Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0,95 Mb.
бет2/7
Дата10.02.2018
өлшемі0,95 Mb.
#9292
1   2   3   4   5   6   7

Түсіндірме жазба

Кіріспе

Дене шынықтыру – қозғалыс белсенділігін саналы дамыту нәтижесінде денсаулықты сақтауға, нығайтуға, адамның психофизикалық қабілетін дамытуға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттер саласы.

Дене шынықтыру – дене шынығуын, дене дайындығын жүргізу арқылы адамның қозғалыс белсенділігін жетілдіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, әлеуметті бейімдеуге,адамның физикалық және саналы дамуына әсер ететін, білім мен біліктілік жиынтығы болып табылатын қоғам мәдениетінің бір саласы.

Бұл бағдарламада денешынықтыру сабағынан бөлімдермен тақырыптар белгіленген екі бөлім: негізгі (базалық) және өзгермелі (вариативті) бөлімдер берілген.

Негізгі бөлім дене шынықтырунен жалпы дайындық туралы бөлім. Ол білім алушының физикалық дамуын қамтамасыз ететін барлық оқу кешенін қамтиды. Негізгі бөлімнің оқу материалы міндетті түрде орындалуы керек.

Өзгермелі бөлімнің материалы білім алушының жеке мүмкіндігін, аймақтың климатын, ұлттың және жергілікті халық дәстүрлерін ескере отырып орындалуы керек.

Білім алушылар денсаулығының жағдайына, физикалық дене дамуының дайындығына қарай дене шынықтыру сабағында бірнеше топқа бөлінеді:

  • негізгі топ (денсаулығында және дене дамуында ешқандай ауытқуы жоқ, жеткілікті дене дайындығы бар оқушылар)

  • даярлық тобы (денсаулығында және дене дамуында шамалы ауытқуы бар, жеткілікті дене дайындығы жоқ оқушылар)

  • арнайы топ (денсаулығында уақытша немесе тұрақты ауытқуы бар,пән бойынша жүктемені шектеуді талап ететін топ)

Пәннің мақсаты:

Адамның физикалық дамуынрухани, адамгершілік қасиеттерімен бірге дамытып, қоғамның белсенді тұлғасы ретінде тәрбиелеу.

Пәннің міндеттері:

  • дене шынықтыру және салауатты өмір салты туралы білімін қалыптастыру;

  • қозғалыс біліктілігі мен ептілігін үнемі дамыта отырып, денсаулықты нығайту;

  • жаттығу техникасын жетілдіру арқылы дене қабілетін дамыту;

  • дене шынықтыру мен қозғалыс ептілігінің негізі болатын қозғалыс біліктілігі мен дағдыны меңгеру;

  • болашақ мамандығына дайындығын, соның ішінде дене шынығуын, жаттығуын, еңбекке қабілеті мен кәсіптік маңызы бар физикалық және психомоторлық қабілеттерінің болуын қамтамасыз ету.

  • өзін-өзі бақылауды, өз ағзасының функциональды жәй-күйін бағалауды меңгеру.

2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижелері:




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

12 беттің 5-беті

«Дене шынықтыру валеологиямен » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы




Модуль: Азаматтық бағыт




Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер







Білім алушының меңгеретін құзырлығы:

Базалық:

БК -2 Этика

БК -2.1. Қоғамдық өмір: студент қоғамдық өмірге белсенді қатысады;

БК – 3. Топпен бірігіп жұмыс жасау:

БК- 3.2. Топпен жұмыс:

Әр түрлі топта жұмыс жасауда жауапкершілігін байқату.


Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы білуі керек:

  • дене шынықтырунің теориялық негізі;

  • сабақ үстінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

  • болашақ мамандығының ерекшелігін ескере отырып кәсіпте қолданбалы дене дайындығы;

  • қозғалыс әрекеттерін оқыту мен физикалық қасиеттерді тәрбиелеудің педагогикалық, физиологиялық, психологиялық негізі;

  • күш түсіретін жаттығулар кезінде тыныс алу, қан айналым, қуат алмасу жүйелерінің физиологиялық мүмкіншілігі;

  • ағзаның жетілуін жеке бақылау әдісі;

  • салауатты өмір салтының ағза саулығына әсері;

  • түрлі функция атқаратын дене жаттығуларын өз бетімен айналасуды ұйымдастыру;

  • спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану ережелері;

  • жеке бас тазалығын сақтау ережесі;

  • дене шынықтыру сабағында дәрігерге дейінгі шұғыл көмек;

  • олимпиада ойындарының тарихы мен Қазақстан спортшыларының жетістіктері туралы;

  • қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық ойындар мен спорт түрлері;

Жасай білуі керек

  • дене шынықтыру жаттығуларын орындау;

  • бағдарламада қарастырылған бақылау нормативтерін орындау

  • белгілі бір спорттық жаттығулардың қозғалысын дұрыс орындау, жарыстарда қолдану;

  • дене қабілетін дамыту, мүсінін, дене бітімін түзету үшін өз бетімен жаттығулар жасау;






ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

12 беттің 6-беті

«Дене шынықтыру валеологиямен » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы








  • дене жаттығуларын орындау кезінде ағзаның функциональдық (қызметін) күйін бақылып, реттеу;

  • дене жаттығуларын орындау арқылы сауықтыру нәтижесіне қол жеткізу, ағзаның физикалық мүмкіндіктерін жетілдіру;

  • физикалық және писхомоторлы қасиеттерді қалыптастыруда кәсіптік маңызды жаттығулар кешенін жасақтау;

  • жаттығу сабақтарында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жарақаттарды алдын-алу;

  • дене шынықтыру сабағында жарақат алған адамға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсету;

  • спорттық шараларда жігерлік қасиеттерін көрсете білу;

қазіргі спорттық құрал-жабдықтар мен арнайы техникалық құралдарды пайдалану;



Пәннің пререквизит және постреквизиті

Осы пәнмен қатарлас жүретін пәндер:

Қазақстан тарихы, мәдениеттану, қазақ әдебиеті

Постреквизиттер: валеология, денсаулықты нығайту, ауруды алдын-алу, емдік дене шынықтыру, массаж

2. Пәнге бөлінген сағат


Жалпы сағат саны

Теория

Практика

148

148

-




3.1. Пәннің негізгі мазмұны

1 тақырып. Дене шынықтыру пәніне кіріспе

Дене шынықтырунің мақсаты мен міндеттері; оқу бағдарламасы; бағдарламада қарастырылған сынақ талаптары, тексеру жаттығулары, сынамалары мен нормативтері; білім алушыларға қойылатын талаптар; сабақ үстіндегі қауіпсіздік техникасы; жеке және қоғамдық гигиена.

Қозғалыс белсенділігі – денсаулықты сақтап нығайтудың маңызды факторы (дене жаттығуларының сауықтыру және емдік әсері); қозғалыс белсенділігі мен жұмысқа қабілетіліктің тәртібі;дене шынықтырумен айналасудың білім алушы ағзасына әсері; білім алушының дене дайындығын анықтап, бағалау үшін бақылау нормативтері мен президенттік сынамаларды пайдалану.

2 тақырып. Дене шынықтыру құралдары. Жеңіл атлетика. Жеңіл атлетика дене шынықтыру жүйесінде. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың жіктелуі. Жүгіру. Қысқа




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

12 беттің 7-беті

«Дене шынықтыру валеологиямен » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы



қашықтықта жүгіру. Ұзындыққа секіру. Екпін алып ұзындыққа секіру техникасы. Граната лақтыру. Ядроны итеру.

3 тақырып. Спорттық ойындар. Баскетбол. Баскетбол дене шынықтыру жүйесінде. Ойын ойнау және сайыс өткізу ережелері. Шабуылдағы ойын техникасы: тура сызық бойымен жүгіру, бағыт пен жылдамдықты өзгерту, секірулер, кідірістер, бұрғылулар. Допты меңгеру техникасы: допты дұрыс ұстау; допты бір орыннан және

қозғалыс барысында қағып алу және басқаға беру; допты бір орыннан және қозғалыс барысында оң және сол қолмен жүргізу; допты тіреліп тұрып бір қолмен жоғарыдан лақтыру; ойыншыларды алаң бойында шабуыл мен қорғаныста орналастыру.

4 тақырып. Спорттық ойындар. Қол добы.

Қол добы дене шынықтыру жүйесінде. Ойын ойнау және сайыс өткізу ережелері. Шабуылдағы ойын техникасы: тура сызық бойымен жүгіру, бағыт пен жылдамдықты өзгерту секірулер, кідірістер, бұрғылулар. Допты меңгеру техникасы: допты дұрыс ұстау; допты бір орыннан және қозғалыс барысында қағып алу және басқаға беру; допты бір орыннан және қозғалыс барысында оң және сол қолмен жүргізу; допты тіреліп тұрып бір қолмен жоғарыдан және секіріп 7м-ден айыпты лақтыру; ойыншыларды алаң бойында шабуыл мен қорғаныста орналастыру.

5 тақырып. Спорттық ойындар. Волейбол.

Волейболдың дамуына қысқаша шолу. Волейбол ойнау ережелері. Шабуылдағы ойын техникасы: кідірулер, секірулер, бұрғылулар. Допты меңгеру техникасы: допты дұрыс ұстау; допты қағып алу және қайтарып беру, допты ойынға қосу, ойыншыларды алаңға орналастыру.

6 тақырып. Спорттық ойындар. Футбол. Футбол. Қазақстан футболы тарихына қысқаша шолу. Футбол ойынының ережелері.

7 тақырып. Қазақтың ұлттық, халық және қимыл-қозғалыс ойындары. Ұлттық ойындардың пайда болу тарихы; қазақ ұлттық ойындары, «Наурыз» ұлтық мейрамы; түрлі халықтардың ойындары.

8 тақырып. Гимнастика

Гимнастика дене шынықтыру жүйесінде: гимнастика міндеттері мен құралдары; гимнастика сабақтарындағы техника қауіпсіздігі.

9 тақырып. Болашақ мамандардың кәсіби-қолданбалы дене даярлығы (КҚДД)

КҚДД-ның анықтамасы, оның мақсаттары мен міндеттері. КҚДД-ның қажеттілігін және жалпы бағытын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық факторлар. Студенттердің дене шынықтырундегі КҚДД-ның орны. Оқу ппроцесінде КҚДД-ны ұйымдастыру, формалары мен құралдары. Студенттердің мамандығы, мамандануы бойынша КҚДД-ның нақты мазмұнын анықтайтын факторлар. Қолданбалы білімді меңгеру, қолданбалы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, дене жаттығулары және спортпен айналысуға басты назар аудару. Спорттың кәсіби-қолданбалы түрлері. Болашақ маманға қажетті жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу үшін дене жаттығуларымен үздіксіз айналысудың тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану. Қолданбалы спорт түрлерінен және КҚДД-ның құралдарының бірі есебінде оның жеке бөліктерінен (элементтерінен) спорттық жарыстар.

10 тақырып. Өзін-өзі бақылау мен қалыпқа келу әдістері.

Өзін-өзі бақылаудың субъективті және объективті көрсеткештері. Адам мүмкіншілігі ауқымы, сабақ үстінде студенттердің шаршауы, қатты шаршауы. Студенттер практикалық сабақтарда, өзін-өзі реттеу, ағзаның жағдайын өзі бақылау тәсілдерін меңгереді. Физикалық жүктемелерді орындау арқылы, адамның психикалық



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

12 беттің 18-беті

«Дене шынықтыру валеологиямен » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы



және физикалық мүмкіншіліктерін арттыруды қамтамасыз ету, қайта қалпына келтіру процесін белсендіру. Жүйке жүйесінің өмірдегі әр түрлі жағдайлармен іс әрекеттерін тұрақтылығын дамыту. Қайта қалпына келтіру әдістері: белсенді демалыс, бұлшықеттер релаксациясы, психологиялық жағынан реттейтін жаттығулар, массаж және т.б.

жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау