Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0,99 Mb.
бет4/4
Дата18.12.2017
өлшемі0,99 Mb.
#4580
1   2   3   4

Әдебиет:

негізгі:

  1. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. Учебное пособие.– Шымкент .– 2008.– 68 с.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – 1991. - Том 2.

  3. Технология лекарств. - Муравьев И.А. – 1980. - Том 1-2.

  4. Ажгихин А.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарств – 1977. - Стр. 327.

  5. Тенцова А.И., Ажгихин И.С. - Лекарственная форма и терапевтическая эффективность лекарств. - 1974.

қосымша:

  1. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по Биофармации.– Шымкент.– 2009 г. 50 с.

  2. МФ КСРО ХІ басылым. – 1989. – Том 1, 2.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Дәрінің ағзада жылжуының (транспорт) жалпы схемасы қандай сатылардан тұрады?

  2. Дәрінің терапевтік эффективтілігіне және оның ағзада жылжуының әрбір сатысындағы жылдамдығына әсер ететін факторлардың негізгі топтарын атаңыз. Олардың жалпы сипаттамасын беріңіз.

  3. Препараттың дәрілік түрден босап шығу және ағзаға сіңірлу жылдамдығына байланысты қандай негізгі физико-химиялық қасиеті болады?

  4. Дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығы мен толықтығына әсер ететін фармацевтік факторлардың негізгі топтарын атаңыз.

  5. Көмекші заттардың табиғаты мен мөлшері - дәрінің терапевтік эффективтілігіне қалай әсер етеді? Осы факторды қалай пайдалануға болады?

кредит 8

Дәріс № 13

Тақырыбы 3: Дәрілік түрдің және оны ағзаға енгізу жолының дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері. Технологиялық факторлардың дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері.

Мақсаты: Студенттерге дәрілік түрдің және оны ағзаға енгізу жолының дәрілердің биологиялық тиімділігіне, технологиялық факторлардың дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері туралы теориялық түсінік беру.
Дәріс тезистері:

  1. Дәрілік түрдің және оны ағзаға енгізу жолының дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері.

  2. Технологиялық факторлардың дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері.

Қазіргі заман фармациясында дәрілік түр туралы түсініктеме маңызды түрде өзгерді. Соңғы уақытқа дейін дәрілік түр туралы түсінік елеулі түрде маңызды емес позицияда қарастырылған. Осыған байланысты дәрілік түр түсінігі негізінен, тек қана технологиялық және тауарлық талаптарына сәйкес болу көз-қарасынан қарастырған, яғни дәрілік түр бұл қолдануға азды-көпті ыңғайлы, сәйкес қасиеттерге ие болған (масса, өлшем, механикалық беріктік, ыдырағыштық, консистенция, препарат дозасы, сыртқы түрі, органолептикалық қасиеттері және т.б.) дәрілік заттардың түрі. Мысалы, МФ Х басылымда және басқа әдебиеттерде дәрілік түрлерге келесі анықтамалар берілді: “Түйіршіктер (гранулалар) – бұл ішке қолдануға арналған домалақ, цилиндр тәріздес бөлшектер түрінде шығарылатын дәрілік түр” немесе “Жағар майлар – бұл сыртқа қолдануға арналған жұмсақ консистенциялы дәрілік түр”. Сонымен, келтірілген мысалдарда дәрілік түрлерді тек технологиялық және тауарлық қасиеттері, кейбір жағдайда, шамамен қолдану тәсілі көрсетілген: ішке, сыртқа, бірақ қолдану жолы дәл көрсетілмеген.

Биофармация көз-қарасынан дәрілік түр оның құрамындағы дәрілік заттың белсенділігіне едәуір маңызды әсер көрсетеді. Дәрілік түр қасиеттердің барлық жинағымен (тек қана дәрілік затпен емес) ағзадағы белгілі процестерге әсер етеді және ол фармакотерапияның құрлымдық бірлігі болып саналады. Сонымен бірге, дәрілік түр кейбір жағдайларда дәріні ағзаға енгізу жолын (қолдану тәсілін) белгілемейтіндігін ескеру қажет. Мысалы, престелген таблеткаларды пероральды, сублингвальды, вагинальды және имплантациялық жолмен қолдануға болады. Сол сияқты суппозиторийлерді (ректальды, вагинальды) ерітінділерді (сыртқа, ішке және шаншуға арналған), эмульсиялар және суспензияларды (сыртқа және ішке), дәрілік пленкаларды (дерматологиялық, көз, стоматологиялық) қолдануға болады. Фармацевтік технологияның жетілуі дәрілік түрлер ассортиментін елеулі кеңейтті. Мысалы, қазіргі уақытта дайындалатын дәрілік пленкалар қолдануы бойынша көз, интраокулярлы, дерматологиялық, стоматологиялық, трансдермальды терапевтік жүйелер және т.б. болып бөлінеді, ал бұл дәрілік түрлерге қойылатын талаптарды жаңа жағынан қарастыру қажет деп біледі.

Биофармация дәрілік түрді – ағзаға дәрінің максимальды терапевтік эффектісін қамтамасыз етіп, сонымен бірге жағымсыз жанама әсерін минимальды, қолдануға ыңғайлы және сақтау кезінде тұрақты болатын препараттың фармакологиялық рациональды түрі ретінде белгілейді.

Бір препаратты ағзаға пероральды тәсілмен әртүрлі дәрілік түрлерге енгізу туралы (шырын, таблетка, капсула) бір қатар мысалдарды келтіруге болады. Соған сәйкес, әртүрлі дәрілік түрлерде препараттың ағзаға сіңірілу дәрежесі және оның терапевтік тиімділігі әртүрлі болады.

Сонымен бірге бір мезетте дәріні ағзаға енгізу жолы да өте маңызды. Ректальды жолмен ағзаға енгізілген дәрілік заттар қан ағынында шамамен 7-10 минуттан кейін анықталады. Дәрілік заттар бауырға бармайды және ас қорыту сөлдері ферменттерінің химиялық әсеріне ұшырамайды. Салыстыру үшін пероральды қолданған препарат қанда орташа айтқанда 25-30 минуттан кейін байқалады, сонымен бірге дәрілік заттың бір бөлігі асқазан-ішек трактысындағы ферменттердің әсерінен ыдырайтындығын ескеру қажет. Мысалы, ас қорытатын түтіктің шырышты қабаттарындағы полисахаридтер (муцин және т.б.) жоғары тұтқырлыққа және өзіне сәйкес ерекшеленген химиялық құрылымына байланысты көптеген дәрілік заттардың сіңірілуіне кедергі жасайды, себебі жиі жағдайда олармен қиын еритін комплекстер түзіледі. Осындай дәрілік заттарға стерптомицин, төртіншілік аммонилі негіздердің тұздары, көптеген гипотензивті препараттар жатады. Өттің пигменттері мен қышқылдары кейбір препараттардың ерігіштігін жақсартып, басқа препараттармен (стероидтар, неомицин, канамицин және т.б.) қиын диффузияланатын комплекстерді түзіп, олардың ағзаға сіңірілуін бірден тежейді, ал кейбір жағдайда (нистатин, полимиксин М және т.б.) белсенділігін жояды. Осы кезде препараттың рН мәні үлкен роль атқарады. Реакциясы сілтілі препараттардың (амидопирин, хинин және т.б.) сіңірілуі ортаның рН мәні жоғарылаған сайын, яғни ректальды енгізген кезде қарқындайды. Сондықтан суппозиторийлермен салыстырғанда бірдей терапевтік эффект қамтамасыз ету үшін таблеткалардың құрамындағы амидопириннің дозасын 2 есе жоғарлату керек. Оймақгүл (дигиталис) препараттарының дозалары таблеткалармен салыстырғанда ректальды және шаншуға арналған дәрілік түрлерде елеулі төмен болады. Осындай жағдай фурагин, фуразолидон, бутадион, индометацин, витамин В15 препараттарында байқалады. Бұл пероральды қабылданатын дәрілік заттардың дәрілік түрлердегі дозаларының жоғарлауына алып келеді, ал ол экономикалық көз қарастан тиімсіз.

Жаңа дәрілік түрлер жасауда пероральды қабылдаған соң препараттың қандағы концентрациясы парентеральды және ректальды енгізумен салыстырғанда төмен болғанымен, ол едәуір тұрақты және препараттың қанда циркуляциялануы ұзақ болатынын есте ұстау керек.

Препараттың тез сіңірілуін қамтамасыз ететін препаратты бұлшық етке енгізу әр бір жағдайда дұрыс емес екендігі туралы белгілі жағдайлар бар. Гиалуронидазаны бұлшық етке енгізумен салыстырғанда ректальды жолмен енгізу препараттың биологиялық тиімділігін 1,5 есе жоғарылататыны экспериментальды түрде дәлелденген. Бұл кезде, “Суппорин М” негізінде дайындалған суппозиториймен салыстырғанда витепсол немесе қатты кондитерлік майда дайындалған суппозиторийлерден препараттың жақсы босап шығуы байқалған. Осылайша, фармацевтік факторлар (дәрілік түр, ағзаға енгізу жолы, көмекші заттардың табиғаты) комплексінің әсері анықталған.

Мүшенің зақымдалған патологиялық процессіне дәрілік зат қан-транспорттық жүйесі арқылы жеткізілетіні белгілі. Бірақ та, дәрілік зат клеткадан (енгізу жеріндегі ұлпа) негізгі транспорттық жүйеге (қан) жету үшін жүретін жол ағзаға дәрілік затты енгізу жолына тікелей тәуелді. Сонымен, дәрілік түр және оны енгізу жолы науқастардың психо-эмоциональды күйіне елеулі әсер ететінін ескеру қажет. Мысалы, дәрілік ерітіндіні балалар және қарттар іс-тәжірибесінде ағзаға пероральды емес парентеральды (шаншуға) енгізу стресс жағдайға әкелуі мүмкін, ал бұл дәрінің терапевтік эффектісін жоғалтады.

Биофармацевтік зерттеулер ағзада препараттың пайда болатын жанама жағымсыз эффекттерінің реакциялары және деңгейі дәрінің түріне байланысты екенін көрсетеді. Стероидты гормондары бар таблеткаларды ұзақ уақыт қабылдағанда препараттар асқазан ішек трактысының кілегейлі қабықшаларының липоидті барьері арқылы өте баяу диффузияланады. Соған байланысты асқазан мен ішектің кілегейлі қабықшаларының сыртқы қабаттарында экзогенді стероидтардың елеулі концентрациясы (препараттың келесі дозасы есебінен) түзіліп, сол деңгейде ұзақ сақталады. Ал осы гормондар жалпы әсер мен қатар жергілікті әсерінің кең спекторлығы, соның ішінде тамырларды тартатын және т.б. әсерге ие. Соның нәтижесінде бұл жасушада мембраналық өткізгіштікті және зат алмасуды бұзып, атрофиялық процестеріне алып келеді, яғни 7-30%-ға дейін жағдайларда асқазан және ішек ойық жаралары түзіледі, дисперсия, дуоденит, гастрит пайда болады. Осы құбылыстар қарт адамдарда немесе асқазан-ішек трактысының созылмалы аурулары бар науқастарда әсіресе қауіпті. Бұл құбылыстарды индометациннің, левомепромазиннің, аминозиннің, амидопириннің, бутадионның, натрий салицилатының, ацетилсалицил қышқылының, резерпиннің және т.б. таблеткалары мен дражелері туғызуы мүмкін. Осы асқынуларды болдырмау үшін ұзақ емдеуге арналған препараттарды суппозиторийлер немесе шаншуға арналған дәрілік түрлер ретінде пайдалануға ұсынылады.

Кейбір жағдайларда дәрілік түрлерді ағзаға енгізу жолы оның фармакологиялық әсерін толық өзгертуі мүмкін. Мысалы, алда айтылғандай шырындар құрамында маннит іш айдайтын әсер көрсетеді, ал күре тамырға енгізгенде – ол диуретик ретінде әсер етеді. Магний сульфатының ерітіндісі шаншуға арналған ерітінді түрінде гипотензивті және диуретикалық әсер көрсетеді, ал пероральды қолданғанда – іш жүргізетін препарат.

Сонымен, препараттардың оптимальды белсенділігін олардың дұрыс ғылыми дәйектелген рациональды дәрілік түрлерін қолданғанда қамтамасыз етуге болатыны күмән келтірмейді.

Иллюстрациялық материалдар: слайдтар

Әдебиет:

негізгі:


  1. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. Учебное пособие.– Шымкент .– 2008.– 68 с.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – 1991. - Том 2.

  3. Технология лекарств. - Муравьев И.А. – 1980. - Том 1-2.

  4. Ажгихин А.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарств – 1977. - Стр. 327.

  5. Тенцова А.И., Ажгихин И.С. - Лекарственная форма и терапевтическая эффективность лекарств. - 1974.

қосымша:

  1. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по Биофармации.– Шымкент.– 2009 г. 50 с.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Дәрінің терапевтік эффективтілігіне және оның ағзада жылжуының әрбір сатысындағы жылдамдығына әсер ететін факторлардың негізгі топтарын атаңыз.

  2. Дәрілік түр - дәрілердің терапевтік эффективтілігіне қалай әсер етеді?

  3. Дәрілік түрді ағзаға енгізу жолы - дәрілердің терапевтік эффективтілігіне қалай әсер етеді?

  4. Осы факторды қалай пайдалануға болады?

кредит 8

Дәріс № 14

Тақырыбы 4: Дәрілік түрлердің биологиялық тиімділігі және оны анықтау әдістері.

Мақсаты: Студенттерге дәрілік түрлердің биологиялық тиімділігі және оны анықтау әдістері туралы теориялық түсінік беру.
Дәріс тезистері:

  1. Биологиялық тиімділік

  2. Оның түрлері

  3. БТ анықтаудың негізгі әдістері

Дәрілердің терапевтік адекватсыздығы анықталған соң дәрілерді дайындау процестерді, сонымен қатар олардың сапасын бақылауды қарастыруда елеулі өзгерістер өтеді. Дәрілердің тауарлық сипаттамасын (сыртқы түрі, физико-химиялық қасиеттері және т.б.) сонымен бірге әсер етуші заттардың сандық мөлшерін де анықтау нәтижесінде дәрілік түрлердегі препараттың белсенділігінің мүмкін болатын өзгерістері туралы мәліметтерді алуға болмайтынының шамасы белгіленді. Толық мәлімет алу үшін әсер етуші заттың “Тиімділігін” білуі қажет. Осы термин дәрілік түрден ағзаға дәрілік заттың қандай бөлігі (қанша мөлшерде) сіңірілетіннін көрсетеді.

Биологиялық тиімділік анықталады:

а) препараттың қандағы салыстырмалы мөлшері ретінде (яғни сәйкес қабылданған дәрілік түрдегі дәрілік заттың жалпы мөлшерімен салыстырғанда);

б) препараттың қанда пайда болу жылдамдығы ретінде.



Сонымен биологиялық тиімділіктің (БТ) тесті дәрінің терапевтік эффективтілігін бағалау критериі болып саналады. Осы тест дәрілік түрдегі дәрілік заттың белсенділігіне кейбір бөлек фармацевтік факторлардың немесе олардың қосындысының әсер ету дәрежесін көрсетеді. БТ бірқатар маңызды сұрақтарға жауап береді, соның ішінде:

  1. дәрілік препараттың жалпы дозасының қандай бөлігі (қанша мөлшерде) ағзаға сіңірілді;

  2. сіңірілу қандай жылдампен жүреді;

  3. дәрілік препарат ағзадан қандай жылдамдықпен және қалай шығарылады.

  4. Дәрінің биологиялық тиімділігін келесі жағдайларда анықтайды (зерттейді):

  5. жаңа дәріні (жаңа препарат немесе жаңа дәрілік түр) зерттеп шығару кезінде;

  6. дәрінің сапасын үздіксіз бақылау ретінде;

  7. құрамында бірдей дозада бір дәрілік препаратты бар әртүрлі кәсіпорындарда жасалынған дәрілік түрлерді салыстырып бағалау үшін.

БТ-тің өлшемі ретінде зерттелетін дәрілік түрден ағзаға сіңген дәрілік заттың мөлшерінің және стандартты дәрілік түрде тең дозада берілген ағзаға сіңген дәрілік заттың мөлшерінің қатынасы болып саналады:

БТ , мұндағы:

А – зерттелетін дәрілік түрден сіңірілген дәрілік заттың мөлшері;

В – стандартты дәрілік түрден сіңірілген дәрілік заттың мөлшері.

Биологиялық тиімділіктің абсолютті және салыстырмалы түрін ажыратады. Егер стандартты дәрілік түр ретінде тамырға енгізуге арналған ерітінді қолданылса, абсолютті биологиялық тиімділік туралы айтуға болады. Күре тамырға енгізілетін инъекция едәуір анық нәтижелерді көрсетеді. Себебі дәрінің барлық дозасы бірден қан айналудың үлкен шеңберіне барады. Сонда препараттың биологиялық тиімділігі іс-тәжірибеде 100% болады.

Бірақ, едәуір кең таралған салыстырмалы БТ-ті анықтау болды. Ол тиімді болып саналады. Осы кезде стандарт ретінде ішке қабылданатын ерітіндіні қолданады. Егер препарат суда ерімесе немесе сулы ерітінді түрде тұрақсыз болса, онда жақсы сипатталынатын және ағзаға жақсы сіңірілетін ішке қолдануға арналған басқа дәрілік түрлер пайдалануы мүмкін, мысалы, микронизацияланған препараттың суспензиясы немесе желатинді капсулаға салынған микронизацияланған препарат.

Қазіргі уақытта адамға қарай дәрінің БТ алдын-ала дәл анықтауға арналған (мүмкіндік беретін) сенімді әдістер жоқ. “іn vіtro” тәжірибелерінде тек қана дәрілік заттың зерттелінетін дәрілік түрден модельді ортаға бөлініп шығу жылдамдығын және толықтығын (дәрежесін) анықтауға, ал “іn vіvo” тәжірибелерінде ағзаға тері немесе шырышты қабықша арқылы сіңірілген дәрілік заттың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

“Іn vіtro” және жануарларда жүргізілетін “іn vіvo” тәжірибелері пайдалы мәліметтер береді. Бірақ бұл мәліметтер адамдарда жүргізілген “іn vіvo” тәжірибелерде олардың корреляциясы дәлелденсе, бағалы болады. Сондықтан дәрілердің БТ анықтау әдетте сау адамдарда (ерікті адамдарда) немесе осы дәріні қажет ететін және стационарда жатқан науқастарда жүргізіледі.

Дәрілердің БТ анықтаудың 2 негізгі әдісі бар:

фармакодинамикалық;

фармакокинетикалық.

Бірінші әдіс (фармакодинамикалық) – дәрілік заттың немесе оның белсенді метаболиттерінің ағзадағы фармакодинамикалық (биохимиялық) реакциялар жылдамдығын өлшеуге негізделген. Ағзаның жеке ерекшеліктеріне (пайда болған және жасырын ферментопатия және т.б.) байланысты аппаратуралық безендіруде күрделі болып келеді, сондықтан өте сирек қолданылады.

Екінші әдіс (фармаокинетикалық) дәрілік заттың бір реттік дозасын немесе бірнеше реттік қайталанған дозаларын қабылдаған соң дәрілік заттың қандағы концентрациясының уақытқа байланысты тәуелдікті немесе дәрілік заттың және/немесе оның метаболиттерінің ағзадан бөлініп шығу жылдамдығын өлшеуге негізделген.

Фармакокинетикалық әдіс бойынша дәрілердің БТ анықтау кезінде бір қатар жағдайларды сақтау керек, соның ішінде ең маңызды келесі болады:

а) талдау жүргізу үшін биологиялық сұйықтықтардың сынамаларын алу уақытын дұрыс таңдау;

б) сынамаларды алу жиілігі.

Сынамаларда препарат концентрацияларын анықтайды. Әдетте сынамаларды таңдап алу үшін күре тамырдың немесе артериялық қаны немесе несеп қолданылады. Бірақ кейбір дәрілік түрлердің (жағар майлар, пластырлер және т.б.), биологиялық тиімділігін дәрілік заттың нағыз әсер ету орнында анықтау тиіс болады, мысалы тері беткейіне жағылатын дәрілер.

Биологиялық сұйықтықтардағы дәрілік препараттардың (немесе оның метаболиттерінің) мөлшері бойынша мәліметтерді кестеге енгізіп, препараттың уақытқа байланысты кинетиканың тәуелділік графигін сызып, фармакокинетикалық әдістер көмегімен дәрілердің биологиялық тиімділігін есептейді.

“Іn vіtro” тәжірибелерінде дәрілердің БТ анықтау үшін “Сарториус”, “Резомат-1”,”Резомат-2” приборлары қолданылады.



Иллюстрациялық материалдар: слайдтар

Әдебиет:

негізгі:

  1. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. Учебное пособие.– Шымкент .– 2008.– 68 с.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – 1991. - Том 2.

  3. Технология лекарств. - Муравьев И.А. – 1980. - Том 1-2.

  4. Ажгихин А.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарств – 1977. - Стр. 327.

  5. Тенцова А.И., Ажгихин И.С. - Лекарственная форма и терапевтическая эффективность лекарств. - 1974.

қосымша:

  1. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по Биофармации.– Шымкент.– 2009 г. 50 с.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Дәрінің терапевтік эффективтілігін бағалау критерийі ретінде биологиялық тиімділік (БТ) деген не?

  2. БТ қандай түрлерін білесіз? Абсолютты БТ деген не?

  3. Салыстырмалы БТ деген не?

  4. Олар қандай жағдайларда анықталады?

Кредит 8

Дәріс № 15

Тақырыбы 5: Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы туралы негізгі түсініктер. Дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы.

Мақсаты: Студенттерге дәрілік препараттардың фармакокинетикасы, дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы туралы теориялық түсінік беру.

Дәріс тезистері:

  1. Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы

  2. Дәрінің тасымалдануы келесі схема түрінде жүргізіледі.

Биофармация дәрілерінің терапевтік эффективтілігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін зерттеумен қатар олардың ағзада тасымалдануын зерттейді. “Дәрінің тасымалдануы немесе қозғалысы” деген түсінік келесі этаптарды қамтиды: абсорбция процессі, ұлпалар мен мүшелерге таралуы, биотрансформация және элименация.

Фармакокинетика пәнінің мәні - қандағы, биологиялық сұйықтықтардағы, мүшелер мен ұлпалардағы дәрілік зат немесе оның метаболиттерінің сандық, сапалық өзгерістерін оқыту. Биофармация факторлардың ағзадағы дәрілердің тасымалдануына күшті әсер көрсететінің анықтайды.

Дәрінің тасымалдануы келесі схема түрінде жүргізіледі.



А 1 сатысы Б 2 сатысы В 3 сатысы Г 4 сатысы Д 5 сатысы

А – дәрілік түрдегі препараттың мөлшері;

1 сатысы – дәрілік заттың дәрілік түрден босап шығуы (либерация) оның жылдамдығы фармацевтикалық факторларға тәселді;

Б – абсорбция орнындағы препарат мөлшері;

2 сатысы – босаған препараттың сіңірілуі, сіңірілу жылдамдығы фармацевтикалық және физиологиялық факторларға тәуелді;

В – сіңірілу орны бойынша биологиялық сұйықтықтағы препарат мөлшері;

3 сатысы –ұлпалар мен мүшелердегі препарат және оның метаболиттерінің таралуы, оның жылдамдығы негізінен физиологиялық факторларға тәуелді;

Г – макроорганизм ұлпаларындағы және мүшелеріндегі препарат мөлшері;

4 сатысы – макроорганизм ұлпаларындағы, мүшелеріндегі және биологиялық сұйықтықтарындағы препараттың биотрансформациясы (метаболизм), оның жылдамдығы негізінен биохимиялық және физиологиялық факторларға тәуелді;

Д – ағзадан шығарылған препарат немесе оның метаболиттерінің мөлшері;

5 сатысы – ағзадан әртүрлі жолдармен шығарылған препарат немесе оның метаболиттері, оның жылдамдығы негізінен биохимиялық факторларға тәуелді.

Сіңірілу – дәрінің жүйелік эффектісінің пайда болуына жағдай жасау. Ол үшін препарат дәрілік түрден босап шығуы керек, босап шыққан препарат сіңірілу бетіне жету керек.

Таралу – дәрілік заттың сұйықтықты ұлпада, мүшеде таралу процессі.

Биотрансформация – ағзадағы препараттың химиялық айналымдар саны, таралуы мен сіңірілуі мен бірге биотрансформацияны детоксикация ретінде қарастыруға да болады, яғни ағзадан оңай шығатын өнімдердің түзілуі.

Элименация - препарат немесе оның метаболиттерінің ағзадан шығуы. Ол үш жолмен жүреді:


Иллюстрациялық материалдар: слайдтар

Әдебиет:

негізгі:

  1. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. Учебное пособие.– Шымкент .– 2008.– 68 с.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – 1991. - Том 2.

  3. Технология лекарств. - Муравьев И.А. – 1980. - Том 1-2.

  4. Ажгихин А.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарств – 1977. - Стр. 327.

  5. Тенцова А.И., Ажгихин И.С. - Лекарственная форма и терапевтическая эффективность лекарств. - 1974.

қосымша:

  1. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по Биофармации.– Шымкент.–

2009 г. 50 с.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Фармакокинетика биофармацияның бір саласы ретінде сипаттамасын беріңіз. Фармакокинетиканың негізгі моделі қандай? Фармакокинетиканың міндеттері қандай?

  2. Ағзадағы дәрілердің тасымалдануы қандай негізгі этаптардан тұрады? Схемасын сызып, түсіндіріңіз.

  3. Ағзадағы дәрілерді тасымалдаудың әрбір сатысына әсер ететін негізгі факторлар тобын атаңыз.

  4. Сіңірілу (абсорбция, резорбция) – терапевтік эффектін пайда болу жағдайы ретінде анықтамасын беріңіз. Сіңірілу механизмі қандай? Активті және пассивті диффузия механизмін түсіндіріңіз.

  5. Енгізудің әртүрлі жолына, дәрілердің сіңірілуіне қандай физиологиялық (биологиялық) факторлар әсер етеді?

  6. Дәрілік заттардың ұлпада және мүшеде таралуының теориялық негізі қандай?

жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау