Қаржылық емес активтерді бастапқы бағалау шарты
Қаржылық емес активтің ең дұрыс және тиімді пайдалануы бағалаудың бастапқы шартын қалыптастырады, бұл төменде келтірілгендей активтің әділ құнын бағалауда пайдаланылады:
(a) Қаржылық емес активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану нарыққа қатысушыларға оны басқа активтерге активтер тобы ретінде қосып пайдаланудан (инсталляция немесе пайдалану үшін басқа конфигурация) немесе басқа активтер және міндеттемелермен (мысалы, бизнес) максималды құнды алуды қамтамасыз етеді.
(i) Егер де активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану активті басқа активтермен бірге немесе басқа активтер мен міндеттемелермен пайдалануда жатса, онда активтің әділ құны - бұл активті сатуда ағымдағы операция барысында алынуы мүмкін баға балып табылады, мұнда осы активтің басқа активтер немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қосылып пайдаланылуы жорамалы қабылданады, және де берілген активтер мен міндеттемелер (демек оның қосымша активтері мен сәйкес мінднеттемелері) нарыққа қатысушыларға ашық болады.
(ii) Активпен және қосымша активтермен байланысты міндеттемелер айналым капиталын қаржыландыратын міндеттемелерді қосады, бірақ, осы активтер тобына жатпайтын активтерді қаржыландыру міндеттемелерін қоспайды.
(iii) Қаржылық емес активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану жорамалы барлық активтерге, осы актив қолданылылатын активтер тобына немесе активтер мен міндеттемелер тобына (олар үшін ең жақсы және ең тиімді пайдалану орынды болуы керек) қатысты жүйелі пайдаланылуы керек.
(b) Қаржылық емес активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану нарыққа қатысушыларға оны жеке пайдалануда максималды әділ құнды алуды қамтамасыз етеді. Активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану оның жеке пайдаланылуында жатса, активтің әділ құны - нарыққа қатысушыларға осы активті сату бойынша операция барысында алынуы мүмкін баға болып табылады, олар осы активті жеке қолданатын еді.
Қаржылық емес активтің әділ құнды бағалауда актив басқа ХҚЕС - тарда (жеке актив болуы мүмкін) ескерілетін есептеу бірлігіне сәйкес сатылатындығы жорамалы қабылданады. Бұндай жағдай әділ құнды осылай бағалауда активтің ең дұрыс және ең тиімді қолданылуы оның басқа активтер немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қолданылуында екендігі жорамалы қабылданады, өйткені әділ құнды бағалау нарыққа қатысушының қосымша активтер мен оларға байланысты міндеттемелердің бар болуын ескереді.
Міндеттемелерге және ұйымның жекеменшік үлестік құралдарына қарасты қолданылуы
Достарыңызбен бөлісу: |