Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет123/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   219

261 

 

Қазақстан  халқына  жолдауында:  «Қазақстан  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  30 



елінің қатарына 2050 жылға дейін енуі тиіс» деп мәлімдеді. Елбасы: «Ең үздік 

деген халықаралық тәжірибе елдің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейінің 

негізгі факторлары – жағымды макроэкономикалық саясат, инвестициялық хал 

ахуал,  тең  бәсекелестік  жағдай  және  ең  бастысы  –  білім  беру  мен  денсаулық 

сақтаудың жоғары сапасы болып табылады», – деп атап кӛрсетті. [1: 3] 

Жалпы орта білім беру сапасы кӛтерілмей, керісінше, біраз кӛрсеткіштер 

бойынша  тӛмендеп отырғанын  кӛрсетеді.  Дайындығы  нашар  мектеп  түлектері 

жоғары  оқу  орындары  мен  колледждерде  сапалы  білім  ала  алмайды,  бұл 

болашақ мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін тӛмендетеді. Ол, ӛз кезегінде, 

адами  капитал  мен  елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  тӛмендеуіне  алып  келеді. 

Осыған  байланысты  үздік  әлемдік  тәжірибені  және  отандық  білім  беру 

жүйесінің бүкіл әлеуетін пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру үшін 

кешенді шаралар қабылдау қажет.  

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру сапасын арттыру міндеті:  

1) оқушыларды білім берудің жоғары нәтижелеріне жеткізу;  

2)  басым  біліктілік  кӛзқарасты  жеке  басқа  бағдарланған  білім  беру 

парадигмасына ауысу;  

3)  жоғары  адамгершілік  және  патриоттық  қасиеттерге  ие  шығармашыл, 

ойлана білетін, рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу;  

4)  педагогикалық  ғылым  қазіргі  заманғы  үндеулерді  ескеріп,  дамыту 

қажеттіліктеріне негізделген.  

Білім  беру  ұзақ  мерзімді  «Қазақстан  –  2030»  стратегиясының  маңызды 

басымдылықтарының  бірі  ретінде  мойындалған.  2007  жылдың  тамызында 

бәсекеге  қабілетті  білім  беру  жүйесін  құру  мақсатында  ҚР  «Білім  туралы» 

Заңының 

жаңа 


редакциясы 

қабылданды. 

2010 

жылы 


Қазақстан 

Республикасының  2011–2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  білім  беруді 

дамыту бағдарламасы бекітілді, ол экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы 

білім  берудің  қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету  жолымен  адами  капиталды 

дамытуға  бағытталған.  Жалпы  алғанда  елде  білім  беру  жүйесін  жаңғырту, 

материалдық-техникалық  базаны  жақсарту  және  мұғалім  кадрлар  біліктілігін 

арттыру  бойынша  нақты  жұмыстар  жүргізілуде.  Халықаралық  бәсекелестік, 

қоғамда болып жатқан ӛзгерістердің ауқымы мен қарқынының ӛсуі білім беру 

саласының  мемлекет  дамуының  басты  факторына  айналуына  себеп  болып 

отыр.  Ұлтымыздың  ұлы  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов:  «Білім  біліктілікке 

жеткізер  баспалдақ,  ал  біліктілік  сол  білімді  іске  асыра    білу  дағдысы»  -  деп 

білім  мен  біліктілік  жайлы  үлкен  ой  айтқан.    Себебі,  ертеңгі  келер  күннің 

бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын нәрсе  – 

білім. Білім мен тәрбиені бірге ұштастыра отырып жас ұрпақтың бойына, сана-

сезіміне сіңдіретін тұлға мұғалім екені баршамызға мәлім. Сол себепті бәсекеге 

қабілетті,  іскер  маман  ретінде  мұғалім  тұлғасын  қалыптастыру  мәселесі 

алдыңғы қатарға шығады.  

 ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып 

табылатыны  мойындалды,  оған  ғасырлар  тоғысында  білімді  халықаралық 



262 

 

деңгейде  дамытудың  бағыттарына  арналған  реформалардың,  соның  ішінде 



Болон үрдісінің қарқынды дамуы дәлел. Қазақстандағы білім беру саласындағы 

жүйелі  ӛзгерістер  әлемдік  деңгейде  болып  жатқан  жаңашыл  бастамалармен 

үндесіп отыр. Оған дәлел:  

-  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы; 

-  Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді 

дамытудың мемлекеттік білім бағдарламасы; 

-  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттары; 

-  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.  

Үшінші  мыңжылдық  –    құзыреттілік  білім  беру  жағдайында  мұғалімнің 

иновациялық  даярлығын  қажет  ететін,  жаңа  формация  мұғалімінің 

инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. 

Ол  үшін  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдерді  даярлау 

мәселесіне  жаңаша  кӛзқараспен  қарау  қажет.  Ӛйткені  қазіргі  мектеп  

мұғалімдерінің  инновациялық  даярлығын  жүзеге  асыру  қажеттілігі  туындап 

отыр. 

Бәсекеге  қабілетті  мұғалімнің  инновациялық  даярлығы  -  құзіреттілік 



білім беру жағдайында инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі.  

Мұғалімдердің  инновациялық  даярлығын  қалыптастыру  оларға  жүйелі 

инновациялық білім беру арқылы жүзеге асады. 

 

Бірінші  кезеңде  мұғалімнің  инновациялық  білімді  қайдан,  қандай 



кӛлемде  алатындығы  айқындалады,  қойылған  мәселе  шешіледі,  оны  шешудің  

тиімді жолдары қарастырылады.  

 

Мұғалімнің  кәсіби  білімдерін    ұдайы  жетілдіру,  жаңартуды  қажет 



ететіндіктен,  екінші  кезеңде  мектеп  мұғалімдерін  инновациялық  даярлау 

мазмұны анықталады.  

 

Инновациялық  білімді  меңгерген  мұғалім  ӛзінің  теориялық  алған 



білімін  ӛз  іс-тәжірибесіне  енгізуге  алғашқы  қадам  жасауы  тиіс,  бұл  мәселе 

мұғалімнің  инновациялық  даярлығын  қалыптастырудың  үшінші  кезеңде 

шешімін табады. 

 

Тӛртінші 



кезеңде 

мұғалімнің 

инновациялық 

даярлығын 

қалыптастырудағы  педагогикалық  инновация  мен  инновациялық  іс  - 

тәжірибенің мазмұны ашылады. 

 

Бесінші  кезеңде  мұғалімнің  инновациялық  даярлығын  қалыптастыру 



бағытындағы    инновациялық  авторлық  курстар,  педагогикалық  оқулар  мен 

форумдар,  арнайы  семинар,  теориялық-тәжірибелік  ғылыми  конференциялар, 

педагогикалық тренингтердің мазмұны сараланады және жүзеге асырылады. 

 

Алтыншы  кезеңде  мұғалімнің  инновациялық  технологияны  меңгеру 



бойынша әдістемелік жұмыстар жаңа бағытта жүргізіледі.  

 

Жетінші  кезеңде    мұғалімнің  инновациялық  технологияны  оқу-тәрбие 



үрдісіне енгізу бойынша  инновациялық-технологиялық жұмыстардың мазмұны 

айқындалады.  




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау