Ресей империясы қҰрамы


    СОЦИАЛИЗМ  ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет18/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
disser

2    СОЦИАЛИЗМ  ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН 
МЕН ПОЛЬШАНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ  
 
2.1 
ХХ 
ғасырдың 
20-40 
жылдарындағы 
Қазақстанның 
автономизациялануы 
және 
Польша 
Республикасындағы 
ұлттық 
мемлекеттіліктің қалыптасуы  
Лениннің  Кеңес  үкіметіне  қарсы  ірі  күш  болған  ақтар  қозғалысы 
күйрегеннен  кейін,  халықаралық  коммунистік  интернационалдың,  либералды 
демократиялық  партиялардың  және  олардың  Парламенттерінің  қысымына 
ұшыраған  Антанта  елдері  Ресей  аумағынан  өздерінің  әскерлерін  шығара 
бастайды.  Большевиктерге  соғыстың  аяқталуы  және  Антанта  елдерінің 
қарсыластарын жеңіп, басып алған аумақтарды, материалдық ресурстарды және 
табиғи байлықтарды бөліп алу үшін Ресейден кетуі көмегін тигізеді. Осылайша, 
Романовтар  әулетінің  ауыр  жағдайға  душар  болуы  оның  одақтастарының 
патшалы  Ресейге  және  оның  аумағындағы  басталып  келе  жатқан  азаматтық 
соғысқа  қызығушылықтары  жоғалады.  Еуропаны  шаршатқан  І  Дүниежүзілік 
соғыстың ауыр жылдары, соғысушы тараптардың экономикасының күйреуінің 
салдарынан  тұрғындардың  өмір  сүру  деңгейлерінің  төмендеп  кетуі  Ресей 
империясының  ішкі  сұрақтарымен  емес  өздерінің  мәселелерімен  айналысуды 
талап  етеді.  Сонымен  қатар,  төңкерісті  басу  үшін  Батыс  ақшалай  несиесін, 
әскери  техникаларын  және  қару-жарақтарын  бере  алатындай,  бірде  бір 
патшалық  жасақтардың  әскери  қолбасшылары  Бүкілресейлік  қозғалысты 
басқарып кете алмады. Дегенмен, Ресейде А.И. Деникин, Л.Г. Корнилов, М.В. 
Алексеев,  П.Н.  Врангель,  Н.Н.  Юденич,  М.Д.  Дроздовский,  А.В.  Колчак  және 
тағы  басқалар  сиқты  атақты  қолбасшылар  аз  еместін  [89,  б.505],  алайда, 
большевиктердің  режимін  құлату  үшін  жоғарыда  аталған  әскери  басшылар 
әскерді  бір  жұдырықтың  астына  жинай  алмады.  Мәскеуге  бет  алған  соңғы 
экспедицияны  1922  жылы  Сібірде  атылған  Колчак  және  оның  серіктері 
бастаған  болатын. Олардың  басты  қателігі  қарапайым  халықты өздеріне  тарта 
алмағаны, олар ешқандай реформалар ұсынбай бұрынғы монархиялық режимді 
қалпына келтіргілері келген. 
Ресей  аумағын  және  Қазақстан  сияқты  ұлттық  шеттерді  біртіндеп  босату 
осы өлкелерде кеңестік билікті орнату үшін жасалған еді. 
Ұлттық  шеттерде  азаматтық  соғыс  басталмай  тұрып  дербестік  пен 
егеменділік алуды мақсат еткен саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың 
құрыла  бастағанын  атап  өткен  жөн.  Сондықтан,  большевиктер  Қазақстан 
аумағында кеңестік биліктің орнауын қолдамаған «ұлтшылдық көріністері» деп 
өздері атаған барлық қоғамдық қозғалыстармен қатаң күрес жүргізеді. 
Ресей федерациясынан азық-түлік, қару-жарақ және ақша сияқты маңызды 
көмектер  алған  большевиктер  Қазақстан  тұрғындарын  өздерінің  жағына  тарту 
бойынша белсенді үгіт насихат ұйымдастырады. Әрине, мұндай жойқын күшке 
жаңа  ғана  құрылған  Қазақстанның  ұлттық  демократиялық  қозғалыстарының 
қарсы  тұруы  мүмкін  емес  еді.  Барлық  ұлтшыл  партиялар  мен  бірлестіктерді 


67
 
 
жою  үшін  1919  жылы  В.И.Лениннің  Жарлығымен  міндеті  кеңестер  билігін 
жылдам орнату болып табылған Қазақ революциялық комитеті құрылады. 
Большевиктер  жылдар  бойы  жиналған  тәжірибелерін  пайдалан  отырып, 
елдің  өзге  аймақтарындағы  сияқты  Қазақстанда  Кеңестердің  Жалпықазақтық 
құрылтай  съезіне  дайындықпен  айналысқан  (б)  РКП  –  большевиктердің  Ресей 
коммунистік  партиясының  Облыстық  ұйымын  құрады,  оны  басында  С.С. 
Пестковский, кейін В.А. Радус-Зенкович басқарады [90]. 
Партиялық  кеңестік  органдар  қызметінің  нәтижесінде  1920  жылы  26 
тамызда  Ресей  федерациясының  құрамындағы  Қазақ  кеңестік  автономиясы 
құрылады.  Астанасы  болып  Орынбор  анықталады,  сол  уақыттағы  статистика 
бойынша  Қазақстан  тұрғындарының  саны  шамамен  5  млн.  адам  болған, 
олардың  ішінде,  түпкілікті  тұрғын  халық  2 229 310,  орыстар  –  1 657 988, 
украиндер  –  640 388,  татарлар  –  120 037,  немістер  –  62 760  және  поляктар  – 
5 766 [83, б.122]. 
РКФСР және ҚазАКСР-дың арнайы үкіметтік комиссияларымен мемлекет 
шекарасы  анықталады,  федерация  мен автономия  арасындағы  даулы  аумақтар 
сұрақтары  шешіледі.  Қазақ  АКСР-і  Декретте  көрсетілгендей,  Ресей 
федерациясының тең құқылы аумақтық бірлігі болып табылады. Жоғарғы билік 
органы  болып  Қазақ  Автономиялық  Республикасының  Конституциясын 
қабылдау және оған толықтырулар енгізуге құқығы бар Кеңестердің Бүкілқазақ 
съезі табылды. 
Жоғарыда аталып өткендей, ҚазАКСР-нің құрылуын заңдастырған бірінші 
құжат  1920  жылы  26  тамыздағы  «ҚазАКСР-ін  құру  туралы»  Декрет  болды. 
Кейінірек,  1924  жылы  Кеңестердің  IV  Бүкілқазақтық  съезі  1918  жылғы  Ресей 
Конституциясының  прототипі  болған  ҚазАКСР-нің  бірінші  Конституциясын 
қабылдайды.  Съездің  Конституцияны  қабылдап,  өзгерістер  енгізе  алуы  оны 
Ресей федерациясының Кеңестер съезінде бекітуді міндеттеді [91]. 
Кеңестік  мемлекетте  Кеңестер  ескірген  капитализмнің  орнына  келген, 
жаңа  кезеңді,  жаңа  құрылысты  бейнелейтін  биліктің  жоғарғы  органы  болып 
табылады  деген  көзбояушылықтар  жасалды.  Алайда,  құжаттар,  архивтегі 
мәліметтер,  аталған  мәселені  терең  зерттеген  С.З.  Зиманов  [92],  С.С.  Сартаев, 
Т.А.  Ағдарбеков,  Ғ.З.  Қожахметов  сынды  ғалымдардың  зерттеулері  өлке 
тұрғындарының  көп  бөлігі,  атап  айтсақ  азаматтар,  патша  жанындағы  мекеме 
қызметкерлері,  контрреволюционерлер  және  қанаушы  таптар  сайлауға  қатысу 
құқығынан  айырылғанын  көрсетеді.  Егер  контрреволюционерлер  қолдарына 
қару  алып  большевиктермен  ашық  соғысса,  онда  қанаушы  таптар  қатарына 
шағын ісі – диірмені, шайханасы, алты жылқысы немесе сиырлары бар ауқатты 
адамды қосуға болатын еді. 
Оның үстіне, кеңестік органдар ауыл тұрғындары сол кездегі идеологияға 
сәйкес  санасыз  тап  болып  есептелгендіктен  съезде  жұмысшы  табы  өкілдігінің 
басым болуы керектігі жөніндегі сұрақты көтереді. 
Жаңа  биліктің  идеологтары  пролетариатты  әлемдік  революцияның 
қозғаушы  күші  деп  санайды  және  оларға  қандай  құрбандық  талап  етілсе  де 
жаңа қоғамды құрушылар ретінде қараған. Осыдан келе, тапқа тиесілілік кеңес 


68
 
 
қоғамын  ұйымдастырудың,  әсіресе  оның  жоғарғы  билік  органдарын 
ұйымдастырудың  негізгі  қағидасына  айналады.  Сондықтан,  адамзат 
тарихындағы жаңа дәуірді бастаған мемлекетті тек жұмысшы тап билеуі керек 
болды,  ол  кейін  Ленин  айтқандай,  еңбекші  шаруалармен  одақтасып  деген 
сөздермен толықтырылады. 
Социализм құрылысы теориясының және ондағы ұлттық мемлекеттіліктің 
орны мәселелерімен айналысқан ғалымдар, марксизм-ленинизм классиктерінің 
еңбектерінен ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы ұраны сияқты большевиктердің 
басты  постулаттарын  шығарады.  Бұл  ұран  патшалық  тарапынан  қаналған  әр 
халықтың  өзінің  мемлекетін  құра  алатынын,  өзінің  тілін,  мәдениетін  және 
дәстүрін  дамыта  алатынын  білдірді,  яғни  егер  олар  Ресейдегі  билік  басына 
келген большевиктер партиясын қабылдаса көшпенділер ұрпағының және өзге 
халықтардың арманы орындалады деген сөз. 
Бұл  Ресейдің  қарапайым  көпұлтты  және  миллиондаған  тұрғындарының 
үлкен  қолдауына  ие  болған  коммунистер  үшін  керемет  пиар  амал  болғанын 
атап  өту  керек.  Кеңестер  билігі  барлық  шаруаларға  жер,  жұмысшыларға  – 
зауыттар  мен  фабрикалар,  помещиктер  мен  дворяндардың  тәркіленген 
мүліктерін мұқтаждар арасында бөліп беру, банктерді ұлттандыру, ең бастысы 
жеке меншікті жоюға уәде береді, ал бұл әрине коммунистердің таразы басын 
ақтар қозғалысына қарағанда басып кетеді. 
Алайда,  бұл  ұрандардың  артында  саяси  астар  жатқан  болатын.    Ұлттық 
мемлекеттілік  және  азаматтардың  теңдігі  тек  еңбекші  таптарға  ғана  қатысты 
болды,  қанаушылар  мен  бұрынғы  ақсүйектерге  мұндай  қоғамда  орын  болған 
жоқ.  Нәтижесінде,  болашақ  социализм  мен  коммунизм  дәмелендірген  теңдік, 
бауырластық  сияқты  игіліктердің  барлығы  бәріне  бірдей  қол  жетімді  болмай 
шықты.  Осыдан  келе,  құрылып  жатқан  Кеңестік  мемлекет  еңбексіз  қанаушы 
таптарды қайта тәрбиелеп шығаруы керек, немесе оларды елден қуып шығу, не 
болмаса жай ғана құрта салулары керек болып шықты. 
Қазақ  автономиясына  қайтып  келе,  билік  органдарының  келесі  буыны 
ҚазОАК  –  Қазақ  Орталық  Атқару  Комитеті  екенін  атап  өтуіміз  қажет.  Ол 
негізінен  еуропалық  Парламент  тәріздес  болуы  керек  еді,  бұл  жайында  Ғ.З. 
Қожахметов, оның депутаттарының Кеңестердің Бүкілқазақтық съезінде ашық 
дауыс  беру  жолымен  сайланулары  тиісті  болғанын,  алайда,  нақты  іс  жүзінде 
олардың  құрамы  Қазақ  Партбюросының  Президиумымен,  Өлкелік  Комитет 
Пленумымен  және  оның  хатшысымен  алдын  ала  қалыптасқанын  атап  өтеді                 
[83, б.127]. 
ҚазАКСР заңы бойынша Орталық Атқарушы Комитеттің атқарушы билігі 
ретінде  болған  Халық  Комиссариаттарын  ұйымдастыруға  құқығы  болды. 
Сәйкесінше, Қазақстанда автономиялық Халкомат, Федералдық және Одақтық 
басқарудағы Халкоматтары болған. 
Атқарушы  билік  республиканың  Халық  депуттары  Кеңесінің  қолында 
болды.  Аталған  мәселемен  айналысқан  ғалымдар  Лениннің  революция  көсемі 
ретінде  елдегі  биліктің  осы  органын  бірінші  болып  басқарғанын  атап  өтуі 
дұрыс.  


69
 
 
Әр  Халкоматтың  басына  Халық  комиссары  тағайындалған.  Үкіметтің 
республикадағы орны маңызды болғандықтан, оның жетекшісі ретінде өлкедегі 
партия  ұйымының  Басшысы  тағайындалуы  тиісті  болды,  сөйтіп,  Қазақ 
автономиясындағы  Үкіметтің  бірінші  төрағасы  болып  (б)  РКП  Облыстық 
бюросының төрағасы В.А. Радус-Зенькович тағайындалады.   
Сталин билігінің күшеюіне дейін біліктілігі жоғары беделді мамандардың 
болмағандығы  ҚазАКСР-дің  тұңғыш  білім  Министрі  –  Ахмет  Байтұрсынов 
сияқты  «Алаш  Орда»  автономиясының  бұрынғы  өкілдері  Министрліктің 
құрамына енеді. 
Және де, ең бастысы, ол атқарушы билік органдарының ерекше жағдайда 
орындалуы  жалпыға  бірдей  міндетті  Заңдарды  шығара  алатындығын  атап 
өтуіміз 
керек. 
Ғ.З. 
Қожахметов, 
Халкоматтарға 
заңшығарушылық 
өкілеттіктерінің  берілуінде  заң  шығару  билігінің  ОАК  мен  Кеңестер  съезінен 
атқарушы  билік  –  Халық  Комиссарларының  Кеңесіне  ауысуының  негізі 
қаланғанын көрсетеді [83, б.149].  
Кеңестер съезі және Орталық Атқару Комитетінің формальды институттар 
болғанын,  іс  жүзінде  барлық  шешімдерді  Лениннің  басшылығындағы  Халық 
Комиссарларының  кеңесі  және  Кеңес  мемлекетінің  партия  басшылығындағы 
топтар қабылдағанын кейінгі оқиғалар көрсетеді. 
ҚазАКСР-дің  барлық  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси-құқықтық 
қызметтері  билік  етуші  партия  саясатына  тәуелді  болды.  Республикадағы 
партияның өлкелік комитеті  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  сауда,  тіпті  білім 
мен мәдениет салаларының барлығын бақылап отырған [91, б.147]. 
Жұмысшы таптары аз болған ұлттық шеттердегі большевиктердің Ресейдің 
орталық  өндіріс  аудандарындағыдай  әлеуметтік  тірегі  болмағанын  атап  өту 
керек.  Ленин  большевиктер  қатарын  коммунистік  партия  құрамына 
жұмысшыларды  және  оларға  тілектес  шаруаларды  жеңілдетілген  тәртіпте 
қабылдау есебінен ұлғайтуды міндеттейді. 
Революцияның  атаулы  даталары  кезінде  зауыттар  мен  кәсіпорындарда 
коммунистер  қатарына  бүтіндей  топтар  мен  бригадалар  қабылданған  бірқатар 
бағдарламалар  болған.  Мысалы,  1924  жылы  партия  қатарына  5 783  адам 
қабылданған болатын, олардың 86,3 пайызы жұмысшылар, 788 – шаруалар мен 
қызыл әскерлер, олардың ішінде 1 311 қазақ болды [93]. 
Лениннің  үкіметі  партия  қызметіне  қазақ  ұлтының  өкілдерін  тарту 
бойынша жұмыстарды үдете  түседі,  осы  мақсат  үшін  Ресейден  аймаққа  үлкен 
жұмыс  тәжірибесі  бар  коммунистер  жіберіледі.  Мысалы,  1921  жылы  бір 
жылдың  ішінде  өлкеге  Ресейден  (б)  БКП  ОК-нің    жолдамасы  бойынша  120 
коммунист  келген  [91, б.148].  Мұнымен  қатар,  20-жылдары  жастардың 
комсомолдық және пионерлік ұйымдары құрылады. Сөйтіп, 1930 жылы өлкенің 
ЛКЖО-да 90 мың комсомол мүшелікте тұрса, 1981 жылы олардың саны 2 млн. 
250 мың адамға жеткен [83, б.185]. 
В.И.Лениннің  өлімінен  кейін  1924  жылы,  елдегі  билік  үшін  саяси  күрес 
нәтижесінде  И.В.Сталин  жеңіске  жетеді,  және  әлемдегі  бірінші  социалистік 
мемлекеттің дамуы оның көздеген жолымен жүреді. 


