Маркетинг ортасы дегеніміз — ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне əсер ететін белсенді субъектілердің жəне күштердің жиынтығы.
Маркетинг ортасын зерттеу барысында келесі түрлерді бөлуге болады: а) макроорта;
ə) микроорта;
б) медиаорта.
Макроорта кəсіпорындардың əрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың əрқайсысы макроортаның əсерін талдайды, бағалайды жəне əрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара немесе өзгерте алмайды. Макроортаның құрамын былай бейнелеуге болады (1-сур.).
Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мəселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде тауар өндіруші кімге, қанша жəне қандай тауар өндіретінін біледі.
Демографиялық орта. Демографиялық ортаның зерттелуі бүкіл дүние жүзі біртұтас әлемдік нарыққа айнала бастауымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде демографиялық ортада мынадай өзгерістер болып жатыр
Экономикалық орта. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында маркетингтің макроорта факторларын әрдайым бақылап отыру қажет. Бұл факторлардың ішінде фирма жағдайына әсер ететін ең маңыздысы – экономикалық фактор болып табылады. Жетілген техника, технология және шаруашылықты жүргізу тәжірибесінің шеңберіндегі экономикалық факторларға өндіріс пен қызмет көрсетудің құрылымы мен ауқымы, тұтынушылардың сатып алу қабілеті, жан басына шаққандағы табыс, шығындар, инфляция деңгейі, жұмыссыздық және т.б. жатады. Нарыққа көшу кезеңіндегі өндірістің құлдырауы, экономикалық күйзеліс, табыстың төмендігі, инфляция деңгейі, жоғары баға және несие алудағы қиыншылықтар халықтың сатып алу қабілетіне әсер етеді.
Табиғи орта. Уақыт өткен сайын мұнай, көмір, түсті металл секілді табиғат ресурстарының жұтаң тартып, кеміп бара жатқаны байқалады. Мұның өзі табиғат қорларын ұтымды пайдалануды талап етеді. Су мен ауа таусылмайтын ресурстар секілді көрінгенмен, олардың да энергетикалық және шикізат ресурстары секілді бір күндері таусылары анық.
Ғылыми-техникалық орта. ҒТП – өндіріске жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологияны енгізу негізі және маркетингтік ортаның маңызды факторы болып саналады.
Саяси орта. Белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлікті реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жағдайы мен мемлекеттің рөлі анықталатындықтан, тауарлар мен қызметтер нарығының дамуы саяси-құқықтық орта әсерінен де болады. Кәсіпкерлік және маркетингтік қызметке тікелей қатысты заңдар мен құқықтық жалпы ережелерден мамандар әрдайым хабардар болып отыруы қажет. Бұл, әсіресе, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Салық кодексі, «Жарнама туралы», «Сауда-өндірістік палаталары туралы», «Теріс пиғылды бәсекелестік туралы», «Бәсекелестік және монополиялық қызметтерді шектеу туралы», «Лицензиялау туралы» және т.б. заңдар мен нормативтік актілерге қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |