Ректоры, п.ғ. д., профессор М. Н



жүктеу 2,67 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата05.01.2020
өлшемі2,67 Mb.
#25877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

15

 

 



Оқытушылардың үздіксіз кәсіптік өсуін қамтамасыз ету мақсатында - Карьера және 

біліктілікті  арттыру  Орталығының  бөлімшесі  жұмыс  істейді,  біліктілікті  көтеру  жүйесі 

мен  магистранттарды  іріктеуді  қолдау  жөніндегі  қызметкерлердің  құзыреттілігі  жүйесі 

құрылған.    Қазіргі  таңда  университет,  МООК  -  біліктілікті  көтерудің  жаңа  түрлерін 

белсенді дамытуға, онлайн курстар мен вебинарлар ұйымдастырып, қатысуға атсалысуда; 

сондай-ақ тәлімгерлік жүйесі  дамытылуда.  

Республикада  сырттай  оқу  түрінің  жойылуына  байланысты  қашықтан  оқыту 

технологияларын  қолдануға  сұраныс  артуда.  Осыған  байланысты  университет 

қысқартылған мерзімде оқытуға арналған 120 оқу жұмыс жоспары дайындалды.  

Оқу  жүйесінің  жетістіктері  көрсеткіштерінің  бірі  республикалық  студенттік  пән 

олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің санының артуы болып табылады. 

2017 жылы олимпиадаға жалпы саны 25 мамандық қатысып, соның ішінде 16-сы жүлделі 

орынға ие болды. Жалпы 85 студент қатысып, оның ішінде 51-і жүлделі орынды иеленді. 

Ал 2018 жылы 18 мамандықтың, соның ішінде 11-і жүлделі орынға ие болды. Жалпы 73 

студент  қатысып,  35-і  жүлделі  орынды  иеленді.    Жыл  сайын  үздік  дипломмен 

бітірушілердің орташа саны шамамен 14% құрайды.   

Университетте 2018 жылдан бастап жаңадан құрылған «Су шаруашылығы» бағыты 

бойынша  республикалық  оқу-әдістемелік  бірлестік  қызмет  атқаруда.  2018-2019  оқу 

жылында осы бірлестіктің бастамасымен 4 мәжіліс өтікізілді. Бұл мәжіліске еліміздің әр 

түрлі  аймағынан  жұмыс  берушілер,  «Атамекен»  ҰКП,  ҚР  БжҒМ,  Қазақстандағы 

халықаралық бірнеше ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл мәжілісте «Су шаруашылығы» 

бағытына  қатысты  Ұлттық  біліктілік  жүйесінің  элементтерін  құрастыру  проблемалары 

талқыланды. 

Университетіміз Люблин политехникалық университетімен (Польша) және Браганс 

политехникалық  институтымен  (Португалия)  біріге  отырып,  бакалавриат  және 

магистратура  бойынша  қосдипломды  білім  беру  бағдарламаларын  табысты  іске  асырып 

жатыр.  2017  жылы  алғаш  рет  Қазақстан  Республикасында,  ҚР  білім  және  ғылым 

министрінің 23 мамыр 2017 жылдағы №237 бұйрығымен «Мехатроника» бағыты бойынша 

бакалавриаттың  экспериментальды  қосдипломды  білім  беру  бағдарламасы  іске 

асырылуда.(18 слайд) 

Университет  жаңа  бөлімшелерді  ашу  және  тиімді  ортаны  құру  жолымен  тұрақты 

экожүйені дамытып келеді.  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 

жағдайында 2018 жылы университетте  реестріне 15 қызмет көрсету түрі ендірілген, «бір 

терезе»  қағидаты  бойынша  жұмыс  істейтін  студенттерге  қызмет  көрсету  орталығы 

ашылды.  

2018-


2019  оқу  жылында  инновациялық  технологияларды  қолданып  өткізілетін 

ашық  сабақтар  кестесі  жасалынып,  798  ашық  сабақ  өткізілді.  Оқытушы-профессорлық 

құрамы  инновациялық  технологияларды  оқу  үдерісіне  ендіру  барысында  Ақпараттық 

деңгейде: «РРТ», «FLP», «аудио-бейне өнімді қолдану», «виртуалды лаборатория әдісін»; 

Әдістемелік  деңгейде:  «проблемалық  оқыту»,  «блиц-опрос»,  «іскер  қоржын», 

«дискуссия»,  «миға  шабуыл»,  «сократ  әдісі»,  «өзін-өзі  дамыту»,  «кейс-стади  әдісі», 

«жобалық-бағдарлық  оқыту»;  Әдіснамалық  деңгейде:  «ұжымдық  және  топтық 

технология»,  «ойын  технологиясы»,  «презентация  технологиясы»  әдістерін  пайдаланып 

өткізеді.  

Энтузиаст-педагогтарды  қолдап,  университеттің  инновациялық  жетістіктерінің 

презентациясы  шеңберінде  жоғары  оқу  орындары  арасында    (Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық  университеті,  Тараз  инновациялық-гуманитарлық  және  М.Х.  Дулати 

атындағы  ТарМУ)  «Үздік  мультимедиялық  өнімі»  атты  дәстүрлі  байқауы  өткізіледі. 

Байқау  6  номинациядан  тұрады:  «Үздік  менеджер»,  «Үздік  флипчарт»,  «Пәннің 

инновациялық  толықтырылуы»,  «Үздік  ашық  сабақ»,  «Инновациялық  оқу  зертханасы», 

және «Үштілді арнайы бөлімде ағылшын тілінде үздік ашық сабақ». Байқау жеңімпаздары 

дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. (19 слайд) 



16

 

 



 

Есепті  кезеңде  университет  оқытушыларының  дайындаған  63  оқу  және  ғылыми-

әдістемелік  құралдары  жалпы  көлемі  –  364  б.т.  баспадан  шығарылды.  Сонымен  қатар 

бакалавриат пен магистратура бойынша 89 модульді білім беру бағдарламалары (жалпы 

көлемі  –  348  б.т.)  кітапша  ретінде  баспадан  шығарылып,  университет  сайтына  да 

орналастырылды. Осы уақыт ішінде университет ғалымдарының шетелдік және отандық 

баспалардан 31 монографиясы шықты. 

Есепті  оқу  жылында  білім  беруді  дамытудың  әлемдік  трендтеріне  және  сапа 

мәдениетіне  қойылатын  талаптарға  сәйкес  біздің  университет  алғаш  рет  жаңа  құжат  – 

«М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің  Академиялық  саясатын» 

әзірледі.  Құжат  келісімнен  өтті  және  инновациялық  құзыреттілікті  қалыптастыру  мен 

үйлесімді  тұлғаны  дамыту  үшін  жағдайлар  мен  мүмкіндіктер  жасауға  бағытталған  білім 

беру қызметін жоспарлау, басқару бойынша ережелер мен рәсімдердің жиынтығы болып 

табылады.  

Университет  студенттердің  оқуға  бейімделуін  жеңілдету  үшін  қажетті  жағдай 

жасауда.  Барлық  мамандықтардың  жұмыс  оқу  жоспарларына  «Білім  ортасы  мен  білім 

алушының  үндесуі»  арнайы  курсы  енгізілді.  Әр  академиялық  топқа  эдвайзер-куратор 

бекітілді.  Білім  алушылар  үшін  www.portal.tarsu.kz  ақпараттық-білім  беру  порталында 

барлық академиялық ақпарат қолжетімді. 

Оқыту нәтижелері.  Оқытуды  тек  білім  алуға  ғана  емес,  сонымен  қатар  іскерлік, 

дағды  мен  меңгеруге  бағыттау  білімді  бақылаудың  қалыптасқан  формаларын  өзгертуді 

талап  етеді.  Есепті  жылы  инновациялық  формалар  мен  бағалау  әдістерін  пайдалануға 

көшу жалғастырылды, білім алушылар пәндер бойынша нәтижелерді бағалау өлшемдері 

мен  әдістемелеріне  қол  жеткізе  алады.  Аккредиттеу  стандарттарының  бағалау 

критерийлері  аясында  ПОҚ  барлық  пәндер  бойынша  бағалаудың  әртүрлі  инновациялық 

нысандары  мен  әдістерін  кеңінен  қолдана  бастады.  Білім  алушылар  үшін  қорытынды 

бақылау формасы ретінде жазбаша және аралас емтихандардың үлесі өсіп, 2018-2019 оқу 

жылының  емтихан  сессияларының  қорытындысы  бойынша  компьютерлік  тестілеу  үлесі 

бакалавриат  бойынша  58,1%-ға  төмендеді  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 

факультеті үшін 17,9%-ды құрады. (20 слайд) 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4 - Емтихан түрлері (2018-2019 оқу жылы) 

 

Ұйымдастыру-әдістемелік  іс-шараларды  жетілдіру  және  өткізу  нәтижесінде 



университет бойынша білім алушылардың абсолютті үлгерімі ұтымды нәтижелерге жетті. 

Жалпы  оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  жазғы  семестр  нәтижелерін  есепке  ала 




жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау