Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет187/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219

397 

 

тапсырмалар  жүйесін  құру  қажет.  Жалпы  үш  түрлі  топпен  жұмыс  жасау 



бастапқыда  қиындық  тудырды,  себебі  теориялық дайындықтың аздығы болар. 

Ал  кейін  сабақ  жоспарын  қайта  қарап,  ӛзгерту  мен  толықтыру  енгізген  кезде 

түсініксіз  жайттардың  басы  ашыла  бастады,  десе  де  әлі  де  қарап  түйсіктен 

ӛткізер  мәселелер  баршылық.  Сол  мәселелерді  егжей-тегжейлі  қарау 

болашақтың еншісінде.  

Бүгінгі  ұстаз  шәкіртіне  ғылым  негіздерінен  мәлімет  беріп  қана  қоймай, 

оны  дүниежүзілік  білім,  ақпарат,  экономика  кеңістігіне  шығуға,  яғни  қатаң 

бәсеке  жағдайында  ӛмір  сүруге  тәрбиелеуі  керек.  Бұл  ретте,  ұлы  ағылшын 

ағартушысы  Уильям  Уорд:  «Жай  мұғалім  хабарлайды,  жақсы  мұғалім 

түсіндіреді,  керемет  мұғалім  кӛрсетеді,  Ұлы  мұғалім  шабыттандырады»,- 

дейді 3 . Демек, қазіргі кәсіби білім беру жүйесі ұстаздардан кәсіби икемділік 

пен ұтқырлықты, сан-қырлы шығармашылық қызмет пен ӛзін-ӛзі басқару, ӛзін-

ӛзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. 

 

Әдебиеттер:  

 

1. Крутецкий 



В.А. 

Психология 

математических 

способностей 

школьников. – М: Просвещение, 1968. - 432 б. 

2. 


Б.  Айтмамбетова,  К.  Бозжанова,  А.  Ильясова

.Қазақ  педагогикалық 

энциклопедия сӛздiгi. –Алматы: Республикалық Баспа Кабинетi,1995.-186 б.

 

3. 



www.citaty.info/man/uilyam-artur -uord. 

 

 



 

БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ-

МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ БӚЛШЕГІ РЕТІНДЕ 

 

Кусаинова Г.Т., Кайникенова Г.К. 

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті,  

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

gulshat_k79@mail.ru

 

 

Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін, 



ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін 

жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын 

анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті 

оқыту  -  барлық  кемтар  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу  орындарында, 

мектепте  және  мектеп  ӛміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  берумен  бірге, 

оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды,  адамдармен  қарым-қатынасына 

қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді,  балалардың  білімділік 

қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай жасайды. 

 

Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған 

мәселе  балалардың  жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның, 



398 

 

отбасының  қатысуымен  білім  беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын 



инклюзивті  білім  беру.  Осы  жаһандық  мәселеге  әлем  ғалымдары  мынадай 

анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның 

ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу 

және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына 

қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке 

шақыруға,  баланың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  мұқтаждықтарына 

арнайы  қолдау,  яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға 

бағытталған  мемлекеттік  саясат.  Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары 

бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда 

қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 

дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты 

қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға 

арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда 

жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  ӛмір  сүру  жағдайын   қалыптастырады. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу  құқықтары  «Қазақстан 

Республикасының  балалардың  құқықтары  туралы»,  «Білім  беру  туралы», 

«Мүмкіндігі 

шектеулі 

балалардың 

әлеуметтік 

және 

медициналық-



педагогикалық  түзетуге  ықпал  ету  туралы»,  «Қазақстан  Республикасында 

кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңдарында,  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім  беру  немесе  «білім  баршаға» 

бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте 

және мектеп ӛміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.  

Инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  –  балалардың  жынысына,  жас 

ерекшеліктеріне,  географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-қозғалыстық  және 

ақыл-есінің  жағдайына,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  қарамастан, 

сапалы білім алу және ӛздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. 

Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін, 

ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы 

білім  үрдісінің  дамуы.  Инклюзивті  оқыту  балалардың  оқу  үрдісіндегі 

қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын 

ӛңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге 

енгізілген ӛзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың 

жағдайлары  да  ӛзгереді.  Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған 

балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, ӛйткені олар бір - 

бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. 

Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 

арқылы  қолдау  туралы  Қазақстан  Республикасының  2002 жылғы  11  шілдедегі 

заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-

педагогикалық  кеңестің  қортындысына  сәйкес  арнайы  түзету  мекемелерінде 

және  мемлекеттік  білім  жалпы  беретін  мектептерде  тегін  оқуға  құқылы 

делінген. 

Атап  айтсақ  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортаға 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау