67
-білім алушыға ыңғайлы уақытта ақпараттық және телекоммуникациялық
технолоиялардың қол жетімділігімен;
-материалдардың
кӛлемінің
еселеніп
жылдамдатылуымен
және
қысқартылуымен (мысалы, кӛлемдік есептеулерді жасау, кестелер түзу,
құбылыстарды үлгілеу, оқыту мен зерттеу нәтижелерін ӛңдеу және т.б.);
- оқытудың ойын түрлерін ұйымдастырудың тиімділігімен.
2. Физиканы оқыту барысында креативтіліктің дамуына септігін тигізетін
құралдар мен әдістер (И.П. Буров, И.А. Булякова, H.A. Возвышаева,
B.Смоленцева). Бұл жағдайда зерттеушілер оқытудың белсенді әдістерінің
кӛмегімен білімгерлердің креативтілігін дамытуды ұсынады. Мысалы,
И.П. Буров дәріс-кӛрнекілікті қолану арқылы мәселені анықтау, жалпылау мен
жүйелеу секілді креативтік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін
ұсынады.
Л.В.Смоленцеваның айтуынша, білімгерлердің ақпараттық дайындығының
маңызды факторы болашақ кәсіби іс-әрекетті кӛрсететін, тапсырмаларда
ақпаратты ӛңдеу заңдылықтарын зерттеу болып табылады[113].
С.Гин креативтіліктің қалыптасу жағдайларын қарастыра отырып,
байқағаны «мақсатқа бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқыту креативтік
қабілеттердің даму деңгейін қамтамасыз ететіндігі, оқыту үдерісінде
қатысушылардың креативтілігін дамыту оқытудың белсенді әдістері мен
түрлерін қолданумен үздіксіз байланысты» [114].
Оқу бағдарламаларында ақпараттық циклдің әдістері білім беру үдерісінде
үздіксіз ӛзгеріп отыр. Оқытудың ӛнімді әдістері білімгерлерді қазіргі
компьютерлік құралдармен, ақпаратты ӛңдеу технологияларымен ресми
таныстыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы зерттеушілермен (Е.В.Батоврина, О.В.Ибрагимова,
О.П.Овчиннникова,
Т.И.Яшина)
ақпараттық
технологияларды
шығармашылықты қалыптастыруда пайдалануға, сол арқылы ақапараттық
қоғамның
қажеттіліктері
мен
еңбек
нарығының
мұқтаждықтарын
қанағаттандыратын тұлғаны қалыптастыру мәселесі талқыланады. Болашақ
физика мұғалімдерінің кәсіби міндеттерін шешу үшін ақпараттық
технологияларды қолдану саласында тұлғаның креативтілігін қалыптастыру
түлектердің қажеттіліктері мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін
тигізеді.
A.B.Хуторскийдың
пайымдауынша:
«Креативтілік
ретінде
біз
шығармашылық ӛнімнің жасалуын қамтамасыз ететін, тұлғаның интегративтік
қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет тұлғада ерекше қасиеттер тобының болуымен
анықталады. Телекоомуникация үдерісінде орын алатын, қасиеттердің ӛзгеруі
тұлғаның креативтілігін дамытудағы рӛлін анықтайды» [115].
Осылайша,
ақпараттық
технологияларды
қолдану
саласында
креативтіліктің дамуына бағытталған, оқытуды ұйымдастыру барысында
ескерілетін маңызды факторлардың бірі болып табылатын оқу ортасы, білім
беру үдерісінің субъектілеріне тиімді, тұлғалық ӛзін-ӛзі дамыту бағытында
барлық мүмкіндіктерді жасайды.
68
Ақпараттандыру
жағдайында
оқыту
үдерісінде
оқытушылардың
тәжірибелік іс-әрекеттері бекітілген тапсырмаларды қолдануға негізделеді.
Сондықтан, ақпараттық технологиялар саласында білімгерлердің креативтілігін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдістерін қолдану керек.
Психологтар И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин негіздегендей, креативтілік жеке
тұлғаның ерекше қабілеті болып табылады және оқыту арқылы қалыптасады.
Әсіресе, В.Н. Дружининнің ойынша, креативтілік қоршаған орта мүмкіндік
бергенде ғана ӛзекті болатын қасиет[116].
A.B.Хуторский,
E.H.Погребная,
Г.М.Кулешовалардың
ойларынша,
креативтіліктің қалыптасуына бағытталған оқыту келесі қағидаларға
негізделеді:
-сыртқы білім беру ӛнімінің, оның ішкі қажеттіліктеріне сәйкестік
қағидасы;
- білімгердің білім алу траекториясының, білім беру кеңістігіне сәйкестік
қағидасы;
-сабақтардың интерактивтілік қағидасы;
-білімгердің білім беру ӛнімін жасауына қатысты ашық коммуникация
қағидасы.
Д.Б.Богоявленская креативтілікті мәселелерді дербес анықтау мен ұсынуға
септігін тигізетін, кӛптеген жақсы бастамалардың жинақталуы мен оларды
ерекше шешуге септігін тигізетін, жеке тұлғалық және зияткерлік
қасиеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді[117].
Осылайша, креативтілік субъектінің тұлғалық сипаттамасы терінде
қарастырылып, шешу жолдары біршама немесе толығымен белгісіз, аса күрделі
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кӛптеген зерттеушілердің ойларынша,
қабілеттер, соның ішінде шығармашылық қабілеттерді арнайы оқыту арқылы
дамыту қажеттігін айтады.
П.В.Беспалов, ақпараттық технологиялар саласындағы іс-әрекеттің
креативтік сипатын атай отырып, мынаны кӛрсетеді: « ... компьютерді кәсіби
қолдану себептері, еңбектік іс-әрекетте компьютерлермен ӛзара әрекеттесудің
коммуникативтік қабілеттерін, іскерлік электрондық қарым-қатынас жасау
қабілеттерін, кәсіби тапсырмалардың түрлі дәрежелерін шешу барысында ақыл-
ой қабілеттерін қалыптастыруды туындатады. Еңбек ӛнімділігін ақпараттық
технолгияларды нақты іс-әрекет барысында қолдану мүмкіндіктері туралы
білімдер кеңейіп, оларды қолдана отырып, кәсіби міндеттерді орындау
қабілеттері игеріледі[118].
Қaзipгі таңдағы aқпapaттандырудың aуқымды кeзeңi, әлeумeттiк-
экoнoмикaлық caлaдaғы ӛзгepicтep бiлiм бepу жүйeciнe ӛзiндiк ықпaлын
тигізуде. Физиканы мeмлeкeттiк cтaндapт тaлaбынa caй oқыту үшiн, eң
aлдымeн, oқытылaтын пәннiң мaқcaты aйқындaлып, мiндeттepi әp cтудeнттiң
пән бoйыншa aлaтын бiлiм дeңгeйi xaлықapaлық білім беру дeңгeйiндeгiдeй
бoлуынa жaғдaй жacaлынудa. Бiлiктi әpi шeбep oқытушылapмeн қoca уaқыт
тaлaбынa caй жaбдықтaлғaн aудитopиялap мeн зaмaнaуи бiлiм бepу құpaлдapы
cтудeнттiң caнaлы түpдe білімді мeңгepуiнe мүмкiндiк жacaйтыны бeлгiлi.
Достарыңызбен бөлісу: |