65
Шығармашылығы қалыптасқан болашақ физика мұғалімі – зиялы, бәсекеге
тӛтеп бере алатын тұлға. Ол - зиялы тұлға ретінде, ӛз бойына адамзат
мәдениетіндегі ең жақсы қасиеттерді жинақтайды. Ол - ғылымдағы, саясаттағы,
мәдениеттегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып
жүреді. Ӛз білімін тұрақты кӛтеріп отырумен жүйелі айналысады, ӛз жұмысына
рефлексия жасауға қабілетті болады. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық
қызмет кӛрсету аясы кеңейген уақытта ӛзінің шеберлігін үнемі арттырып
отырады, ӛзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы ӛзіндік бағасы бар
болады. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы ӛз ісінің нәтижелі
болуына талпынады[108].
Біздің
тұжырымдамамызға
кӛре
болашақ
физика
мұғалімінің
шығармашылығы мына жағдайларда кӛрінеді:
- физика сабағындағы жаңа тақырыпқа байланысты қойылған мәселені
шешудегі тапқырлықта;
- физикалық есептерді, қойылған мәселелерді шеше алудың бірнеше
жолдарын кӛре алуда;
- белгілі бір физикалық тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
- жаңа формаларға сәйкес, әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды
тиімді пайдалана алуда;
- жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, ӛзгерте алуда;
- физикалық ғылыми – зерттеу жұмыстарында жаңа бағыттар бойынша ӛз
бетінше жұмыс істей алуда;
- физикадан алған білімдерін тәжірибеде, практикада тиімді қолдана алуда
және т.б.
Бiлiм бepуді ақпapaттaндыpу жaғдaйындa болашақ физика мұғалімдерін
даярлауды бүгiнгi қоғам тaлaбынa caй жaңaшa ұйымдacтыpу ғaлымдapдaн oның
пeдaгoгикaлық-пcиxoлoгиялық нeгiздepiн, тeopияcы мeн тәжipибeciн тepeң
зepттeудi, зaмaнaуи тaлaптapынa қapaй бiлiм бepу тexнoлoгиялapы мeн
әдicтepiн, білім беру ұcтaнымдapын қaйтa қapacтыpуға бeтбұpыc жacaуды тaлaп
eтeдi.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерін
оқытуды олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде физика саласы
бойынша жеке пәндерді оқыту әдістемесін дамытудың маңызы зор.
Оқытушының ақпараттық құзыреттілігі ретінде біз оның болашақ физика
мұғалімдерін даярлауда жоғарырақ нәтижелерге жету үшін, олардың
креативтілігін қалыптастыру үшін ақпараттық технологиялар кӛмегімен
педагогикалық инновацияларды пайдалану қабілетін түсінеміз. Ақпараттық
құзыреттілік технологиялық ойлаудың жалпыланған іскерлігі арқылы кӛрініп,
оқытушының бойында аналитикалық, болжау, жобалау мен рефлексивті
іскерліктерінің болуын кӛрсетеді. Технологиялық ойлау дегеніміз -
педагогикалық қызметте ортаға шығып отыратын мәселелердің негізін ажырата
отырып, ақпараттық технологиялар кӛмегімен оларды шешудің тиімді
жолдарын таба білу.
Біз қазіргі зерттеулерге сүйене отырып, тұлғаның ақпараттық
мәдениетінің қалыптасу үдерісі тұлғада креативтілік қасиеттерінің дамуына
66
әсер ететіндігін пайымдауымызға болады. Осылайша, Н.И.Гендина тұлғаның
ақпараттық мәдениеті олардың қабілеттерін дамытудың негізі ретінде
креативтік және инновациялық іс-әрекетін қарастырады. Н.И. Гендина
ақпараттық технологиялар саласындағы креативтілігі қалыптасқан болашақ
маманға жұмыс берушілердің қоятын маңызды талаптардың қатарына
жатқызатын келесі себептерді ерекшелейді[109]:
- қазіргі қоғамның ауыспалылығы;
- қазіргі заманғы адам үшін ақпарттың үлкен ауқымын игеруі мен оған
бейімделуі үшін қажеттілігі;
- білім беру саласындағы ӛзгерістерден туындаған, бәсекелестік күресінің
ӛршуі.
Біздің ойымызша ақпараттық мәдениет «ақпараттық заңдарды, ақпаратпен
ӛзара әрекеттесу құралдарын білу, ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды игеру және оларды оқу үдерісінде пайдалану шығармашылық
қызметтің іске асуын және қолданбалы бағдарлылықты дамытып, сонымен
қатар, үздіксіз білім мен ӛзіндік оқу үшін қажетті қор болады» [110].
В.А.Рыжов, A.B.Корниенко оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту курсын
енгізді. Курстың басты идеясы шешімдерді қабылдау үшін басқару
тәжірибесінің ұжымдық технологияларын және әдістерін игеруден тұрады.
Басты назар шығармашылық пен инновацияларға беріледі. Курстың келесі
күрделі дидактикалық құрауышы шығармашылық ойды дамыту мен креативтік
іс-әрекетті қолдау үшін әдістер мен құралдарды игеру болып табылады[111].
Сәйкес зерттеулерде ақпараттық технологияларды креативтіліктің дамуы
барысында қолдану негізгі екі бағыттарда қарастырылады:
1. Ақпараттық технологиялар білімгерлердің креативтілігін дамыту
барысында
оқыту
құралы
ретінде
(О.Н.Захарова,
К.Г.Кречетников,
О.П.Ромашкина, A.B.Шевырѐв, М.Н.Романчук). Бұл бағыт бағдарламалық
қамтамасыз етуді арнайы пәндерге оқыту барысындағы қосалқы құрал ретінде,
сонымен қатар, оқыту үдерісіне шығармашылық жобалардың іске асырылуына
септігін тигізетін, арнайы бағдарламалар кешенін енгізуді қарастырады(сатып
алынған немесе дербес жасалған). Нәтиже ретінде ойлау жылдамдығы, ойлау
икемділігі, нақтылық секілді тұлғаның креативтік қасиеттерінің қалыптасуы
кӛрсетіледі. Әсіресі, К.Г.Кречетниковтың ойынша, оқыту үдерісінде
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану келесі
себептермен анықталады[112]:
-білім
беруді
дербестендіру
бойынша
ақпараттық
және
телекоммуникациялық технологиялардың кең мүмкіндіктерімен;
-ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы білімгерлердің ынтасын арттырумен;
-білім алушылардың белсенді дербес іс-әрекеті үшін ауқымды алаң
ұсынумен;
-байланыстар ауқымын қамтамасыз етумен;
-түрлі сезім мүшелеріне кешендік әсер мүмкіндігімен;
-оқыту материалының жоғарғы кӛрнекілігімен;
Достарыңызбен бөлісу: |