Ресей империясы қҰрамы


  СОЦИАЛИЗМНІҢ  КҮЙРЕУІ  ЖӘНЕ  ЕГЕМЕНДІ  ҚАЗАҚСТАН



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет22/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
disser

3  СОЦИАЛИЗМНІҢ  КҮЙРЕУІ  ЖӘНЕ  ЕГЕМЕНДІ  ҚАЗАҚСТАН 
МЕН ПОЛЬША МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ 
 
3.1  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағының  ыдырауы  және 
Қазақстандағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы 
1917  жылдың  қазанында  Ресейдегі  мемлекеттік  билікті  большевиктер 
қолдарына алғаннан кейін пайда болған Кеңес супердержавасының ыдырауына 
сыртқы жау емес,  мемлекеттің ішінде орын алған мәселелер себеп болған еді. 
Алғашқы  себептердің  қатарына  большевиктер  орнатқан  саяси  режимді 
жатқызуға  болады,  және  де  тағы  бір  себеп  экономикалық  негіз  және  онымен 
байланысты қатынастар сияқты маңызды факторлар болатын.  
Егер  Кеңестік  пролетарлық  мемлекеттің  құрылуының  түп  тамырына  көз 
салсақ,  оның  таптық,  партиялылық,  сөз  бостандығы  мен  өзгеше  ойлауды 
қабылдамаушылыққа негізделгенін атап өтуге болады. Онымен қатар, бір ғана 
коммунистік  партияның  мойындалуы,  қатаң  цензура,  оппозициялық  қоғамдық 
бірлестіктердің қуғындалуы, жерге жеке меншіктің жойылуы, кеңестер билігіне 
разы еместерге қатысты  жүргізілген репрессия  және  тағы  да  басқалары  елдегі 
мемлекеттік органдардың қирауына алып келді. 
Ленин  Кеңестер  мемлекетінің  Басшысы  ретінде  жаңа  мемлекеттік 
тетіктерді,  олардың  құқықтық  негіздері  мен  билік  органдарының  құрылымын 
жасауға тырысты, ол буржуаздық парламентаризмге үзілді-кесілді қарсы келе, 
оның  орнына  жұмысшылар  және  әскерлер  мен  шаруа  депутаттарынан  тұрған 
(кейін  оларға  қосылды)  жаңа  органды  ұсынады.  Революция  көсемінің 
пікірінше,  халық  мемлекетті  өкілді  орган  арқылы  басқару  керек  болатын,  бұл 
сөз  жүзінде  керемет  конструкция  түрінде  көрінген  еді.  Биліктің  жоғарғы 
органы болып ХДК – Халық Депутаттары Кеңесінің үкіметін құру өкілеттілігі 
берілген тұрақты қызмет атқаратын ОАК – Орталық Атқару Комитеті сайлаған 
жұмысшылар мен әскер депутаттары Кеңесінің съезі танылды. 
Кеңестер  билігін  құрудың  бастапқы  кезеңінде  экономика  коммунистік 
идеология  және  адамды  адам  қанамайтын  әділ  пролетарлық  мемлекет  құруға 
уәде берілген, әркімнен оның қабілеті бойынша, әркімге оның еңбегі бойынша 
деген  ұрандар  –  басты  өмірлік  қағидасына  айналған  халықтың  революциялық 
ынтасы арқылы қолдауға ие болып отырған. 
Көсем қайтыс болғаннан кейін социализмді дамытудың болашақ жолдары 
ұсыныла  бастады.  Сталиннің  тоталитарлық  жүйесінің  орнауымен  Кеңестер 
мемлекетінің дамуы сталиндік нұсқа бойынша жүргізілді. 
Негізгі күш ауыр өнеркәсіп – машина жасауға, металлургияға, жанар май-
энергетикалық кәсіпорына, және де пайдалы қазбаларға бай жерлерде жаңа тау-
кен  кешендерін  құруға  бағытталған  халық  шаруашылығы  дамуының 
бесжылдық  жоспары  енгізілген  болатын.  Бір  сөзбен  айтсақ,  ауыр  өнеркәсіп 
саласының дамытылуы басқа өнеркәсіп салаларының зиян шегуіне алып келді 
[83, б.281]. 
Дегенмен,  бесжылдық  жоспардың  бекітілуі  және  оның  орындалуына 
мемлекеттің  жазалаушы  органдары  тарапынан  қатаң  бақылау  жүргізілуі,  тіпті  


120
 
 
кәсіпорындар  мен  зауыттардың  директорларының  ату  жазасына  дейін 
тартылуы  азаматтық  соғыс  пен  шетел  интервенциясынан  кейін  қираған  Кеңес 
Одағының  өнеркәсіптерінің  жылдам  арада  көтере  алды.  Осындай  шаралардың 
арқасында  1928-1932  жылдардағы  бірінші  бесжылдық  4  жылда  орындалған 
болатын.  Экономист  ғалымдар  бірінші  бесжылдық  жоспар  цифрлардың  тым 
жоғары болғандықтан орындалуы мүмкін еместігі жайында ескертсе де, Сталин 
алға  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  мемлекеттің  әкімшілік-жазалау  әдістерін 
пайдалану мүкіндігінің шексіздігіне көзі жетеді.  
Сталиннің  бесжылдық  жоспарларындағы  жұмыстардың  көбісін  ГУЛАГ 
лагеріндегі  қамаудағы  тұтқындардың  орындағанын  айта  кету  керек.  Лагерлер 
табиғаты қатал Сібір аудандарында гидроэлектр станцияларының құрылыстары 
үшін, Қазақстанның суық даласында көмір шахталарын, металлургиялық және 
мыс  қорыту  комбинаттарын  ұйымдастыру  үшін  болашақ  құрылыс 
орындарында  құрылып  жатты.  Лагерлік  экономика  халық  шаруашылығының 
маңызды  салаларының  бірі  болды,  өйткені,  «тегін»  күш  қиын  объектілерді 
көтеруде  пайдаланылды,  сонымен  қатар,  адам  төзгісіз  еңбек  жағдайы  және 
қатаң  табиғат  климаты  жағдайында  оларды  кеңес  билігінің  жаулары  ретінде 
біртіндеп құрту жүзеге асырылған болатын. Елде мұндай жұмысшы күштердің 
жетіспеушілігі болған жоқ.  
Сталиннің өлімінен және жеке басқа табынушылықты мойындаған КОКП 
ХХ  съезі  өткеннен  кейін  әлеуметтік-экономикалық  саладағы  жылымықтан, 
НАТО  мен  Варшава  келісімі  елдерінің  арасындағы  сыртқы  саяси 
шиеленістердің  босаңсуынан  басқа  КСРО  экономикасында  айтарлықтай 
өзгерістер  болмады.  Бұрынғыдай,  бесжылдық  жоспарлар,  материалдық 
игіліктердің  партия  қарауы  бойынша  саяси  жағдай  талап  еткен  өнеркәсіп 
салаларына  бөлінуі,  өндірісті  модернизациялауға  аз  қаражат  салымдарының 
салынуы,  бейбіт  және  соғыс  өнеркәсіптері  арасында  ресурстарды  бөлудегі 
теңсіздіктер  қала  берді.  Экономикадағы  бұл  сәйкеспеушілік  және  елдің 
шикізаттық  бағытталуы  факторы  өздерінің  экономикалық  бейнелерін  қысқа 
мерзімде өзгерту арқылы Еуропаның дамыған елдерімен бір қатардан көрінген 
Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Батыс Еуропа елдерінен КСРО-ның артта 
қалуына әсер еткен.  
1964  жылы  Н.Хрущевтың  КОКП  Бас  хатшылығы  орнынан  түсіп, 
брежневтік  басқару  басталысымен  экономикадағы  жағымсыз  тенденциялар 
үдей  түседі.  Л.  Брежнев  консервативтік  саясатын  жүргізді,  оның  жетекшілік 
етуі  кезінде  өздерінің  артықшылықтарын  ашық  пайдаланған  партия 
номенклатурасының бүтіндей бір әлеуметтік  тобы қалыптасады, яғни биліктің 
сыбайлас жемқорлық жүйесі белең ала бастайды. 
Осы уақытта елдің даму рейтингісі тек алынған мұнаймен, таудай үйілген 
көмірмен,  қорытылған  болаттың  сандық  көлемімен  анықталып  қана  қойған 
жоқ, ол сонымен қатар, жаңа технологиялардың жасалуы мен пайдаланылуына 
бағынышты болды, олардың ішіндегі маңыздысы болып ақпараттық технология 
табылады.  Орыс  ғалымдарының  мәліметтері  бойынша,  70-80-жылдары 
аралығында  «микроэлектронды  төңкеріс»  деп  аталған  ғылыми-техникалық 


121
 
 
прогрестің  жаңа  кезеңінің  басталуы  кезінде  КСРО  тек  алдыңғы  қатардағы 
Батыс  елдерінен  ғана  емес,  сонымен  бірге  дамушы  Оңтүстік-Шығыс  Азия 
мемлекеттерінен ондаған жылдарға артта қалған [90, б.759]. 
Орыс  ғалымдары  КСРО  экономикасының  дамыған  державалармен 
салыстырғанда 
құлдырап 
кетуінің 
басты 
мәселесі 
ретінде 
қаржы 
ресурстарының 
әртүрлі 
өнеркәсіп 
салалары 
арасында 
бөлінуіндегі 
пропорциялардың  сақталмауынан  екендігін  айтады.  Мысалы,  АҚШ-та  1985 
жылы  67%-ды  құраған  жалпы  ішкі  өнімнің  негізгі  массасы  сауда  және  көлік 
қызметін  көрсету  саласында,  31%  құрылыс  пен  өнеркәсіпке  тиесілі  болса, 
КСРО-да  бұлардың  ара  қатынасы  38%  және  45%  болған.  Олар  өздерінің 
ойларын жалғастыра келе, ауыл шаруашылығының үлесіне 17% жалпы ұлттық 
өнім тиесілі болған болса, Америкада оның үлесі 2% болғанын атап өтеді. Яғни, 
70-жылдары  кеңестік  экономика  дамыған  Батыс  елдерінің  экономикасынан 
техникалық  және  технологиялық  деңгей  бойынша,  тиімділік  көрсеткіштері 
бойынша  бұрынғыда  да  бетер  артта  қалады,  осылардың  нәтижесінде  ел 
экономикалық даму қарқынын жоғалта бастайды [90, б.759-760]. 
Бастапқыда КСРО-да өзінің өсуі үшін ішкі ынталандыруынсыз қатаң саяси 
режим  есебінен  құрылып  жүзеге  асырылып  келген  экономикалық  қатынас 
жүйесі  жұмысын  жалғастырып,  экстенсивті  түрде  дами  береді.  Уақыт 
өзгерістер мен өнеркәсіп салаларын жаңартуды талап етті, алайда, оларды қайта 
құру  бесжылдық  жоспардың  орындалмауымен  байланысты  болуы  мүмкін  еді. 
Өндірісті  жаңарту  мен  қайта  құру  үшін  және  жаңа  технологияларды  сатып 
алуға онсыз да қазына да жетпей жатқан ірі капитал салымдары қажет болатын. 
Сондықтан  көптеген  кәсіпорындар  белгілі  бір  өнімді  шығару  үшін  адам 
еңбегінің мол үлесін қажет ететін ескі білдектермен және құрал-жабдықтармен 
жұмыс жасаған.  
Нәтижесінде, үкімет шикізат секторына салмақ салып, энергоресурстарды 
өндіруді  арттырады.  Мысалы,  ғалымдар  мынадай  сандарды  келтіреді,  1985 
жылы  жаңа  өнеркәсіп  құрал-жабдықтары  мен  астық  жеткізілімдеріне  елдегі 
өндірілген мұнайдың 20%-ы, газдың 11%-ы, калийлі тыңайтқыштардың 31%-ы, 
мақтаның  24%-ы  жұмсалған  және  т.б.  Ғалымдар,  бұл  шаралар  елдегі 
экономикалық ахуалды шамалы уақытқа тұрақтандырды деп қорытындылайды. 
Кейін Араб әлемі елдерінің арасындағы саяси шиеленістер нәтижесінде әлемдік 
нарықтағы  мұнай  бағасының  көтерілуінен  ағыла  түскен  валюталар  ел 
экономикасын  тұрақты  түрде  қамсыздандырып  отырды.  Мұнайдан  түскен 
жоғары  долларлық  түсімдерге  ие  болған  КСРО  үкіметі  Батыс  Сібірді  игеру 
бойынша,  ВАЗ,  КАМАЗ  көлік    зауыттарының  құрылыстары  және  жаңа  мұнай 
химиялық  зауыттары  мен  қорғаныс  өнеркәсіп  кәсіпорындарын  салу  бойынша 
ғаламдық бағдарламаларды әзірлей бастайды [90, б.760]. 
КСРО-ның  барлық  экономикасы  елдің  әскери  қуатын  нығайтуға 
бағытталғанын  атап  кету  керек,  сондықтан  сол  кезде  болған  әскери-
өнеркәсіптік кешеннің жаңа қару мен әскери техникаларды жасау үшін қажетті 
қаражат  сұранымдарына  үкімет  тарапынан  ешқашан  бас  тартулар  болмады. 
Нәтижесінде,  экономиканың  үлкен  бөлігі  ӘӨК-ге  (әскери өнеркәсіптік  кешен) 


122
 
 
жұмыс  жасайды.  Мысалы,  ӘӨК-ге  арналған  әскери  шығындар  үлесі  20-25% 
құраған,  ал  әскери  техника  өндірісі  елдегі  машина  жасау  өнімінің  жалпы 
көлемінің  60%  құраған  [90,  б.761].  Жаңа  соғыс  мен  болашақ  майдандасу 
қаупінен  үрейленген  әскерилер  өздеріне  қажеттілерін  толық  мөлшерде  алып 
отырды, ал өнеркәсіптің бейбіт салаларына бюджеттік қаражаттың аз мөлшері 
ғана  тиесілі  болды.  Әрине,  жеңіл  өнеркәсіпте,  машина  жасау,  құрал  жасау, 
электротехникалар  жасау  салаларында  өнімдер  жасап,  оны  дамыту  өте  ауыр 
болатын.  Сондықтан,  отандық  өндіруші  өндірген  тауарлар  еуропалықпен 
салыстырғанда  бәсекеге  қабілетсіз  болатын,  тіпті  осы  өнімдердің  өндірілуі 
халық қажеттіліктерін тиісті мөлшерде қанағаттандыра алмаған. 
Осылайша, ел 70-80-жылдары жалпы ұлттық табыстың 1970 ж. - 290 млрд. 
рубль.,  ал  1980  ж.  –  579  млрд.  рубльді  құрағанына  қарамастан  қарулануға 
нормативтен  тым  жоғары  700  млрд.  рубльді  жұмсаған.  Сәйкесінше,  негізгі 
материалдық  активтер  шоғырланған  КСРО-ның  қорғаныс  өнеркәсіптерінде 
АҚШ-пен  салыстырғанда  2-3  есе  көп  жұмысшылар  жұмыс  жасаған  (5-8  млн. 
және 2,2 млн. сәйкесінше) [90, б.761]. 
Бірақ,  барлық  жақсының  аяқталатын  уақыты  болатыны  белгілі,  80-
жылдары энерготасымалдаушылардың әлемдік нарықтағы бағасы құлдырайды, 
бұның артынан КСРО қарыздарының көлемі де арта түседі. Шетелден алынған 
несиелер жаңадан алынған субсидиялар есебінен жүзеге асырылады. Бұл қоғам 
өмірінің барлық салаларына, әсіресе кеңес азаматтарының әл-ауқаттарына әсер 
етеді [90, б.761]. 
Энерготасымалдаушылар  сатылымына  бағынштылық  және  экономиканы 
дамыған  елдер  үлгісі  бойынша  қайта  құру  қажеттілігі  КСРО-ның  партиялық 
үкіметін жаңғырту жолына көптеген күрделі себептерге байланысты итермелей 
алмады.  Мысалы,  ол  елдегі  әлеуметтік-экономикалық  жүйенің  экономикалық 
негіздерін  өзгертуді  талап  етті,  өйткені  өзгерту  дегеніміз  нарықтық 
қатынастарды  енгізуді  көздеген  болатын,  ал  бұл  қалыптасқан  партия 
құрылымының қирауына алып келуі мүмкін еді. Сондықтан миллиондаған елді 
басқарып  келген  билікке  қауіп  төнгендіктен,  елді  ғаламдық  дағдарыстан 
құтқара  алатын  реформалар  экономикада  қабылданбады.  Бастапқыда  теріс 
құрылып, 70 жылдай шыдап келген Кеңестік мемлекеттің экономикалық үлгісі, 
өзіндік  дамуы  үшін  ішкі  тетіктердің  болмауы  және  жеке  меншік,  бәсеке,  әр 
адамның  өзінің  еңбегінің  нәтижесіне  мүдделілігі  сияқты  нарықтық  құқықтық 
қатынастың  басты  қағидаларының  болмауы  болуы  сөзсіз  дағдарысқа  алып 
келгені көрінеді.  
Сөрелерде  азық-түлік  тауарларының  болмауы,  тауарлар  жоқшылығы, 
мемлекеттік  аппарат  пен  партиялық-шаруашылық  номенклатураның  барлық 
салаларын  жайлаған  сыбайлас  жемқорлық,  жалпы  партиялық  мемлекеттік 
элитаның  және  жергілікті  атқарушы  биліктің  ыдырауы  қоғамдағы  мазасыз 
ахуалды қалыптастыра бастайды. Көшелерде орнаған тәртіпке қатысты сындар 
айтылып,  тұрғындар  мен  құқықтық  тәртіп  органдары  арасында  қақтығыстар 
және ереуілдер бола бастайды. 


