4- ке бөлінгіштік белгісі:
Берілген сан 4-ке бөлінуі үшін санның соңғы екі цифрымен жазылған екі таңбалы сан 4- ке бөлінуі қажет.
Мысал 3: 364, 1508, 300, 4112 – 4- ке бөлінетін сандар. 214, 522, 417, 2575 – 4- ке бөлінбейтін сандар.
5- ке бөлінгіштік белгісі:
Берілген сан 0 немесе 5 цифрларымен аяқталса, сол сан 5- ке бөлінеді.
Мысал 4: abc- үштаңбалы сан. Санды 5-ке бөлгенде, қалдықта 2 шығады. Егер abc 3- ке бөлінетін сан болса, a+b+c-ның ең үлкен мәні қанша?
Шешуі: abc-ны 5- ке бөлгенде қалдықта 2 саны шықса, онда c=2 немесе c=7 мәні үлкен болуы үшін c=7 деп аламыз. abc саны 3- ке бөлінсе, a+b+c қосындысы да 3- ке бөлінеді. a+b+7=3k a+b=17 болса ғана, a+b+c өрнегі өзінің ең үлкен мәнін қабылдайды. a+b+c=17+7=24.
|