70
 
 
Бірінші  кезекте  Сталин  өзіне  өңірлердегі  жас  большевиктерді 
жақындатады  және  оларды  қартайған  ленин  гвардиясымен  алмастырады. 
Олардың  ішіндегі  ең  қауіптісі,  мысалы  Л.Д.Троицкиді  социализм 
құрылысының  болашақ  даму  жолдары  туралы  большевиктік  басшылық 
арасындағы алауыздықты пайдалану арқылы елден шығарып жібереді. 
1928  жылы  КСРО-да  соғыстан  кейінгі  кезеңдегі  Кеңестік  мемлекеттің 
материалдық және адами мүмкіндіктерін асыра сілтеген экономика дамуының І 
бесжылдық  сталиндік  жоспары  қабылданады.  Бесжылдық  жоспардың 
орындалуы кез-келген буындағы жетекші үшін алдыңғы қатарлы міндет болып 
саналды,  бекітілген  мерзімдердің  бұзылуы  жақсы  дегенде  жұмыстан  қуылу, 
көбінесе репрессия, кейде тіпті өлім жазасына дейін алып барды. Сондықтан, әр 
бесжылдық жоспармен жоспарланған – құрылыс, егіс науқаны және тағы басқа 
шаралар  біздің  жүздеген  отандастарымыздың  денсаулығы  мен  өмірлерін 
айырды. ХХ ғасырдың 40 жылдарына қарай Қазақ автономиясындағы, Сібірдегі 
және  Қиыр  солтүстіктегі  өте  ауыр  жұмыс  түрлері  жүздеген  мың  саяси 
тұтқындармен орындалды.  
1929  жылдың  29  сәуірінде  өткен  XVI  партконференция  халық 
шаруашылығы дамуының бесжылдық жоспарын бекітеді. Партконференциядан 
кейін  партияның  ОК,  Халкомкеңесінің  және  КСРО  ОАК-і  Қаулыларының 
топтамасы  шойын,  мұнай,  трактор  жасау  және  тағы  басқалар  бойынша 
бесжылдық  тапсырманы  арттыруға  жіберілген  болатын.  Барлық  бесжылдық 
жоспарға қатысты пікірталастарды партия дұшпандық және оппортунистік деп 
жариялайды [94]. 
1929  жылы  29  мамырда  өткен  КСРО  Кеңестерінің  V-съезі  XVI 
партконференцияның елдегі индустриализация негізі ретіндегі ауыр өнеркәсіпті 
барынша  дамытуға,  қорғаныс  қабілеттілігін  нығайтуға  бағытталған  «Халық 
шаруашылығы дамуының бесжылдық жоспары туралы» қарарын  құптады және 
де ұлттық республикалардың шаруашыл және мәдени көтерілуіне ерекше орын 
берілді [94, б.61]. 
Сталиндік  бесжылдық  жоспарда  қазақ  автономиясының  ерекше  маңызы 
болды.  Ол  шексіз  пайдалы  қазба  байлықтарына  ие  болғандықтан  партия 
жетекшілігінің негізгі мақсаты болып табылған ауыр өнеркәсіпті дамыту үшін 
көмір,  темір,  мыс,  полиметал  және  басқа  да  шикізаттарды  берді.  Аймаққа 
Орталықтан үлкен күрделі қаржы жұмсалымдары салына бастады, тау-кен және 
қайта  өңдеу  өнеркәсіптерінің  дамуымен  қатар,  Қазақ  автономиясында  барлық 
аймаққа оң әсер еткен қала, темір жол, денсаулық, білім, мәдениет мекемелері 
салына бастайды. Әсіресе, бірінші бесжылдық жоспардағы ірі жоба Түркістан-
Сібір темір жол магистралінің рөлі ерекше болған [96]. 
Ғалымдар,  Қазақстандағы  өнеркәсіптердің  шикізаттық  бағыттылығы, 
өндіріс  техникасының,  білікті  жұмысшылар  күшінің  жетіспеушілігі  туғызған 
жеделдетілген  индустрияландыру  жүргізудің  зияндығына  қарамастан,  бірінші 
бесжылдық  жылдарында  өлке  экономикасы  біршама  алға  жылжығанын  атап 
өтеді, тұрғындардың тұрмыстары түзеле бастайды, олардың ауқаттылығы өсті, 


71
 
 
және Қазақстан елдің артта қалған шетінен индустриалды дамыған өңірлерінің 
біріне айнала бастайды [95]. 
Қазақ  республикасындағы  бесжылдық  жоспарларды  жүзеге  асыру  үшін 
тұрғылықты  тұрғындар  арасынан  әкімші  және  жұмысшы  персоналдары  қажет 
болады. 
Бұл 
үшін 
кеңес 
жетекшілігімен 
жергілікті 
тұрғындарды 
жергіліктендіру  бағдарламасы  ауыспалы  жетістікпен  өткізіледі,  ал  қазақ  тілін 
білетін немесе үйреніп жүрген көшіп келген мамандарға жеңілдіктер жасалады. 
Мысалы,  ҚазКСР  ХКК  және  ОАК-тің  «Қазақ  тілін  игерген  мамандарға 
арналған  жеңілдіктер  туралы»  1930  жылғы  1  қыркүйектегі  қаулысында  жай 
оқытушылардың  жалақысына  10-15%,  ғылыми  деңгейі  бар:  профессорларға, 
ассистенттерге, доценттерге – 25%  ай сайынғы үстеме қарастырылған болатын, 
ал түрік халықтарына бұл жеңілдіктер таралмады [97]. 
Өнеркәсіп және аймақтарды дамытқан сталиндік бесжылдықтың кері жағы 
да  бар  болатын.  Қазақ  халқы  қысқа  мерзімде  Қазақстанның  көшпелі  және 
жартылай  көшпенді  тұрғындарын  отырықшылыққа  үйреткісі  келген  «Кіші 
қазанды!»  -  партия  өлкекомының  Бірінші  Хатшысы  Ф.И.  Голощекинді 
бастарынан өткізеді. Кеңес үкіметінің әкімшілік биліктік шараларын қолдануы, 
мұқият ойланбай жүргізілген ұжымдастыру, өндірістік дайындамалар және өзге 
де  іс-шаралар  нәтижесінде  Қазақ  автономиясында  республикадағы  түпкілікті 
қазақ  тұрғындарының  1  млн.  750  мың  адам,  немесе  42%-ы  құрбандыққа 
ұшыраған  аштық  басталады.  М.Тәтімовтың  мәліметтері  бойынша  1930  жылы 
республика шеңберіндегі тұрғылықты тұрғындар саны 4 млн. 120 мың адамды 
құраған.  Елдің  сыртына  616  мың  байырғы  тұрғын  біржола  көшіп  кеткен  [98]. 
Осы  тұста  өз  елінің  ішкі  мәселелерін  жақсы  білген  Тұрар  Рысқұлов  өзінің 
большевиктер  партиясындағы  және  үкіметіндегі  жоғарғы  лауазымына,  жеке 
басына  қауіп  төнгеніне  қарамастан  съездер  мен  конференциялар  мінберінен 
халқының  мүддесін  қорғап  сөз  сөйлегенін  айта  кету  керек.  Ол  РКФСР  ХКК 
төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген кезінде өзінің хаттары мен 
баяндамалары  арқылы  Қазақстандағы  ұжымдастыру  кезеңінде  орын  алған 
қайғылы  жағдайға  Орталық  партия  басшылығы  мен  Сталиннің  назарын 
аударуға  тырысқан.  Мысалға,  1932  жылдың  29-қыркүйегіндегі  Сталинге 
жолдаған  мәлімдеу  хатында  Қазақстандағы  мал  өсіру  саласында  орын  алған 
жағдайды  жеткізсе,  1933  жылы  наурыздағы  басқа  хатында  ол  Қазақстанның 
әртүрлі  аудандарындағы  жүздеген  мың  өзінің  отандастарының  қаза  болғаны 
туралы  деректерді келтіреді. Мұндай баяндамалар большевиктер басшылығын 
Қазақстандағы  аштықты  жоюға  қатысты  жедел  шаралар  қабылдауға 
мәжбүрлейді [99]. 
Дала  қазағының  бойында  табиғатынан  шыдамдылық  және  ынтымақшыл 
қасиеттер  тән  екенін  атап  өту  керек,  алайда,  зиялылардың  игі  жақсыларының 
жойылуы, аштық, көшпенді шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық 
негізінің  қирауы,  адами  және  материалдық  ресурстарға  үлкен  нұқсан  алып 
келген  сталиндік  саяси  жүйе  көшпенділерді  қолдарына  қару-жарақ  алуға 
мәжбүрлейді. 


72
 
 
Осы  кезеңде  Қазақстанда  372  көтеріліс  орын  алады,  олардың  айрықша 
ірілері  Созақ,  Шемонайха,  Бұқтырма,  Ырғыз,  Қазалы,  Қармақшы,  Самар, 
Абралы,  Биен-Ақсу,  Шыңғыстау,  Барибаев,  Кастекском,  Балхаш,  Шұбартау, 
Маңғыстау  және  басқа  да  аудандарда  өткен  болатын  [100].  Бұл  сұрақтардың 
отандық және шетелдік әдебиеттерде мұқият зерттелгенін айтқым келеді, біздің 
отандастарымыздың  өздерінің  құқықтары  үшін  күресуі  Қазақстандағы  ұлттық 
мемлекеттіліктің қалыптасуындағы үлкен қадам болды. 
Егер  объективті  болатын  болсақ,  өлке  аумағындағы  Кеңестер  билігінің 
нығаюы кезеңінде орын алған теріс құбылыстарға қарамастан, большевиктердің 
Қазақстанға  алғашында  автономия,  кейін  одақтас  республика  мәртебелерін 
формальды  түрде  болса  да  бергенін  атап  өту  керек.    Көшпенділер  одақтас 
мемлекет  мәртебесін  көп  күткен  еді,  патша  билігі  кезінде  ұлттың  өзін-өзі 
басқару туралы сөз де қозғалмайтын болатын.  
Барлық  кеңестер  халқы  үшін  1936  жылғы  КСРО  Конституциясының 
қабылдануы үлкен оқиға болды. 1936 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ АКСР-і 
одақтас  республика  –  Қазақ  Кеңес  Социалистік  Республикасы  болып  қайта 
құрылады,  осыған  байланысты  Конституцияның  жаңа  жобасы  әзірленеді. 
Осылай,  1937  жылы  21  наурызда  өткен  Кеңестердің  Х  төтенше  съезге  Қазақ 
КСР-нің  барлық  аймақтарынан  депутаттар  қатысады.  Мысалы,    Қарағанды 
облысынан арасында С. Сейфулин мен Қ.И. Сатпаев сияқты депутаттары бар 91 
депутат  ұсынылады,  Ақтөбеден  –  80,  Солтүстік-Қазақстаннан  –  109,  Алматы 
және  Алматы  облысынан  -  199  депутат,  Батыс-Қазақстаннан  -  118,  Шығыс-
Қазақстаннан  –  165,  Оңтүстік-Қазақстаннан-153  депутат  қатысқан  [101]. 
Съездегі 
Л.И. 
Мирзоянның 
баяндамасынан 
кейін 
Қазақ 
КСР-і 
Конституциясының жобасы бірауыздан бекітіледі [102]. 
Қазақ КСР-нің Конституциясы 11 тарау  мен 125 баптан тұрды және 1936 
жылғы  бүкілодақтық  Конституцияға  толық  сәйкес  болды  [103].  Шетелдік 
қарсыластарының  пікірі  бойынша  ол  өз  дәуіріндегі  нағыз  демократиялық 
Конституция болып табылды. Алайда, ондағы қағидалар нақты өмірде сақталды 
ма деген сұрақ туады? 
Осы жылдары сталиндік  диктатура аппаратының репрессиялық айналымы 
үдей  түседі.  Идеология  жұмысшылар  мен  шаруалар  мемлекетіне  капиталистік 
әлем  тарапынан  шабуыл  жасалу  мүмкіндігін  жан-жақтан  үгіттейді.  Күллі  ел 
жалпылама  қорқыныш,  үрей  және  психоз  жағдайында  болады.  30-жылдардың 
соңына  қарай  партия  аппаратын  жоғарыдан  төменге  дейін  жаппай  тазартулар 
басталады,  әрі  мемлекеттегі  социализм  құрылысына  өзінің  жеке  пікірі  болған 
белгілі  саясаткерлер,  кәрі  большевиктер  және  атақты  әскери  қолбасшылар 
қамауға алынады. 
Сталиндік тоталитарлық режим жағдайында өмір сүрген қазақ зиялылары, 
ғалымдар, 
шығармашылық 
жұмысшылар 
өздерінің 
мемлекеттілігінің 
дәстүрлерін  ғылыми,  әдеби  және  көркем  басылымдарда  сақтап  қалуға 
тырысқан,  алайда,  қатаң  цензура,  тұрақты  қуғын-сүргінге  ұшырап  кету 
қорқынышы  елде  болып  жатқан  қайта  құрулардың  заңдылығына  қатысты 
сұрақтарға объективті баға беріп, наразылықтар білдіруге мүмкіндік бермеді. 


73
 
 
Фашистік  Германия  Кеңестер  Одағына  шабуыл  жасаған  кезде  Қазақстан 
шет  қалмаған,  тек  соғыстың  басында  1941-1942  жылдары  14  атқыштар  және 
кавалериялық дивизиясын, 6 бригаданы құрып майданға жібереді. Дивизиялар 
мен  бригадаларды  құру,  оқыту  және  майданға  жіберу  соғыс  аяқталғанша 
жалғасады. Кеңестер әскерінің қатарында тек бір Қазақ КСР-нен 1млн. 200 мың 
адам  соғысқан  [104].  Біздің    отандастарымыздың  соғыс  майданында  ерлікпен 
және  қайсарлылықпен  соғысқандарын,  солардың  ішіндегі  500  майдангер 
қазақстандыққа  Кеңес  Одағының  Батыры  жоғарғы  атағы,  және  де  Қазақ  КСР-
нің 800-ден астам жұмысшыларына тылдағы атқарған ерекше қызметтері үшін 
ордендер  мен  медальдар  берілгенін  атап  өту  керек  [104,  б.33].  Біздің 
қазақстандықтар гитлер басқыншылары басып алған польша аумағын босатуға 
қатысқандары  үшін  Польшаның  әскери  ордендерімен  марапатталғаны  белгілі. 
Поляк  Халық  республикасы  елшілігінің  кеңесшісі  Влодзимеж  Пашковски 
Польшадағы  партизандық  отрядқа  жетекшілік  еткен  және  партизандар 
құрамасы штабының бастығы болған № 2 Алматы баспаханасының директоры 
Төлешев Сатымбекке «Виртути милитари» орденінің күміс крестін табыстаған. 
Және  де,  Польшаны  босату  үшін  күрескен  бұрынғы  партизандар  тобына 
ержүрек Кресттері және Партизандық крестер табысталған [104, б.19]. 
Польшадағы  саяси-құқықтық  құрылысқа  тоқтала  кетсек.  КСРО  және  өзге 
елдермен  шекаралық  шиеленістер  жалғасынан  кейін  1918  жылы  Польша 
Республикасында соғыстан кейінгі поляк мемлекетінің құрылуы аяқталады. Сол 
кезеңдегі  мәліметтер  бойынша  Польша  тұрғындарының  саны  27  млн.  адамды 
құраса,  олардың  69%  поляктар  болған  [23,  б.263].  Польшаның  көпұлтты 
мемлекет  болып  табылғанын  және  І  Дүниежүзілік  соғыстан  кейін  қираған 
экономиканы  украиндер,  литвалықтар,  белорустар  және  еврейлер  кірген 
азшылық  ұлттардың  мәселелерімен  қатар  шешудің  қажет  болғанын  атап  өту 
керек.  
Поляк мемлекеті соғыс жылдарына қарамастан экономиканы көтеру үшін 
жақсы  негіз  болған  ірі  машина  жасау  кәсіпорындарын,  жеңіл  және  қайта 
өңдеуші өнеркәсіптерін сақтап қалғаны белгілі. Мысалы, Домбровский бассейні 
мен Жоғары Силезияда жоғары сапалы көмір өндіріліп, шетелге шығарылған.  
Егер  Қазақстан  халқы  Кеңестер  билігін  тығырықтан  шығар  жолдың 
болмауынан  еріксіз  түрде  қабылдаса,  Польша  Республикасындағы  ұлттық 
мемлекеттің  қайта  тууына  елдегі  саяси  өмірдің  белсенділігі  әсер  еткенін  біз 
жұмысымыздың басында айтып кеткен болатынбыз. Позициясы мығым болған 
жұмысшы  табы,  өзге  партиялар  мен  қозғалыстар  сайлау  күресіне  дайындала 
бастайды.  Польшаның  тарихи  дәстүрлері  кез  келген  саяси  күштерге  Сенат 
сайлауына  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Алғашқы  сайлаулар1922  жылы  өтеді, 
онда  әртүрлі  партиялардың  блоктарға  бірігуі  болады,  мысалы,  азшылық 
ұлттарды кемсітушілікке және поляктандыруға тырысқан оңшыл блок, ұлтшыл 
және  шовинистік  бағыты  бар  поляк  өнеркәсіптерінің  ұлттық  блогы,  азшылық 
ұлттар блогы – оған өздерінің мүдделерін қорғау үшін  барлық поляктық емес 
саяси ұйымдар кіреді және тағы басқалар. Барлығы 25 саяси партия қатысады, 
олардың ішінде коммунистік партия да болады [23, б.265-266]. 


74
 
 
1922  жылдың  11  желтоқсанында  Польша  Республикасының  Президенті 
болып Н. Нарутович сайланады, алайда бірнеше күн өткен соң 16 желтоқсанда 
оны  национал-демократтар  (эндектер)  өлтіреді  [23, б.266].  Президенттің 
өлтірілуі  және  парламенттік  дағдарыс  Ю.Пилсудскидің    жақтастарына  1922 
жылы  20  желтоқсан  күні  мемлекет  басына  өздерінің  серіктестерінің  бірі    С. 
Войцеховскиді отырғызуларына мүмкіндік береді [23, б.267]. 
Поляк  жұмысшы  табы  социал-демократтар  мен  коммунистердің 
азғыруымен  еңбек  ақысын  көбейту,  ірі  жер иелері  мен  өзге  де  олигархтардың 
есебінен  жерлерді  бөліп  беру  сияқты  реформаларды  талап  етеді.  Алайда,  Ю. 
Пилсудский  айтқандай,  поляк  қоғамында  айтарлықтай  өзгерістер  болмайды, 
мемлекет  барлық  Еуропа  сияқты  бұрынғыдай  экономикалық  және  саяси 
дамуының дәстүрлі жолымен жүре береді. Біртіндеп, 1924 жылы қаржы жүйесі 
тұрақталып, бірінші валюта – злотый пайда болады. 
Сонымен қатар, әр партия Сеймде өз мүдделерін қорғау үшін өнеркәсіптегі 
қақтығыстар мен көшелердегі төбелеске дейін жетеді. Нәтижесінде, 1926 жылы 
2  тамызда  Польша  Конституциясына  заң  шығарушы  органдардың  үкімет  пен 
президент  құқықтарын  ұлғайтуға  қатысты  құқықтарын  шектейтін  өзгертулер 
енгізіледі  [23, б.274]. 
Кейінгі  күндері  Сейм  мен  Сенат  каникулға  таратылады.  Президенттік 
Декрет  арқылы қарулы  күштер  инспекторының  Бас  лауазымы  тағайындалады. 
1926 жылы 27 тамызда Пилсудский осы лауазымға отырады, ол сонымен қатар 
әскери  Министр  бола  тұра  өзінің  диктатурасын  өмірінің  соңына  дейін  сақтап 
қалады [23, б.276]. 
Ю. Пилсудский бүкіл осы кезең бойы өзінің қолшоқпарлары арқылы поляк 
қоғамының  элиталарын  ел  игілігі  үшін  татуластырып,  экономиканы  дамытып, 
әскерді нығайтып және қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуға тырысады.  
Жаңа 
Конституциямен 
жұмыс 
жасау 
буржуазды 
парламенттік 
демократияның барлық жүйелерінің қатаң сынға ұшырауы және функционалды 
дағдарыс,  және  де  мемлекет  құрылысы  жаңа  нысандарының  теориялық  және 
тәжірибелік  ізденуі  кезеңінде  жүріп  жатты.  Бұл  дағдарыс  тек  Польшаны  ғана 
шарпымай,  үкіметтері  өздерінің  қоғамындағы  әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді  шешудің  амалдарын  таппаған  буржуазиялық  Еуропаның  өзге  де 
елдерін 
қамтиды. 
Ю.Пилсудский 
реформасымен 
жүзеге 
асырылған 
конституциялық  құрылыстағы  жаңа  тенденциялар  авторитарлық  мемлекет 
тұжырымын  толығымен  көрсетті.  Поляк  авторлары  қазіргі  поляк 
тарихнамасындағы  1926-1939  жылдары  арасына  сипаттама  берген  кезде 
Пилсудскидің авторитарлы билік ету стилін нұсқай отырып «цезаризм» ұғымын 
жиі пайдаланады [105]. Елдегі барлық нысандағы жеке меншіктілік, кәсіпкерлік 
еркіндігі, нарықтық бәсекелестік, еңбек нарығындағы жұмыс жасау бостандығы 
сақталғандықтан  мемлекеттің  әлеуметтік  және  экономикалық  мәні  өзгеріссіз 
қалады.  Оның  орнына  мемлекет  қызметінің  шекарасы  мен  нысаны  өзгерді. 
Белгілі  бір  идеялық  доктриналардың  көрінісі  болып  табылған  мемлекеттік 
құрылыстың  негізгі  қағидаттары  Сәуірдегі  Конституцияның  «Декалог»  деп 
аталатын  алғашқы  он  бабында  жазылған  болатын.  Олар  конституция 


75
 
 
авторларының  мемлекетке  көзқарастарын,  оның  міндеті  мен  ұйымдық 
құрылымына,  және  де  мемлекеттің  қоғам  мен  тұлғаға  қатынасын  бейнелеген. 
Сонымен  қатар,  олар  конституцияның  жекелеген  ережелерін  түсіндіретін 
директивалар  болып  табылды.  Сәуірдегі  конституция  мемлекеттің  бұрынғы 
атауы  –  Екінші  Реч  Посполитаны  және  мемлекеттің  біртұтастығы  қағидасын 
сақтап  қалды.  Мемлекеттің  жаңа  тұжырымдамасы  «поляк  мемлекеті  барлық 
азаматтардың жалпы игілігі» деп көрсетілген конституцияның 1 бабында орын 
алды.  Конституцияны  жасаушылар  мемлекетті  «қоғамның  жалпы  игілігі 
ретіндегі жеке және таптықтан жоғары» құндылық ретінде қарастырады [105, б. 
93]. 
1935  жылы  23  сәуірде  қабылданған  жаңа  Конституция  бойынша 
Президенттің  өкілеттік  мерзімі  7  жылға  созылады,  президенттің  құқықтары 
бұрынғы  Заңдармен  салыстырғанда  кеңейтілген  болатын.  Ол  Премьерді, 
үкіметті  тағайындап,  Сейм  мен  Сенаттың  шақыруға  және  таратуға  құқылы 
болды.  Президент  қарулы  күштердің  Жоғарғы  Бас  қолбасшысы  болып 
табылды.  1935  жылғы  Конституцияның  қабылдануынан  және  Пилсудскидің 
қазасынан кейін Маршал атағын Рыдз-Смиглы ғана алған [23, б.284]. 
Соғыстың  алдындағы  жылдарда  Польшаның  экономикалық  дамуы  өте 
жоғары  болады,  сол  кездері  елдегі  халықтың  жалпы  саны  35  млн.  адамды 
құраған [23, б.289] 
1938 жылы Польшаның Коммунистік Партиясы өзінің таратылғанын ресми 
түрде  жариялайды.  ІІ  Дүниежүзілік  соғыстың  басталуы  жақындап  қалған 
болатын,  1938-1939  жылдар  бүтіндей  Польша  сырт  қала  алмаған  саяси 
шиеленістерге  және  жасырын  келісулерге  толы  болады.  Польшаның  даулы 
аумақтарындағы  неміс  тұрғындарынан  құралған  «бесінші  колонна»  жандана 
бастайды.  Польшаны  біресе  Гитлер,  біресе  Сталин,  біресе  Англия,  біресе 
Германия алдағы жанжалда өздерінің жақтарына  тартқылары  келеді.  Бұрынғы 
отарлық  жылдар  ұмытылмағандықтан  Кеңестік  Одақпен  қатынастар  әлі  де 
салқын болып қала береді. 
1939  жылы  Франция  Англиямен  өзара  көмек  туралы  келісімге  қол  қояды. 
1939  жылы  23  тамызда  И.  фон  Риббентроп  пен  В.  Молотов  қолдарын  қойған 
Германия  мен  КСРО-ның  арасындағы  Польшаны  бөлу  туралы  Пактісі 
Польшаның  тағдырын  бірден  шешеді  [106].  Осы  жылдың  28  қыркүйегінде 
КСРО  мен  Германия  арасында  шекара  және  достық  туралы  келісімге  қол 
қойылады [104, б.13]. 
Әр  ел  өзінің  қызығушылықтарына  сүйенді,  сондықтан  алдағы  соғыс 
жөнінде  сұрақ  туындағанда  Сталин  өзінің  батыстық  қарсыластарын 
терісбағытқа  түсетінінен  үміттенеді.  Екі  жағынан  басқыншылыққа  ұшыраған 
Польша  аумағы  германдық  Вермахт  және  Қызыл  Әскерлерге  қарсылықсыз 
беріле салады. 
Польша  тарихымен  айналысқан  Краков  университетінің  докторы  Хуберт 
Худзио  1935-1936  жылдары  Мархлевский  және  Дзержовскийлер  тұрған 
жерлерде  өмір  сүрген  поляк  азаматтарды  Қазақ  КСР-і  мен  басқа  да  одақтас 
республикаларға  департациялау  басталғанын  айтады.  Ғалымның  мәліметтері 


76
 
 
бойынша,  қоныс  аударушылар  жөніндегі  мұрағат  мәліметтері  дәл  емес, 
нақтысында  олар  көрсетілген  сандардан  артық  болған  [107].  Гитлер  мен 
Сталиннің  1939  жылы  Польшаны  бөліп  алуымен  поляк  тұрғындарын  жаппай 
көшіру  басталады.  Ресми  мәліметтер  бойынша  тек  Қазақ  КСР-нің  аумағында 
1941  жылы  61 092  поляк  болған,  ал  1943  жалдың  қаңтарында  олардың  саны 
103 757 адамға жетеді [108]. 
Варшавада  1940  жылы  басты  рөлді  коммунистер  ойнаған  Уақытша 
кеңесшіл  үкімет  құрылады.  1941  жылы  ресми  кеңес-поляк  дипломатиялық 
қатынасы  орнағаннан  кейін  КСРО-да  ұйымдастырылған  Польша  елшілігі 
қуғында  жүрген  өздерінің  отандастарына  көмектесе  бастайды.  КСРО 
аумағында  әрекет  ететін  поляк  азаматтарына  көмек  көрсетумен  айналысатын 
мекеме – 19 Делегатураның 9 – ы ҚазКСР-де құрылған болатын [106, б.13]. 
1941  жылдың  желтоқсанында  Премьер  В.Сикорски  Польша  мемлекетінің 
болашағы  туралы  сұрақтарды  талқылау  үшін  Сталинмен  кездеседі.  Сталин 
Польша  Кеңестік  Социалистік  республикалар  Одағының  тәуелсіз  мемлекеті 
болған  жағдайда  ғана  КСРО  тарапынан  көмек  ала  алатын  айтады.  Польша 
үкіметінің өкілі ретінде эмиграцияда жүрген Сикорский бұл сұрақты соғыстың 
соңына  дейін  талқылауға  қарсылық  білдіріп,  Польша  өзінің  1921  жылғы 
аумақтық шекарасын қалпына келтіруі тиіс екенін мәлімдейді. 
1941 жылы 4 желтоқсанда Германияға қарсы соғыста КСРО және Польша 
арасындағы  достық  және  өзара  көмек,  және  де  КСРО-ның  аумағында  кеңес-
герман майданына қатысу үшін саны 96 мың адамнан тұратын поляк әскерлерін 
құру туралы Декларацияға қол қойылады, алайда, поляк тараптары үшін басты 
міндет  сталиндік  лагерден  мүмкіндігінше  көбірек  поляктарды  және  олардың 
отбасыларын босату болатын [23, б.331]. 
Черчилдің  делдалдығымен  КСРО-да  В.А.  Андерстің  басшылығындағы 
поляк  әскері  құрылады.  Поляк  әскерлерінің  көп  бөлігі  лагерде  болғандықтан, 
тұтқыннан  әскери  қызметшілерді,  әсіресе  жоғарғы  басшылық  құрамды  босату 
туралы  шешім  қабылданады  және  олар  Ұлыбритания  жағынан  қаруланып, 
керек-жарақпен  жабдықталу  үшін  Иран  арқылы  асырылады  [23, б.331]. 
Одақтастар  поляк  әскерлерін  Германияға  қарсы  оңтүстік  майданда 
пайдалануды көздейді. 
В. Сикорскидің арқасында тек 1942 жылы Иранға өткен поляк әскерилері 
және олардың отбасыларының саны 114 мыңға жетеді. Красноводск базасынан 
31 888  жауынгерлер  мен  офицерлер  және  олардың  12 555  отбасы  мүшелері 
оралады  [23, б.332].  Шетелде  Британияның  көмегімен  бұрын  шығарылған 
әскерлер  мен  еріктілер  қатарынан  әскери  бөлімшелер  құрылады,  кейін  олар 
Крайова  Жасағында  соғысады.  В.  Сикорский  өз  елін  босату  үшін  күрескен 
поляк  эмиграциясының  Басшысы  болып  табылды,  оның  арқасында  сталиндік 
лагерден жүздеген мың отандастары құтқарылған болатын, өкінішке орай, 1943 
жылы  зерттеушілердің  көбісі  оқыс  оқиға  деп  санамаған  авиаапат  нәтижесінде 
қаза  болады.  Сикорский  өз  үкіметінде  де,  сталин  басшылығында  да  жаулары 
көп жарқын тұлға болған. 


77
 
 
Поляк  офицерлерінің  тағдыры,  нақтырақ  айтсақ,  солардың  төңірегіндегі 
саяси-дипломатиялық  шаралар  1943  жылдың  сәуірінде  КСРО  мен  Польша 
үкіметтері  арасындағы  қатынастың  тоқтауына  себеп  болады.  1943  жылдың  13 
сәуірінде  Смоленск  маңайындағы  катынь  орманынан  осы  аумақты  жаулап 
алған нацистер 1940 жылдың көктемінде ІІХК органдарымен атылған 10 мыңға 
жуық поляк әскери тұтқындалған офицерлерінің мәйіттерін тауып алады, кейін 
бұл жерленген адамдардың саны 12 мыңға дейін жетеді [109].  
Өзге  қайнар  көздерде  КСРО-ның  ІІХК  арнайы  үштіктің  шешімдерімен 
Катынь  орманында,  Харьковқа  жақын  орналасқан  Старобельский  лагерінде, 
Осташковск  лагерінде  және  де  Батыс  Украина  мен  Батыс  Белоруссиядағы 
түрмелерде жалпы саны 21 857 поляк ату жазасына ұшыраған [110].  
1944  жылы  гитлер  жасақтары  Кеңес  аумағынан  шегінгеннен  кейін,  поляк 
әскери  тұтқындарының  неміс  фашистік  басқыншыларымен  катынь орманында 
атылуын  тергеп  анықтау  үшін  «Арнайы  комиссия»  құрылған  болатын.  Бұл  іс 
бойынша  материалдар  кеңестік  баспа  беттерінде  кеңінен  жарияланады, 
комиссия  бұл  поляк  офицерлерін  неміс  басқыншылары  өлтірген  деп 
қорытынды  жасайды  [110, б.140].  Тіпті,  90 жылдардың  басына  дейін  «Катынь 
оқиғасы» туралы тергеу бойынша деректер шешімін таппаған, тек 1990 жылы 
Польша  Президенті  В.  Ярузельский  Мәскеуге  ресми  іс  сапармен  келген  кезде 
КСРО  Басшысы  М.С.  Горбачев  катынь  атып  тастау  шарасы  үшін  НКВД-нің 
жауапты екені жөнінде ресми мәлімдейді [111]. 
Поляк  әскерлерінің  элитасы  кеңестік  органдармен  атылғаны  туралы 
деректер  бұрыннан  белгілі  болатын,  дейтұрғанмен,  тек  кеңес  мемлекетін 
демократияландырудағы  өзгерістер  басында  тұрған  Михаил  Горбачев  қана 
поляк  әскери  тұтқындарына  қатысты  алдыңғы  басшылық  тарапынан  болған 
зұлымдықты ресми түрде  мойындайды,  және де бұл  әлемдік  қоғам  тарапынан 
бағаланған маңызды саяси қадам болып табылды. 
«Катынь  ісі»  –  бұл  тек  кеңес-поляк  қатынасы  тарихындағы  зұлмат 
парақтар  емес,  ол  сонымен  қатар  әлемдік  деңгейдегі  қасірет  болып  табылған 
сталиндік  репрессиялық  режим  жасаған  қылмыс,  әрі  ол  кейінгі  ұрпақтармен 
ұмытылмауы тиіс. 
Польша  шекарасына  1943-1944  жылдары  кеңес  әскерлерінің  жақындауы 
партизандық  отряд  пен  әртүрлі  қарсылық  білдіруші  қозғалыстардың 
қызметтерін қыздыра түседі. Польшада екі жасақ әрекет еткен, біріншісі, АҚШ 
пен Ұлыбритания қолдауына ие болған Крайова Әскері және екіншісі, кеңестер 
билігімен  ынтымақтасып,  Польшаның  тәуелсіздігі  үшін  күрес  жүргізген 
Людова  Әскері.  Күресуші  екі  үкімет  арасындағы  келісілмегендік  және  бір 
біріне  көмек  беруді  қаламаулары  жөнсіз  құрбандыққа  алып  келді.  Бұған, 
генерал  Бур-Комаровский  бастаған  Польша  тәуелсіздігі  жақтастарының  1944 
жылы  қазанда  63  күнге  созылған  шайқаста  жеңіліс  тапқан  Варшава  көтерілісі 
дәлел  бола  алады.  Бұл  шайқастың  салдары  25  мың  өлтірілген  және  200  мың 
хабар ошарсыз жоғалып кеткен тұрғындарды құрады [23, б.350-353]. 
Варшаваның жақын маңында болған Қызыл Әскер поляк көтерілісшілеріне 
көмекке келулеріне болатын, алайда, бұл жаңа Польшаны кім басқарады және 


78
 
 
ол  қандай  бағытта  болмақ,  кеңестік  республика  ма  әлде  тәуелсіз  мемлекет 
ретінде ме деген маңызды саяси сұрақ тұрды [23, б.354]. 
Польшаны гитлерлік басқыншылардан босатқаннан кейін оның аумағында 
Б.Берут төрағалық еткен Уақытша үкімет құрылады [23, б.357]. КСРО құрылған 
үкіметті мойындап, дипломатиялық қатынас орнатады. Берут сыртқы саясатты 
айтпағанда,  аграрлық  және  өнеркәсіп  секторындағы  реформалар  бойынша 
сталиндік саясатты орындауға дайын болатын. 
Польша  аумағындағы  режимнің  қарсыластары  олардың  өлкелерін 
кеңестендіруге  қарсы  күрес  жүргізген  ұйымдарды  құра  бастайды.  Өздерінің 
елін  қорғауда  өзге  тәсілдер  болмағандықтан,  олар  үкімет  бөлімшелері  мен 
кеңестер  билігін  мойындаған  поляктарға  қарсы  ашық  шығуларды  жүзеге 
асырады.  Мысалы,  1945  жылдың  көктемінде  Шығыс  Воеводстволарда  кеңес 
режимін құлатуды мақсат еткен құрамында 32 ден 33 мыңға жуық адамдардан 
тұратын шамамен 240 әскери отрядтар мен топтар болған [23, б.361]. 
Польшаны  басып  алу  кезеңінде  әртүрлі  саяси  күштердің  басын  қосқан 
ұлттық  майдан  қалыптасады.  Олардың  ішінде  ең  негізгі  4  бағыт  болған: 
Гомулка  басқарған  Поляк  жұмысшыларының  партиясы  кеңесшіл  бағытты 
ұстанып,  толығымен  Кеңес  Одағына  бейімделеді;  Поляк  социалистерінің 
партиясы,  олардың  стратегиясы  Польшаның  ұлттық  мемлекеттілігін  қалпына 
келтіру үшін КСРО-мен достық саясатын ұстануға бағытталады; СЛ – социал-
левистер  кәсіпкерлер  мен  саудагерлердің  мүдделерін  қорғады;  СД  –  социал-
демократтар зиялы қауым мен елдегі демократияландыру жақтастары қоғамның 
орта қабатының мүдделерін білдірді [111, б.613]. 
1945  жылдың  16  тамызында  КСРО  мен  Польша  арасындағы  шекараны 
бекіту жөніндегі Келісімге қол қойылады. Польшаның аумағы 312 мың кв. км. 
құрды, бұл соғысқа дейінгі кезеңдегі көлеммен салыстырғанда 77,2 мың кв. км. 
аз  болатын,  бірақ  оның  орнына  Польша  сауда-саттыққа  тиімді  бірқатар  теңіз 
порттарына  ие  болады.  1946  жылғы  ақпандағы  халық  санағына  сәйкес 
Польшада 23,7 млн. адам тұрған, бұл соғысқа дейінгі адам санынан 11 млн. аз 
[23, б.365]. 
Халық санының азаюы шекараның қысқартылуымен, әскери шығындармен 
және  Польшада  тұрған  еврейлер  мен  өзге  де  халықтарға  қатысты  жасалған 
геноцидтің  болуымен  байланысты.  Тек,  еврей  ұлтынан  3,5  млн.  адам  қаза 
болған. 
Соғыстан  кейінгі  Польшаның  социализм  жолымен  жүруден  басқа  амалы 
қалмайды.  1945  жылы  жаңа  биліктің  Жарлығы  бойынша  ірі  және  орта 
өнеркәсіп,  көлік  және  банк  кәсіпорындарын  ұлттандыру  туралы  Заң 
қабылданады  [112].  Польшада  билік  және  басқару  органдары,  мемлекеттік 
аппарат  құрыла  бастайды.  Басшылық  ауыр  және  жеңіл  өнеркәсіптің  деңгейін 
соғысқа дейінгі деңгейге көтеру бойынша шаралар қабылдайды. Польша Кеңес 
Одағынан  жабдық,  азық  түлік  тағамдары  түріндегі  үлкен  көмектер  алып 
отырған.  Мысалы,  1946  жылы  Польша  КСРО-дан  200  мың  тонна  бидай  алған 
[112, б.121]. 


79
 
 
Польша 1947 жылы заң шығарушы Сеймнің шешімі бойынша Халықтық-
демократиялық  республика  деп  жарияланады  [112,  б.141],  онда  аграрлық 
реформалармен  қатар  партия  органдарының  билігін  және  жұмысшы-шаруа 
бірлестіктерін нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілген болатын.  
1949  жылы 30  қарашада  Поляк жұмысшыларының  партиясына  социализм 
құрылысында  көмектескен  екі  шаруалар  партияларының  қосылуының 
нәтижесінде  құрылған  ауылдық  партия  –  Біріккен  Шаруалар  партиясы 
құрылады [113]. 
Жоғарыда  келтірілгендерден,  қазақстандық  халықтардың  патшалық  билік 
қанауынан босағаннан кейін қысқа мерзімде өзінің демократиялық мемлекетін 
құруға мүмкіндігі болмағандықтан ұлттық мемлекеттілікті кеңестік автономия 
түрінде  қабылдауға  мәжбүр  болғанын  атап  өту  керек.  Алайда,  пролетарлық 
мемлекеттің  ұрандары  нақты  өмірде  шындықпен  сәйкеспей  жатты.  Кеңес 
басшылығының  қысымымен  біздің  жүздеген  мың  отандастарымыздың  өмірін 
қиған күштеп отырықшылық пен ұжымдастыру жүзеге асырылған болатын. Кез 
келген жаңа тәртіпке қатысты қарсылықтар Қызыл Әскермен басылып отырды. 
30-жылдары елдегі болып жатқан оқиғаларға өздерінің пікірін айтқан қазақ 
этносының 
көрнекті 
өкілдерінің, 
ғалымдарының, 
шығармашылық 
жұмысшылардың және еңбек адамдарының өмірлерін қиған жаңа қуғын-сүргін 
толқындары орын алады. Халық аман қалу үшін болып жатқан жағдайға көнуге 
мәжбүр  болады,  алайда  тарихи  жады  өзінің  шынайы  тәуелсіздігіне  жету  және 
диктатурадан босануға деген тілекті жоя алмады.  
Соғыстан кейінгі Польша Қазақстанға қарағанда, жоғалтқан еркіндіктерін 
қайта  қалпына  келтіре  бастайды,  бірақ  бұл  процесс  қысқа  мерзімді  болып 
шықты, өзінің тәуелсіздігі мен демократиялық институттарын қалпына келтіре 
бастаған польша жетекшілігі ішкі және ірі сыртқы мәселелерге тап болады. Екі 
ірі  держава  КСРО  мен  Германияның  тойымсыз  менмендігі  Польшаға  өзінің 
ұлттық  мемлекеттілігінің  ғасырлар  бойғы  дәстүрлерін  толықтай  қайтаруына, 
мемлекеттік басқаруын және экономикасын қалпына келтіруіне уақыт бермеді, 
өйткені ол жаңа соғысқа әзірленуге мәжбүр болады. 
Сайып  келгенде,  Польша  аумағымен  бірге  халқын  бөліп  алған  екі  елдің 
әскери  олжасына  айналады.  Екі  жақтан  болған  депортация,  жаппай  қуғын-
сүргін  поляк  халқының  рухын  аяқ  асты  ете  алмады.  Олар  өзінің  аумағында 
кеңестер  жағындағы  Поляк  әскерлерінің  қатарында,  партизандық  отрядтарда 
нацистерге  қарсы  шайқаса  отырып  жүздеген  мың  құрбандардың  бекер 
болмасын  білген.  Польшаға  өзінің  ұлттық  мемлекеттілігін  сақтап  қалуы  үшін 
кеңестік  билікті  қабылдап,  мемлекеттерін  халық  демократиясы  жолымен 
құруына тура келді. 
 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау