Әділ құнның анықтамасы
9 Осы стандарт әділ құнға нарыққа қатысушылардың баға қойылатын күнде ұйымдастырылған нарықта іске асатын операция жағдайында активті сату барысында немесе міндеттемені тапсыруда төленгенде алынатын баға ретінде анықтама береді.
Актив немесе міндеттеме
Әділ құнның бағасы белгіленген актив немесе міндеттеме үшін жүзеге асырылады. Демек, әділ құнды бағалауда мекеме активтің немесе міндеттеменің мінездемесін есепке алу керек, мәселен, нарыққа қатысушылар осы мінездемелерді бағалау күніне активтің немесе міндеттеменің бағасын анықтауда есепке алғандағыдай. Бұл мінездемелер мынаны қамтиды:
(a) активтің жағдайы мен орны; және
(b) бар жағдайда, активті пайдалануға немесе сатуға шектеу
Белгілі бір мінездеменің бағалауға ықпалы нарықа қатысушылардың осы мінездемені есепке алуына байланысты өзгереді
Әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттеме мынаны көрсетуі мүмкін:
(a) жеке актив немесе міндеттеме (мысалы, қаржылық құрал немесе қаржылық емес актив); немесе
(b)активтер тобы, міндеттемелер тобы немесе активтер мен міндеттемелер тобы (мысалы, қаржы жинайтын бірлік не бизнес).
Актив немесе міндеттеменің тану мақсаты немесе ақпаратты айқындау үшін жеке актив немесе міндеттеме, активтер тобы, міндеттемелер тобы немесе активтер мен міндеттемелер тобы болып табылуы оның есептеу бірлігіне тәуелді. Активтің немесе міндеттеменің есептеу бірлігі әділ құнды бағалауды талап ететін немесе рұқсат ететін осы стандарттарда көрсетілген жағдайлардан басқа кездегі ХҚЕС - қа сәйкес анықталады.
Операция
Әділ құнды бағалау нарыққа қатысушылардың ағымдағы нарық жағдайында бағалау күніне ерікті түрде активті сату немесе міндеттемені беру операциясын жургізу барысында активті немесе міндеттемені айырбастауды болжайды.
Әділ құнды бағалау активті сату немесе міндеттемені беру операциясын мына жағдайларда қажет етеді:
(a) осы активке немесе міндеттемеге негізгі болып табылатын нарықта; немесе
(b) негізгі нарықтың жоқтығы жағдайында, осы активке немесе міндеттемеге ең қолайлы нарықта.
Мекемеге негізгі нарықты анықтау үшін көптеген сәйкес келетін нарықтарға іздеу салудың қажеті жоқ, сонымен қатар негізгі нарық болмауы жағдайында ең қолайлы нарықты іздеу де қажет емес, дегенмен, ұйым барлық дәлелді қол жетерлік ақпаратты есепке алуы қажет. Кері мәліметтің болмауы жағдайында активті сату немесе міндеттемені беру жөнінде шартқа отыруы мүмкін нарығы негізгі болып саналады, немесе, негізгі нарықтың болмауы жағдайында, ол ең қолайлы нарық болып табылады.
Актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарықтың болуы жағдайында әділ құнның бағасы осы нарықта бағаны көрсетуі керек (бұл баға тікелей бақыланатын болады немесе басқа бағалау әдісі қолданылып есептелуі керек), бағалау күніне басқа нарықтағы баға мүмкіндігі бойынша тиімдірек болған жағдайда да.
Ұйым бағалау күніне негізгі (немесе барынша тиімді) нарыққа қол жеткізе алуы кажет. Түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдар (немесе осы ұйымдар аясындағы бизнес тараптары) не қилы нарықтарға қол жеткізуі мүмкін болғандықтан, бір активке немесе міндеттемеге негізгі (немесе ең қолайлы) нарықтар басқа да ұйымдарға (және осы ұйымдар аясындағы бизнес тараптарына ) әр түрлі болуы мүмкін. Демек, негізгі (және, сәйкесінше ең қолайлы) нарықты (және, сәйкесінше нарыққа қатысушыларды) ұйымның жағдайында түрлі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдар арасындағы және ішіндегі айырмашылықтарды осымен есепке ала отырып қарастыру қажет.
Ұйымның нарыққа қол жеткізуі тиістігіне қарамастан, осы нарықтағы қазіргі уақыттағы бағаның негізіндегі әділ құнды бағалауға мүмкіндік алу үшін, ол бағалау күніне нақты активті сатуға немесе нақты міндеттемені беруге міндетті емес.
Бағалау күніне активті сату немесе міндеттемені беру кезіндегі бағалар жайында ақпарат беретін бақыланатын нарықтың болмауы жағдайында да, әділ құнды бағалауда операция көрсетілген уақытта және нарыққа қатысушы активті ұстайтын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен қарастырылатын жорамал қабылдануы керек. Осындай жорамалда қабылданатын операция активті сату немесе міндеттемені берудегі бағаны анықтау негізін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |