|
Реферат Тақырыбы: «Топырақ жабындысының динамикасы және ағашы кесілген және өртең жерлердегі табиғи жаңару, бұл процестерді екпе орман тұрғысынан бағалау.» Орындаған: Нұрмаханбет Назерке Тобы: Лр-402к тексерген: аға оқытушы Шыныбеков МПроцестерді екпе орман тұрғысынан бағалау
|
бет | 5/6 | Дата | 08.12.2022 | өлшемі | 0,77 Mb. | | #40516 | түрі | Реферат |
| назерке екпе орман рефПроцестерді екпе орман тұрғысынан бағалау
Осы Ормандарды молықтыру, орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру, орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін анықтайды.
2. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру мемлекеттік орман қоры учаскелерінің ықтимал орман өсіру жағдайларына, ағаш және бұта тұқымдылардың орман болып өсу қасиеттеріне сәйкес жүзеге асырылады және:
1) орман ағаштарын отырғызуды немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұдан бұрын орман алып жатқан алаңдарда жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргiзуді, сондай-ақ бұрын орман болмаған аумақтарда жасанды орман екпелерiн құруды және өсiруді;
2) мемлекеттік орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды;
3) ормандардың өнімділігі мен сапасын арттыруды;
4) аумақтың оңтайлы мөлшерде орманды болуын қамтамасыз етуді;
5) ормандардың ортаны қорғау және орта құру функцияларын орындау үшін олардың судан қорғау, қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық және басқа да пайдалы қасиеттерін арттыруды қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агротехникалық күтім жасау – орман дақылдарына күтім жасау шаралары, бұл оларда шөп және керексіз ағаш пен бұта өсімдіктерінің өсуіне жол бермеуді және топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етуді қамтиды;
2) аралас орман дақылдары – құрамында бірнеше ағаш және бұта тұқымдылары бар орман дақылдары;
3) бастапқы орман дақылдары – кескен кезде қажетті тұқымдылардың сенімді түрде жаңаруын қамтамасыз ету мақсатында кесерден бірнеше жыл бұрын өсіп тұрған орман қолтығында өсірілген дақылдар;
4) кеспеағаш аймағы – ағаш кесудiң барлық түрi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
5) орман көмкермеген жерлер – ағашы кесілген жерлер, өртеңдер, алаңқайлар, селдір ормандар;
6) орман екпелерін қайта жаңарту – құндылығы төмен немесе өнімділігі төмен екпелерді құнды және өнімділігі жоғары екпелерге ауыстыру;
7) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу – шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардан орманның жаңа ұрпағының тез арада пайда болуы және сақталуы үшін қолайлы жағдай жасау;
8) орманды күтіп-баптау – орманды жарықтандыру және тазарту түрінде орман дақылдарына күтім жасау шаралары, бұл осы дақылдардың өсу жағдайларын жақсарту мақсатында оларды көлеңкелеп тұрған тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларының табиғи өскіндерін кесуді және (немесе) қалың екпелерді сиретуді қамтиды, діңі мен ұшарбасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар;
9) орман дақылдарын техникалық қабылдау – мемлекеттік орман иеленушінің комиссиясы жүргізетін міндетті сипаттағы іс-шара;
10) ормандарды молықтыру және орман өсіру қоры (бұдан әрі - ОМОҚ) – орман дақылдарын алуға, орманның табиғи өсуіне және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізуге арналған мемлекеттік орман қорының жерлері. ОМОҚ орман дақылдары қорына, құндылығы төмен және жіңішке екпелерді қайта жаңарту қоры мен орманды өсіру қорына бөлінеді;
11) өздігінен өсіп-өну – табиғи түрде жаңарған орман ағаштарының өсімі;
12) сүрекдің жасының сыныбы – тегіне байланысты сүрекдіңдердің жас құрылымының сипаттамасы үшін қолданылатын жас аралығы;
13) сүрекдіңнің толымдылығы – нақты және қалыпты (стандартты кестелер бойынша оңтайлы толымдылығы 1,0) екпе ағаштар қималарының алаңдары сомаларының арақатынасымен айқындалатын салыстырмалы көрсеткіш, жас ағаштарда ағаш шымылдығының толысу дәрежесі бойынша анықталады;
14) таза орман дақылдары – қандай да бір тұқымдық дақылдар, олардың өсуі нәтижесінде осы тұқымдықтың таза екпесі пайда болуға тиіс;
15) табиғи қалпына келу – орманның жаңа тобының табиғи жолмен түзілу процесі;
16) тексеру кезеңі – орман шаруашылығын жүргізу үшін орман орналастыру жобасы әзірленген мерзім;
17) тұқымдықтар (тұқымшашу көздері) – жеке тұрған тұқымдық ағаштар немесе олардың тұқымдық топтары, орман учаскелері-тұқымдық шоқ ағаштар немесе орманның табиғи жаңаруын қамтамасыз ету үшін жақын орман учаскелерінен тұқымның басқа жаққа ұшып келуі мүмкін емес кеспеағаштарда қалдырылған орман учаскелері-тұқымдық жолақтар;
18) ықтырмалық орман даңқылдары – белгілі бір аралықта алмасып отыратын ықтырмалар мен ықтырма аралық кеңістіктер түрінде құрылатын екпелер;
19) генерация – кейінгі ұрпақ ауыстыратын бір жастағы тұқымдылардан тұратын ұрпақ.
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру тәртібі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 73-бабына сәйкес ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөнінде мемлекеттік орман қорында жүргізілетін жұмыс көлемі орман орналастыру және осы салада маманданған басқа да жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен (орман орналастыру жобасы) айқындалады.
5. Ормандарды молықтыру бойынша жұмыс көлемі орман орналастыру жобасында тексеру мерзіміне көзделеді және кесу мен орманды молықтыру арасында алшақтыққа жол берілмейтіндей түрде жүргізіледі.
6. Орман орналастыру жобаларында сондай-ақ орман көмкермеген жерлердегі барлық телімдерде (селдір ормандардан басқа), сондай-ақ тексеріс кезеңінің кеспеағаш қорын құрайтын телімдерде тағайындалатын орманды табиғи жаңартуды қоса алғанда, ормандарды молықтыру тәсілі көрсетіліп, ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар айқындалады.
7. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру:
орманның табиғи жаңаруы;
орманды табиғи жаңғыртуға жәрдемдесу шараларын жүргiзу;
орман дақылдарын құру тәсілдерімен жүзеге асырылады.
8. Таулы ормандардың орта және жоғарғы белдеулері аймағының тік беткейлерінде ормандарды молықтыру негізінен орманның табиғи жаңаруы немесе орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
9. Ал қалған табиғи аймақтарда табиғи жаңарудың болуына және орманның табиғи жаңаруы немесе орман дақылдарын құру арқылы шаруашылықтың қарқынды жүргізілуіне байланысты болады.
10. Рұқсат етілген шекті мерзім ішінде орманды шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдармен табиғи қалпына келтіру мүмкін болмайтын орман көмкермеген жерлерде орман дақылдары құрылады.
11. Сүрекдіңдерді кесуден кейін бірден орман дақылдарын құру керек орман учаскелері орман орналастыру жобаларымен анықталады.
12. Қалған алқаптарда әрбір ормандарды молықтыру мен орман өсіру қоры үшін ормандарды молықтыру және орман өсірудің кезектілігі мен мерзімін мемлекеттік орман қорында болған өзгерістерді ескере отырып, орман орналастыру және басқа да жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген жобалар бойынша орман иеленушілер белгілейді.
13. Есептен шығарылған орман дақылдары және бұдан бұрын орман аясында болмаған алқапта жобалау-іздестіру ұйымдары орман дақылдары жұмыстарын жүргізудің бүкіл тізбегі айқындалатын орман дақылдарын құру жобаларын әзірлейді.
14. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіруді орман иеленушілері жүзеге асырады.
15. Орман пайдаланушылар басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізген кезде олар орманның жаңаруын қоса алғанда, орман орналастыру жобасына сәйкес ағашы кесілген алаңның екі еселенген мөлшеріне тең алаңда ағаш отырғызуды жүргізеді. Осы мақсаттар үшін мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кескен жылдан кейін наурыз айына дейін орман пайдаланушыларға мемлекеттік орман қоры аумағында қосымша алқаптар береді.
16. Мемлекеттік орман иеленушіде орман дақылдары қоры және орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігі болмаған жағдайда орман пайдаланушылар жергілікті бюджетке орман көмкерген алқапқа ауыстырғанға дейін орман дақылдарын отырғызу мен өсіру құнының мөлшерінде төлемақы енгізеді. Орман дақылдарын отырғызу мен өсіру үшін төлемақы орман иеленуші әзірлеген технологиялық-есеп картасымен айқындалады.
Орманның табиғи жаңаруы кезінде іс-шаралар
жүргізу тәртібі
17. Ағаш дайындау жұмыстарын жүргізу алдында орман орналастыру материалдарына сәйкес кесілетін алқапта ормандарды молықтыру тәсілі анықталады.
18. Егер орман орналастыру жобасында орманның табиғи жаңаруы көзделсе, ағаш кесуді жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесіне (бұдан әрі – Орманды кесу ережесі) сәйкес өскiнді және тұқымдықтарды сақтауды көздейтін тәсілдерімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ағаш кесуді жүргізу басталғанға дейін өскіндерді есепке алу жүргізіледі.
Орманның табиғи жаңаруы көзделген учаскелер, оның ішінде орманның табиғи жаңару шаралары жүргізілетін учаскелер орман өсіру қорын құрайды.
19. Ағаш кесуден кейiн орманның табиғи жаңаруының жай-күйi барлық ағаш дайындау операцияларынан кейiн сақталып қалған өскiн, ағаш кесу орындарын тазартуды және өскiннiң түзетілуiн есепке алу арқылы, ал оның өмiршеңдiгі ағаш кесу орындарын куәландыру кезiнде анықталады. Жаңаруды бағалау Ағаш кесу ережесінде белгіленген шәкiлдер бойынша айқындалады.
Есепке алу нәтижелерi бойынша еркін нысанда акт жасалып, онда өскіннің мөлшерi мен сақталу пайызы, оның жай-күйiнiң жалпы сипаттамасы және алаң бойынша орналасуы көрсетіледi.
20. Дайындау маусымына және ағаш кесу тәсілiне қарай өскiннің оның ағаш кесуге дейiн есепке алынған мөлшерiнiң 50 пайызынан 80 пайызына дейiн сақталуын қамтамасыз ету қажет. Таулы, жазықтағы ормандардағы және Қазақтың ұсақ шоқысы ормандарындағы ағашы кесілген жерлерде өскiндi сақтаудың нормативтік көрсеткiштерi Ағаш кесу қағидаларымен бекітілген.
21.Орманның табиғи жаңаруы (өсуі):
1) шаруашылық тұрғыда құнды тұқымдылардың өсуге қабілетті өскіні болған жағдайда;
2) егер тұқыммен жаңарту мүмкін болмаса, ал өсу арқылы жаңару шаруашылық жүргізу мақсаттарына сәйкес келсе, түбірден немесе тамыр тармақтарынан балақ шыбықтардың пайда болуы арқылы өсу жолымен жаңаруға қабілетті ағаш тұқымдылар екпелерін кесу кезінде көзделеді.
22. Орманды өсу жолымен жаңарту кезінде (түбір өскіндерінен, тамыр тармақтарынан және сұлама бұтақтардан) еменнің өскінмен жаңаруы екі генерациядан, қайың, көктерек – үш генерациядан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|