123
 
 
1982  жылы  Л.Брежнев  қайтыс  болғаннан  кейін  билік  басына  келген 
мемлекет  қайраткерлері  жағдайды  оңалтуға  тырыспады  деп  айтуға  болмас, 
керісінше,  Ю.В.  Андропов  ҰҚК-тің бұрынғы  төрағасы ретінде  қоғамда болып 
жатқан  жағдайды  жақсы  білгендіктен  қажетті  шараларды  қабылдай  бастайды. 
Бірінші  кезекте  ол  биліктің  жоғарғы  эшелонындағы  сыбайлас  жемқорлықпен 
күрестен  бастайды,  құқыққорғау  органдарында  әсіресе  ішкі  істер 
Министрлігінде  тексерулер  жүргізіліп,  кәсіпорындарда,  зауыттар  мен  
мемлекеттік  мекемелерде  қатаң  тәртіп  орнатады.  Алайда,  өзара  байланысты 
болған  экономиканы  түзеу  үшін  саяси  жүйені  ауыстыруды  қаламайды                      
[90, б.764]. 
Андропов  Мемлекеттік  қауіпсіздік  органдарының  билігін  кеңес  қоғамы 
өмірінің барлық салаларында күшейтеді. Тіпті, ҰҚК темір жол, теңіз және әуе 
көліктерінде,  әскер  және  әскери-теңіз  флоттарында  қалпына  келтірілген 
болатын. 
Экономикалық жағдайдың нашарлап кетуіне Бас хатшының қолдауына ие 
болған  Ауғанстандағы  соғыс  пен  оған  қажетті  материалдық  жұмсалымдардың 
әсері  етеді.  1984  жылы  ақпанда  Ю.В.  Андропов  қайтыс  болғаннан  кейін 
мемлекет басына К.У. Черненко ұсынылған болатын. Алайда, 1985 жылдың 10 
наурызында  ол  да  көз  жұмады.  Черненкодан  кейін  КСРО-ның  Бас  хатшысы 
орнын  жас  мөлшері  жағынан  жас  54  жастағы  М.С.  Горбачев  иемденеді                       
[89, б.764]. 
КСРО-дағы  билік  басына  Горбачевтың  келуімен  саяси  терминологияда 
«жариялылық»,  «қайта  құру»,  «демократия»,  «адамзаттық  социализм»  сияқты 
жаңа  сөздер  пайда  болды.  Мемлекеттің  жаңа  басшысы  елге  өзгеше  саясатты 
ұсынып,  халықтың  жағдайын  өзгертуге,  кеңес  азаматтарына  лайықты  өмір 
сыйлауға,  әрине,  КСРО-ның  әлемдегі  бұрынғы  әскери-саяси  позициясын 
қайтаруға тырысты. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  мәселелі  сұрақтарды  көтерген 
Горбачевтың билікке келуі қарапайым адамдардың үміттерін арттырды. «Қайта 
құру»  сөзі  әр  одақтас  республиканың,  соның  ішінде,  Қазақстан  және  оның 
азаматтары  өздерінің  өмірлерінің  өзгеруін,  мемлекетте  халық  билігі  мен 
демократиялық өзгерістер күттірген Горбачев билік еткен заманның символына 
айналған саясат болды.  
Кеңес халқы партия диктатурасының босаңсуына, цензураның жойылуына, 
диссиденттерді  және  өзгеше  ойлаушыларды  қудалаудың  тоқтауына, 
азаматтардың жеке өмірлерінің партия органдары тарапынан бақылануда болуы 
жойылып,  тікелей,  құпия  әрі  тең  дәрежеде  сайланатын  нағыз  Парламент, 
Президен пен Үкіметтің пайда болуынан үлкен үміттер күткен болатын. 
КОКП-ның  жаңа  Бас  Хатшысы  М.Горбачев  елде  реформа  жүргізу  үшін 
А.Г. Аганбегян, Л.И. Абалкин, О.Т. Богомолов, Т.И. Заславская, Е.М. Примаков 
сияқты  ғалымдар  командасын  жинайды.  Олар  қысқа  мерзімде  мемлекеттік 
басқару  тетіктерін  жетілдіру  бойынша  және  ғылыми  техникалық  прогрестің 
жетістіктерін  халық  шаруашылығына  енгізу  бойынша  жоспарларын  дайындап 
ұсынулары керек болатын [90, б.765]. 


124
 
 
1985  жылғы  ғалымдар  тобы  жұмысының  тұжырымдамасы  социализмнің 
лениндік  жоспарына  қайта  оралу  және  социализмнің  демократиямен  бірігуі 
сияқты  көрінетін.  Мемлекет  басшысы  әкімшілік-ұйымдық  шаралар  тәртіп  пен 
заңдылықты нығайтуы, ең бастысы адами факторды белсенділендіруі керек деп 
есептеген [90, б.765]. 
Орыс ғалымдары сол сәтте, яғни, 1985 жылдың көктемінде не Горбачев, не 
реформа  жасаушылар  елді  жайлаған  экономикалық  және  әлеуметтік 
дағдарыстың нақты көлемін білмеген деп санайды. Сондықтан оның сол кездегі 
жағдайдан шығудың, социализмнен трансформацияланудың үлгісі болмаған.  
Қайта  құрудың  бастабында  аталған  объективті  себептерге  байланысты 
Горбачев  реформа  жүргізудің  теріс  бағыты  мен  объектісін  таңдаған  болатын. 
М.Горбачев  және  оның  реформаторлар  командасы  қайта  түрленуді  елдің 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының  «үдетілуі»  тұжырымдамасын  жүзеге  іске 
асырудан  бастайды.  Сонымен  қатар,  оның  көмекшілері  осы  сұрақтардағы  аса 
маңызды  шешімдер  қабылдауда  кешігіп  жатты.  Саяси  реформа  қажеттілігі 
мемлекет Басшысының есіне 2 жыл өткеннен кейін келеді [90, б.765]. 
Ел  жетекшісінің  алдында  нарықтық  қатынасқа  өтудің  үлгілерін  таңдауда 
күрделі  міндет  тұрды.  Мұнда  көп  нұсқалар  болды:  нарықты  қайта  құрудың 
еуропалық  үлгісі  немесе  партияның  қатаң  бақылауында  болған  қытай  үлгісі 
және  басқалар.  Біраз  уақыт  Горбачев  жақтаған  реформа  жүргізудің  қытайлық 
нұсқасын  алатын  болсақ,  оған  біздің  мемлекеттен  түпкілікті  айрықшаланып 
тұрған демографиялық жағдай, менталитет және экономика құрылымы сияқты 
факторлар кедергі келтірген еді. 
Сондықтан 
кеңестік 
сарапшы 
реформалаушылар 
Чехословакия-
Венгриялық  реформа  жүргізу  нұсқасының  тәжірибелеріне  арқа  сүйейді.  Және 
де  ғалымдар  1985  жылдың  көктемінде  жүргізілген  реформалар  тек  теориялық 
емес,  сонымен  қатар  саяси  сипатта  болғанын  атап  өткен.  Басқарылушы 
модернизация  тек  қатаң  саяси  бақылау  негізінде  мүмкін  болатын,  алайда 
партиялық-бюрократиялық  аппарат  өзінің  негізгі  массасында  модернизация 
идеяларын  қабылдамайды.  Реформаторлар  экономикалық  реформаларға  дейін 
саяси реформаларды жүргізу керек екендігін кеш түсінген [90, б.766]. 
Саясатта, идеологияда, ғылым мен білім салаларында Бас хатшы Горбачев 
жүргізуге  тырысқан  жариялылық  және  демократия  идеялары  елде  жақсы 
ахуалдың  орын  алуына  қолайлы  жағдай  туғызды.  Горбачевтың  ел  және  қоғам 
үшін  ізгі  ниеттегі  реформаларының  бірі  маскүнемдікпен  күрес  немесе 
алкогольге  қарсы  кампания  болатын.  М.Горбачевқа  елдегі  ересек 
тұрғындардың  алкогольді  тұтынуы  жөніндегі  мамандар  ұсынған  мәліметтерде 
ұлттың генетикалық азғындауына қауіп төніп тұрған болатын. Бұл ретте, Э.А. 
Туркебаевтың мәліметтерінше, келесідей деректер келтіріледі, егер 1955 жылы 
ересек халық жылына 2,5-2,8 л. алкоголь тұтынса, 1985 жылдың басына қарай 
ол көрсеткіш – 12 литрге жеткен. Үкімет алколгольді өнімдердің шығарылуын 
қысқарту  жөнінде  шешеім  қабылдайды,  оларды  жасаудың  шикізат  өнімдерін 
өндіру  мен  әкелу  шектеледі,  осыған  сәйкес  спирттік  сусындардың,  соның 
ішінде сыра өнімдерінің сатылуы қысқартылады [184]. 


125
 
 
Бұдан басқа, атағы патша заманынан әлемдік нарықта белгілі шарап және 
коньяк  өнімдерін  жасайтын  зауыттар  қажет  болмауына  байланысты  жойылды 
немесе  басқа  салаға  мамандандырылған  болатын.  Грузия,  Армения,  Дагестан 
сияқты  оңүстіктегі  ұлттық  республикалардағы  жүзім  плантацияларының 
шабылуы шарап жасау саласындағы өндірістерге үлкен зиян келтіреді. 
Осындай  «құрғақ»  заңды  бірден  енгізу  мысалдары  тарихта  да  болған. 
Кезінде,  Америкада  ХХ  ғасырдың  30-40-жылдарында  спирттік  өнімдер 
сатылуының  шектелуі  алкогольді  өнімдердің  «көлеңкелі»  сатылуынан 
ұйымдасқан  топтардың  жүгенсіздігіне  алып  келген.  Ресейдегі  патша  уақыты 
тұсында  1908  жылғы  ІІІ  Мемлекеттік  думада  елдегі  маскүнемдік  пен 
араққұмарлықпен  күрес  жөніндегі  Заң  жобасының  әзірленгені  ұмытылған 
болатын.  Сонда  халықтың  спирттік  өнімдерді  шамадан  тыс  қолдану  деректері 
келтірілген. Алайда, алкогольге тыйым салумен байланысты басқа да құқықтық 
қатынастардың  түпкілікті  зерттелуі  Комиссияны  барлық  арақ  монополиясы 
мемлекеттің  қолында  тұрғандығы  туралы  қорытынды  шығаруға  алып  келеді. 
Сонымен қатар, мемлекетке таза 477 871 000 рубль пайда келтіріп отырған 120 
мың  мемлекеттік  кабактар  мен  басқа  да  орындар  болған.  Нәтижесінде,  1908 
жылы 3 млрд. көлеміндегі мемлекет бюджетінің шамамен жартысына жуығын 
арақ  өнімдерін  сатудан  түскен  акциздік  алымдар  құрады  [67,  б.26].  Әрине, 
демократтар  мен  кейбір  либералды  партиялар  талап  еткен  Заң  жобасы 
қабылданбайды,  өйткені  ол  Ресейдің  экономикалық  қауіпсіздігіне  қауіп 
төндірген еді. 
Горбачев  үкіметі  мұны  ескермеген.  Спирттік  сусындар  сатылымының 
бірден азайтылуы кесірінен мемлекеттік бюджет  5 млрд. рубльді жоғалтады, ал 
1985-1989  жылдары  аралығында  қазынадағы  жоғалтулар  112,3  млрд.  рубльге 
дейін жеткен [184, б.204]. 
Есесіне  елде  мол  қаржы  пайда  алып  келген  құрамында  спирті  бар 
өнімдердің  «көлеңкелі»  нарығы  пайда  болды.  Қытайдан  спирт  тасымалымен 
құрамында шекара және құқыққорғау органдары тартылған мафиялық ұйымдар 
айналысты.  Бұдан  басқа,  КСРО-да  Ауғанстаннан  оңтүстік  одақтас 
республикалар  арқылы  жеткізілген  нашақорлық  құралдарының  ірі  көлемдері 
пайда  бола  бастайды.  Яғни,  мемлекет  бір  жамандықпен  күресе  отырып  басқа 
мәселелерді тудырады. 
Алкогольдік  өнімдердің  болмауынан  ел  тұрғындары  суррогаттармен, 
самогондармен,  техникалық  спиртпен  араластырылған  сусындармен  уланып 
жатты.  
Горбачевтың  реформаларында  әлеуметтік  саланың  «жеделдетілуі», 
энергетикалық саясаттың дамуы, тұрғын-үй құрылыстарының дамуы және т.б. 
қарастырылған.  Олар  мемлекетте  уақыт  пен  қаражаттың  жетіспеуінен 
орындалған жоқ болатын. 
1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС-да апат болды, ол аумақтардың 
радиоактивтік ластануын, олардың салдарын жою мақсатында  мол қаржылық 
шығындарға  алып  келеді.  Мемлекетке  апаттан  келген  шығын  100  млрд. 
доллардан асып түсті [182, б.206]. 


126
 
 
КСРО-да жүргізілген реформаның ұрандары болып табылған жариялылық, 
демократия және қайта құру жоғарыда аталып кеткен салаларға экономикалық 
зиян  тигізіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  Қазақстан  сияқты  ұлттық 
республикалардың  халқының  алдындағы  саяси  имиджіне  де  зиян  келтірген. 
Осылай, 1986 жылы желтоқсанда өткен КазКСР Компартиясы ОК Пленумында 
ҚазКСР  ОК  Бірінші  Хатшысы  лауазымына  Д.Қонаевтың  орнына  орталықтың 
сенімді  адамы  Г.Колбин  тағайындалған  болатын  [185].  Бұл  оқиға  республика 
халқының  наразылығын  тудырып,  Алматы  қаласының  орталық  алаңына 
шығарды.  Наразылыққа  шыққандар  ұлттық  республика  халықтарының 
пікірімен 
бұрынғыдай 
санаспай 
келген 
Орталықтың 
жөнсіздігіне 
келіспейтіндерін білдіреді. Алматы оқиғасы мен өзге одақтас республикаларда 
болған оқиғалар олардың орталыққа бағынғылары келмейтіндіктерінің, Мәскеу 
қамқорлығынан  шығуын  қалайтындарының  «алғашқы  қарлығашына»  айналды 
және  КСРО  деп  аталатын  үлкен  державаның  ыдырауының  басталғанын 
куәландырды. 
Горбачев  үкіметі  бас  бостандығынан  айыру  орталықтарына  және  жүйке 
ауруханаларына  орналастырылған  соңғы  диссиденттерді  босатады,  мысалы, 
Горькийдегі қуғыннан академик А.Сахаров және басқалары қайтарылады. 1988 
жылы  қолданыстағы  Конституцияға  партия  конференциясының  нұсқауымен 
өзгерістер  енгізіледі,  оларға  сәйкес  КСРО-дағы  жоғарғы  билік  органы  болып 
халық  депутаттарының  съезі  табылды.  КСРО  халық  депутаттарының  І  Съезі 
1989  жылы  өтті,  онда  КСРО-ның  бірінші  Президенті  болып  М.Горбачев 
сайланады.  Ол  КСРО-ның  сыртқы  және  ішкі  саясатына  жетекшілік  ету  мен 
Үкіметті  тағайындау  құзіреттілігіне  ие  болды.  1990  жылы  КСРО 
Конституциясының 

бабына 
КОКП-ның 
монополиясы 
жойылып, 
көппартиялылық мойындалған өзгерістер енгізіледі [186]. 
Осы  жылы  В.  Новодворский  мен  Е.  Дебрянский  жетекшілік  еткен 
«Демократиялық  одақ»  сияқты  әртүрлі  бейресми,  фашизмге  қарсы  қоғамдық 
қозғалыстар  белсендіріле  бастайды  [90,  б.777].  1989  жылы  бейресми 
қозғалыстардың түпкілікті поляризациалануы жүреді. 
1991  жылдың  тамызында  бұрынғы  Кеңестік  Одақ  аумағында  М.С. 
Горбачев  үкіметі  мен  жаңа  саяси  көшбасшы  Б.Ельциннің  араларында  қызу 
күрес  жүреді.  Осы  уақытта  ұлттық  сұрақ  сияқты  КСРО-ның  ескі  мәселелері 
көтеріле  бастайды.  Саяси  лексиконда  ол  «егеменділік  шеруі»  деп  аталған, 
мұндай  атауды  ол  одақтас  республикалардың  егеменденуі  барысында 
публицистикада  алған.  Бұл  процестің  басталуына  Кавказ  және  Орта  Азия 
аймақтары – Таулы Карабах, Фергана, Сумгаит, Жаңа Өзендегі (1988 ж.), Баку, 
Душанбе,  Тбилиси,  Сухумида  болған  оқиғалар  түрткі  болады  (1989  ж.).  Осы 
өңірлерде  көптеген  адамдардың  өмірін  алып  кеткен  ұлттық  негіздегі  қанды 
оқиғалар  орын  алады  [90,  б.787].  Орталық  аталған  мәселелердің  ешбірін  де 
шеше  алмаған,  себебі,  қысқа  уақыттың  ішінде  барлық  одақтас  республикалар 
мен  автономиялық  республикалардың  біраз  бөлігі  республикалық  Заңдардың 
одақ  заңдарынан  жоғарылығы  туралы,  өздерінің  егеменділіктері  жөнінде 
Декларацияларын  қабылдаған  болатын.  Олардың  кейбірі  ұлттық  тіл  туралы 


127
 
 
Заңдарын  қабылдап,  әскерлерін  құрғаны,  өздерінің  валюталары  жөнінде 
мәлімдеді, Молдова, Беларусь, Қырғызстан және басқа да жаңа республикалар 
атаулары пайда болды.   
Борис  Ельцин  М.Горбачевпен  болған  саяси  күресте  Ресей  Президенті 
лауазымына  қол  жеткізеді,  ол  тікелей,  бүкілхалықтық  және  жасырын  дауыс 
беру  арқылы  сайланған  болатын.  Президенттік  институт  тәуелсіз  мемлекеттер 
үшін  емес,  КСРО  одағы  құрамындағы  республикалардың  бірі  ретіндегі  Ресей 
үшін  жоспарланған  болатын.  Б.Ельциннің  жақын  көмекшілерінің  бірі,  Ресей 
бастабында  Кеңестер  Одағының  бір  бөлігі  болады  деп  жобаланғанын  жазады 
[186, б.32]. 
Алайда,  американдық  саясаткер  Томас  Грэм  саяси  ахуалдың  өзгергенін, 
және Ельциннің мәртебесі Горбачевтың мәртебесімен теңесіп, тек Ресейдің ғана 
билеушісі  емес,  КСРО-ның  тең  басқарушысына  айналуы  керек  болғанын  атап 
өтеді [187]. 
1991  жылға  қарай  одақтық  басшылықты  іс  жүзінде  одақтас 
республикаларды  басқарудың  негізгі  тетіктерінен  айырған  Одақтық  шарттың 
жаңа  мәтіні  дайындалған  боатын.  Олардың  қолында  қаржы  саясаты  мен  ішкі 
қорғаныс  қалдырылып,  барлық  қалған  сұрақтар  республикалық  деңгейде 
шешілді.  Яғни,  бұл  КСРО-ның  мемлекет  ретінде  өмір  сүруінің  тоқтағанын 
білдірді [179, б.519]. 
ТЖМК-тің  тамыздағы  бүлігі  1991  жылдың  19-20  тамызында  Горбачев 
Қырымда демалыста болған кезде орын алды. Оған ресей Президентінің  1991 
жылдың 20  тамызындағы  РКФСР-дағы  барлық  Кеңестік  Одақтың  мемлекеттік 
мекемелерін  депортациялау  туралы  жарлығы  себеп  болады.  Сәтсіздікке 
ұшыраған  төңкеріске  КСРО  вице-президенті  Янаев,  премьер-министр  Павлов, 
МҚК  төрағасы  Крючков,  қорғаныс  министрі  Язов,  ішкі  істер  министрі  Пуго 
қатысқан  [179,  б.527].  Олар  Горбачевты  биліктен  тайдырып,  төтенше  жағдай 
орнатуға тырысқан, алайда Ельцин бастаған Ресей федерациясының үкіметі мен 
оларды қолдаған халық әскерлерге мемлекеттік төңкерісті жасатпайды [188]. 
Тамыз  оқиғасы  Кеңес  Одағының  ыдырауына  түрткі  болады.  КСРО 
одағынан  бірінші  болып  Балтық  жағалауы  республикалары  шығады,  олардың 
тәуелсіздігі  1991  жылдың  24  тамызындағы  РФ  Президентінің  Жарлығымен 
мойындалады.  Украинада  өткізілген  референдум  олардың  КСРО-дан  шығуын 
қолдайды және 1991 жылы 25 тамызда Украина жаңа Одақ шартына қол қоюға 
қатысудан  бас  тартып  тәуелсіз  мемлекеттің  құрылғанын  жариялайды.  Оның 
артынан Ресей мен Қазақстаннан өзге республикалар да ілеседі [189]. 
1991 жылдың 8 желтоқсанында Минскідегі Украина, Ресей және Қазақстан 
Президенттерінің  бас  қосуларында  Беловежск  келісімі  жасалады.  КСР 
Одағының  халықаралық  құқық  субъектісі  және  геосаяси  шынайылық  ретінде 
өмір сүруін тоқтататыны жайында жарияланған болатын [190]. 
1991  жылы  бұрынғы  Кеңестер  Одағының  құрамында  болған 
республикалар  Декларациялар  мен  Заңдар  арқылы  өздерінің  тәуелсіздіктерін 
және  дербестіктерін  мәлімдейді.  Академик  С.С.  Сартаев,  осы  сұрақта  біз 
біршама кешігіп қалдық, мен, сенатор Е.Нурпеисов пен Т.Донақовтар жасаған 


128
 
 
тәуелсіздік  туралы  конституциялық  Заңның  Жобасы  1991  жылдың  шілдесінде 
КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумына ұсынылған болатын деп  еске  алады. 
Жоба  қаралмай  жатты,  кейбір  саясаткерлер  егер  біз  онсыз  да  еркін  ел  болып 
табылсақ,  мұндай  Заңның  керегі  қаншалықты  деп  күмәнмен  қарады.  1991 
жылдың 9 желтоқсанындағы ҚКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиум отырысында 
депутат  М.Қозыбаев  және  мен  тәуелсіздік  туралы  Конституциялық  Заңның 
қабылдануы  қажеттілігі  жайында  сұрақтар  көтердік,-деп  еске  алады  ғалым. 
Біздің  ұсынысымызды  ККСР  Жоғарғы  Кеңесінің  мүшелері  бір  дауыспен 
қабылдаған болатын және мен бір мезетте оның баяндаушысы болып бекітілдім 
[191]. 
1991  жылдың  16  желтоқсанында  мен  кеудемді  көтеріп  ҚКСР  Жоғарғы 
Кеңесінің мінберіне көтеріліп, мақтаныш сезіммен Қазақстан Республикасының 
тәуелсіздігі туралы баяндаманы оқуға кірістім,-деп жазады академик. Байқасам, 
залда  отырған  депутаттардың  көбісі  менің  тоталитарлық  жүйеге  қатысты 
пікіріме  қолдау  білдіріп  отырса,  басқаларынан,  керісінше  айтқандарымның 
барлығы  олардың  көңілінен  шықпағаны  сезілді,-деп  еске  алады  ғалым                       
[191, б.27]. 
Кейін  Академик,  Латвияның,  Литваның,  Эстонияның,  Грузияның, 
Молдованың,  Түркменияның,  Қырғызияның  бұрынғы  КСРО  құрамынан 
шыққаны  жайында  мәлімдегенін  атап  өтеді.  Қазақстан  Республикасының 
егеменділігі  туралы  талқылаулар  барысында  әрүрлі  пікірлер  айтылады, 
кейбіреулері  мұндай  заңның  қабылдануына  мүлдем  қарсы  болады,  әйтсе  де 
тәуелсіздік  туралы  Заң  1991  жылдың  16  желтоқсанында  дауыс  беру  жолымен 
қабылданады.  270  дауыс  қолдап,  12  дауыс  қарсылық  білдірген.  Осы  уақыттан 
бастап  16  желтоқсан  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  Күні  болып 
ресми жарияланады [191, б.28]. 
Ел  тәуелсіздігін  алды,  оның  жер  қойнауы,  суы,  байлығы,  табиғи 
ресурстары  Республика  халықтарына  қызмет  ететін  болады.  Оның  аумағы 
тәуелсіз,  және  қол  сұғылмайды,  ешкімнің  оның  ішкі  істеріне  араласуына 
құқығы  жоқ,  ҚР  өзінің  ұлттық  валютасын  шығарады  және  Негізгі  Заң  – 
Конституцияны қабылдау керек болды [191, б.30]. 
1991 жылдың 1 желтоқсанында ҚР тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың 
сайлануы  және  1991  жылдың  10  желтоқсанында  ҚКСР-да  ҚазКСР  атауын 
Қазақстан Республикасына өзгерту туралы Заңның қабылдануы сол кезеңнің ең 
жоғарғы саяси оқиғасы болды [192]. 
Одан  бұрынырақ,  1989  жылы  22  желтоқсанда  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл 
мәртебесіне ие болған тілдер туралы Заң қабылданған болатын. Осындай қысқа 
мерзім  аралығында  нарықтық  экономиканы  құруға,  жеке  меншік  пен 
кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, шаруа қожалықтарын арендаға алу туралы, 
жер кодексі сияқты Заңдар мен Кодекстер қабылданады [192, б.38]. 
Жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасай келе, дворяндар, помещиктер 
мен  буржуазияның  қанауынан  шаршаған  халықты  большевиктердің 
үгіттеуіндегі ең негіз қалаушы идеясы – бұл оларға жұмысшылар және әскери 
депутаттар Кеңестері арқылы елді басқару мүмкіндігін беруі болғанын атап өту 


129
 
 
керек.  Бірақ,  өкінішке  орай  олай  болған  жоқ.  Кеңестер,  тиісті  дәрежеде 
құрылды,  «көз  тартарлық»  кампаниялар  өткізілді,  өндіріс  үздіктері  Кеңестер 
съезінде залдың алдыңғы қатарына орналастырылады. Алайда, не олар, не оның 
жергілікті билік органдары ештеңе шеше алмады және барлық жерлерде алдын 
ала қабылданған (б) БКП ОК Пленум, кейін КОКП қаулылары мен шешімдері 
жүзеге  асырылып  жатты,  сондықтан  Кеңес  мемлекетінің  басты  тетігі  жұмыс 
жасамады. Партия іс жүзінде экономиканың барлық саласын, кеңес қоғамының 
саяси  жүйе  институттарын,  және  де  әрбір  азаматтың  жеке  өмірін  бақылауда 
ұстаған. Партия шенеуніктері КСРО аумағының үлкендігі мен климаттарының  
әркелкілігіне  қарамастан  өндіріс  салалары  мен  ауыл  шаруашылығының  әр 
қадамын «реттеп отырған», бұл еңбек өнімділігінің артуына емес, жөнсіз және 
тіпті ақылға қонымсыз жағдайларға алып келген.  Мысалы, партия басшылары 
егістікті  қашан  бастап,  қай  кезде  жинау  немесе  ерекше  дақылдарды  отырғызу 
керектігіне  дейін  шешкен.  Орталықтан  тараған  бұндай  нұсқаулар  көз 
алдарында  жоғалған  астық  пен  босқа  кеткен  шаруа  еңбектерінің  куәсі  болған 
жергілікті билік органдары мен аграр ғалымдардың түсінбеушілігін туғызады.  
Ауылшаруашылығының  жоспарлары  мен  мемлекеттік  сатып  алуларды 
орындау кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылды, сондықтан 
үкімет тарапынан талаптардың жыл сайын артуы кәсіпорын басшылығын жоқ 
заттарды  өндірілді  деп  артық  берілген  жалған  есептермен  айналысуға 
мәжбүрлеген.  Көп  кешкіпей,  жалған  мәліметтер  беру  КСРО-дағы  қалыпты 
құбылысқа айналады. 
Қоғамдық  бірлестіктер,  мысалы,  жұмысшылар  мен  шаруаларды 
қорғаулары  керек  болған  кәсіподақтар  сауықтандыру  мен  курорттық 
шаралармен  ғана  айналысты,  яғни  жұмысшыларға  санаторилар,  емханалар 
салды.  Сол  кезде  Батыстағы  кәсіподақтар  жұмысшылардың  құқықтарын 
қорғаумен  айналысқан  және  шындығында,  олар  жұмыс  берушілерден, 
корпорациялар  мен  кәсіпорындардан  жұмысшылардың  еңбекақыларын 
көтеруді,  еңбек  ету  жағдайын  жақсартуды,  әлеуметтік  пакетті  талап  етіп, 
дәстүрлі демократия елінде әр азамат мұқтажсыз өмір сүруіне қол жеткізеді.    
Егемен  Қазақстан  бастауын  1465  жылдан  алатын  өзінің  ұлттық 
мемлекетілігінің  қалыптасуының  ауыр  тарихи  жолын  басынан  өткерді. 
Қазақстан  Республикасының  1991  жылы  егеменділік  пен  тәуелсіздікке  қол 
жеткізуі  үшін  халықтың  үлкен  күш  жігері,  жоңғарларға  қарсы  қанды  соғыс 
және  патшаның  отарлау  саясатына  қарсы  көтеріліс,  кеңес  билігінің  ауыл 
шаруашылығында жүргізген тәжірибелері мен сталиндік репрессия кезеңіндегі 
біздің отандастарымыздың миллиондаған құрбандығы қажет болды. Қазақстан 
тәуелсіздігінің  ширек  ғасыр  уақыты  аралығында  біз  өткеннің  сабақтарымен 
санастық,  Қазақстанның  ұлттық  мемлекеттілігінің  қалыптасуында  үлкен  рөл 
ойнаған  тарихымыздың  қайғылы  беттері  жөнінде  ұмытпадық  және  есте 
сақтадық.   
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алғаннан  бастап  Үкімет  пен 
Президент  алдында  елдің  негізін  қалаушы  Заңдарын  қабылдау,  саяси  жүйе 
құрылымын  жасау,  демократиялық  Парламентті  құру  және  егемен 


130
 
 
Қазақстанның болашақта ұстанатын стратегияларын әзірлеу бойынша ауқымды 
жұмыстар тұрды. 
 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау