Рефераттар мен баяндамалар



жүктеу 33,43 Kb.
бет4/5
Дата23.02.2023
өлшемі33,43 Kb.
#41450
түріРеферат
1   2   3   4   5
Зертханалық жұмыстар (1)Ғылыми зерттеу негіздері (1)

Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

  2. Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесін атаңыз.

  3. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы жайлы не білесіз?

  4. Ғылыми-зерттеу институттарын басқару құрылымы қандай?

  5. Ғылыми-зерттеу мекемесінің директорының міндеті қандай?

  6. «Ғылыми хатшының» міндеті қандай?

  7. Ғылыми-зерттеу мекемесінің Ғылыми Кеңесі қалай құрылады және ол қандай мәселелерді қарастырады?

  8. Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстары қандай мақсаттарға байланысты жүргізіледі?


Зертханалық жұмыс №4.

СҒЗЖ құрылымы. СҒЗЖ оқудан тыс түрлері



Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасайды. Бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас мамандарды жаңа заманға сай технологиямен таныстыру болып табылады.
Мамандардың білімін заманауи жағдайға сай жаңа ғылыми, техникалық және мәдени дәрежесін көтеру негізінен ғылыми зерттеу жұмыстарының көмегімен орындалады деуге болады. Ал, оларды жүргізуді қадағалап, орындайтындар -оқытушылар құрамы. Ол үш бағытты ұстанады: 1. ғылыми және халық шаруашылық тапсырмаларды шешу; 2. болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру; 3. оқытушылардың санын арттыру.
Неғұрлым жоғарғы оқу орнының ғылыми дәрежесі жоғары болса солғұрлым оның оқу-әдістемелік базасы мазмұнды және қызығырақ болады.
Қазіргі заманғы өндіріс пен жұмыс ауырлығы сонша, тіпті ол мамандардың ғылыми және зерттеу біліктілігін талап етеді. Сондықтан, жас маманға тек фундаменталды білім емес, оған практикалық жұмыс, жаңадан пайда болған ғылыми жаңалықтарды білу, оларды шешіп өзінің квалификациясын жоғарылату керек. Ал, бұл қасиеттерге студенттерді жоғарғы оқу орындарында «тәрбиелеу» керек. Студенттерді тәрбиелеу осы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жүргізіледі.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының қазіргі мағынасы екі өзара байланысты элементтен тұрады:
1. Зерттеу жұмысының элементтерін студенттерге оқыту, осы жұмысқа баулу;
2. Студенттердің профессорлар мен оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын жеке ғылыми зерттеу жұмысы.
АТУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары университеттің даму программасымен және АТУ-дың ғылыми және ғылыми өндірістік іс әрекеттерімен ұйымдастырылады. АТУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары кадрларды және жоғары квалификациялы инженерлерді даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық ғылыми зерттеулерге, арнайы пәндерді тереңірек ұғынуға және студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарына даярлауда үлкен роль атқарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу студенттерге фундаменталды ғылымды, техникалық және әлеуметтік ой қабілетін арттыруды жоғарылатады, жаңа идеяларды өзінше игере білу, жаңа ғылыми жаңалықтарды тез және пайдалылырақ пайдалана білу қабілеттерін арттырады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың процедурасы мен механизмі әр пәнге өзіндік тәншығарылған ғылыми зерттеу жұмыстарымен және институттарымен орындалады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын қорытындылап, оған өз бағасын қою үшін сол институттың проректорының ұсынуымен сол пәнге қатысы бар университеттің белгілі ғалымдарынан комиссия мүшелері құрылады. Әр пәннен қорытынды бойынша ең жақсы студенттер марапатталады. Жоғарғы оқу орындарының көптеген кафедраларымен оқу ғылыми семинарлары құрылады. Студент орындалған зерттеу қорытындыларына арнап баяндамамен семинарға шығуы үшін ол семестр бойы дайындалуына мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар жеке үй жұмыстары да беріледі (ғылыми іздеуді талап ететін). Бастапқы курстарда студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының бір түрі болып рефераттар табылады. Университетте студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары өзара байланысты формаларда ұйымдастырылған, олар шартты түрде екі топқа бөлінген: оқу процесіне қосылған және оқудан тыс уақытта қолданылатындар.
СҒЗЖ оқыту формалары:
- оқу зерттемелік (ғылыми курстық) жұмыстар;
- лабораториялық жұмыстар;
- зерттеу жұмыстары, тәжірибеден өту кезінде орындалады;
- дипломдық ғылыми жұмыстар және нақты жоба;
- студенттердің ғылыми семинарлары.
Оқу зерттемелік жұмыс бұл студенттің болашақ мамандығына сай ғылыми зерттеу, конструкторлы, жобалы қасиеті бар жұмыс, оны студент оқу жоспарына сай нақтылы тематикамен орындайды.
Оқу зерттемелік жұмыс оқу жоспарында жеке қарастырылады және ол 3-4 курстарда оқытушы немесе ғылыми маман қарамағындағы студентпен орындалады.Оқу зерттемелік жұмыс сабақ кестесінен бөлек бөлінген уақытта арнайы пәннен оқытушының қарамағында орындалуы тиіс. Оқу зерттемелік жұмыстың негізгі мақсаты студенттерді теориялық және эксперименталды жұмыстарға үйрету, лабораторияда нақты еңбек жағдайымен танысу, ғылыми ұжымда жұмыс істеу болып табылады. Жұмысты орындау процесінде лабораториялық құрал - жабдықтармен танысып, өздері әртүрлі эксперименттерді жүргізуді үйренеді.
Оқу зерттемелік жұмысты орындау үшін студенттерге лабораторияда өзіне жұмыс орындары және керекті құрал - жабдықтары беріледі. Студенттер еңбек ережелерін және ұсынылған кестені сақтап орындауы керек. Жұмыстың тақырыбы және жұмыс көлемі әр студентке жеке түрде беріледі. Кафедра, жоспарында оқу зерттемелік жұмысы бар және студенттерді ғылыми жұмыспен қамтамасыз етуі үшін жұмыс тақырыптарымен, ғылыми жетекшілермен, әдістемелік құжаттармен және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуі керек. Оқу зерттемелік жұмыстың жетекшілері негізінен ғылыми жұмыс жүргізетін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, инженерлер және докторанттар болып табылады. Оқу ғылыми семинарлары – бұл студенттердің алып жатқан мамандықтары бойынша әртүрлі практикалық сабақтар жиынтығы. Олардың негізгі мақсаты студенттерді өздерінің орындаған жұмыстарын немесе ұсынып отырған теорияларын қорғап, дәлелдей білу. Мұндай семинарлар берілген тапсырманы сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақыттада қарастыруға арналған.1-2 курстарда жалпы ғылыми және жалпы техникалық пәндерден лабораториялық жұмыстарға зерттемелік тапсырмалар қосылуы мүмкін.Ал, 3 - курста лабораториялық практикаға жалпы техникалық және мамандандырылған пәндерден де ізденісті және зерттеулерді талап ететін тапсырмалар қосылуы керек. Бұл жұмысты орындау кезінде студент өзі жоба құрып, лабораториялық жұмысты орындауға керекті құрал - жабдықтарды таңдап алып, оны орындап, ең соңында ғылыми есеп береді.Дипломдық жұмыстарға және нақты жобаларға жоғары дәрежелі талаптар қойылады. Мұндай жұмыстар жеке немесе ұжымдық түрде бір мамандық студенттері болып немесе әртүрлі мамандық студенттері болып орындалады. СҒЗЖ-ның оқудан тыс түрлері. Оқудан тыс уақытта студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері: - Ғылыми студенттік үйірмелер; - Студенттердің ғылыми техникалық ұйымы; - Халық шаруашылығы келісім шарты және мемлекеттік бюджеттік тапсырма бойынша орындалатын жұмыс; - Дәріс беру жұмысының ғылым және техника саласындағы арнайы білім беру; - Студенттер конференциясына және олимпиядаларға қатысу. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты: - жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру; - таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру; - бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету; - әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстардың әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.с.с. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту.


жүктеу 33,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау