42
IP: 10.1.1.1/8,
МАС: 0050ba6b18c8
Gateway=10.254.254.251
Қалған компьютерлерге ғаламторға кіруге рұқсат жоқ
IP: 10.x.x.x/8
2-ші мысал. Бұл мысалда жіберілетін адрестері анықталған жұмысшы
станцияларына ғана ғаламторға кіруге рұқсат беріледі. Ал қалған
компьютерлерге ғаламторға енуге рұқсат болмайды.
2.16 сурет – Жұмысшы стансаларының ғаламторға кіру сұлбасы
ғаламтор-шлюз:
IP= 192.168.1.254/32
желі: 192.168.1.x
жұмысшы стансаларға ғаламторға келесі адрестермен кіруге рұқсат:
192.168.1.1 ~ 192.168.1.63
қалған компьютерлерге рұқсат жоқ.
2.16 Топтық таратудың МАС-адрестері
Көп адрестерді тарату (Multicast) – бұл бір ақпарат ағынын көптеген
корпоративті немесе жеке абоненттерге жіберу арқылы трафикті қысқартуға
қолайлы өткізу жолагының технологиясы болып табылады. Оның
артықшылығы: бейне конференцияны орнатады, корпоративті байланыс пен
дистанционды оқытуды орындай алады.
Көп адресті таратудың мақсаты бірнеше тұтынушыға әрбір тарату
доменіне деректерді таратпай-ақ деректерді қабылдауға мүмкіндік бере алады.
43
Көп адресті таратудың ерекшелігі, ІР-адресіті топқа ақпараттарды
немесе деректерді жіберу мүмкіндігін орындай алады. Бұл топтың физикалық
немесе географиясына шек қойылмайды: байланыс тораптары әлемнің кез-
келген жерінде болуы мүмкін.
Локалды желіде орналасқан жұмысшы станциялары дестенің
жіберілетін МАС- адресі мен өзінің МАС – адресі сәйкес келгенде ғана
дестелерді қабылдап, өңдей алады. Көп адресті ІР таратуы үшінші деңгейдегі
топтық ІР тарату адресі базасында МАС-адресті өңдей алады. МАС
кадрлары 24 биттік стандартты префиксті құрайды. Бұл префикс –01-00-05 –
ғаламторда қолданылатын көп адресті таратудағы барлық адрестер үшін
арналған.г24-ші бит көп адресті таратудағы МАС – адрес үшін қолданылады.
МАС-адрес орнатылғаннан соң 25-ші бит нөлге (жоғарғы деңгейлі бит) тең
болады, қалған 23 бит ИАС-адресіне арналған. Оның сұлбасы 2.17-ші суретте
көрсетілген.
2.17 сурет – Топтық ІР-адресінің ғаламтор адресіне түрленуі
2.16.1 Топқа жазылу және қызмет ету
Топқа жазылу үшін хаттама керек. IGMP хаттамасы (Internet Group
Management Protocol, топты басқарудағы желі аралық хаттама) локалды
желідегі көп адресті топты тіркеу үшін қолданылады. Желі түйіндері өзінің
локалды желі маршрутизаторына IGMP ақпаратын жібере отырып топты
анықтайды. IGMP хаттамасы арқылы маршрутизатор IGMP-ақпаратын
қабылдайды және топтың қайсысы желіге қосылғанын анықтайды.
IGMP v1 хаттамасы. IGMP хаттамасының екі IGMP-ақпарат түрі
қолданылады: топ туралы ақпарат сұрайды; топ туралы ақпарат қабылдайды.
IGMP v2 хаттамасы. IGMP хаттамасының төрт IGMP-ақпарат түрі
болады:
- топ туралы ақпарат сұрайды;
- 1-ші нұсқа бойынша топ туралы ақпаратты қабылдайды;
44
- 2-ші нұсқа бойынша топ туралы ақпаратты қабылдайды;
- топты босатады.
IGMP 2 нұсқасының IGMP 1 нұсқасынан айырмашылығы тек топты
босатуда. Енді түйіндер өздері көп адресті маршрутизатордан топтан
шығуына хабар жібереді. Маршрутизатор желідегі басқа түйіндерден топтан
шығатынынын немесе шықпайтыны туралы сұрау жібереді. Егер жауап
болмаса топтан шығатын түйіндерді босатады. Бұл кідірісті тудыруы мүмкін.
2.18 сурет – IGMP хаттамасының жұмыс істеу үрдісі. Бірінші суретті топқа
жазылу, ал екіншісінде топтан шығу көрсетілген
2.16.2 2-ші деңгейдегі көп адресті таратуды басқару
2-ші деңгейдегі коммутаторлардың ерекшелігі көп адресті трафикті әрбір
портқ тарату болып табылады. Бұл коммутатордың өзінің кестесінде топтық
таратудың МАС- адрестері туралы жазылмағанын айқындайды. Сондықтан
дестелерді барлық порттарға таратады.
45
2.19 сурет – Көп адресті трафикті тарату
Коммутатордағы көп адресті таратуды басқару екі тәсілмен орындалады:
біріншісі, виртуалды локалды желі VLAN көп адресті топтың шекарасын
анықтайды. Бұл әдіс қарапайым, бірақ ол динамикалық қосымшаларды немесе
топтан шығуды қолдамайды. Екіншісі, D-Link-коммутаторларының IGMP
тыңдау (IGMP-snooping).
IGMP тыңдау – бұл тексеру немесе IGMP дестелерінің локалды желіде
бар екенін тыңдау. Коммутатор жауап алса, онда ол сол түйінді өзінің көп
адресті кестесіне жазады. Ал егер коммутатор ол түйіннің желіден шыққанын
естісе, онда оны өзінің көп адресті кестесінен өшіріп тастайды.
2.20 сурет – IGMP-snooping қолдайтын көп адресті трафикті тарату
46
Дипломдық тақырып бойынша мен Талғар қаласына D-Link
коммутаторы арқылы локалды желіні ұйымдастыруды қарастырамын.
Ұйымдастыру желісінің құрылымдық сұлбасы А Қосымшасында келтірілген.