Жұмыс бағдарламасы пән «Акушерия және гинекология» 3 курс



жүктеу 223,29 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі223,29 Kb.
#8885
түріЖұмыс бағдарламасы

Оңтүстік – Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті


Акушерия және гинекология кафедрасы


Бекітемін
ТжКББФ деканы

_________ Отыншиев М.А


«____ » _________ 2014 ж.


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән «Акушерия және гинекология »

3 курс «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі «фельдшер»

Оқу жұмыс бағдарламасы 0301000 «емдеу ісі»мамандығы, 0301013 «фельдшер» біліктілігі бойынша Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты, «акушерия және гинекология » пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы (Астана 2010) негізінде құрастырылған.

Кафедра отырысында талқыланды

№ _________ хаттама

«____ » _________ 2011 ж.
Каф. меңгерушісі __________________ м.ғ.д,проф. Малғаждарова Б.С .

Бекітілген

Әдістемелік кеңестің отырысында

№ _______ хаттама

«____ » _________ 2011 ж.
Төрайымы________________ Джуманкулова Н.Р


  1. Түсіндірме жазба

«Акушерия» пәні босандыру мекемелерінде өздігінен жұмыс істей алатын жалпы практика акушерлерін даярлауға арналған және болашақ маманның кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып саналады.

Оқу жұмыс бағдарламасында әйелдерге медициналық қызмет көрсетуде инфекцияның алдын алу мәселелеріне,медицина дамуының болашағына көп көңіл бөлінеді.Акушер құзыреттілігін ескере отырып «Халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңнамалық және нормативті-құқықтық құжатнамаларды, этикалық және құқықтық нормаларды, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және жүкті әйелдерге, толғатқан және босанған әйелдерге күтім жасау мәселелерін білуге аса назар аударылады.

Пәннің құрамына келесі тараулар кіреді:

- Қазақстанда акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;


  • ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мәселелері;

  • физиологиялық акушерия.

Пән басқа клиникалық пәндермен интеграцияны қарастырады: акушериядағы мейірбике ісі, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, балалар аурулары, жалпы хирургия, анестезиология мен реанимация және тағы да басқа жалпы кәсіптік пәндер. МЖБС-на сәйкес білім алушылардың базалық, кәсіптік және арнайы құзырлықтарын қалыптастыруға арналған модульдік оқытудың құрылымы енгізілген.

Сабақты өткізу формалары.



  • сабақтар оқу орнының сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. (теориялық, практикалық және жеке);

  • білім алушылардың сабақтан тыс уақытта өз бетінше дайындалуы.

2 Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері.


Білім бағдарламасында және стандартта жоспарланған оқыту нәтижелері

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Білім алушылар

Базалық:

БҚ 1.Қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеуде адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын, практикалық қызметте қолданыстағы заңдарды қолдана білуде:

БҚ 2. Саяси жүйе және саяси тәртіп, саясатқа деген адамдардың көзқарасы жайлы түсінігі болуда:

БҚ 3. Экономика негізі жайлы жалпы ережені, экономика негіздерін білуде, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды меңгере білуде:

БҚ 4.Қазіргі комьютерлік технологиялар жайлы түсінігі болуда және оларды қазіргі медицинада қолдана білуде, кәсіптік қызметте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білуде:

БҚ 5. Рецепт жазуда, грек- латын терминдерінің мағынасын түсіндіре білуде, дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын білуде;

БҚ 6.Тіршіліктің пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, қалыпты және патологиялық жағдайларда адам организіміндегі тіндер жасушаларының, ағзалар мен жүйелердің құрылымы мен қызметін білуде;

БҚ 7.Тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін және айқындау әдістерін меңгеруде және клиникалық пәндерді оқу кезінде алған білімдерін қолдана білуде:

БҚ 8. Себептердің, жағдайлардың және организмнің жауап қайтару қасиетінің аурудың пайда болуындағы, дамуындағы, нәтижесіндегі рөлін, адам организміндегі барлық тіндер мен ағзалардың орналасуы мен құрылымын, олардың негізгі атқаратын қызметтерін білуде және алған білімдерін клиникалық практикада қолдана білуде:

БҚ 9. Жасқа байланысты адам физиологиясын білуде және оларды арнайы пәндерді оқу кезінде қолдана білуде:

БҚ 10. Патологиялық реакциялардың сипатын анықтай білуде, микропрепараттар бойынша әртүрлі патологиялық үрдістерді микроскопиялау техникасын игере жіктей білуде;

Бқ 11. Микробтардың, вирустардың табиғатын, олардың инфекциялық үрдістердің дамуындағы рөлін, медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі науқастар мен медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылауда және олардың инфекциялық қауіпсіздігін білуде.





Пәнді оқып білудің нәтижесінде білім алушы:

-ҚР акушериялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды;

-ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңнамаларды;

-жүктілік және босанудың физиологиясын;

-жүкті,толғатқан және босанған әйелдерге күтім жасау принциптерін;

-туа пайда болған, тұқым қуалаған аурулар диагностикасының скрингинг әдістерін және олардың профилактикасын білуі тиіс.

-жүктілік және босану ағымына бақылау жүргізуді;

-халыққа гигиеналық тәрбие мен медицина-генетикалық кеңес беру шараларын өткізуді;

- тексерудің арнайы және қосымша әдістері арқылы жүктіліктің мерзімін анықтай алуды;

- медицина-санитарлық алғашқы көмек көрсету жүйесінде жұмыс істеуді:

-босандыру мекемелерінде медициналық іс-әрекеттерді атқара алуды

үйреніп алуы қажет.

-медициналық этика мен деонтологияда:

- акушерлік стационарда санитария-гигиеналық режімді сақтай білуде:

-өз құзіреттілігі аясында жүкті әйелдерге күтім жасай білуде;

- отбасын жоспарлау мәселелерінде.



құзырлы болуы қажет.





  1. Акушерия пәнінің тақырыптық жоспары мен мазмұны

    1. Пәннің тақырыптық жоспары.






Тараулар мен тақырыптардың атауы



Барлығы

Теория

Практика






74

21

53




I тарау Кіріспе











1.1

Қазақстан Республикасында акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушерлердің құқықтары мен міндеттері.

Акушериядағы деонтология. Нормативті-құқықтық құжаттамалар. Қазақстан Республикасында перинатальды көмек көрсетуді аймақтандыруды ұйымдастыру.



2

2

-

1.2.

Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен

физиологиясы. Әйел жамбасы және жамбас түбі. Іштегі нәрестенің басы-босану обьектісі




6




6

Тарау 2. Физиологиялық акушерия.


2.1.

Жүктіліктің физиологиясы. Жүкті әйел организіміндегі өзгерістер

.


8

2

6

2.2.

Перинатология негіздері


2

2

-

2.3.

Жүктіліктің диагностикасы.Жүкті әйелдерді тексеру әдістемесі

18

6

12

2.4.



Акушериялық стационарда сепсистік аурулардың алдын алу

8

2



6


2.5.


Босану. Босанудың басталу себептері. «Қауіпсіз ана». Іштегі нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы. Жаңа туылған нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанудан кейінгі кезең.


24

6


18


2.6

Отбасын жоспарлау


6

1

5






    1. Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


1 тарау Кіріспе

1.1 тақырып Қазақстан Республикасында акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушерлердің құқықтары мен міндеттері. Акушериядағы деонтология. Нормативті – құқықтық құжаттамалар. Қазақстан Республикасында перинатальды көмек көрсетуді аймақтандыруды ұйымдастыру.

Акушерия туралы түсінік. Орыс акушериясының даму тарихы. Қазақстан Республикасында акушерияның даму тарихы. Қазақстан Республикасында босандыруды және гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушерия – гинекологиялық сала мекемелері. Әртүрлі деңгейде мамандырылған көмек көрсету түрлері мен сатылары. Акушерия-гинекологиялық көмек көрсететін мекемелердің міндеттері мен құқықтары. Құжаттамалары. Перинатальды күтім жасау туралы қазіргі көзқарастар. Акушердің толғатқан және босанған әйелдерге күтім жасаудағы рөлі. Медициналық этика және деонтология негіздері.



    1. 1.2 тақырып Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы және жамбас түбі. Іштегі нәрестенің басы – босану объектісі.

Әйел жыныс мүшесінің құрылымы. Қынаптың тазалық дәрежесі мен флорасы. Жамбас шел майы мен көршілес ағзалардың (тікішек, қуық, зәр шығару каналы) топографиясы. Кіші жамбас астауында ішперденің жүру жолы. Жатырдың және аналық бездің байламды аппараттары, оның маңызы. Әйел жыныс мүшелерінің қан және лимфа жүйелері. Иннервациясы. Сүт бездері. Әйел өміріндегі кезеңдер, қалыпты етеккір циклы, әйел организміндегі циклдік нейрогуморалдық реттелуі.

Практикалық сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі кабинетте өтеді: әйел жыныс мүшелерінің анатомиясын зерттеу. әйел жыныс мүшелерін қарап тексеру. Айнамен тексеру, қынап (іншек) арқылы қос қолмен тексеру (фантомда). Кестелер мен анализдер арқылы қынаптың тазалық дәрежесін анықтау. Етеккір циклінің күнтізбесін жүргізу. Қажетсіз жүктіліктен сақтанудың физиологиялық әдістері. Ересек әйелдер жамбасы, жамбас сүйектерінің құрылымы. әйел жамбасының еркек жамбасынан айырмашылығы. Жамбас бөлімдері. Үлкен және кіші жамбас астауы, жамбастың сыртқы өлшемдері. Кіші жамбас астауының жазықтары және оның өлшемдері. Кіші жамбас астауының жазықтықтары және оның өлшемдері, диагональдық және нағыз коньюгатаны анықтау. Жамбастың өткізгіш бағыты. Жамбастың иілу бұрышы мен оның маңызы. Жамбас түбінің құрылымы. Нәресте басының құрылымы мен өлшемдері. Соловьев индексін өлшеу.



2 бөлім Физиологиялық акушерия

2.1 тақырып Жүктіліктің физиологиясы. Жүкті әйел организміндегі өзгерістер

Жүктіліктің физиологиясы туралы түсінік. Аналық жыныстық жасушаның және шәуһеттің құрылымы. Ұрықтану. Плацентаның, кіндікбаудың, қағанақ суының қызметі. Фетоплацентарлық жүйе туралы түсінік. Жүктіліктің қауіпті кезеңдері. Әйел организмінің жүктіліктің әртүрлі мерзіміне бейімделуі.



Практикалық сабақ :

Сабақ клиникаға дейінгі кабинетте және әйелдерге кеңес беру мекемелерінде өтеді. Плацентаның, кіндікбаудың, қағанақ суының құрылымы мен қызметін муляждарды және слайдтарды қолдана отырып үйрену. Фантомда қынап арқылы тексеру, жатыр мойнағын айнамен қарау, жағындылар алу сияқты дағдыларды үйрену.



2.2 тақырып Перинатология негіздері.

Перинатология туралы негізгі түсінік. Перинатальды патология дамуының қауіп-қатер факторлары. Эмбрион мен нәрестенің дамуына әсер ететін сыртқы ортадағы факторлар. Фетоплацентарлық жүйе, іштегі нәрестенің жағдайын бағалау. Фетоплацентарлық жеткіліксіздік. Перинаталдық патологиялар, оның алдын алу шаралары.



2.3 тақырып Жүктіліктің диагностикасы. Жүкті әйелді тексеру әдістемесі.

Жүктіліктің ерте мерзімін анықтау. Жүктіліктің күдік туғызатын және нақты белгілері. Жүктіліктің ерте мерзімінде жүргізілетін тексеру әдістері (сұрастыру, қарап тексеру, айнамен тексеру, қынап арқылы тексеру және т.б.). жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау. Жүктіліктің нақты (айқындайтын) белгілері. Жүктілікті зерттеудің қосымша әдістері (УДЗ, эхография, іштегі нәрестенің электро-фонокардиографиясы, амниоскопия). Қалыпты жүктілік кезінде іштегі нәрестенің жағдайын қадағалау. Жүктіліктің ұзақтығы. Жүктіліктің мерзімін анықтау және декреттік демалыс беру, босану күнін анықтау. Жүкті әйелдер гигиенасы және олардың тамақтануы. Босануға физиопсихопрофилактикалық дайындық.



Практикалық сабақ

Іштегі нәрестенің орналасуын, позициясын, түрін анықтау және жүрек соғысын тыңдау. Жүктіліктің мерзімін, босануға дейін демалыс беру және босану мерзімін анықтау. Әйелдерге кеңес беру мекемелерінде жүкті әйелдерді қабылдауға қатысу: жүкті әйелдедің жеке картасын толтыру, анамнезін жинау, жағдайларын (қан қысымын, тамыр соғысын) анықтау, жамбасын, іш шеңберін және жатыр түбінің биіктігін өлшеу, тексерулерге жолдама жазып беру, айырбас картасын толтыру.акушериялық сыртқы зерттеулер жүргізу. «жүкті әйел гигиенасы» және «жүкті әйелдің тамақтануы» тақырыптарына сұхбат жүргізуге дайындалу.



2.4 тақырып Акушериялық стационарда сепсистік аурулардың алдын алу

Ауруханаішілік инфекцияның пайда болу факторлары және таралу жолдары. Акушериялық стационардағы және гинекология бөлімшесіндегі санитария-гигиеналық және індетке қарсы режімдер. Асептика мен антисептика. Зарарсыздандыру мен залалсыздандыру туралы түсінік. Қолданыстағы бұйрықтар.



Практикалық сабақ:

Сабақ перзентханада өтеді: акушериядағы асептика мен антисептиканың ерекшеліктерін үйрену. Медицина қызметкерлерінің жеке басының гигиенасына қойылатын талаптар. Қызметкерлердің өз қолын өңдеуі. Медицина қызметкерлерінің өз жеке басын қорғауы. Акушериялық стационар бөлмелерін жинастыру ерекшеліктері.

2.5 тақырып Босану. Босанудың басталу себептері. «Қауіпсіз ана».Іштегі нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы. Жаңа туылған нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанғаннан кеінгі кезең.

Босанудың кезеңдері, ұзақтығы, босану күштері. Шүйдесімен келген іштегі нәрестені босанудың биомеханизмі. «Қауіпсіз ана». Босанудың ағымы және оны жүргізу. Іштегі нәресте гипоксиясының себептері, белгілері және оны емдеу. Іштегі нәресте асфиксиясының белгілері. Қалыпты босанудан кейінгі кезең, оның ұзақтығы. Емшекпен тамақтандырудың принциптері.



Практикалық сабақ:

Сабақ клиникаға дейін кабинетте және перзентханада өтеді: шүйдесімен келген нәрестені босанудың биомеханизмін зерттеу. Жеке палаталарда фантом, қуыршақ бойынша босануды жүргізу, босануды қабылдауға пакет дайындау. Суреттер, слайдтар бойынша босанудың I, II кезеңіндегі толғақ әйелдің жағдайын анықтау. Перзентханада босанушыны қабылдауға қатысу, босану тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру. Жүкті әйелдің жағдайын анықтау (қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау). Босанушыға акушериялық сыртқы зерттеулер жүргізу, жамбас өлшемдерін, іш шеңберін, жатыр түбінің биіктігін өлшеу. Оқытушының бақылауымен қан топтары мен резус факторды анықтау. Босанушыны қадағалау, босануды жүргізу. Партограмманы толтыру. Жаңа туылған нәрестені тазалауға қатысу. Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалау. Жаңа туылған нәресте реанимациясы әдістерімен танысу. Босанғаннан кейінгі бөлменің жұмысын ұйымдастыру принциптерімен танысу. «Ана мен бала» бөлмесінде жұмыс істеу. Емшекпен тамақтандыру принциптерімен танысу. Жарылған емшекке күтім жасау, сүтті сығып тастау техникасы. Босанғаннан кейінгі кезеңде контрацепцияның қазіргі әдістермен танысу. «Босанғаннан кейінгі кезеңдегі гигиена» және «Маститтің алдын алу» тақырыптары бойынша сұхбат жүргізу.



2.6 тақырып Отбасын жоспарлау

Отбасын жоспарлау, ДДҰ туралы түсінік. Контрацепцияның қазіргі әдістері.



Практикалық сабақ:

Сабақ әйелдерге кеңес беру мекемелерінде, отбасын жоспарлау кабинеттерінде, перзентханадағы босанғаннан кейінгі бөлімде өтеді, білім алушы контрацепцияның қазіргі әдістері туралы сұхбат жүргізеді.




  1. Оқу үрдісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптар

Білім беру технологиясын таңдау пәннің мазмұндық ерекшелігіне байланысты және білім алушылардың мейірбикенің біліктілігіне сәйкес гинекологиялық аурулар мен сырқатанатын науқастарды, жүкті, толғатқан және босанған әйелдерге күтім жасауда білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталуы керек. МЖМБС бойынша базалық, кәсіптік және арнайы құзіреттілікті қалыптастыруға арналған модульдік оқудың құрылымы енгізілген. Практикалық сабақтарды өткізгенде топты 8 адамнан аспайтын топшаларға бөлу қарастырылған.

Оқыту барысында қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік әдебиеттер, жаңа оқу және анықтама құралдарды, электронды оқулықтарды, мультимедиялық оқыту бағдарламаларын қолдануды ұсынады.



  1. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Білімді бақылау түрлеріне: бастапқы, ағымды, аралық және қорытынды бақылау енеді.


  1. Әдебиеттер және оқу құралдары

    1. 6.1 Негізгі әдебиеттер

Мемлекеттік тілде:

  1. Бисембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия»,

- Алматы 2004

  1. Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Акушерлік» - Алматы 2000

Орыс тілінде:

  1. Акушерство: учебник+CD. В.Е. Раздинский.- М., ГЭОТАР-медиа, 2008-90с

  2. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. М.В. Дзигуа. – М., ГЭОТАР – медиа, 2011-528с

    1. 6.2 Қосымша әдебиеттер

  1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., ГЭОТАР- Медиа, 2009.-256с

  2. Гинекология. Л.Н.Василевкоая, В.М.Грищенко, В.П.Юровская, Н.А. Щербина. Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

  3. «Акушерство и гинекология. практикум» Т.Е. Белокриницкая. Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

  4. Перинатальное акушерство. В.Б. Цхай Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

  5. В.И. Дуда «Акушерство» Москва 2005

  6. Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008

    1. 6.3 Оқу құралдары:

  1. Дидактикалық және көрнекі құралдар;

  2. Қағаз және электронды нұсқадағы тестілер;

  3. Қағаз және электронды нұсқадағы оқу әдістемелік құралдар;

  4. Диапозивтер, слайдтар, оқулық фильдер;

  5. Тақырыптық плакаттар жиынтығы;

  6. Тестілер мен есептер жинағы.

4.Оқу әдістемелік жабдықтау

4.1 Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер(Б)

Мемлекеттік тілде:

1.Бисембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия»,

- Алматы 2004

2.Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Акушерлік» - Алматы 2000

Орыс тілінде:

1.Акушерство: учебник+CD. В.Е. Раздинский.- М., ГЭОТАР-медиа, 2008-90с

2.Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. М.В. Дзигуа. – М., ГЭОТАР – медиа, 2011-528с



Альтернативті әдебиеттер (А)

1. В.И. Бодяжина – Акушерство «Медицина», Москва, 1996ж.

2. Э.К. Айламазян Акушерство 1996г

Қосымша әдебиеттер (Қ)

1.Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., ГЭОТАР- Медиа, 2009.-256с

2.Гинекология. Л.Н.Василевкоая, В.М.Грищенко, В.П.Юровская, Н.А. Щербина. Ростов – на – Дону, «Феникс», 2007

3.«Акушерство и гинекология. практикум» Т.Е. Белокриницкая. Ростов – на – Дону, «Феникс», 2007

4.Перинатальное акушерство. В.Б. Цхай Растов – на – Дону, «Феникс», 2007

5.В.И. Дуда «Акушерство» Москва 2005

6.Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008


    1. 4.2 Оқу құралдары:

  1. Дидактикалық және көрнекі құралдар;

  2. Қағаз және электронды нұсқадағы тестілер;

  3. Қағаз және электронды нұсқадағы оқу әдістемелік құралдар;

  4. Диапозивтер, слайдтар, оқулық фильдер;

  5. Тақырыптық плакаттар жиынтығы;

  6. Тестілер мен есептер жинағы.



  1. Мазмұны


Тарау 1. Кіріспе.

Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушерканың міндеттері және құқықтары. Акушериядағы деонтология.

Акушерия ғылымы жөніндегі түсінік. Орыс акушериясының даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы акушерия ғылымының даму тарихы. Қазақстан Республикасында босануға көмек көрсету және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушерлік- гинекологиялық бағыттағы мекемелер. Әртүрлі деңгейдегі мамандандырылған көмектің түрлері мен сатылығы. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің барлық мекемелерінің мақсаттары, міндеттері және құқықтары. Құжаттар. Перинатальдық күтімге қазіргі замандағы көзқарас. Босанушы және босанған әйелдер күтіміндегі акушерканың орны. Медициналық этика мен деонтология негіздері.



Тақырып 1.2 Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы .

Әйел жыныс мүшелерінің құрылысы. Қынаптың флорасы және тазалық дәрежелері. Жамбас шел қабатының және көршілес мүшелердің / қуық және несеп ағар жолдарының, тік ішектің / топографиясы. Кіші жамбас іш пердесінің орналасуы. Жатырдың және аналық бездердің байламдары және олардың маңызы. Әйел жыныс мүшелерінің қан айналым және лимфа жүйелері. Иннервация. Сүт бездері.



Тақырып 1.3 Әйел жыныс мүшелерінің физиологиясы.

Әйел өмірінің кезеңдері, қалыпты етеккір циклі, әйелдің бүкіл ағзасындағы циклді өзгерістер, етеккір циклының нейрогуморальдреттелуі.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде өткізіледі: әйел жыныс мүшелерінің анатомиясын меңгеру. Әйел жыныс мүшелерін қарау. Қынап айналары арқылы тексеру, бимануалды зерттеу (фантомда). Кестелер, анализ арқылы қынаптың тазалық дәрежесін анықтау. Оқушылар етеккір циклы календарін жүргізуді үйренеді. Қалаусыз жүктіліктен қорғанудың физиологиялық әдісі.



Тақырып 1.4 Әйел жамбасы және жамбас түбі.

Ұрық басы – босану обьектісі

Әйел жамбасы, оның құрылысы. Әйел жамбасының ерлер жамбасынан айырмашылықтары. Жамбас бөліктері. Үлкен және кіші жамбас, сыртқы жамбас өлшемдері. Кіші жамбастың жазықтықтары мен өлшемдері, диагоналды және шынайы конъюгаталарды анықтау. Жамбастың өткізгіш осі. Жамбастың иілу бұрышы және оның маңызы. Жамбас түбінің құрылысы. Нәресте басының құрылысы мен өлшемдері.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде өткізіледі: жамбас сүйектері құрылысын меңгеру. Кіші жамбастың жазықтықтары мен өлшемдері. Жамбас өлшемдерін өлшеуді жамбасөлшеуішпен жамбаста және фантомда үйрену. Жамбастың сыртқы өлшемдері. Шынайы коньюгатаны анықтау. Соловьев индексін өлшеу. Нәресте басының құрылысы мен өлшемдері.



Тарау 2. Физиологиялық акушерия

Тақырып 2.1 Жүктілік физиологиясы Жүктіліктің ерте мерзімін анықтау. Жүктіліктің кеш мерзімін анықтау Жүкті әйелдерді зерттеу әдістері.

Жүктілік физиологиясы туралы түсінік. Сперматозоидттар мен аналық жасушалардың құрылысы. Ұрықтану. Плацентаның, кіндік баудың, қағанақ суларының қызметі.Фетоплацентарлы жүйе туралы түсінік. Жүктілік кезіндегі қауіпті кезеңдер. Жүктіліктің әр мерзімінде әйел ағзасының жүктілікке бейімделуі. Жүктіліктің ерте және кеш мерзімдерін анықтау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері. Жүкті әйел гигиенасы.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде және әйелдер кеңес орнында өткізіледі:

Муляждарда және слайдтар бойынша плацентаның, кіндік баудың, қағанақ суларының қызметтерін меңгереді. Фантомда қынаптық зерттеу жүргізуді, айналармен жатыр мойнын қарауды және жағынды алуды үйренеді. Ұрықтың орналасуын, позициясын, түрін анықтау тәсілдерін жүргізеді, ұрықтың жүрек соғысын тыңдауды үйренеді. Жүктілік мерзімін, босануға дейінгі демалыс, босану мерзімін анықтайды. Әйелдер кеңес орнында жүкті әйелдерді қабылдауға қатысып, жүктілердің жеке карталарын толтырады, анамнез жинайды, әйелдің күй-жағдайын анықтайды (артериальды қысым мен пульсті анықтау), жамбасты, іш айналымын және жатыр түбі деңгейінің биіктігін өлшеп, тексерілуге жолдама жазып, алмастыру картасын толтырады. Сыртқы зерттеу әдістерін жүргізеді. Жүктілік мерзімін, БДД, босану уақытын анықтайды.

«Жүкті әйел гигиенасы» тақырыбында жүкті әйелдермен кеңес жүргізеді.



Тақырып 2.2 Перинатология негіздері

Перинатология туралы түсінік. Перинатальды патологияның дамуының қауіп факторлары. Қоршаған орта факторлары, олардың эмбрион мен ұрықтың дамуына әсері. Фетоплацентарлы жүйе, ұрықтың жағдайын бағалау. Плацентарлы жетіспеушілік. Перинатальды патология, алдын-алу.



Тақырып 2.3 Акушерлік ауруханаларда септикалық аурулардың алдын-алу.

Ауруханаішілік инфекцияның факторлары және берілу жолдары. Акушерлік стационардағы және гинекология бөліміндегі санитарлық-гигиеналық шарттар мен эпидемияға қарсы тәртіп. Асептика, антисептика. Дезинфекция, стерилизация туралы түсінік. Қолданылатын бұйрықтар.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде өткізіледі: акушериядағы асептика мен антисептика ерекшеліктерін білу. Медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасына қойылатын талаптар. Қызметкерлердің қолдарын өңдеуі. Медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс шаралары. Акушерлік стационарда бөлмелерді тазалау ерекшеліктері.



Тақырып 2.4 Босану. Босанудың басталу себептері. Айтолғақ. Босанудың I, II, III, кезеңдерінің ағымы. Босануды жүргізу. Ана қауіпсіздігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы. Нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезең. Жанұяны жоспарлау.

Босану кезеңдері, олардың ұзақтығы, толғақтың күші. Ұрықтың шүйдемен келуіндегі алдыңғы және артқы түріндегі босану биомеханизмі. Ана қауіпсіздігі. Босану ағымы мен жүргізуі. Ұрықтың жатырішілік гипоксиясының белгілері, себептері және оның емі.Ұрық асфиксиясының белгілері. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезең, оның ұзақтығы. Емшекпен емізудің принциптері. Жанұяны жоспарлау,БДҰ бойынша түсінік. Контрацепцияның қазіргі кездегі әдістері.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде өткізіледі, перзентханада шүйдемен алдыңғы және артқы келуіндегі босану биомеханизмі үйретіледі. Босануды жеке палаталарда фантомда, қуыршақтарда жүргізеді, босануды қабылдау үшін пакет дайындайды. Суреттерден, слайдтардан босанудың I, II кезеңдерінде босанушы әйелдің позицияларын талқылау. Перзентханада босанушы әйелді қабылдауға, босанудың паспорттық мәліметтерін толтыруға қатысады. Жүкті әйелдің күй жағдайын анықтау (артериальды қысым мен пульсін анықтау). Босанушы әйелді сыртқы зерттеу әдістерімен зерттеу, жамбасын өлшеу, іш айналымы мен жатыр түбі деңгейі биіктігін анықтау. Қан тобы мен Rh- факторын анықтау. Босанушы әйелді бақылауға және босануды жүргізуге қатысу. Партограмманы толтыру. Жаңа туған нәрестенің өңдеуіне қатысу. Апгар шкаласы бойынша нәрестенің күй жағдайын бағалау. Нәрестелерді қазіргі кездегі тірілту әдістерімен танысу. Босанғаннан кейінгі бөлімнің, «ана мен бала» бірге орналасқан палаталардың жұмысын ұйымдастырудың, емшекпен емізудің принциптерімен танысу. Емшек бездерінің жарылу кезіндегі күтім, емшек сүтін сауып тастау техникасы. «Босанғаннан кейінгі кезеңнің гигиенасы», «Маститтің профилактикасы» тақырыптарына әңгіме жүргізу. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қазіргі контрацепция әдістері.



Тарау 3. Патологиялық акушерия

Тақырып 3.1 Көпұрықты жүктілік.

Көпұрықты жүктіліктің түрлері. Диагностикасы. Жүктілікті және босану ағымын жүргізудің ерекшеліктері. Асқынулары.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ жүктілер патологиясы бөлімінде жүргізіледі. Патологиясы бар жүкті әйелдерді курациялау. Көпұрықты жүктілікті анықтау. Жүктілік және босану ағымы. Асқынулардың алдын-алуда акушерканың орны.



Тақырып 3.2 Жамбаспен келу.

Жамбаспен келудің себептері. Жіктелуі. Диагностикасы. Жүктілікті және босану ағымын жүргізудің ерекшеліктері. Босану кезіндегі ана мен балаға әсер ететін асқынулар.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде өткізіледі: Фантомда, қуыршақта ұрықтың жамбаспен келуін анықтау: орналасуын, түрін және ұрықтың жүрек соғуын анықтау. Жамбаспен келудегі босану биомеханизмі. Таза бөксемен келудегі Цовьянов әдісі. Ана мен бала жағынан кездесетін асқынулар. Босану үйінде жамбаспен келудегі босануды қабылдауға қатысу.



Тақырып 3.3 Жүктілікке байланысты дамитын аурулар. Жүкті әйел гестозы. Кеш гестоздың қазіргі кездегі емдеу принциптері, босандыру мерзімдері.

Гестоз жөніндегі түсінік. Жүкті әйел гестозының қазіргі кездегі этиопатогенезі. Клиникалық жіктелуі. Гестоздың түрлері мен сатыларының клиникалық симптомдары. Кеш гестоздың түріне қарай комплексті интенсивті емінің принциптері. Ауырлық дәрежесі, ағымы. Госпитализацияға дейінгі этапта кеш гестоздың ауыр түріндегі жедел жәрдем. Босандыру мерзімдері. Гестоз бойынша жоғарғы қауіп-қатер тобындағы жүкті әйелдерді анықтау. Гестозы бар жүкті әйелдерді анықтауда, бақылауда, күтуде, емінде акушерканың орны.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ патология бөлімінде, босану залында жүргізіледі: тексерілген гестозы бар жүкті әйелдердің курациясын жүргізу. Әр түрлі гестоздың түрлерінде жүктілікті және босануды жүргізу жоспарын құрастыру. Госпитализацияға дейінгі этапта жағдайын бағалап көмек көрсету. Гестозы бар жүкті, босанушы, босанған әйелдерді бақылауды жүргізу.




4. Оқу әдістемелік жабдықталу
4.1 Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:


1. Р.Ә. Козденова, И.Қ. Сейітмамбетова - Акушерлік, «Ғылым» баспасы, 2000ж

2. Р.Ә. Козденова, И.Қ. Сейітмамбетова - Гинекология,«Ғылым» баспасы, 2000ж

3. В.И. Бодяжина – Акушерлік «Медицина», Москва, 1996ж.
Қосымша әдебиеттер:
1.М.С. Малиновский- Оперативтік акушерлік «Медицина», Москва, 1974ж

2. В.И. Стрелкова, В.И.Ельцова, Е.В. Мареева – оқу құралы, 1987ж.

3.А.С.С. Слепых- Акушерлік реаниматология, 1984ж.

4.В.И.Серов, А.Н.Стрижанов, Тәжірибелі акушерлік. «Медицина», Москва 1989ж

5.Е.А. Чернуха- Босану блогы /тәжірибелі дәрігерлер кітапханасынан/, 1991ж.
4.2 Оқыту құралдары:
1.Дидактикалық және көрнекті құралдар;

2. Қағазды және электронды тасушыларда тесттер;

3. Қағазды және электронды тасушыларда оқу және оқу-әдістемелік құралдар;

4. Диапозитивтер, слайдтар, видиофильмдер;

5.Тақырыптық плакаттар жиынтығы;

6. Тесттер, есептер жиынтығы.


Кәсіптік

КҚ 1. Науқастарға мейірбикелік күтім жасауды ұйымдастыруда және оларды бақылауда, емшараларды және медициналық іс-әрекеттерді орындау техникасын меңгеруде;

КҚ 2. Ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының негізгі симптомдары мен синдромдарын білуде, науқастарды зертханалық, функциональдық және аспаптық тексеру әдістеріне дайындау әдістемелерін игеруде:

КҚ 3. Ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі және білікті медициналық шұғыл көмек көрсетуде;

КҚ 4. Әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін, хирургиялық науқастарға күтім жасау әдістерін, жүрек-өкпе реанимациясы әдістемелерін меңгере білуде:

КҚ 5. Барлық жас кезеңдкрінде кездесетін аурулар дамуында және қауіпті жағдайларда қарқынды терапия мен ренимацияның қазіргі әдістемелерін үйренуде және МҰ ауруханаларында науқастарға қалпына келтіру емін және оңалту шараларын ұйымдастыра білуде:



Арнайы;

АҚ 1.Өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсете білуде:

АҚ 2. Гинекологиядағы емнің және алдын- алудың қазіргі жаңа әдістерін ,

Отбасын жоспарлау әдістерін білуде құзырлы болуы қажет.

-экстрагениталдық патология туралы ;

-жыныс жолдарымен берілетін аурулар жайында ;

-шұғыл көмек көрсетудің әдістерін:

- алдын- алу және оңалту жолдарын:

диагноз қоюды;

-қауіп-қатер тобтарын анықтай алуды ;

-қалыпты босануды қабылдауды;

-шұғыл көмек көрсету;


- босануды қабылдау дағдыларын меңгеруді:



халі нашар жүктілерге ауруханаға дейінгі кезіңде шұғыл көмек көрсете білуде:

- отбасын жоспарлау мәселелерінде
жүктеу 223,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау