Реферат Тақырыбы: «Топырақ жабындысының динамикасы және ағашы кесілген және өртең жерлердегі табиғи жаңару, бұл процестерді екпе орман тұрғысынан бағалау.» Орындаған: Нұрмаханбет Назерке Тобы: Лр-402к тексерген: аға оқытушы Шыныбеков М



жүктеу 0,77 Mb.
бет1/6
Дата08.12.2022
өлшемі0,77 Mb.
#40516
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
назерке екпе орман реф


«ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІ «ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ

Реферат
Тақырыбы: «Топырақ жабындысының динамикасы және ағашы кесілген және өртең жерлердегі табиғи жаңару, бұл процестерді екпе орман тұрғысынан бағалау.»

Орындаған:Нұрмаханбет Назерке


Тобы:Лр-402К
Тексерген:аға оқытушы Шыныбеков М.

Алматы, 2022


Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………………...3
Негізгі бөлім…………………………………………………………………...…..4

  1. Топырақ жабындысының динамикасы……………………………………4

  2. Ағашы кесілген және өртең жерлердегі табиғи жаңару…………..……6

  3. Процестерді екпе орман тұрғысынан бағалау…………………………….9

Қорытынды…………………………..……………………………………………14
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................15

Кіріспе
Қазақстанда ең алғашқы екпе орман құру жұмысы М.К.Савичтің жетекшілігімен 1881 жылы Батыс Қазақстанда Орал дала орманшылығы ұйымдастырылды. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта аумағы 800га болатын Краснов орман саяжайы құрылып, ол жерде кәдімгі және жатаған шегіршін, жасыл және кәдімгі шаған, қотыр қайың, кәдімгі емен және үшкір жапырақты үйеңкі өсірілді.
Екпе орман ісінің негізгі міндеті ағаш кесу мен екпе орман құру жұмысының арасын теңестіру болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 80 мың га орман қайта қалпына келтірілді, соның ішінде 70 мың га екпе орман отырғызу жұмысы жүргізілген. Біздің елімізде бүгінгі күнде орман қоры азайды, сондықтан орманды қайта қалпына келтіру мен қайта жаңарту жұмысын ұлғайту керек.
Екпе орман жұмысының негізгі міндеті орман заңнамаларының негізінде құру:
•ағашы кесілген және өртенген ормандарды қайта қалпына келтіру мерзімін қысқарту, ағаш кесу және екпе орман отырғызу аралығын қысқарту;
• орманды қалпына келтіруде шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру;
• аз орманды аудандардың ормандылығын көбейту, қолайсыз жерлерде орман өсіру және т.б.;
• санитарлы-гигиеналық, қорғаныш және әсемдік-эстетикалық сапаны пайдалану мүмкіндігін кеңейту.
Екпе орман жұмысындағы ең басты сұрақтардың бірі түр аралық және түр ішіндегі өзара ықпалын ескере отырып ағаш түрлерін таңдау мен араластыру.
Жасанды орман екпе ағашын өсіру кезінде ағаш түрлерінің бір-біріне биохимиялық әсерін (аллелопатиялық) ескермеуге болмайды. Өсімдіктер даму үрдісі кезінде қоршаған ортаға өміршең өнімдерді, органикалық заттар мен фитонцидтерді бөледі. Бұл заттар түрлері концентрациясына байланысты бірге өскен өсімдіктердің өмір үрдісін белсендіруі немесе тежеуі мүмкін. Мысалы, қарағай және қайың ағаштарын қатарлап араластыру бір- біріне кері ықпалын тигізеді. Өйткені қайың күн сүйгіш қарағайды көлеңкелейді, сонымен бірге қайың фитонцидтері қарағайға кері ықпалын тигізіп, осының әсерінен қарағайдың өсуі мен дамуы баяулайды.
Екпе орман құру кезінде араластырып өсірілетін түрлердің тамыр жүйелерінің өзара әсері сипатын міндетті түрде ескеру қажет. Өйткені араластырып отырғызған ағаштардың тамыр жүйелері бір-бірінің таралу аймағында орналасып, басты ағаш түрінің тамыр жүйесі жоғары ығысып, топырақтың құнарлы қабатында бағыттас ағаштың тамыры таралуы мүмкін.
Ағаш түрлерінің өзара әсерін реттеудің негізгі екпе орман және орманшылық тәсілдері болуы мүмкін: екпелердің жиілігі; жекелеген түрлерді араластыру тәсілі; қатарлардың бағыты; күтіп-баптау үшін кесу.


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау