6. Жарықтан қорғағыш қасиеттері. Бұл қасиеттерді бейтарап жарықтан қорғайтын шыныдан жасалған ампулаларда 290-450 нм спектр аралығында жарық өтуін өлшеу арқылы анықтайды.
Ампуланың цилиндрлі бөлігінен үлгі кесіп алып, оны мұқият жуады, сүртеді, кептіреді және СФД-2 спектрофотометрінің тесігіне параллельді орналастырады. Жарық өтуінің ең жоғарғы пайызын анықтайды, ол шыны қабырғасының қалыңдығы 0,4-0,5 мм болғанда 35%; 0,5-0,6 мм - 30%; 0,6-0,7 мм - 27%; 0,7-0,8 мм - 25% және 0,8-0,9 мм - 20% құрауы керек.
Дроттарды ампулалар жасауға дайындау.
Ампулалар жасауға қолданылатын бастапқы материал дроттар болып табылады. Дроттар – бұл ұзындығы 1500 ± 50мм шыны түтіктер. Дроттар біркелкі кесілген жерінде дұрыс формалы және бүкіл ұзындығы бойынша диаметрі бірдей болуы керек. Дроттарды ампулалар жасауға дайындау бірнеше сатылардан тұрады: калибрлеу (сорттау), жуу, кептіру және қорғап орау.
Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.
Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.
қосымша:
ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Ампулалар жасау үшін шынының қандай маркалары қолданылады? Олардың құрамы мен қасиеттері қандай?
Шыны сапасы қандай көрсеткіштер бойынша бағаланады?
Дроттарды жуу қандай тәсілдермен жүргізіледі? Салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Ампулалар жасау қалай іске асырылады? Қандай автоматта жүргізіледі?
Ампулаларды күйдіру қандай мақсатпен жүргізіледі? Қалай орындалады?
кредит 5
ДӘРІС № 3
Тақырыбы 3: Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту. Өндірістік жағдайда қолданылатын фильтрлеуші қондырғылар.
Мақсаты: Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру, механикалық қоспалардан тазарту және өндірістік жағдайда қолданылатын фильтрлеуші қондырғылар туралы білім қалыптастыру.
Дәріс тезистері:
Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру.
Шаншуға арналған ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту.
Өндірістік жағдайда қолданылатын фильтрлеуші қондырғылар
Дәрілік заттарды еріту арнайы жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі. Еріту үшін фарфор, эмальды, шыны реакторлар мен бактар қолданылады. Қолданылатын ыдыстың материалы дайындалатын ерітіндіге әсер етпеуі немесе оны ластамауы керек. Әр ерітіндіге жеке реакторлар қолданылады, оларды жұмыс алдында мұқият тазалап жуып, дистилденген сумен шайқайды.
Дәрілік заттың мөлшері 3 %-ға дейін болатын ерітінділерді салмақтық және көлемдік тәсілдермен дайындағанда осы заттардың концентрацияларындағы айырмашылық оншалықты үлкен болмайды. Ал концентрлі ерітінділер дайындағанда бұл айырмашылық әжептәуір болады, сондықтан, белгілі ережелерді орындау керек. Дәрілік заттар МФ, ФМ, УФМ немесе басқа НТД (нормативті-техникалық документация) талаптарына сәйкес болуы керек. Кейбір препараттар – СaCl2, глюкоза, MgSO4, кофеин-натрий бензоаты, гексаметилентетрамин, эуфиллин, мезатон және т. б. зауыттарда қосымша тазалаудан өткізіледі және жоғарғы тазалықты «инъекцияға жарамды» деген дәрежеде шығарылады.
Осы белгісі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады:
ампулалау кезіндегі арнайы тұрақтандыруды қажет етпейтін дәрілік заттар ерітінділері;
тұрақтандыруды немесе ыдыраудан сақтаудың басқа түрлерін қажет ететін ерітінділер.
Тұрақтандырғыштарсыз ампулданатын сулы ерітінділер.
Тұрақтандыруды қажет етпейтін кейбір ерітінділердің номенклатурасы:
Бемегрид пен цианакобаламин ерітіндісін оны изотондау үшін 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне дайындайды.
Кальций глюконаты ерітіндісі. Ерітіндіні ампулалау алдында кальций оксалаты қоспасынан тазарту үшін кері тоңазытқышпен 3 сағат бойына қайнатады, әйтпесе, ол стерильдегеннен кейін тұнбаға түсіп қалады.
Бемегрид ерітіндісінде оны сақтау кезінде кристалдар тұнып қалады. Бірақ осы ерітіндіні 50?C температураға дейін қыздырғанда олар еріп кетеді.
Эуфиллин ерітінділерінде тұнба түзілу және этилендиаминнің мөлшері төмендеу жиі байқалады. Сондықтан, этилдендиаминнің мөлшері жоғары (18-22%) эуфиллин қолданылады, ал инъекцияға арналған су көмір қышқылынан тазарту үшін қосымша қайнатылады.
Гексаметилентетраминнің ерітінділері асептикалық жағдайларда дайындалады.
Инъекциялық ерітінділерді стерильдеу кезінде және оларды сақтау кезінде кейбір дәрілік заттардың ыдырап кетуі мүмкін, бұл оларды тұрақтандыруды талап етеді. Тұрақтандырғыш заттарды іріктеп алу осы ыдырауды тудыратын реакция механизміне байланысты. Әдетте дәрілік заттардың сулы ерітінділерде ыдырауының екі негізгі жолдары бар: олар –гидролиз және тотығу.
Дәрілік заттардың гидролизі және оны болдырмау жолдары.
Гидролиз - әртүрлі заттар мен су арасында жүретін ион алмасу реакциясы. Гидролизге заттардың әртүрлі топтары шалдығады. Бұлар тұздар, эфирлер, белоктар, көмірсулар, майлар және т. б. Оның ең маңызды түрлерінің бірі – тұздардың гидролизі, оның дәрежесіне тұздың химиялық табиғаты, температура, тұздың концентрациясы, ерітіндінің рН ортасы әсер етеді.
Тұздың химиялық табиғаты оны түзетін қышқыл мен негіз күші бойынша анықталады. Тұздың компоненттері неғұрлым әлсіздеу болса, соғұрлым гидролиз өнімдері әлсіз диссоциацияланады және гидролиз дәрежесі соғұрлым күшті болады. Гидролизге тек компонеттерінің біреуі немесе екеуіде әлсіз болып келетін тұздар ғана шалдығады. Күшті негіздер мен қышқылдардың тұздары, мысалы, натрий хлориді, гидролизге ұшырамайды және олардың сулы ерітінділерінің ортасы бейтарап болады.
рН. Тұздар ерітінділеріндегі Н+ және ОН– иондарының концентрацияларын өзгерте отырып, гидролизді керекті жаққа бағыттап, басқаруға болады.
Температура. Температура жоғарылаған кезде судың диссоциациялану дәрежесі күрт көтеріледі және ерітіндіде Н+ және ОН– иондарының концентрациясы жоғарылайды. Демек, осы иондардың аз диссоциацияланатын гидролиз өнімдерін түзе, тұз иондарымен қосылу мүмкіндігі де жоғарылайды.
Тұздың концентрациясы. Ерітіндіні сумен сұйылтқанда, егер тұздың компоненттерінің бірі күшті электролит болса, онда гидролиз күшейеді.
Гидролиздің үш түрі болады:
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі:
2. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі.
3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі.
4. Органикалық қосылыстардың гидролизі.
Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.
Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.
қосымша:
ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Тұрақтылығы бойынша ерітінділер қандай топтарға бөлінеді?
Қандай ерітінділер тұрақтандыруды қажет етпейді?
Тұрақтылығы бойынша ерітінділер қандай топтарға бөлінеді?
Қандай ерітінділер тұрақтандыруды қажет етпейді?
Дәрілік заттардың гидролизі және оны болдырмау жолдары. Гидролизге ұшырайтын ерітінділерді тұрақтандыру қалай жүргізіледі?
кредит 5
Дәріс № 4
Тақырыбы 4: Ампулаларды ерітіндімен толтыру және дәнекерлеу тәсілдері. Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу. Ерітінділерді газдармен және су буымен қорғау.
Мақсаты: Ампулаларды ерітінділермен толтыру, ампулаларды стерильдеу тәсілдерін оқып үйрену.
Дәріс тезистері:
Ампулаларды ерітіндімен толтыру және дәнекерлеу тәсілдері.
Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу.
Ерітінділерді газдармен және су буымен қорғау
Ампулаларды ерітіндімен толтыру 1 классты таза бөлмелерде асептика ережелерін сақтай отырып жүргізіледі. Ампулаларды толтыру көлемі номинальды көлемнен көп болуы тиіс, себебі, шприцті ерітіндімен толтырған кезде, дәрінің қажетті дозасы алынуы керек. МФ ХI басылымында ампулаларды толтырудың төменгі нормасы белгіленген (кесте 7):
Кесте 7
Номинальды
Көлемімл
|
Толтыру көлемі, мл ерітінділер
|
Бақыланатын
ампулалар
саныдана
|
тұтқыр емес
|
тұтқыр
|
1,0
2,0
5,0
10,0
20,0
50,0
50,0 мл
жоғары
|
1,10
2,15
5,30
10,50
20,60
51,0
номинальды көлемнен
2 % аспауы керек
|
1,15
2,25
5,50
10,70
20,90
51,50
номинальды көлемнен
3 % асық болуы керек.
|
20
20
20
10
10
5
|
Ампулаларды ерітінділермен толтыру үш тәсілмен жүргізіледі: шприцтік, вакуумдық, бу-конденсациялық.
Дәнекерлеу алдында ампулалардың толтырылу дәлдігі МФ ХI – бойынша тексеріледі. Бұл тәсіл өндіріске әлі кең енгізілген жоқ, бірақ болашағы мол.
Ампулаларды дәнекерлеу.
Ампулаларды дәнекерлеу олардың ішіндегі ерітінді қызып кетпейтін болып тез жүргізілуі керек.
Дәнекерлеу үш тәсілмен газды шілтерлермен жүргізіледі:
капиллярлардың ұшын балқытып дәнекерлеу;
капиллярларды созу;
электрлік қыздыру;
Барлық ампулалар дәнекерлену сапасына бақылаудан өтеді. Бұл үшін үш тәсіл қолданылады:
Кассетадағы ампулаларды камераға капиллярларын төмен қаратып орналастырады. Камерадан ауаны сорып алады және ауаны сұйылтады. Нашар дәнекерленген ампулалардан осы кезде ерітінді жартылай немесе толық ағып түседі.
Кассетадағы ампулаларды боялған су құйылған ыдысқа салып, мысалы, метилен көгі, толық батырып, 20-25 минут бойына 100±20 кПа қысым тудырады, сонан соң оны төмендетеді. Тығыз дәнекерленбеген ампулалар мен флакондар ішіне боялған ерітінді кіріп кетеді.
Үшінші тәсіл ампула ішіндегі газды ортаның жоғарғы жиілікті электр тогы әсерінен (20-50 МГц) жарық таратуын көзбен шолып бақылауға негізделген. Ампула ішіндегі қысым қалдығының мөлшеріне байланысты әр түсті жарық тарату байқалады.
Дәнекерленген және дәнекерлену сапасы бағаланған ампулалар стерилдеуге жіберіледі.
Инъекциялық препараттарды стерильдеу тәсілдері.
Стерильдеу (лат. sterilis) – объектегі тіршілікке икемді барлық микроорганизмдер мен олардың спораларын толық жою немесе олардан тазарту болып табылады. Бұл кезде стерилденетін заттардың қасиеттері өзгермеуі керек. Стерилдеудің физикалық және химиялық тәсілдері болады.
Физикалық тәсілдерге қыздырып стерильдеу, жоғарғы жиілікті токтармен стерильдеу, ультракүлгін және радиациялық сәулелермен стерильдеу, ультрадыбысты стерильдеу және стерильді фильтрлеу жатады.
Медицинада ең кең қолданылатын тәсіл – бумен немесе құрғақ ыстықпен қыздырып стерильдеу. Қыздырып стерильдеу микробтық клеткаларды пирогенетикалық ыдырату, ақуыздардың қайтымсыз коагуляциясы немесе микроорганизмдердің ферменттік системаларын бұзуға негізделген.
Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.
Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.
қосымша:
ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Ампулаларды ерітінділермен толтыру қандай тәсілдермен жүргізіледі?
Ампулаларды дәнекерлеу қандай тәсілдермен жүргізіледі? Дәнекерлену сапасын бақылау тәсілдерін атаңыз.
Стерильдеу дегеніміз не? Стерильдеудің қандай тәсілдері бар?
Стерильдеудің физикалық тәсілдерін атаңыз. Осы тәсілдермен стерильдеу қалай іске асады?
Стерильдеудің химиялық тәсілдері қалай жүргізіледі?
кредит 5
Дәріс № 5
Тақырыбы 5: Инфузиялық ерітінділер.Ампулалардағы ерітінділердің сапасын бағалау.
Мақсаты: Ампулалық ерітінділердің сапасын бағалау тәсілдерін және аппараттарды оқып үйрену. Инфузиялық ерітінділер туралы білім қалыптастыру.
Дәріс тезистері:
Ампулалардағы ерітінділер сапасын бағалау тәсілдері және аппараттар.
Инфузиялық ерітінділер, оларға қойылатын талаптар, дайындау технологиясының ерекшеліктері. Номенклатурасы.
Ампуладағы ерітінділердің сапасын бағалау.
Герметикалығы тексерілген ампулаларды жуып, кептіріп болған соң бракеражға жібереді. Мұнда ампуладағы ерітінділердің келесі сапалық көрсеткіштері анықталады:
1. Механикалық қоспалардан тазалығы. АҚШ пен Японияның Фармакопеяларында механикалық қоспалардың көлемдері мен мөлшерлері анықталады. Осы талапқа сәйкес мембраналық фильтрлерден өткізілген соң микроскоптың астында қарағанда 1 мл ерітіндіде көлемі 10 мкм-ге тең 5 немесе одан жоғары 50 бөлшектің, 25 мкм-ге тең немесе одан жоғары 5 бөлшектің болуына рұқсат етіледі. Біздің фармакопеяда мұндай қатаң талаптар енгізілмеген.
2. Стерильдігін анықтау. Теория бойынша стерильдік қасиет объектіде бірде-бір тірі микроорганизмдер болмауын қамтамасыз етуі керек. Бірақ, негізінде, ерітінділердің немесе басқа заттардың 100% стерильді болуын қамтамасыз ететін бірде-бір стерильдеу тәсілі жоқ. Стерильдікті бақылау кезінде дәрі үлгісіне микробиологиялық талдау жүргізеді.
Арнайы тест-микроорганизмдерде дәрілік және қосымша заттардың антимикробтық әсерінің бар немесе жоқ екені анықталады. Антимикробты әсер бар екені анықталғанда инактиваторлар қолданады, мысалы, сульфаниламидтер үшін – парааминобензой қышқылын; пенициллиндер мен цефолоспориндер үшін – пенициллиназаны және т.с. Егер активатор жоқ болса, онда антимикробтық заттарды бөлу үшін мембраналық фильтрлеу тәсілін қолданады. Жылулық стерилизация кезінде зерттеуге 10 ампула алынады, басқа тәсілдер үшін үлгінің ең аз мөлшерін формула бойынша анықтайды:
n = ,
мұнда N – зерттелетін серияда ампулалардың жалпы саны – үлгі саны, әдетте, 3-тен кем емес және 40 данадан артық болмауы керек. Ампулаларда ерітінді көлеміне байланысты егу саны өзгеріп отырады. Мысалы, 1-4 мл көлемде егу мөлшері – 1 мл, 5-19 мл – 2 мл және т.с.
Бұл үшін ерітінділерді екі микробиологиялық ортаға егеді: тиогликольді және Сабуро ортасына. Осы үлгіні 14 күн бойына қажетті температурада инкубациялап, күнделікті қарап отырады. Егер бір пробиркада микроорганизмдердің өсуі байқалса, онда тексеруді қайтадан жүргізеді. Инкубациялау мерзімі аралығында бірде-бір үлгіде микроорганизмдердің өсуі байқалмаса, онда өнімнің партиясы стерильді деп саналады.
Дәрілік заттардың антимикробты әсері айқын және ерітінділерді үлкен мөлшерде тексерген кезде мембраналық фильтрлеу тәсілі де қолданылады. 30 ампуланы іріктеп алып, 10 ампуладан 3 топқа бөледі, 20 ампуланы стерильдікті тексеруге жұмсайды, 10 ампула – салыстыруға алып қалынады. Фильтрлеу үшін мембрана диаметрі 47 мм және тесіктерінің көлемі 0,45 ± 0,02 мкм болатын қондырғы қолданылады. Фильтрлерді 121?C ± 1?C температурада 20 минут стерильдейді. Ерітіндіні стерильді фильтр арқылы фильтрлейді. Сонан соң оларды тиогликольді және Сабуро орталарына егіп, 7 күн инкубациялайды, сонан соң партияның стерильдігі жөнінде тұжырым жасайды. Дегенмен, инъекциялық дәрілердің стерильдігін қамтамасыз ету үшін процестің барлық сатыларында стерильдікті тексеріп отыру керек.
3. Апирогендік. Бұл туралы өткен тарауда айтылған.
4. Ампулалардың толтырылу көлемдерін тексеру. Ерітіндінің көлемін калибрленген шприц немесе цилиндрмен анықтайды. Ерітіндіні көлеміндегі ауытқулар ± 5%-дан аспауы керек.
5. Құрғақ дәрілік заттардың дозасының дәлдігін тексеру. МФ немесе НТД бойынша оның сандық мөлшерін анықтау арқылы жүргізіледі. Концентрациясындағы ауытқулар номинальды салмағынан ± 3%-тен аспауы керек.
Инфузиялық ерітінділер.
Көп қан жоғалту, естен тану, сулы-электролитті балансты және организмнің қышқылдық-негіздік күйін бұзу арқылы жүретін әртүрлі патологиялық жағдайларда организмге қан алмастырғыш сұйықтардың көп мөлшерін енгізу қажет болады. Олардың ең қарапайым өкілі натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі болып табылады, ол өте жағымды гемодинамикалық әсер көрсетеді.
Қазіргі кезде барлық қан алмастырғыш ерітінділерді алты топқа бөле жіктеу қабылданып отыр:
сулы-тұзды және қышқылды-негіздік тепе-теңдікті реттеушілер; оларға натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер-Локк ерітіндісі және күрделі тұзды ерітінділер: квартасоль, лантасоль, дисоль, ацесоль, трисоль және т. б. жатады;
гемодинамикалық немесе естен тануға қарсы қолданылатын қан алмастырғыштар: полиглюкин, реополиглюкин, желатиноль, декстран;
дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар: полидез;
парентеральды қоректендіруге (тамақтандыруға) арналған препараттар: гидролизин, аминопептид, полиамин, протеин;
оттегі тасымалдау функциясын орындайтын қан алмастырғыштар;
комплексті әсерлі қан алмастырғыштар.
Қан алмастырғыш ерітінділерге келесі негізгі талаптар қойылады: изотондық, изоиондық және изогидриялық.
Изотондық – ерітіндінің осмостық қысымы организм сұйықтарының осмостық қысымына тең болуы керек. Оны натрий хлоридін қосып теңестіреді.
Изоиондық – ерітінділерде калий, натрий, кальций және магний хлориді иондары қан құрамындағы ара қатынас пен мөлшердегідей болуы керек. Сондықтан, бұл ерітінділер құрамына осы тұздар қажетті мөлшерде енгізіледі.
Изогидриялық – ерітінділерінің рН ортасының мәні қан плазмасының рН ортасының мәніне тең болуы керек (рН=7,36). Ерітіндінің рН ортасының бір қалыпты болуы карбонатты, фосфатты және белокты системалар қосу арқылы қамтамасыз етіледі. Осы буферлердің арқасында қанның реакция ортасын өзгертуге бағытталған барлық әсерлерді бәсеңдетіп, оларды өз бойына қабылдап отырады.
Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.
Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.
қосымша:
СРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Ампулалардағы ерітінділердің сапасы қандай көрсеткіштер бойынша анықталады?
Ерітіндінің стерильдігі қалай анықталады?
Ампулаларды этикеткалау қандай автоматта жүргізіледі?
Қан алмастырғыш препараттар қандай мақсатта қолданылады? Олар қалай жіктеледі?
Қан алмастырғыш ерітінділерге қойылатын негізгі талаптарды атаңыз. Олар қалай орындалады?
кредит 6
Дәріс № 6
Тақырыбы 1: Фармацевтикалық өндірісте суспензияларды, эмульсияларды, жағар
майларды дайындау ерекшеліктері және олардың технологиясын жетілдіру. Аталған дәрілік түрлерде дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін қамтамасыз етуші факторлар.
Мақсаты: Фармацевтік өндірісте жұмсақ дәрілік түрлерді дайындау технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру және дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін қамтамасыз ететін факторларды оқып үйрету.
Дәріс тезистері:
1. Жағар майлардың жіктелуі. Жағар май негіздері, сипаттамасы.
2. Жағар майлардың өндірістік технологиясы, дайындау ерекшеліктері, қолданылатын қондырғылар.
3. Өндірістік жағдайда суспензиялар, эмульсиялар дайындау технологиясы. Аппаратура.
4. Жұмсақ дәрілік түрлердегі дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін қамтамасыз етуші факторлар.
Жағар майлар ең алдымен дерматологияда, этиологиясы әртүрлi ауруларды емдеуде, сонымен қатар офтальмологияда, отолориногологияда, проктологияда, гинекологияда және медицинаның басқа да салаларында қолданылатын дәрiлік түр. Емдеу, профилактика, ал кейде диагностика мақсатымен қолданылатын жағар майларды медициналық деп атауға болады.
Жағар майлар жеке қорғаныш құралдары ретінде де өте кең қолданылады. Олар өндiрiсте қолдың терiсiн, дененің ашық жерлерiн органикалық еріткiштердiң, қышқылдардың, сiлтiлердiң және тағы да басқа химиялық тiтiркендiргiштердің жағымсыз әсерiнен қорғайды. Осындай жағар майлардың әсерi терi мен қолданылатын тiтiркендiргiштiң арасында сыртқы ортаның жағымсыз әсерiнен қорғайтын жасанды қабат түзілуіне байланысты.
Сонымен қатар, электродты жағар майлар мен пасталар да белгiлi, олар биотоктарды тiркеу үшiн, мысалы, электрокардиографияда, электромиографияда қолданылады. Электродты жағар майлар мен пасталардың негiзгi мiндетi - терi, шырышты қабық пен электродтар арасындағы жанасуды жақсарту және осы электродтарды бекiту болып табылады.
Жеке топқа косметикалық жағар майларды бөлiп шығаруға болады. Олар терiнi жұмсарту және қоректендiру үшiн, пигменттi дақтарды және терiнiң басқа да кемшiлiктерiн кетiру үшiн қолданылалы. Қолданылуына байланысты косметикалық жағар майлар: гигиеналық, емдiк-профилактикалық және декорациялық (сәндiк) болып бөлiнедi.
Құрамында витаминдi, гормонды және т.б. препараттар бар, терiнi қоректендiру үшін қолданылатын жағар майларды емдiк (медициналық) деп қарастыруға болады.
ТМД елдерiнде жағар майлар өндiрiсi 15-тен астам iрi химиялық-фармацевтік зауыттарда жинақталған.
Емдiк (медициналық) жағар майлар қолданылу жерiне байланысты келесi топтарға бөлiнедi.
а) дерматологиялық - Unguеnta dermatologica
б) мұрын жолдарына арналған жағар майлар – Unguenta nasales
в) көз майлары – Unguenta ophtalmica
г) уретральды жағар майлар – Unguenta uretrales
д) вагинальды жағар майлар – Unguenta vаginales
ж) ректальды жағар майлар – Unguenta rectales
Жағар майларды осы топтарға бөлудiң әрi технологиялық, әрi биофармацевтiк тұрғыдан белгiлi мағынасы бар. Технологиялык тұрғыдан мұндай топтау технологиялық операциялардағы ерекшелiктердi көрсетедi. Мысалы, шырышты қабықтарға, жараларға, күйiк беттерiне жағуға арналған майлар асептикалық жағдайларда дайындалуы керек. Көз ауруларын емдеуге арналған суспензиялық майларда дәрiлiк заттар өте майда ұнтақталуы керек. Ал технологиялық операцияларды, олардың жүйелiгiн iрiктеп алу биофармацевтiк тұрғыдан дәлелденуi керек.
Достарыңызбен бөлісу: |