Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады:
«эксклюзивті» жабдықтаушылар — тек қана белгілі фирмамен жұмыс жасайды;
«лоялді», немесе «адал», жабдықтаушылар — фирмаға жəне оның бəсекелестеріне бірдей адал қызмет көрсетеді;
«сырттағы» жабдықтаушылар — тек қана бəсекелестерге қызмет көрсетеді. Жабдықтаушыларға əр түрлі маркетингтік талаптар қойылады. Олар мынандай болуы мүмкін:
өнім сапасы белгіленген стандартқа сəйкес болуы;
келісілген кестеге сəйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу;
өнімді жеткізу көлемін толығымен орындау;
қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
қажет болғанда қосымша қызмет көрсету;
тапсырыс берушінің жаңа талаптарын орындау;
келісілген бағаны сақтау;
тауар сапасына кепілдеме беру.
Фирманың өзі микроорта күштерінің бірі болып есептеледі. Фирманың құрамында оның басшы- лары, бухгалтериясы, маркетинг, өндіріс, материалды-техникалық жабдықтау, қаржы, жоспарлау т.б. бөлімдері қаракет жасайды. Олардың əрқайсысының мақсаты мен міндеті əрқалай белгіленген.
Қағида бойынша өндірілген өнім сапасы жоғары деңгейде болса, өзінің тұтынушысын табуы керек. Бұл үдеріс көбінесе маркетинг делдалдары арқылы қамтамасыз етіледі. Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге жəне таратуға көмектесетін əдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады:
сауда делдалдары — фирма клиенттерін іздеп-табуға жəне оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялары. Олардың мақсаты — сату орнын, сату мерзімін жəне сатып алу процедурасының фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету;
тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалары, компаниялары тауар қорларын жинауға жəне жылжытуға көмектеседі;
маркетинг қызметін атқаратын арнайы агенттіктер ақылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерін жүргізеді жəне маркетинг кешені туралы түрлі кенестер береді немесе жарнамалық агенттік компаниялары тауарды ыңғайлы рынокқа бағыттауға жəне оны ұтымды жылжытуға көмектеседі;
қаржы-несие мекемелері келісім қаракеттерді қаржыландыруға жəне ысырапты тəуекелдіктен сақтануға көмектеседі.
Микроортаның келесі маңызды құрылымы бəсекелестер («concure» деген латын сөзінен аударғанда «мақсатқа ұмтылу») болады. Бəсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бəсекеге түскен компаниялары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |