|
Рефераттар мен баяндамалар
|
бет | 2/5 | Дата | 23.02.2023 | өлшемі | 33,43 Kb. | | #41450 | түрі | Реферат |
| Зертханалық жұмыстар (1)Ғылыми зерттеу негіздері (1)Зертханалық жұмыс № 2. Ғылыми кадрларды даярлау және пайдалану жүйесі
Ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жүйесінде оқытудың негізгі түрлері болып: - қызметкердің жетекшісі арқылы бекіткен және үнемі соның бақылауында болатын өзіндік жеке жоспары бойынша жүйелі түрде дербес оқуы (өзін - өзі оқыту); - айына кемінде бір рет жұмыс орны бойынша басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда өндірістік және экономикалық мәселелер бойынша семинарларға қатысу; - жұмыс орны бойынша немесе оқу орындарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде (бөлімшелерінде) қысқа мерзімді (қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет) оқыту; - оқу орындарының (бөлімшелерінің) кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде ұзақ мерзімді оқыту (бес жылда бір реттен кем емес); - алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда, жетекші ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, оның ішінде шетелде тағылымдамадан өту; - аталған ұйымды немесе кәсіпорынды қызықтыратын тақырыптар бойынша магистратурада, докторантурада оқыту; - академияларда, біліктілікті арттыру институттарында, жоғары оқу орындарының арнайы факультеттерінде және орта оқу орындарының бөлімшелерінде жаңа мамандық бойынша қайта даярлау. Ғылыми қызметкерлерді іссапарға жіберу – ғылыми зерттеу мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың тиімді жолы болып табылады. Ғылыми қызметкерлерді іссапарға жіберудің негізгі міндеттері төмендегідей: - жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласында теориялық дайындықты тереңдету; - бірегей ғылыми негізде тәжірибелер жүргізудің заманауи әдістерін меңгеру; - елдің жетекші ғалымдары басқаратын танымал ғылыми мектептердің ғылымизерттеу жұмыстарына қатысу; - түрлі академиялық мекемелердің бірлескен ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыруға қатысу; -өз ғылыми мекемелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлы тақырыптары бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындау; - ғылыми шығармашылық байланыстарды орнату және дамыту. 105 9.2 ЖОО оқытушыларының тағылымдамадан өтуі. Жоғары оқу орындарының оқытушыларын, бірінші кезекте бейінді пәндерді практикалық даярлауды жақсарту мақсатында оқытушылардың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда, ұйымдар мен ғылыми мекемелерде бір жылға дейінгі мерзімге жұмыстан босатылып, бірақ орташа жалақысы сақтала отырып, тағылымдамадан өтуі жүзеге асырылады.Ереже ғылымипедагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы қызметті реттейді және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелері үшін олардың бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан міндетті болып табылады. Магистратура және докторантура жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау бөлімдері болып табылады. Квалификацияны (біліктілікті) өсіру - ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа заманғы жағдайларында өте маңызды міндет соңғы ғылыми, техника мен мәдениет жетістіктері нәтижелері бойынша мамандар білімін жүйелі толықтыру болып табылады. Осы мақсатпен біздің елде негізінен министірліктерге бағынышты, жоғары оку орындарында, квалификацины өсіру институттарында жоғары квалификациялы халық шаруашылығы мамандары, профессорлар мен ЖОО-ның оқытушылары сабақ береді. Кей жағдайларда әлі сәйкес мамандықтар орныға қоймаған ғылым мен техниканың жаңа бағыттары бойынша тез арада мамандар дайындауды жүзеге асыру қажет болады. Осы мақсатта негізінен басты оқу орындарында ғылыми мектеп базасында күндізгі және кешкі оқу түрімен он айдан екі жылға дейінгі мерзімде арнайы факультеттер ұйымдастырылады. Мұндай факультеттерге дәріс тыңдаушыларды аталған бағыт бойынша мамандар алуға қызығушылық танытқан ұйымдар жіберіп отырады. Стажировкадан (тағлымдамадан) өту.Ірі жоғары квалификациялы ғылыми кадрлары бар жерлерге аталған сала бойынша квалификациялы мамандарды қажет ететінЖОО – ры өз қызметкерлеріменмашықтанушыларынжібереді. Мұндай кезде стажероқытушы міндеті тек бір мақсатқа қолданылады. Стажер-оқытушының ғылыми жетекшісі сол кафедраның меңгерушісі немесе профессоры болып табылады. Әрбір стажерге жеке жоспар белгіленеді. Стажировканы аяқтауға бір ай қалғанда ол өзін педагогикалық жұмысқа ұсыну мүмкіндіктері туралы арнайы комиссияның аттестациясынан өтеді. Қазақстан Республикасындағылыми-зерттеужұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратынҚР Ұлттық Ғылым Академиясыболып табылады. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті тағайындайды. 106 Осығансәйкес Президиумда барлық ғылыми – ұйымдастыружұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қалай жүзеге асырылады?
2. ЖОО оқытушыларының тағылымдамадан өтуі дегенді қалай түсінесіз?
3. Квалификацияны (біліктілікті) арттыру, өсіру дегеніміз не?
4. Стажировкадан (тағлымдамадан) өту қалай жүзеге асырылады?
Зертханалық жұмыс № 3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру Ғылыми-зерттеу мекемелерін басқаруды ұйымдастыру деңгейі олардың жұмысының тиімділігінің дәрежесіне байланысты. Мысалы, Америкалық ғалымдардың пікірінше, ғылымды ұйымдастыруды жақсарту арқылы ғана ғалымдардың еңбек өнімділігін қосымша капиталдық салымсыз ақ 30-40 пайызға арттыруға болады. Әр түрлі типтегі ғылыми мекемелерді басқаруды ұйымдастыру жүйесі жалғыз болмаса да, ортақ болып келетін мәселелері көп. Егер, академиялық зерттеу ұйымдары жүйесінде фундаментальді мәселелерді әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттары жетекші болып табылса, онда жобалық, технологиялық, эксперименттік және басқа да білім беру ұйымдары оған бағынышты болып келеді.
Сонымен қатар, академиялық және салалық ғылыммен танылмаған құбылыстарды, заңды және т.б. зерттеу тәсілдерінің ерекшелігінен туындайтын мақсаттар мен міндеттерді қоспағанда, перспективалық жоспарлауды, қаржыландыруды, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді, кадрларды даярлау мен орналастыруды, ғалымдардың еңбегін ынталандыруды, ғылыми бөлімшелердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жалпы тәсілдер негізінде жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларын басқару мақсаты төмендегідей: - ең өзекті тақырыпты таңдау; - бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану; - еңбекті ұтымды ұйымдастыру және ең аз шығындар негізінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізу; - ұжымда салауатты моральдық-психологиялық климат, шығармашылық және қайырымдылық атмосферасын құру.
Ғылыми мекеме институттар ішінде басқару міндеттерін, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауды қамтиды. Бір жағынан «ұсақ-түйек» болып көрінетін жағдайлар, мысалы ыңғайлы жиһаз, демалуға, әңгімелесулер мен пікірталастарға арналған орындар, жұмыс орындарын жақсы ұйымдастыру, бөлме гигиенасы сияқты жағдайлар ғалымдардың еңбек тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, ғалымдардың тұрмысына, атап айтқанда, олардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, олардың денсаулығын, ғылыми қызметкерлерді демалыс үйлері мен санаторийлерге жолдамалармен қамтамасыз ету жөнінде үнемі қамқорлық жасау өте маңызды. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде басқаруды ұйымдастыру, институттар мен зертханалардың ұйымдық құрылымын бекіту, ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, ғылыми кеңестің және т.б. құқықтары мен міндеттеріқұқықтық актілермен бекітіледі.
8.2 Ғылыми-зерттеу институттарын басқару Әрбір ғылыми-зерттеу мекемесін директор басқарады, ол мекеменің жұмысын басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры мекеменің жұмысына қолданыстағы заңнаманың негізінде және осы мекеменің Жарғысына және жоғары тұрған басқару органдарының актілеріне жеке-дара басшылық етеді. Ол ғылыми-зерттеу мекемесінің Жарғысына сәйкес берілген барлық құқықтарды пайдаланады және барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдарда ғылыми мекеменің атынан сөйлейді. Директор мекеменің барлық жұмысын ұйымдастырады және оның жағдайы мен қызметі үшін толық жауап береді. Ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры қызметінің заңды нысаны ол өзі қол қоятын бұйрықтар болып табылады. Жарғы бойынша ғылыми-зерттеу мекемелері басшыларының қатарына директордан басқа директордың орынбасарлары мен ғылыми хатшысы кіреді.
Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары институт директоры белгілеген міндеттерді бөлуіне сәйкес: - институттың бірқатар бөлімдерінің, секторларының (зертханаларының), тақырыптық (проблемалық) топтарының және ғылыми-көмекші бөлімшелерінің ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етеді; - институт директоры мен жоғары тұрған ұйымдардың алдында өздері басқаратын құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері үшін жауапты болады. Ғылыми мекеменің ғылыми хатшысы директорға және оның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарларына институтта ғылыми және ғылымиұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасауға көмек көрсетеді.
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде ол келесідей жобаларды құрастырады: - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - зерттеу жұмыстарының жоспарларын; - институттың Ғылыми кеңесінің қызметін; - ғылыми кадрларды даярлау жоспарларын; - қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді; - ғылыми еңбектер шығару, ғылыми симпозиумдар, конференциялар мен кеңестер өткізуді; - құрылымдық бөлімшелер мен ғылыми қызметкерлердің есептерін тексереді және олардың негізінде мекеме жұмысы туралы есептердің жобаларын жасайды. Ғылыми хатшының міндетіне институттың ғылыми өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету кіреді. Ғылыми хатшы ғылыми - көмекші бөлімшелердің жұмысына басшылық жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|