Microsoft Word е?бек кітапшалары 20-04-2015. kaz



жүктеу 61,83 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.12.2017
өлшемі61,83 Kb.
#3833
түріКодекс


Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу жəне сақтау 

қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы 20 сəуірдегі № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет 

министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11142 тіркелді 

 

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 



16-бабының 29) тармақшасына сəйкес БҰЙЫРАМЫН

      1. Мыналар: 

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес еңбек кітапшасының нысаны; 

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сйкес Еңбек кітапшаларын жүргізу жəне 

сақтау қағидалары бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму 

министрлігінің Еңбек жəне əлеуметтік əріптестік департаменті заңнамада 

белгіленген тəртіппен: 

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 

мемлекеттік тіркеуді; 

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік 

тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа 

басылымдарында жəне «Əділет» Қазақстан Республикасы нормативтік 

құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға 

жіберуді; 

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік 

даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 

Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрi Д.Р. Арғындықовқа 

жүктелсiн. 

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 

өткен соң қолданысқа енгізіледі. 



      Министр                                    Т. Дүйсенова 

 

 



 

 

 



 


  Қазақстан Республикасы    

Денсаулық сақтау жəне əлеуметтiк 

 даму министрiнiң       

2015 жылғы 20 сəуірдегі 

 № 241 бұйрығына       

 1-қосымша           



Еңбек кітапшасының нысаны 

Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік Елтаңбасы 

Еңбек 

кітапшасы 



Трудовая 

книжка 


Тегі ________________________________________________________________

Фамилия 


Аты 

_________________________________________________________________ 

Имя 

Əкесінің аты (ол бар 



болса)_______________________________________________________________

Отчество (при его наличии) 

Туған күні __________________________________________________________

Дата рождения 

Білімі ______________________________________________________________

Образование 

Мамандығы, біліктілігі ______________________________________________ 

Специальность, квалификация 

Толтырылған күні 20__ жылғы «__» ____________________________________

Дата заполнения 

Қызметкердің қолы ___________________________________________________

Подпись работника 

Жұмыс беруші уəкілеттік 

берген адамның қолы _________________________________________________

Подпись уполномоченного работодателем лица 

Жұмысы туралы мəліметтер Сведения о работе 




№ 

күні 


число 

айы 


месяц 

жылы 


год 

Жұмысқа қабылдау 

туралы, басқа 

жұмысқа ауыстыру 

туралы (лауазымы 

көрсетіледі) жəне 

еңбек шартының 

тоқтатылуы 

(себептері мен 

заңның бабына 

сілтемелер 

көрсетіледі) 

туралы мəліметтер 

Сведения о приеме 

на работу, о 

переводах на 

другую работу 

(с указанием 

должности) и 

прекращении 

трудового договора 

(с указанием 

причины и ссылки 

на статью закона) 

Жазуға (құжат, 

оның күні мен 

нөмірі) негіздеме

На основании 

чего внесена 

запись 


(документ, 

его дата и номер)

1 2 

3  4 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Наградтаулар мен көтермелеулер туралы мəліметтер 

Сведения о награждениях и поощрениях 




№ 

күні 


число 

айы 


месяц 

жылы 


год 

Ұйымдағы жұмысқа 

байланысты 

ордендермен, 

медальдармен жəне 

грамоталармен 

наградтаулар, 

құрметті атақтар 

беру жəне 

көтермелеулер 

туралы мəліметтер 

Сведения о 

награждениях 

орденами, медалями 

и грамотами, 

присвоении 

почетных званий и 

поощрениях, 

связанных с 

работой в 

организации 

Жазуға (қужат,

оның күні мен 

нөмірі) негіздеме

На основании 

чего внесена 

запись 

(документ, 



его дата и номер)

1 2 


3  4 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


  Қазақстан Республикасы    

Денсаулық сақтау жəне əлеуметтiк 

 даму министрiнiң       

2015 жылғы 20 сəуірде 

 № 241 бұйрығына       

 2-қосымша          



Еңбек кітапшаларын жүргізу жəне сақтау қағидалары 

   1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Еңбек кітапшаларын жүргізу жəне сақтау қағидалары (бұдан əрі – 

Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек 

кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 16-бабының 29) тармақшасына сəйкес əзірленді 

жəне еңбек кітапшаларын жүргізу жəне сақтау тəртібін айқындайды. 

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) еңбек кітапшасы – қызметкердің еңбек қызметі туралы мəліметтерді 

қамтитын құжат; 

      2) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, 

өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тəртібінің қағидалары; 

      3) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе 

жеке тұлға; 

      4) қосымша парақ – жұмыс беруші еңбек кітапшасы сияқты тəртіппен 

ресімдейтін жəне жүргізетін еңбек кітапшасының ажырамас бөлігі. 



   2. Еңбек кітапшаларын жүргізудің жəне сақтаудың тəртібі 

      3. Еңбек кітапшасын (ол бар болса) жұмыс беруші қызметкердің еңбек 

қызметін растау үшін жүргізеді жəне «Жұмысы туралы мəліметтер» мен 

«Наградтаулар мен көтермелеулер туралы мəліметтер» деген екі бөлімнен 

тұрады. 

      4. Еңбек кітапшасына: 

      1) қызметкер туралы мəліметтер: тегі, аты, əкесінің аты (ол бар болса), туған 

күні, білімі, біліктілігі, мамандығы; 

      2) жұмысы туралы мəліметтер: жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа 

ауыстыру, еңбек шартының тоқтатылуы; 

      3) наградтаулар мен көтермелеулер туралы мəліметтер енгізіледі. 

      Қызметкерге қатысты тəртіптік жаза қолдану туралы жазбалар еңбек 

кітапшасына енгізілмейді. 

      5. Еңбек кітапшасындағы еңбек шартын жасау не оны тоқтату, басқа 

жұмысқа ауысу, сондай-ақ наградтаулар мен көтермелеулер туралы барлық 

жазбалар араб сандарымен жазылады (күні мен айы екі таңбалы санмен, жылы 




толық көрсетіледі) жəне бірінші басшы не ол уəкілеттік берген лауазымды адам 

жұмыс берушінің тиісті актісі жарияланғаннан кейін енгізеді жəне жазба оның 

мəтініне сəйкес келуі тиіс. Еңбек шарты тоқтатылған кезде, еңбек кітапшасына 

жазба еңбек шарты тоқтатылған күнінен кешіктірілмей енгізіледі. 

      6. Қызметкер туралы мəліметтер еңбек кітапшасының бірінші бетіне 

жазылады жəне бірінші басшының не ол уəкілеттік берген лауазымды адамның 

қолымен, ұйымның мөрімен (ол бар болса) расталады. 

      Тегі, аты, əкесінің аты (ол бар болса) (қысқартылмай толық) мен туған жылы 

жеке басын куəландыратын құжаттардың негізінде көрсетіледі. 

      Білімі, мамандығы мен біліктілігі білімі туралы құжаттардың негізінде 

көрсетіледі. 

      7. «Жұмысы туралы мəліметтер» деген бөлімде жұмыс берушінің толық 

атауы жеке жолда тақырып түрінде көрсетіледі. 

      8. Қызметкер қабылданған лауазымның атауы туралы жазбалар еңбек 

шартының, жұмыс беруші актісінің, ұйымның штат кестесінің негізінде 

жүргізіледі. 

      9. Егер қызметкер жұмыс істеп жүрген кезде жұмыс берушінің атауы 

өзгерсе, онда «Жұмысы туралы мəліметтер» деген бөлімнің 3-бағанында жеке 

жолға тиісті жазба жазылады, ал «Жұмысы туралы мəліметтер» деген бөлімнің 

4-бағанында атауын өзгерту негіздемесі (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 

(қайта тіркеу) туралы анықтаманың күні мен нөмірі немесе жеке тұлғаның – 

жұмыс берушінің жеке куəлігі) көрсетіледі. 

      10. «Наградтаулар мен көтермелеулер туралы мəліметтер» деген бөлімге 

мынадай: 

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталуы 

жəне құрметті атақтар берілгені туралы; 

      2) құрмет грамоталарымен, төс белгілерімен, дипломдармен наградталуы 

туралы; 


      3) еңбектегі жетістіктері үшін еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс 

берушінің актілеріне сəйкес көтермелеулер туралы мəліметтер енгізіледі. 

      11. Еңбек кітапшасында қызметкердің еңбек қызметі туралы жаңсақ немесе 

нақты емес жазбалар анықталған жағдайда, өзгерістерді тиісті жазбаны енгізген 

жұмыс беруші жүзеге асырады. 

      12. Егер жаңсақ немесе нақты емес жазбаларды енгізген жұмыс беруші – 

заңды тұлға қайта ұйымдастырылса, өзгерістерді оның құқықтық мирасқоры 

енгізеді. 

      13. Қызметкердің тегі, аты, əкесінің аты (ол бар болса) жəне туған күні 



туралы жазбаларды өзгертуді жеке басын растайтын құжаттардың, неке туралы, 

некені бұзу туралы, тегін, атын, əкесінің атын өзгерткені туралы куəліктердің 

негізінде соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс беруші жүргізеді. Көрсетілген 

өзгерістер еңбек кітапшасының бірінші бетіне (титулдық парақ) енгізіледі. Бір 

сызықпен бұрынғы тегі немесе аты, əкесінің аты (ол бар болса), туған күні 

сызылып тасталады жəне жаңа деректер жазылады. Тиісті құжаттарға сілтемелер 

мұқабаның ішкі жағына жазылады жəне басшының немесе ол уəкілеттік берген 

адамның қолымен жəне ұйымның мөрімен (ол бар болса) расталады. 

      14. Жұмысы туралы мəліметтерді өзгерту мынадай тəртіппен жүргізіледі: 

«Жұмысы туралы мəліметтер» деген бөлімнің 3-бағанында тиісті реттік нөмірі, 

жазба енгізілген күні көрсетілгеннен кейін мынадай: «№_______жазбаның күші 

жойылған. _______ лауазымына қабылданған» деген жазба жүргізіледі жəне 

«Жұмысы туралы мəліметтер» деген бөлімнің 4-бағанында жұмыс берушінің 

еңбек кітапшасына жазбасы қате енгізілген бұйрығының (өкімінің) күні жəне 

нөмірі қайталанады. 

      Еңбек шарты заңсыз бұзылған, бұрынғы жұмысына ауыстырылған жəне 

қалпына келтірілген жағдайда мынадай: «№____ жазбаның күші жойылған, 

бұрынғы жұмысына қайта қабылданған» деген жазба жүргізіледі. 

      Еңбек шартының бұзылу себебінің тұжырымы өзгерген жағдайда мынадай: 

«№ ____ жазбаның күші жойылған, еңбек шарты тоқтатылған (немесе 

бұзылған)» деген жазба жүргізіледі жəне жаңа тұжырымы көрсетіледі. Бұл 

жағдайда «Жұмысы туралы мəліметтер» деген бөлімнің 4-бағанында жұмысқа 

қайта қабылдау немесе еңбек шартының тоқтатылу себебінің тұжырымын 

өзгерту туралы бұйрыққа сілтеме жасалады. 

      15. Еңбек қызметі туралы мəліметтер Кодекстің 34-бабына сəйкес 

қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарға сəйкес түзетіледі. 

      16. Еңбек кітапшасындағы «Жұмысы туралы мəліметтер» жəне 

«Наградтаулар мен көтермелеулер туралы мəліметтер» деген бөлімдерде бұрын 

енгізілген қате немесе нақты емес жазбаларды сызып тастауға жол берілмейді. 

      17. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіде жұмыс 

істеген уақытында еңбек кітапшасына енгізілген жұмысы, наградтаулар мен 

көтермелеулер туралы барлық жазбалар бірінші басшының не ол уəкілеттік 

берген лауазымды адамның қолымен, ұйымның мөрімен (ол бар болса) 

расталады. 

      18. Еңбек кітапшасындағы бөлімдердің біреуінің барлық беттері 

толтырылған жағдайда, еңбек кітапшасының соңғы парағы мен мұқаба арасына 

оған қосымша парақ қосылады. 



      Қосымша парақтағы жазбалардың нөмірленуі еңбек кітапшасындағы 

жазбаның нөмірленуін жалғастырады. 

      Еңбек кітапшасы болмаса, қосымша парақ жарамсыз. 

      19. Қызметкердің қалауы бойынша еңбек қатынастарының қолданылу 

кезеңінде еңбек кітапшасы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіде сақталады. 

Еңбек кітапшаларын сақтау тіртібін жұмыс беруші өз бетінше айқындайды. 

      20. Кадр қызметі не жұмыс беруші уəкілеттік берген лауазымды адам еңбек 

кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабын жүргізеді, 

онда қызметкерлерден қабылдап алынған, сондай-ақ қызметкерлерге берілген 

барлық еңбек кітапшалары тіркеледі. 

      Еңбек шартының тоқтатылуына байланысты қызметкер еңбек кітапшасын 

алған кезде еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу 

кітабына қолын қояды. 

      21. Қызметкер қайтыс болған жағдайда еңбек кітапшасы оның туыстарына 

қол қойғыза отырып беріледі немесе олардың талаптары бойынша почта арқылы 

жіберіледі. 

      Еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерлер не қызметкер қайтыс болған 

жағдайда оның жақын туыстары алмаған еңбек кітапшалары ұйымның кадр 



қызметінде қалған еңбек кітапшаларынан бөлек екі жыл бойы сақталады. 

жүктеу 61,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау