Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығымен бекiтiлген
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилермен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды
жүргiзу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
2) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) тракторшы-машинист куәлiгiн, куәлiктiң телнұсқасын алған, ескi үлгiдегi куәлiктi жаңа куәлiкке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған қүнiнен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 2 (екi) жұмыс күнi;
Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша бас тартады.
2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктi (бұдан әрi — тракторшы-машинист куәлiгi), куәлiктiң телнұсқасын беру, ескi үлгiдегi куәлiктi жаңа куәлiкке ауыстырған (айырбастаған) кезде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрi — ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы негiзде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен бюджетке мемлекеттiк баж төлейдi (бұдан әрi — Салық кодексi).
Мемлекеттiк баж мөлшерi мемлекеттiк бажды төлеу күнiне белгiленген көрсеткiштiң 50 пайызын құрайды.
Мемлекеттiк бажды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем жүргiзу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ), екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:
«А», «В» және «Г» санатты куәлiк алу үшiн мынадай құжаттар талап етiледi:
осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
тиiстi санаттар бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист» бiлiктiлiгiн растайтын дипломның немесе түпнұсқасы және көшiрмесi, көшiрмелер салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес бекiтiлген № 086/у нысан бойынша медициналық анықтама;
Салық кодексi белгiленген куәлiк бергенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы құжат;
көлемi 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлi-түстi фотосурет;
ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист мамандығы бойынша жоғары, техникалық және кәсiптiк оқу орындарын (арнайы оқу орындары, орта кәсiптiк оқу орындары) бiтiрген адамдарды қоспағанда, бiлiм беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшiрмесi;
«Б» және (немесе) «Д» санаты «А», «В» және «Г» бағандарында рұқсат ету белгiсi мен куәлiгi бар (тиiстi машиналарда жалпы жұмыс өтiлi алты айдан кем емес) және емтихан пунктiнде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистерге берiледi.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 34-бабында көрсетiлген құжаттардың кез келгенi жұмыс өтiлiн растайтын құжат бола алады;
«Ерекше белгiлер үшiн» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргiзуге рұқсат» деген жазуы бар куәлiктердi алу үшiн емтихан пунктiне мынадай құжаттар ұсынылады:
осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
рұқсат етiлген «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәлiктiң түпнұсқасы және көшiрмесi немесе рұқсат етiлген «А», немесе «А1», немесе «В1» санатты бар жүргiзушi куәлiгi;
куәлiк беру үшiн мемлекеттiк баждың төлегенi туралы түбiртек;
көлемi 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлi-түстi фотосурет.
Куәлiктi ауыстыру (айырбастау) емтихан пунктi құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде және дипломның көшiрмесi мен оқуды бiтiргенi туралы куәлiктi және емтихан комиссиясының хаттамасының көшiрмесiн қоспағанда, осы стандаттың 9-тармақтарында көрсетiлген талаптардың негiзiнде жүргiзiледi.
Емтихан пунктiнiң жауапты орындаушысы өтiнiш берушiнiң құжаттарын алған сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi анықталған жағдайда емтихан қабылдау пунктi өтiнiш берушiге өтiнiштi қарастырудан жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды жолдайды
Ескi үлгiдегi куәлiктi ауыстырған (айырбастаған) кезде жаңа куәлiкке мынадай тәртiптi есепке ала отырып, рұқсат ету санаттары көшiрiледi және қойылады:
ескi үлгiдегi тракторист-машинист куәлiгiндегi «А», «Б», «В», «Г», «Д», «Е» санаттары жаңа куәлiктегi «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарына сәйкес келедi;
3-класты тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi «А», «В», «Г» санатты куәлiгiне сәйкес келедi;
2-класты тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi «А», «Б», «В», «Г» санатты куәлiгiне сәйкес келедi;
1-класты тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi «А», «Б», «В», «Г», «Д» санатты куәлiгiне сәйкес келедi;
К-701 «Кировец» тракторист-машинист куәлiгi жаңа үлгiдегi «Б» санатты куәлiгiне сәйкес келедi;
«комбайыншы» мамандығы көрсетiлген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлiгi жаңа үлгiдегi «Г» санатты куәлiгiне сәйкес келедi;
«тракторшы» мамандығы көрсетiлген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлiгi жаңа үлгiдегi «А», «В» санатты куәлiгiне сәйкес келедi.
Куәлiктi ауыстырған (айырбастаған) кезде жаңадан берiлген куәлiктiң «Ерекше белгiлер үшiн» деген бағанына бұрынғы куәлiктiң сериясы, нөмiрi және берiлген күнi жазылады.
Куәлiк жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгiмен жаңа куәлiк берiледi:
тұрғылықты жерi бойынша тiркелген тұлғаларға осы стардартының 9-тармағының 1) тармақшасының сегiзiншi абазацын қоспағанда, 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың және iшкi iстер органдарынан сот шешiмiнiң негiзiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынған куәлiктердiң арасында жоқ екендiгi туралы анықтама негiзiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде;
өтiнiш берушiге өтiнiш берген орны бойынша куәлiк берiлгенi туралы мәлiмет болмаған жағдайда, куәлiк берген емтихан пунктiнiң куәлiктер беру кiтабындағы жазулар негiзiнде осы стандатының 9-тармағының талаптарын 1) тармақшасының төртiншi және сегiзiншi абзацтарын қоспағанда сақтай отырып, құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде.
Куәлiк беру кiтабындағы жазбаларды нақтылауды куәлiк берген емтихан пунктiне сұрау салу арқылы өтiнiш берушiнiң өтiнiшi бойынша емтихан қабылдау пунктi жүзеге асырады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн iшкi iстер органдары куәлiктi алып қойғаны немесе сот шешiмiнiң негiзiнде айырылғаны анықталған кезде, телнұсқа беру жүргiзiлмейдi, ол туралы жазбаша дәлелдi бас тарту ұсынылады.
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәлiктерiн айырбастау емтихан пунктiне куәлiктердiң түпнұсқасы мен оның мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде расталған аудармасын, iшкi iстер органдарында тiркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды (паспорттары, жеке куәлiктерi) (түпнұсқа салыстырып тексерiлгеннен кейiн қайтарылады) ұсыну негiзiнде, медициналық куәландырудан өткеннен кейiн тракторист-машинист куәлiгiн беру үшiн мемлекеттiк бажды төлегеннен және теориялық емтихандарды тапсырғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Бұл ретте тракторист-машинистiң ұлттық куәлiгiнде рұқсат берiлген машиналардың санаттарын жүргiзуге құқық беретiн және келу құжаттарының қолданылу мерзiмiнде куәлiк берiледi. Тракторист-машинистiң ұлттық куәлiгi емтихан пунктiнде сақталады және иесiнiң өтiнiшi бойынша бұрын берiлген Қазақстан Республикасының куәлiгiн тапсырғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде қайтарылып берiледi.
Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда тракторист-машинистiң ұлттық куәлiгi болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмi алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлiгi жалпы негiздерде берiледi;
2) порталға жүгiнген кезде:
«А», «В» және «Г» санатты куәлiк алу үшiн:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтiнiш;
тиiстi санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткенi туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» бiлiктiлiгiн растайтын дипломның көшiрмесi;
медициналық анықтаманың электрондық көшiрмесi;
ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда, куәлiктi беру үшiн Салық кодексiнде белгiленген мемлекеттiк бажды төлеу туралы құжат;
жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсiптiк орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бiтiрген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшiрмесi;
көлемi 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлi-түстi) (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылады);
«Б» және «Д» санатты куәлiктi алу үшiн қосымша:
тиiстi машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
ескi үлгiдегi куәлiктi жаңа куәлiкке ауыстырған (айырбастаған) кезде:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтiнiш;
тиiстi санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткенi туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» бiлiктiлiгiн растайтын дипломның көшiрмесi;
медициналық анықтаманың электрондық көшiрмесi;
ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда, куәлiктi беру үшiн Салық кодексiнде белгiленген мемлекеттiк бажды төлеу туралы құжат;
көлемi 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлi-түстi) (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылады);
куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн:
себебiн көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтiнiш;
медициналық анықтаманың электрондық көшiрмесi;
ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда, куәлiктi беру үшiн Салық кодексiнде белгiленген мемлекеттiк бажды төлеу туралы құжат;
көлемi 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлi-түстi) (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылады);
сот шешiмiнiң негiзiнде куәлiктерiнен айырылғандардың арасында жоқ екендiгi туралы iшкi iстер органның анықтамасының электрондық көшiрмесi.
Iшкi iстер органдарында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн куәлiктi алып қойғаны немесе сот шешiмiнiң негiзiнде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргiзiлмейдi, ол туралы жазбаша дәлелдi бас тарту ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттiк бажды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), бұрын берiлген тракторшы-машинист куәлiгi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы қойылған белгi болып табылады;
портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
Почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) көрсетiледi, шағымға қызметтi алушы қол қояды.
Қабылданған шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.
Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.
4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда
көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар мен оларды толтыру үлгiлерiнiң тiзбесi бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсетiлуi үшiн пандустар көзделген.
13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында
2) Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкiндiгi бар.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.
16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетiлген.
«Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналарымен механизмдерiн,
содай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарды жүргiзу құқығына
куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына қосымша
Нысан
________________________________________
(қызметт берушiнiң атауы)
азамат__________________________________
________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған
жағдайда)
Туған жылы және күнi ___________________
Туған жерi _____________________________
(республикасы, облысы, қаласы, ауданы)
_________________________________тұратын
Паспортының сериясы (жеке куәлiктiң)
__________________№_____________________
берген (кiм және қашан)
ЖСН ____________________________________
Өтiнiш
Тракторшы куәлiгiн берудi, ауыстыруды, телнұсқасын берудi сұраймын
_____________________________________________________________________
(себебi көрсетiледi, керек емесiн сызып тастау керек)
Куәлiктi ауыстырған (айырбастаған), телнұсқасын берген кезде қосымша
мәлiметтер:
Тракторшы-машинист куәлiгiнiң нөмiрi_________________________________
Тракторшы-машинист куәлiгiнiң сериясы________________________________
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1 _____________________________________________________________
2 _____________________________________________________________
3 _____________________________________________________________
4 _____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн
20____ жылғы «____» __________________
(жеке қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |