Сабақтың мақсаты: - Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: физикалық шама ұғымымен таныстыру,оның физикалық қасиеттерін аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру.
- Тәрбиелік: адамгершілікке, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа, ұжымшылдыққа, ұжым намысын қорғай алуға,ұлтжандылыққа тәрбиелеу
- Дамытушылық: жаңа ұғыммен таныса отырып,оны практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
- Сабақтың міндеті: механикалық жұмыс туралы білімдерін тексеру және оны жаңа саьақта танысатын жаңа ұғыммен байланыстыру, есептер шығару, жаттығу жұмыстарын орындау.
- Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Оқытудың формалары: бірлескен ұжымдық іс әрекет. - Оқытудың формалары: бірлескен ұжымдық іс әрекет.
- Оқу әдістері /стратегиясы/: теорияларыды,ұғымдарды,ережелерді қорыту, талдау, жинақтау, топтау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.
- Сабақтың типі: жаңа сабақ.
- Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет пәндерімен байланыстыра оқыту.
- Сабақтың жабдығы,көрнекілігі:кодоскоп,флип-чарт, автомобильдің,ұшақтың ойыншық макеті, гантель, ой-толғаныс сұрақтары, кейбір двигательдердің қуаты туралы кесте, өлшем бірліктерді түрлендірі кестесі.
Сабақтың барысы: - Сабақтың барысы:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- а)оқушылармен сәлемдесу
- ә)топқа бөлу
- б)сабақтың мақсат-міндету туралы айту
- Сабақ кезеңдері:
- Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту
- кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру (“Жұмбақ конверттегі”
- сұрақтарды ұсыну)
- Жаңа сабақ. Мағынаны тану кезеңі
- Есептер шығару
- Шығармашылық жұмыс
- Ой-толғаныс кезеңі. “Венн диаграммасы” стратегиясы
- бойынша жұмыс
- Үйге тапсырма беру
- Бағалау (Өзін-өзі бағалау)
“Жұмбақ конверт” сұрақтары: - “Жұмбақ конверт” сұрақтары:
- 1.Жұмыс деген ұғымды қалай түсінесің?
- 2.Механикалық жұмысқа мысал келтір, оған анықтама беріп, формуласын жазып көрсет.
- 3.Дене ненің әсерінен қозғалысқа түседі және қай уақытта көбірек жұмыс істеледі?
- 4.Механикалық жұмыс қандай шамаларға тәуелді? Жұмыстың өлшем бірліктерін ата және ол кімнің есімімен аталады?
- Осы айтылған мағлұматтардағы “күш” деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады немесе жұмыс деген сөзді басқаша қалай атайды?
- Осы ұғымдарға қатысты қандай мақал белеміз?
- “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”, “Ердің жұмсаған күшін сұрама, бітірген ісін сұра”.
- Мағынаны тану:
- Түрліше двигательдерге бір жұмыстың өзін істеп шығу үшін әр түрлі уақыт керек. Мысалы, көтергіш кран құрылыста бірнеше минут ішінде үйдің жоғарғы қабаттарына жүздеген кірпіш шығарады. Егер осы кірпіштерді жұмысшы арқалап тасыған болса, онда оған бірнеше сағат кетер еді?
- Тағы бір мысал. Бір гектар жерді ат 10-12 сағат ішінде жырта алады, ал көп түрінде плуг тіркелген трактор аттан гөрі тезірек орындайтыны анық.
- Техникада жұмыстың тездігі “қуат” деп аталатын ерекше шамамен сипатталады. Қуат жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасына тең. Қуатты есептеп табу үшін жұмысты сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.
- Қуат = Жұмыс/уақыт немесе N=A/t
- Мұндағы N- қуат, A- жұмыс, t-жұмыс істелген уақыт.
Әрбір секунд сайын бірдей жұмыс істелетін жағдайда қуат – тұрақты шама, ал басқа жағдайларда A/t қатынасы орташа қуатты анықтайды. - Әрбір секунд сайын бірдей жұмыс істелетін жағдайда қуат – тұрақты шама, ал басқа жағдайларда A/t қатынасы орташа қуатты анықтайды.
- Қуат бірлігі ретінде 1с ішінде 1Дж жұмыс істелетін қуат алынады. Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Уаттың (1736-1819) құрметіне ватт (Вт деп белгіленеді) деп атайды.
- Сонымен
- 1 ватт- секундына джоуль, яғни
- 1 ватт =1джоуль/1секунд немесе
- 1 Вт =1 Дж/ 1 с
- 1 МВт = 1000000 Вт
- 1 Вт = 0,000001 МВт
- 1 кВт = 1000 Вт
- 1 Вт = 0,001кВт
Мысалы, биіктігі 25 м плотинадан минутына 120м3 су ағып өтеді. Осы плотина арқылы ағып өтетін су ағынының қуатын табу керек. - Мысалы, биіктігі 25 м плотинадан минутына 120м3 су ағып өтеді. Осы плотина арқылы ағып өтетін су ағынының қуатын табу керек.
- Берілген: Шешуі:
- h=25м Ағып түскен судың
- V=120м3 массасы:
- p=1000 кг/м3 m=ρ*V;
- g= 9,8Н/кг m=1000кг/м3 * 120 м3= 120000кг
- t=60 с Суға әсер ететін ауырлық күші
- F=mg;
- N-? F=9,8Н/кг*120000кг=1200000 Н
- Ағынның 1 минутта істейтін жұмысы
- A=F*h
- A=1200000 Н*25 м =30000000 Дж
- Ағынның қуаты
- N=A/t;
- N=30000000Дж / 60с = 500000 Вт=0,5 МВт
- Жауабы: 0,5 МВт
Әр түрлі двигательдердің қуаттары киловаттың жүздік және ондық үлестерінен (электр ұстарасының, тігін машинасының двигателі) жүз мыңдаған киловатқа (су және бу турбиналары) дейін болады. - Әр түрлі двигательдердің қуаттары киловаттың жүздік және ондық үлестерінен (электр ұстарасының, тігін машинасының двигателі) жүз мыңдаған киловатқа (су және бу турбиналары) дейін болады.
- Кейбір двигательдердің қуаты, кВт
| | - Волга-3102 автомобиль
- АН-2 ұшағы
- ТЭ-10Л тепловозының дизелі
- “Восток” ғарыш кемесінің ракета ұшырғышы
| - 70 кВт
- 740 кВт
- 2200 кВт
- 15000000 кВт
| Әрбір двигательдің паспорты болады, онда двигатель жайындағы кейбір деректер, сонымен қатар оның қуаты да көрсетеледі. Секіргенде, сатымен жүгіргенде адамның қуаты 730 Вт-қа дейін жетеді, кейбір жағдайда одан да артық болады. Двигательдің қуаты мәлім болса, сол двигательдің белгілі бір уақыт аралығында істеген жұмысын есептеп табуға болады. N=A/t формуласынан шығатыны A=N*t. - Әрбір двигательдің паспорты болады, онда двигатель жайындағы кейбір деректер, сонымен қатар оның қуаты да көрсетеледі. Секіргенде, сатымен жүгіргенде адамның қуаты 730 Вт-қа дейін жетеді, кейбір жағдайда одан да артық болады. Двигательдің қуаты мәлім болса, сол двигательдің белгілі бір уақыт аралығында істеген жұмысын есептеп табуға болады. N=A/t формуласынан шығатыны A=N*t.
- Мысал: Бөлме желдеткіші двигательінің қуаты 35 Вт болады. Ол 10 минутта қанша жұмыс істейді?
- Берілгені:
- N =35Вт
- t =600 с
- А-?
| - A=N*t
- A=35 Вт*600 с= 21000Дж = 21 кДж
- Жауабы: 21кДж
| Сонымен, балалар қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай деп аталады?-деген сұрақ арқылы оқушының өз ойымен жаңа сабақтыңтақырыбы ашылу қажет. - Сонымен, балалар қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай деп аталады?-деген сұрақ арқылы оқушының өз ойымен жаңа сабақтыңтақырыбы ашылу қажет.
- Шығармашылық жұмыс: ортаға оқушыны шығарып, оған 8кг гантельді белгілі уақыт ішінде белгілі биіктікке көтерген кездегі қандай орташа қуат өндірілетінін есептеу тапсырылады. Барлық керекті деректерді оқушылар өздері көре отырып тағайындайды.
- Берілгені:
- m=8 кг
- t=1мин=60с
- h=120см=1,2м
- Nорт =
| - Талдау:
- Nорт =A/t; A=F*h; F=mg
- Шешуі:
- F= 8 кг* 9,8Н/кг=78,4 Н
- A=78,4Н*1,2м=94,08Дж
- Nорт =94,08Дж/1,2м=78,4Вт
- Жауабы:78,4 Дж
| | | №36-жаттығу - №36-жаттығу
- Венн диаграммасы арқылы сабақ қорытылады, ол үшін әр топтың алдына Венн диаграммасының схемасы сызылған парақтар беріледі, олар арқылы оқушылар бүгінгі сабақ пен өткен сабақтың арасындағы ұқсастық пен өзгешеліктерді жазып шығып, байланысын байқап қорғайды. Диаграмма арқылы білгендер білетіндерін анықтаса, білмейтіндер білетіндерден үйреніп отырады.
- Берілгені:
- N =30Вт
- t =10мин =600 с
- А-?
| - Шешеуі:
- N=A/t
- A=30Вт*600сек
- =18000Дж=18кДж
- Жауабы: 18кДж
| Венн диаграммасының сызбасы: - Венн диаграммасының сызбасы:
- Үйге тапсырма:§64.Қуат,36 жаттығу (3,4)
- Бағалау (оқушылар бір-бірін бағалайды)
- Мұғалім жалпы сынпқа бүгінгі сабақ бойынша баға береді, марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |