,  бәсекеге  қабілеттілігі  артады.  Тілдерді  қолдану  мен 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  үш 

кезеңде  жүзеге  асырылу  жоспарланған:  2011-2013  жылдарға  белгіленген 

бірінші  кезеңінде  тілдерді  қолдану  мен  одан  әрі  дамытудың  нормативтік-

құқықтық  және  әдіснамалық  базасын  жетілдіруге  бағытталған  іс-шаралар 

жиынтығын  ӛткізу  белгіленген;  2014-2016  жылдарға  арналған  екінші  кезең 

аясында мемлекеттік тілді меңгеру мен қолдану саласында жаңа технологиялар 

мен  әдістерді  енгізу  бойынша  іс-шаралар  кешенін  жүзеге  асыру,  сондай-ақ 

тілдік  кӛп  түрлілікті  сақтау  жоспарланған;  2017-2020  жылдары,  яғни  үшінші 

кезеңінде  қоғамдық  ӛмірдің  барлық  саласында  мемлекеттік  тілдің  қажеттілік 

деңгейі, оның тиісті қолданылу сапасы мен басқа тілдердің ұстанымын одан әрі 

сақтай  отырып,  оны  меңгеру  деңгейіне  жүйелі  мониторинг  жүргізу  арқылы 

нәтижені  бекіту  жүзеге  асырылады[3]. Бүгінде  аталған  бағдарламаның  екі 

кезеңі  жүзеге  асырылып,  түпкі  нәтижені  кӛрсететін  үшінші,  негізгі  кезеңі 

басталды. Ол  ең алдымен 10 - 11 сыныптарда 2019 жылы ғана басталады. 10, 

11-сынып  оқушылары  тӛрт  пәнді  (физика,  химия,  биология,  информатика)  тек 

ағылшын  тілінде  оқиды.  Басқа  сыныптарда  қазіргі  базалық  қағидалар 

сақталады.  Әрине,  сыныптарда  тілдік  жүктемелер  артады,  ӛйткені,  балалар 

жоғары  сыныпта  үш  тілде  оқуға  әзір  болуы  керек.  Осы  мәселелер  бойынша 

ұстаздар мен оқушылар, олардың ата - аналары арасында түсіндіру жұмыстары 

жүргізілуде[4].Алдағы  екі  жылда  үш  тілді  білім  беру  жүйесін  енгізу  үшін 

ұстаздарды  қажетті  біліммен  даярлау,  оқу  орындарын  оқыту  құралдарымен 

қамтамасыз  ету  сияқты  барлық  қажетті  жағдайлар  жасалынып  жатыр. 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау