Ш.О.БИДАШОВА
Қазақ қыздар педагогикалық университеті,
қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының магистранты,
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАМАНДЫҚ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ РОЛІ
Аннотация
Мақалада әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде алғашқы пайда болған елдер туралы
айтылады. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты басқа түскен ауыртпалықтан арылу үшін
сырттан көмек қажет ететін адамдарға көмек беру. Алғашқыда әлеуметтік жұмыс
тұрмыста қиыншылыққа ұшыраған туыстарға көмек көрсету болып табылса, кейіннен
әлеуметтік жұмыс аясының кеңейіп бір жүйеге келтірілгендігі қарастырылады.
Тірек сөздер: Әлеуметтік жұмыс, заң, кәсіп, мамандық.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «
1. әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі
жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір
қоғамның жоқтығы сияқты»[1] деп, атап көрсеткен болатын.
Қазақстанда әлеуметтік жұмыс пән ретінде оқытылып, мамандық ретінде қарастырыла
бастауы ХХ ғ. 90–шы жылдары ел экономикасының нарықтық кезеңге өтуімен
байланысты. Сондықтанда әлеуметтік жұмыс жас ғылым және қызметтің өзгеше түрі
болып саналады. Қазақстанда әлеуметтік жұмыс жаңадан пайда болғандықтан шетелдің
озық тәжірибелеріне сүйенеді. Алайда шетелдік тәжірибелердің Қазақстанға тиімді
жағын пайдалану қажет. Әлеуметтік жұмыс алғашқыда мұқтаж адамдарға қарапайым
түрде көмек көрсететін қайырымдылық ұйымдары ретінде пайда болып, кейіннен
мамандық ретінде қалыптаса бастады. Адамдарға көмек көрсетуге бағытталған іс-әрекет
әлеуметтік жұмыс болып табылады. Бұған адамдардың бір-біріне жан ашарлықпен,
қайырымдылықпен қарауы да себеп болды деп айтуға болады.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты елдің барлық аймақтарында бір адамға, немесе
отбасындағы барлық адамдарға, топқа қажетті кезінде көмек көрсету, сол клиенттердің
мұқтажын қанағаттандыру болып табылады. Әлеуметтік жұмысты кәсіп ретінде
қарастырсақ - адамдарға қажетті көмегін көрсетуді жүзеге асыратын, өмірде кездесетін
киыншылықта қолдау көрсетіп қана қоймай, жәбір шеккен жеке тұлғалардың немесе
топтың, отбасының құқықтарын қорғау, бір сөзбен айтқанды әлеуметтік жағдайын
қалыпқа келтіру. Бұл кәсіппен айналысушылар әлеуметтік жұмыскерлер. Әр түрлі
технологиялар мен әдістерді игере отырып әлеуметтік жұмыскер мүмкіндіктің бәрін
пайдалана отырып айналадағы адамдарға жақсы жағынан әсер ету және олардың өмірін
жамандықтан жақсылыққа бұруға тырысады.
Әлеуметтік жұмыс түсінігіне ғылыми еңбектерде көптеген анықтамалар берілген. Сол
анықтамаларға сүйене отырып, әлеуметтік жұмыс тұрмыстық жағдайға, шаруашылыққа
байланысты, әлеуметтік жағдайдың төмендеуіне, экономикалық дағдарысқа, кездейсоқ
жағдайларды және күнделікті әлеуметтік мәселелерді шешуде адамдарға көмек беретін
қызметтің түрі деп айтамыз. Қиыншылыққа ұшыраған адамдармен жүргізілетін
әлеуметтік жұмыс адамдардың жай-күйін (психологиялық, әлеуметтік) білуден
басталады. Адамдардың жай-күйін қарай әлеуметтік жұмысқа (психологиялық,
педагогикалық, медициналық, т.б.) кеңес беру, клиникалық көмек беру, топтық жұмыс,
отбасылық терапия, адамдар тап болған қиыншылықтарға көмек беру кіреді[2]. Мұндай
кең көлемдегі жұмыс қоғамның әрбір адамына және қоғамның барлық топтарының
қатысуының арқасында өз жемісін береді. Көмек туралы ұғым адамдардың алғашқы
топтасуы кезеңінен басталады. Мәселен, алғашкы қауымдык кұрылыста әлеуметтік
катынастар ортақ, яғни бір-біріне көмектесу түрінде көрінсе, кейін келе қоғам әлділер мен
әлсіздер тобына бөлінгенде қайыршыларға, кембағалылар мен ауруларға рақымшылық,
кайырымдылық жасау, руластардың бір-біріне көмегі ретінде көрінеді. Ал мемлекет
пайда болғанда әлсіз топтарға қамқорлық жасау мемлекеттік деңгейде жүргізіле бастады.
Мұның өзі әлеуметтік жұмыс жүргізудің реттеле бастағанын көрсетеді. Әлеуметтік жұмыс
туралы түсінік, әлеуметтік көмек елдің экономикалық даму деңгейіне байланысты әр елде
әр кезеңде қалыптасты.
Әлеуметтік жұмыс мамандығының пайда болу тарихына тоқталсақ, ХІХ аяғында ХХ
ғасыр шегінде АҚШ пен Еуропа (Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швеция және
Франция) елдерінде әлеуметтік жұмыс мамандығы алғаш қалптасты.
Әлеуметтік көмек туралы алғаш рет Вавилон патшалығының құжаттарында кедей
адамдарға «қомқорлық жасау», туыс адамдарды «сүю» туралы айтыла бастаса, ежелгі
Грецияда б.з.д. V ғ. мұндай көмек «филонтропия» («фило»-махаббат, «антропос»-адамзат
яғни, адамзатқа сүйіспеншілік) адамзатқа деген махаббат» деген мағанада болды[2]. Ал
Ресейде жағдайы бар адамдар қайыршыларға күнделікті пайдалынатын азық-түлікті
тарату арқылы қайырымдылық көрсетуден бастаған. Осындай іс–шаралардың атқарылуы
кедейлерге көмек туралы заңның шығуына бастау болды. Көмек көрсету туралы
заңдардың қабылдануы өз кезегінде көмек қажет ететін амдарға көмек беруді бір жолға
қоюға және әлеуметтік көмек аясының кеңейіп мемлекеттік деңгейге дейін
көтерілгендігін көрсетеді. Мұндай көмек ең бірінші жағдайы жоқ адамдарға көрсетілді.
Көмек көрсету туралы заңдар алғаш рет әлеуметтік мамандық пайда болған Батыс
Еуропада шықты. Осы заңның аясында кедей адамдарға, өмір сүруге қаражаты
жеткіліксіз адамдарға қайыршы сұраумен өмір сүруге рұқсат етілді[3]. Бұл деңгейдегі
адамдарға мүгедектерді, қараусыз қалған, ата-анасы жоқ жетім балаларды, қарт
адамдарды жатқызуға болады.
1348 жылы Англияда бірінші рет заң жүзінде кедейлер екі категорияға: «абройлы
кедей» оған қарттар, мүгедектер, жесірлер, жетімдер жатқызылды; және жұмысқа
жарайтын алайда «жұмыссыздар» болып бөлінді. Осылай екі категорияға бөле отырып
Англия заң бойынша абройлы кедейлерге ғана көмек беруді талап етті. 1536 ж. Генрих
VІІ әлеуметтік қамқорлық жүйесіне реформа жүргізгенде монастырлық жерлерді
секуляризациялады (лат.saecularis – діни емес, зайырлы, шіркеулік жерлердің және
мүліктердің мемлекет тарапына өту процесін білдіретін ұғым). Англияда 1572 жылы
кедейлерге көмек, кедейшілікпен күрес жөнінде жалпы ұлттық жарлық енгізілсе, 1601
жылы қабылданған «кедейлерге көмек көрсету» туралы заңда көмек қажет ететіндерге
көмек көрсету жүйесі құрылған [4].
Еуропа елдерінде қабылданған заңдарға қарай отырып сол кездің өзінде кедейлерге
мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсетілгенін және мемлекет тарапынан көмек
беру бір жүйеге келтіріле бастағанын көруге болады.
Алғашқы әлеуметтік жұмыстың ұйымдасқан әрекеті әлеуметтік жұмыс мектебін
ашудан, қорлар құрудан басталды. Ал, кедейлерге көмек көрсетудегі заңдардың
қабылдануы мамандықтың кәсіп ретінде қалыптасуына алып келді. Кәсіби әрекет ретінде
мамандықтың қалыптасуы 1696 жылы Джон Лок Джон Кэридің қолдауымен 1697 жылы
алғашқы жұмыс мектебінің ашылуынан бастау алады. Бұл жұмыс үйлері (мектептер)
әлеуметтік жұмыскер болып саналатын адамдармен және басқару органдарындағы
кәсіпкерлермен басқарылып отырды. Алайда кедей адамдар кәсіпкерлердің құлдары
ретінде жұмысқа салынғандықтан бұл жұмыс үйіндегі жағдай кедейлерге көмек
көрсететін орынға аз ұқсаған еді. XVIII ғасырдан бастап «жәрдемдесу» ұғымы бекітіле
бастады, бұл ұғым тұрғындардың аз камтылған топтарына қоғамдық қатынастардың жаңа
дәрежесін үйлестірді. XX ғасырда бұл ұғым бастапқыда («aide social») «әлеуметгік
көмек», ал содан соң («travail social») «әлеуметтік жұмыс» ұғымына ауысады [5].
1795 жылы Ұлыбританияда бірінші рет «кедейшілік деңгейі» және «кедейшілік шегі»
деген термин енгізілді. Кедейшіліктің деңгейі төмендегі белгі бойынша енгізілді: наның
бағасы, кедейдің табысы, қарауындағы адам санына қарай (балалар, қарттар) ескерілді [7].
Әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету бұл үш сала
әлеуметтік жұмыстың бөлшегі болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуын XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы деп қарастырады. Бұлай қарастыру себебі Еуропа
мен АҚШ-да ХІХ ғасырдың ІІ жартысында капитализмнің даму кезеңінде қалаларда
өндіріс орындарының дамуы және көбеюі тұрғындардың өндіріс орындары көп
шоғырланған қалаға қонысын аударуын (урбанизацияның) күшейтті. Қалаға халықтың
көптеп шоғырлануы қылмыстың, жұмыссыздықтың, тәртіптсіздіктің, панасыздықтың,
кедейшіліктің көбеюіне әсер етті. Еуропа мен АҚШ елдеріндегі индустрияландырудың
қарқынды жүруі, урбанизациялануды күшейтті. Елді мекендерден келген тұрғындардың
қала өміріне сіңісуі нашар жүрді. Адамдар арасындағы дәстүрлі әлеуметтік байланыстың
үзілуі адамдар мен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік мәселелерді тудырды. Мұндай
әлеуметтік өткір мәселелерді қалыптасқан әдістермен шешу мүмкін болмады. Қоғамдағы
қатынастардың осылай шиеленісуі қоғамдағы ағартушылардың «қоғам ауру оны
қайырымдылық пен кедейшіліктен емдеу керек», деген көзқарасын туғызды.
Алайда, әлеуметтік жұмысты мамандық ретінде ресми мойындау, мемлекеттік
құжаттарға ресми түрде әлеуметтік жұмыскер қызметін енгізу әр елде әр түрлі уақытта
іске асырылғанымен, олардың мақсаты бір боды. Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде
қалыптасуы әсіресе АҚШ-да жылдам жүрді. Оған себеп АҚШ-да өндіріс орындарының
көп шоғырланғандығы, оған сырттан халықтың көптеп қоныстануы болды. Елдегі
халықтың әлеуметтік-экономиканың дамуы, қоғамда болып жатқан өзгерістер кедейлерге
көмек көрсетудің өзіндік бағыттарын қалыптастырды. Бұл жағдаймен күресу кәсіби
мамандықты қажет еткендіктен әлеуметтік жұмысшы мамандығын дайындайтын арнай
оқу мекемелерінің құрылуына әкелді.
ХIХ ғасырдың 80-ші жылдарында АҚШ пен Еуропа елдерінде әлеуметтік жұмыстың
маманданған екі бағыты қалыптасты. Оның бірі 1887 г. Баффалода пайда болған Лондон
қайырымдылық қоры болса, екіншісі 1886 ж. Нью-Йоркте құрылған – Гильдия көршілер
(мекендеушілер) қоғамы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 1892 жылы АҚШ пен Канаданың
ірі қалаларында 92 қайырымдылық ұйымы құрылды[6]. Мұндай ұйымдар АҚШ пен
Англияда ғана емес сондай-ақ Германияда, Финляндияда және басқа бірқатар елдерде пайда
болған. Шіркеудің көмегіне сүйенген бұл ұйымдар кедей және бақытсыз жандармен жұмыс
жүргізу барысында пайда болды. Әлеуметтік жұмыс мамандығының қалыптасып, дамуына
сол кездегі ғалымдар да өз үлестерін қосты.
Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуына әлеуметтік жұмыскер,
социолог, әлеуметтік жұмыс теориясының негізін салушы ретінде дүние жүзіне танымалы
Джейн Адамс (1860-1933 Д.Адамс Нобель сыйлығының лауреаты) пен Мэри Элен
Ричмондтың (Mary Richmond,— Мэри Эллен Ричмонд;
5 августа
1861
—
1928
, АҚШ)
әлеуметтік жұмыс идеяларының және тұжырымдамасының іске асырылуымен тікелей
байланысты[7]. АҚШ-да Мэри Ричмонд басқарған қайырымдылық қозғалысының негізгі
идеясы адамдардың әлеуметтік жағдайының нашарлап, кедейшілікке ұшырауына оның
өзіне байланысты екендігін ұғындыру болды. Ол адамдарды «өз мүмкіндігін өзі жасай
алатындығына сендіру керек», деген ойды ұстанды. Жоғарыда аты аталған ғалымдардаң
орасан зор еңбегінің арқасында ХІХ ғасырдың соңына қарай әлеуметтік жұмыскерлерді
кәсіби дайындаудың алғашқы бағдарламалары пайда болды Бұл әлеуметтік диагноздың
жалпы моральды критерийлерден ғылыми дәйектелінген әдістерді игеру арқылы
әлеуметтік жұмысты кәсіби деңгейге өтуіне мүмкіндік береді. Бұны әлеуметтік
жұмыскерлерді маман ретінде дайындайтын алғашқы мектептердің қалыптасқанынан
көруімізге болады. Солардың алғашқысы болып 1898 жылы Колумбия университетінде
М. Ричмондтың бастамасымен бірінші қолданбалы филантропияның ұлттық мектебі
ашылып кейінен ол әлеуметтік жұмыс факультеті деп аталды. Көптеген индустриясы
дамыған мемлекеттерде әлеуметтік жұмыспен кәсіби айналыса бастаған мамандар тобы
пайда болды. Солардың көмегімен әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары
құрылды, университеттерде алғашқы әлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Мұның өзі
әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде, ғылым ретінде қалыптасқанын көрсетеді.
1899 жылы Мэри Элен Ричмондтың «Кедейлерге достық сапар: кайырымдылық
ұйымдарда жұмыс істейтіндер үшін нұскау» атты кітабы шықты [8],
What is social case
work? ("Социальная работа со случаем")
1922 ж.[9], М.Ричмондтың әлеуметтік жұмыстың
әдісін толығырақ ашып көрсеткен 1917 жылы шыққан «Әлеуметтік диагноз» атты
кітабы[10]. Мэри Ричмондтың бұл еңбегі әлеуметтік жұмыстың теориялық және
методологиялық негізгін сипаттайтын, әлеуметтік жұмыстың жеке әдістемесі ретінде
саналып, әлеуметтік жұмыс мамандығын дайындайтын мектептерде қолданылған алғашқы
оқу әдістемелік құралы болды деуге болады. Әлеуметтік жұмыс мамандығына байланысты
әдістемелік кітаптардың шығуы осы кезеңдерде кәсіби қызметкерлерді дайындайтын
алғашқы қолданбалы филонтропияның ұлттық мектептің өз жұмысын бастауына жол ашты.
Әлеуметтік жұмыс ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, жүйеге
ене бастағанмен, дербес кәсіп ретінде І дүниежүзілік соғыстан кейін кең қанат жая
бастады. Оған себебі 1929-1933 жылдар дүние жүзін қамтыған экономикалық дағдарыс
кезіндегі заводтар мен фабрикалардың жабылуынан туған жұмыссыздықтың күшеюі,
халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі, халықтың кедейшілікке ұшырауы, өлім
жетімнің көбеюі болады. Тарихтан белгілі бұл кездегі экономикалық дағдарыс АҚШ-да
терен болды. Осы кезде мемлекет тарапынан адамдарға қайырымдылық көрсету
ұйымдастырылды.
ХХ ғасырдың басында халыққа әлеуметтік қолдау көрсету және қамсыздандырумен
негізінен қоғам етене араласа бастады. Бұл әлеуметтік жұмыстың оқыту пәні ретінде
қарастырылып, ғылым ретінде зерттеле бастауына алып келді. Әлеуметтік жұмыстың
ғылым ретінде қалыптасуына, бастама, негіз пайда болды. Осылардың негізінде тәжірибе,
теория қалыптасты. Ешқандай ғылым өзі жеке дара дамымайды. Әлеуметтік жұмыс
мамандығы да бұдан тыс қалмайды. Ол өзінің дамуы барысында психология, педагогика,
медицина, социология, философиямен және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Әлеуметтік жұмыстың дамуы әлеуметтік саладағы заңдар мен бағдарламалардың
қабылданып қоюы ғана емес, ең бастысы олардың дұрыс жолға қойылып, дұрыс жүзеге
асырылуымен тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде мемлекет тұрғындарының әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар, белгілі бір
себептерге байланысты қоғамнан тыс қалған адамдарға көмек беруді іске асырудың
арнайы жүйесінің болуы қажет. Әлеуметтік жұмыстың нысаны барлық категориядағы
азаматтарды қамтиды. Оған бірінші кезекте әлеуметтік қорғансыз және дәрменсіз топтар
деп танылатын: мүгедектер, қарттар, балалар кіреді. Әлеуметтік көмек көрсету барысында
әлеуметтік жұмыскер қалыптасқан жағдайға байланысты қажет мамандармен байланыста
болады. Әлеуметтік салада жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың бағыттары: әлеуметтік
көмек, әлеуметік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қамамасыз ету, әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік емдеу, әлеуметтік қалыпқа келтіру.
ӘДЕБИЕТ
1 «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. // Егеменді Қазақстан, 2012, 15 желтқсан]
2
Сарсенова Ж. Әлеуметтік жұмыс. Оқулық. Алматы,2004
3
Теория и методика социальной работы: В 2 ч. / Под ред. В.И.Жукова, И.Г. Зайны-
шева, Е.И. Холостовой. — М., 1994.
4
Зеньковский В.В. История русской философии.— Л., 1991.— Т. 1.—Ч. 1.—С.55.
5
Пірімжарова Қ.Қ.. Еуроазиядағы әлеуметтік жұмыс. -Алматы, -Экономика, - 2011. -
60 б. / Peine M. Modern social work theory. L., 1992.
6
Социальная работа за рубежом. /Михайленко Т.А., Примжарова К.К. –Алматы, -27-
35 б.
7
Теория и практика социальной работы: Отечественный и зарубежный опыт /Под
ред. Т.Ф. Яркиной, В.Г. Бочаровой. М.; Тула, -2000. -Т. 1, С. 150-152.
8
Социальная работа за рубежом: материалы для практических занятий. – Ростов-на-
Дону,–1999, 354 c.
9
Richmond, Mary Ellen (1899), Friendly Visiting among the Poor. A. Handbook for
Charity Workers New York/London: MacMillan http://www.gutenberg.org
10 Richmond, Mary Ellen 1922,What is social case work? An introductory description,
New York: Russell Sage Foundation
11 Social Diagnosis from 1917, Mary Ellen Richmond
Резюме
В статье описывается формирование социальной работы как специальности и
проведена работа социальных работников, социологов и основателей теории социальной
работы. А так же, как механизм влияющий на улучшение социального уровня людей
различных категории .
Summary
This article describes the formation of social work as a profession and as a mechanism
influencing the improvement of social standards of people of different categories.
Достарыңызбен бөлісу: |