Регламенті 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 260,01 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі260,01 Kb.
#13789
түріРегламент




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2010 жылғы 23 маусымдағы

№ 109 қаулысымен

бекітілді




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) оған Қазақстан Республикасының  Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже), Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау барысындағы қызметінің жалпы ережелерін белгілейді.

2. Құжаттармен жұмыс істеуге, оларды орындау мерзімдеріне қойылатын Регламентте белгіленген талаптар Ұлттық Банк орталық аппаратының, филиалдарының, өкілдігінің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының (бұдан әрі – ұйымдар) барлық қызметкерлеріне қолданылады.

3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы (бұдан әрі - «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заң), «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы (бұдан әрі - «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы (бұдан әрі - «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң) Заңдарының, «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысының, Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 26 қарашадағы № 432 қаулысының талаптарына (бұдан әрі – Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және бекітілген Регламентпен айқындалады.

Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.



2-тарау. Ұлттық Банктің жұмысын жоспарлау
4. Ұлттық Банк өз қызметін тоқсан сайынғы, жылдық және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің жұмыс жоспарларын (бұдан әрі - жұмыс жоспары) дайындау және бекіту тәртібі Ұлттық Банктің жекелеген нормативтік құқықтық актісімен реттеледі.

Бекітілген жұмыс жоспарлары Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшыларына танысуға және орындауға жіберіледі.

5. Жұмыс жоспарларынан іс-шараларды алып тастау немесе олардың орындалу мерзімдерін ауыстыру туралы шешімді құзыретіне Ұлттық Банктің жұмыс жоспарында қозғалатын мәселелер кіретін бөлімшенің басшысы ұсынған, Ұлттық Банк Төрағасының тиісті мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген қызметтік жазбаның негізінде Ұлттық Банк Төрағасы (не оның міндетін атқарушы тұлға) қабылдайды.

6. Ұлттық Банк жыл сайын Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтарына сәйкес жоспарлы кезеңге Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарын әзірлейді.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары және әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде әзірленеді және бекітіледі.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президентіне немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаға бекітуге ұсынылады.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары міндетті түрде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулі таратылатын қызметтік ақпараты бар мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ете отырып орналастырылады.

Ұлттық Банк стратегиялық жоспарды іске асыру үшін Ұлттық Банктің ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылы бар, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жауапты орындаушыларды және мерзімдерін көрсете отырып операциялық жоспарды әзірлейді.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторингіне, бағалауға жауапты Ұлттық Банктің лауазымды тұлғалары және бөлімшелері белгіленеді.

7. Ұлттық Банктің жылдық есебі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынылады.
3-тарау. Ұлттық Банк Басқармасының және Директорлар кеңесінің отырыстарын жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сәйкес Басқарма және Директорлар кеңесі Ұлттық Банктің алқалы органдары болып табылады.

Басқарма Ұлттық Банктің жоғары органы, Директорлар кеңесі Ұлттық Банктің жедел басқару органы болып табылады.

9. Отырыстарды жоспарлау, дайындау, өткізу, Ұлттық Банк Басқармасының және Директорлар кеңесінің шешімдерді қабылдау және олардың шешімдерінің орындалуына бақылау жасау тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарға, Ұлттық Банк туралы ережеге, Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысына, Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес айқындалады.

10. Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында Басқарма мен Директорлар кеңесінің қызметі туралы ақпарат міндетті түрде орналастырылады.


4-тарау. Ұлттық Банктің филиалдарымен, өкілдіктерімен
және ұйымдарымен өзара іс-қимыл

11. Ұлттық Банктің құрылымына «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес орталық аппарат, филиалдар, өкілдік және ұйымдар кіреді.

Ұлттық Банк орталық аппаратының филиалдармен, өкілдіктермен және ұйымдармен өзара іс-қимылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға, Ұлттық Банк туралы ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық Банк бөлімшелері қызметінің тиісті функционалдық бағыттарының мәселелері жөніндегі Ұлттық Банктің актілеріне, сондай-ақ ұйымдардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.


5-тарау. Ұлттық Банкте кіріс және шығыс хат-хабарларын

қабылдау, тіркеу, өткізу, қарау және ресімдеу тәртібі
12. Ұлттық Банктегі кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қабылдау, тіркеу, өткізу, қарау және ресімдеу «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарға, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

13. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), Парламентінен және Премьер-Министрі Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарларды қоспағанда, Ұлттық Банкке келіп түскен хат-хабарларды Ұлттық Банк қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуге және бақылауға жауапты бөлімше (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) жұмыс күндері сағ. 9-00-ден 18-00-ге дейін, сенбі күндері сағ. 9-00-ден 14-00-ге дейін қабылдайды және тіркейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен, Парламентінен және Премьер-Министрі Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарлар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін, сенбі күндері сағат 17-00-ге дейін қабылданады.

Мемлекеттік органдар шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) орындау үшін дайындаған құжаттардың шұғыл екенін растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы актілерінің және тапсырмаларының көшірмелері) ұсынылған кезде жұмыс күні ішінде қабылданады.

Кіріс құжаттары электрондық құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде Ұлттық Банкке келіп түскен күні, шығыс құжаттары олар адресатқа жіберілген күні тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен, және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар, мемлекеттік органдар шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) орындау үшін дайындаған құжаттар Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қабылданады.

14. Мемлекеттік органдардан қағаз және электронды тасымалдауыштарда келіп түскен құжаттар бірдей болуы, белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалық бланкіде ресімделуі және мынадай міндетті деректемелерді:

1) шығыс нөмірін және күнін;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Парламентінің, Парламентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тиісті актілеріне және тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сауалына жауап берген кезде оның нөмірі мен күніне сілтемені;

3) мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолын;

4) орындаушының аты-жөні және оның телефон нөмірін қамтуы тиіс.

Ерекше маңызы бар мәселелер бойынша электрондық құжаттар сондай-ақ қағазға тасымалдауышта да (мұрағатты және құжаттаманы уәкілетті мемлекеттік басқару органы белгілеген сақтау мерзімімен) ресімделуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламентінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің хат-хабарларын қоспағанда, Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және/немесе оларды уәкілетті бөлімше тиісті мемлекеттік органға сол күні қайтарады.

15. Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта және Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттарды уәкілетті бөлімше қарайды, тіркеу мөртабанына нөмірін, күнін және парақтардың санын көрсете отырып тіркейді, Ұлттық Банктің Төрағасы және оның орынбасарлары (бұдан әрі – Ұлттық Банк басшылығы) және Ұлттық Банк бөлімшелері арасында мәселелердің қатыстылығы бойынша бөледі және бақылауға қояды.

Тіркелген, тиісті түрде ресімделген кіріс хат-хабарларын уәкілетті бөлімше адресаттарға мәселелердің қатыстылығы бойынша бөлуіне сәйкес электрондық түрде және қағаз тасымалдауышпен жібереді.

Шұғыл хат-хабарлардың көшірмесі келіп түскен құжаттарда қозғалатын мәселелер құзыретіне кіретін бөлімше басшысына электронды түрде бір мезгілде жіберіледі.

Хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға жеткізуді уәкілетті бөлімше, әдетте, Ұлттық Банкке келіп түскен сәтінен бастап екі сағаттың ішінде, ал шұғылын - дереу (кезектен тыс тәртіппен) жүзеге асырады.

16. Ұлттық Банк басшылығы кіріс хат-хабарларын оларға келіп түскен күні, ал шұғылын - дереу қарайды. Ұлттық Банк басшылығының кіріс хат-хабарларын қарау нәтижелері бойынша қарарлар түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалар беріледі және олар электронды құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде (электронды қол қоя отырып) және/немесе қағаз тасымалдауышта тіркеледі. Ұлттық Банк басшылығының қарары бар құжаттар орындау үшін бөлімшелерге жіберіледі.

17. Ұлттық Банкте шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және ресімдеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарға, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

18. Ұлттық Банк Төрағасы, Төрағаның орынбасарлары, бөлімше басшылары қол қойған қағаз тасымалдауышта адресаттарға жіберілетін құжаттар электронды құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде Ұлттық Банктің шығыс құжаттары журналында тіркеледі.

Хат-хабарларды жіберуге өткізер алдында орындаушы бөлімшенің жауапты қызметкері олардың дұрыс ресімделуін тексереді және оларды электронды құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде тіркеген күні уәкілетті бөлімшеге тапсырады.
6-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, ресімдеу, келiсу, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу тәртібі

19. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, ресімдеу, келiсу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу «Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығына (бұдан әрі Президенттiң № 976 Жарлығы), Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу, келісу, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, жариялау, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 20 қаулысына (бұдан әрі – Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулық), Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және регламентке сәйкес жүзеге асырылады.


20. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнің жобаларын дайындауды Ұлттық Банк өз бастамасы бойынша өз құзыретіне сәйкес не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

21. Ұлттық Банк дайындаған, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi тиiстi бланктердегi жобалары Президент Әкiмшiлiгiне Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылған хатпен енгiзiледi.

22. Қазақстан Республикасы Президентi актілерінің және тапсырмаларының жобаларын Ұлттық Банк Президент Әкімшілігіне Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – БЭҚАЖ) арқылы қағаздағы және электронды түрде жібереді.

23. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Президентi тапсырмасының жобасын келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте іске асырылуы республикалық (жергілікті) бюджеттен қаржыландыруды талап ететін тапсырмалардың жобалары міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен алда болатын іс-шаралар шеңберінде (қажет болған кезде) Премьер-Министрмен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар (қоғамдық маңызы бар іс-шаралар және Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өтетін кеңестер бойынша) өткізгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президенттің Әкімшілігіне ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, Премьер-Министрмен келісуді қамтамасыз етеді және жобаларды Президенттің Әкiмшiлiгiне белгіленген мерзімдерде енгізеді.

24. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын Регламенттің 41-тармағында көрсетілген Ұлттық Банктің бақылау жүйесі субъектілері бақылайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында белгіленген орындау мерзімдері олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларында көрсетiлген мерзiмдерде қамтамасыз етiледi.

Егер «Бақылауға алынды» деген мөртабаны бар тапсырмаларда мерзiмдерi көрсетiлмесе, онда олар Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Президент Әкiмшiлiгiнiң атына ақпарат енгiзiле отырып, бiр ай мерзiмде орындалады. Өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкiмшiлiгiнiң қосымша сауалына сәйкес белгiленген тәртiппен ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке тапсырмалары, егер Қазақстан Республикасының Президентi өзгеше белгiлемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екi аптадан аспайтын мерзiмде орындалуы тиiс.

25. Қазақстан Республикасы Президентi актiлерi мен тапсырмаларының, сондай-ақ әзірлеушісі Ұлттық Банк болып табылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың iске асырылу барысы туралы есептік ақпаратты Ұлттық Банк Президент Әкімшілігіне белгіленген нысан бойынша ұсынады.

26. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асыру тиімділігін бағалау және өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Мониторинг нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күшін жойылды деп тану (қажет болған кезде) туралы ұсыныстар Президент Әкімшілігіне белгіленген мерзімдерде ұсынылады.



7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Ұлттық Банкте дайындаудың, ресімдеудің және келісудің тәртібі

27. Ұлттық Банкте оның құзыреті шегінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды Ұлттық Банктің тиісті бөлімшелері Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарының, Президенттің № 976 Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті), «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы» 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулыларының, Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.


28. Орталық мемлекеттік органдардың Ұлттық Банкке келіп түскен нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының, Президенттің № 976 Жарлығының, Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулықтың, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Уәкілетті бөлімше орталық мемлекеттік органдардың Ұлттық Банкке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын нормативтік құқықтық актінің жобасын өткізуге жауапты және нормативтік құқықтық актілердің жобалары жіберілетін бөлімшенің құзыретіне қарай мүдделі бөлімше айқындайтын міндеттердің бөлінуіне сәйкес Ұлттық Банк басшылығының қарауына жібереді.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қараудың жалпы мерзімі Президенттің № 976 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентімен және Қазақстан Республикасы мен Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларымен айқындалады.

29. Орталық мемлекеттік орган (бұдан әрі – әзірлеуші орган) әзірлеген нормативтік құқықтық актінің жобасын (бұдан әрі – жоба) ескертулерсіз келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыны дайындаған кезде әзірлеуші орган жұмыс тәртібімен жобаның Ұлттық Банкте өтуіне жауапты Ұлттық Банктің бөлімше басшысының шешімі бойынша жобаның төлнұсқасын бұрыштама қоюға ұсынады, бұл туралы бұрын ұсынылған ілеспе хатқа белгі (алушының аты-жөні, күні, қолы) қойылады.

Жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыға жобаның Ұлттық Банкте өтуіне жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі бөлімшелердің басшылары, міндеттерді бөлуге сәйкес Ұлттық Банктің басшылығы бұрыштама қояды.

30. Ұлттық Банктің мемлекеттік әзірлеуші орган толығымен келісетін ескертулері болған кезде жоба жұмыс тәртібімен пысықтауға қайтарылады, бұл туралы әзірлеуші органның бұрын ұсынылған ілеспе хатына белгі (алушының аты-жөні, күні, қолы) қойылады. Жобаны пысықтау мерзімі он жұмыс күнінен аспайды. Әзірлеуші органның жобаны пысықтауына қарай Ұлттық Банк орын алған ескертулер жойылған жағдайда бір мезгілде жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыны дайындайды.

Осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзім ішінде жоба бойынша бұрын орын алған ескертулер ескеріліп пысықталған жоба ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ ішінара пысықталған жоба ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші органға ескертулер жібереді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 413 Жарлығына сәйкес әзірленген жобаны әзірлеуші орган келіскен және пысықтаған жағдайда, осы Жарлықта көзделген мерзімдер қолданылады.

31. Ұлттық Банкпен келісуден бас тартқан не ескертулерімен келіспеген жағдайда әзірлеуші органның басшылығы өзара қолайлы шешім дайындау үшін Ұлттық Банктің тиісті лауазымды адамдарының қатысуымен кеңес шақыруы мүмкін. Кеңестің мерзімдерін, өткізу тәртібін және қатысушыларды кеңесті өткізуге бастамашылық еткен әзірлеуші органның лауазымды тұлғасы Ұлттық Банктің тиісті лауазымды адамымен консультациядан кейін айқындайды. Бұл ретте Ұлттық Банктің лауазымды тұлғалары желеу және өзге де дәлелсіз себептермен кеңеске қатысудан бас тарта алмайды.

32. Әзірлеуші органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі Басшысының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шұғыл тапсырмаларын орындау барысында жобаларды Ұлттық Банкке ісуге ұсынған жағдайларда Ұлттық Банк өзінің ұсынысын шақыру бекітілген әзірлеуші органға, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін кемінде үш күн бұрын кешіктірмей, ал орындалу мерзімі кемінде бес күн болатын тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізеді.

33. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметі қорытындыларының жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізген кезде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін оларға қоса тіркейді, сондай-ақ (қажет болған кезде) қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту мүмкіндігі бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

34. Жобаларды Ұлттық Банк қағаз және электрондық түрде БЭҚАЖ арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсынады.

35. Ұлттық Банк әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу Регламенттің осы тарауында көзделген әзірлеуші органдардың жобаларын келісудің осындай тәртібімен жүзеге асырылады.

Орталық мемлекеттік органдарда Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу жөніндегі жұмысты әзірлеуші бөлімше және Ұлттық Банктің үйлестіру бөлімшесі (Астана қаласы) үйлестіреді.


8-тарау. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін

және қызметтік құжаттарын жариялау және

мемлекеттік тіркеу тәртібі

36. Ұлттық Банк оған қатысты уәкілетті орган болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды жариялау және мемлекеттік тіркеу «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулыларына,  Ұлттық Банкте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


9-тарау. Бақылау құжаттарының орындалуын бақылауды

жүзеге асыруды ұйымдастыру және тәртібі
37. Бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру  «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің № 976 Жарлығына, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

38. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Банкке тапсырмалар беретін актілері және тапсырмалары;

2) Ұлттық Банкке тапсырмалар беретін Үкімет қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері;

3) орындалу мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілер бар Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының Ұлттық Банктің атына актілері және тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралардың жоспарларында қамтылатындар), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;

4) Парламент депутаттарының сауалдары және Ұлттық Банктің қорытындысы қажет олар бастамашылық жасаған заң жобалары;

5) мазмұнынан белгілі бір мәселелер бойынша жауап беру, түсіндіру, ұсыныстар енгізу қажеттілігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

7) келісу үшін Ұлттық Банкке келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары;

8) Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулылары, Ұлттық Банк басшылығының бұйрықтары, өкімдері, тапсырмалары.

39. Ұлттық Банкте бақылаудағы құжаттарды бақылауға қою және бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту Қазақстан Республикасы Президентінің № 976 Жарлығына, Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

40. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және тапсырмалары Ұлттық Банкке орындауға келіп түскен кезде қажеттілігіне қарай оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары жасалады және Ұлттық Банк Төрағасының шешімімен бекітіледі. Бұл ретте орындаушыда осы тапсырмаға қатысты барлық құжаттар қамтылатын арнайы жинақтау папкасы жасалады.

41. Ұлттық Банктің бақылау жүйесінің субъектілері мыналар болып табылады:

1) Ұлттық Банктің Төрағасы, ол Ұлттық Банктің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, оның ішінде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

2) Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары, олар өздері жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, оның ішінде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

3) Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшылары, олар өздері басқаратын бөлімшелердегі құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады; бақылаудағы құжаттардың мерзімін бұзуға немесе сапасыз орындалуына жол берген өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердің жұмысы үшін Ұлттық Банк басшылығының алдында дербес жауапкершілік атқарады;

4) уәкілетті бөлімшенің басшысы, ол құжаттарды уақтылы тіркеуді және бақылауға қоюды қамтамасыз етеді, Ұлттық Банк басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындалу мерзімдерін белгілейді, Ұлттық Банкте атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттардың тізбесін және олардың орындалу мерзімдерінің келгендігі туралы ескертулерді тарату (апта сайын) арқылы Ұлттық Банк басшылығын келіп түскен бақылау тапсырмалары мен олардың орындалу мерзімдері туралы хабардар етеді; іс қағаздарын жүргізуге және ішкі бақылауға жауапты Ұлттық Банк бөлімшелері қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді; уәкілетті бөлімшенің іс қағаздарын және жұмысын ұйымдастыруға дербес жауапкершілік атқарады; өз функцияларын тиімсіз жүзеге асыратын бөлімшелердің басшыларын, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалардың мерзімдерін бұзуға немесе сапасыз орындалуына жол берген Ұлттық Банк қызметкерлерін жауапқа тарту туралы өз құзыреті шегінде Ұлттық Банк басшылығына ұсыныстар енгізеді;

5) уәкілетті бөлімше, ол бақылаудағы құжаттардың орындалу және өткізу мерзімін, Ұлттық Банкте атқарушылық тәртіптің жай-күйін, құжаттардың тіркелуін, бақылауға қойылуын, орындалған құжаттардың бақылаудан алынуын, бақылаудағы тапсырмалар тізбесінің дайындалуын және Ұлттық Банк басшылығы мен Ұлттық Банк бөлімшелеріне оларды орындау мерзімдері туралы ескертулердің жіберілуін бақылауды жүзеге асырады; құжаттарды бақылауға қоюдың және оларды бақылаудан алудың дұрыстығына, бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін белгілеуге және ауыстыруға жауапкершілік атқарады.

6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше, ол құпия құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

42. Ұлттық Банк бөлімшелерінде бақылаудағы құжаттарды өткізу мерзімдері, тәртібі, сондай-ақ бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттарды қол қоюға немесе бұрыштама қоюға Ұлттық Банк басшылығына беру тәртібі Ұлттық Банкте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген.

43. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін бөлімшелер дайындаған құжаттардың жобалары міндеттердің бөлінуіне сәйкес орындау мерзімі біткенге дейін үш күннен кешіктірілмей Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларына бұрыштама қоюға, ал орындау мерзімі біткенге дейін екі күннен кешіктірмей Ұлттық Банктің Төрағасына қол қоюға беріледі.

Орындалу мерзімі бес күнтізбелік күннен он күнтізбелік күнге дейінгі бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар міндеттердің бөлінуіне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларына бұрыштама қоюға және орындау мерзімі біткенге дейін бір жұмыс күні бұрын, одан кешіктірмей Ұлттық Банктің Төрағасына қол қоюға беріледі.

Орындалу мерзімі бес күнтізбелік күнге дейінгі бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар міндеттердің бөлінуіне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларына бұрыштама қоюға және дайын болысымен, дереу Ұлттық Банктің Төрағасына қол қоюға беріледі және Ұлттық Банк басшылығы оларды тез арада (кезектен тыс тәртіппен) қарайды.

44. Ұлттық Банкте хат-хабарларды өткізуге байланысты рәсімдердің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына мынадай ақпарат орналастырылады:

1) Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесінің құжаттарды орындау және өткізу мерзімдерін бақылауға жауапты қызметкерлерінің аты-жөні, лауазымы, тікелей телефоны;

2) уәкілетті бөлімше басшысының аты-жөні, лауазымы, тікелей телефоны;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық Банкте жұмыс істейтін сенім телефонының нөмірі;

4) Ұлттық Банк басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпарат.
10-тарау. Ұлттық Банкте жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін қарау және жеке тұлғаларды

және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру
45. Ұлттық Банкте жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау және қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің құпия мәселелер жөніндегі өтініштерін қарау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


11-тарау. Ұлттық Банктің мемлекеттік қызмет көрсетуі
46. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың жеке сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылатын Ұлттық Банктің жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсетеді.

47. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне кіретін мемлекеттік қызмет көрсетуді республикалық және жергілікті деңгейде көрсетеді.

48. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді, ол мемлекеттік қызмет көрсету барысының сипаттамаларымен, нысандарымен, мазмұнымен және нәтижесімен қоса, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейді.

Ұлттық Банктің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі стандартының негізінде әзірленеді.

Ұлттық Банктің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

12-тарау. Ақпарат алмасу және ақпараттық қызмет көрсету
49. Ұлттық Банк ақпарат алмасуды «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

50. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің лауазымдық тұлғалары қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде ақпарат жіберу және алу арқылы Ұлттық Банктің, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

51. Ұлттық Банк өзара ақпараттық ағындардың ең аз қажетті көлемін, ұсынылатын ақпараттың қайталанбауын болдырмауды ескере отырып, мемлекеттік органдар және олардың бөлімшелері арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады.

52. Ақпарат алмасуды белгілейтін рәсімдерді белгілеу мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекеттің мүддесімен байланысты қызметтік және өзге де ақпаратты жария етуге жол бермейтін ережелер негізінде қызметтік ақпаратпен жұмыс тәртібін әзірлейді.

53. Жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметті ұсыну үшін Ұлттық Банкте ресми интернет-ресурс құрылады.

Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылатын ақпараттық материалдардың мазмұны «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жауап беруі тиіс.



Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылатын ақпараттық материалдардың мазмұны және құрылымы Ұлттық Банктің ішкі актілерімен айқындалады.
жүктеу 260,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау