Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет32/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65

 
73 
5-кестенің жалғасы 


III 
Болашақ  физика  мұғалімдері  ешбір  қиындықсыз  ауызша  ақпараттарды 
графикалық  немесе  таңбалық  түрге  ауыстыра  алады.  Теориялық  материалдарды 
ӛзіндік  жаңа  жаағдайларға  бейімделген  есептерді  шығаруда  қолданады.  Түрлі 
шығармашылық  жұмыстармен  айналысады.  Физикалық  приборлар  құрастырады. 
Физикалық  теориялардың  негізгі  қағидаларын  толық  меңгерген,  лабораториялық 
жұмыстардың  ең  күрделі  тапсырмаларын  орындай  алады.  Ғылыми  –  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізуде  шығармашылық  танытады.  Қалыптан  тыс  шарты 
анықталмаған  есептерді  де  шығаруға  қабілетті  болады.  Есептерді  компьютерде 
шығару үшін оның алгаритімінде құрай алыд, физикалық құбылыстардың моделін 
құрай  алады  және  компьютерлік  бағдарламалармен  байланыстыра  алады. 
Зерттеушілік  бағыттағы  кез  келген  мәселені  ӛз  бетінше  іздеп  шешеді,  ӛзінің 
қабілетін  дамыту  бағытында  жұмыс  істейді.  Креативтілігі  қалыптасқан 
студенттерді жатқызамыз.  
 
Жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқыту  үдерісінде  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  шығармашылық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  әртүрлі  бағыттарда, 
физикалық  теориялар  мен  заңдарды  игеруде,  физикалық  шамалар  мен  ұғымдар 
енгізу  барысында,  тәжірибелік  жұмыстар  кӛрсетуде,  факультативтік  және 
аудиториядан тыс сабақтарда т.б. жүргізіледі.  
Шығармашылықтың  негізгі шарттарының бірі  физикалық  әр-түрлі білімдер 
жүйесінің  құрылуын,  бір  жүйе  мен  екінші  жүйенің  арасындағы  байланысты 
ашып, олардың бір-біріне ауысуын қамтамасыз ету және пайда болған жүйелерді 
сан қилы кӛзқарастар негізінде қайта қарау болып табылады. Осыған байланысты 
оқытушының  негізгі  қызметінің  бірі  –  білімнің  байланыссыздығы  мен 
бытыраңдылығымен  күрес,  теориялық  қорытындылардың,  негіздемелердің 
үйлесімділігі  мен  студенттердің  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  ішкі 
механизмін  терең  де,  саналы  игеруін  қамтамасыз  ету,  құбылыстардың 
арасындағы  феноменологиялық  және  микроқұрылымдық  байланыстарды  ашу. 
Студенттер  физика  ғылымының  бірнеше  ғасыр  бойы  даму  жолындағы 
жинақтаған  білім  қорын,  аз  уақытта,  талантты  әдіскер  оқытушының  ұстаздық 
етуімен  оқыса  да,  түгелдей  меңгереді  деу  қисынсыз.  Дегенмен,  осы  оқу 
жоспарымен  шектелген  аз  білімді  тәжірибелік  байқаулар,  теориялық 
негіздеулермен игеру, алған білімдерін пратикада, лабораториялық жұмыстарды 
ӛзінше жасау үдерісінде шығармашылықпен қолданылуын қамтамасыз ету керек.  
Біздің  жүргізілген  зерттеулер  әлі  де  кӛптеген  болашақ  физика  пәнінің 
мұғалімдері оқулықтарды физикалық терминдер мен ұғымдардың сӛздігі ретінде 
пайдаланатынын  анықтамаларды,  заңдар  мен  постулаттарды  жаттанды  айтып 
беруіне қатты кӛңіл бӛлетінін кӛрсетті. Болашақ физика мұғалімдері физикалық 
заңдарды,  олардың  анықтамаларын  білмеуі  керек  деген  ойдан  аулақпыз,  әрине 
олар  физикалық  терминологияларды,  негізгі  заңдарды  жақсы  білуі  қажет. 
Студенттер  физиканың  жеке  салаларын  игеру  барысында  теориялық 
жалпыламаларға,  қорытындыларға  әкелетін  байқаулар,  тәжірибелік  мәліметтер 
жиынын  нақты  пайдаланып,  теориялық  болжамдарды  ешкімнің  кӛмегінсіз  ӛз 


 
74 
беттерінше  жасауы  және  олардың  дұрыстығына  тәжірибелер  арқылы  кӛз 
жеткізулері тиіс. Мысалы, «Толқындық оптика» тақырыбы бойынша студенттер 
жарықтың  интерференция,  дифракция,  дисперсия,  жарық  поляризациялануына 
арналған  тәжірибелерді  кӛрсетудің  маңызы  зор.  Кӛптеген  студенттер 
«Геометриялық  оптика»  тақырыптары  бойынша  линзалардың  түрлерімен  осы 
линзалар  арқылы  заттардың  кескіндерін  алуда  қиналады.  Бұл  үшін  студенттер 
жүйелі түрде шығармашылық жаттығулар, тапсырмалар мен байқаулар орындап 
отыруы тиіс.  
Шартты түрде физикалық білімді меңгеру үдерісін үш сатыға бӛлуге болады: 
-  студенттер  меңгерген  мағлұматтарды  түсінеді  және  есінде  сақтайды.  Осы 
мағлұматтарды, 
демонстрациялық 
тәжірибелерді, 
оқулыққа 
жазылған 
материалды  қайталап  айтып,  жасап  бере  алады.  Ӛтілген  тақырыптарға  сәйкес 
берілген, дайындалған тапсырмалар мен мәліметтерді ӛз бетінше орындай алуға 
ұмтылады.  
- физикалық материалдарды меңгерудің екінші сатысында студенттер алған 
білімдерін  белгілі  жағдайларда  ӛздеріне  белгілі  амалдар  мен  тәсілдерді,  яғни 
алгоритмдерді  пайдаланып,  қолдана  алады.  Олар  формулаларды  пайдаланып 
есептер шығарады, орындау жолы түгелдей кӛрсетіліп қойылған лабораториялық 
ӛлшеулер  жүргізеді,  белгілі  ережелерді,  заңдарды  кейбір  құбылыстар  мен 
үрдістерді ӛздері түсініп айтып беруге тырысады. 
-  алған  білімдерін  жаңа  жағдайларға  қолдану,  жаңа  құбылыстарды 
түсіндіруге  ауыстыру,  қандай  заң,  қандай  құбылыстың  негізінде  жатқаны  анық 
болған  кездегі  проблемалық  мәселелерді  қандай  жолмен,  қандай  амалдарды 
пайдаланып  шешу,  физикалық  білімдерді  игерудің  үшінші  сатысы  болып 
табылады.    Бұл  сатыдағы  студенттер  шығармашылық  есептерді,  жаттығуларды, 
лабораториялық жұмыстарды ӛз беттерінше жүйелі орындап отырады. 
Мектептердің  жұмыс  практикасында  бірқатар  себептерге  байланысты 
оқытудың  үшінші  сатысы  оқушылар  үшін  кӛп  жағдайларда  орындалмайды  деп 
санауға  болады.  Осыған  сәйкес  оқушылардың  басым  кӛпшілігі  жаттанды  білім 
алып  шығады,  ал  шығармашылық  ойлауды  талап  ететін  бұрын  кездеспеген 
құбылысты  түсіндіруге  арналған  қарапайым  мәлелелерді  шешуге  қиналады. 
Сондықтан  болашақ  физика  мұғалімінің  ӛзі  оқушының  шығармашылығын 
қалыптастыруға дайын болуы қажет.  
Физика  пәні  –  тәжірибелер  жасап,  соның  нәтижесіне  сүйеніп,  шешім 
қабылдайтын 
ғылым, 
сондықтан 
шығармашылық 
жаттығулар 
мен 
тапсырмалардың тиімді түрлерінің қатарына, қандай да бір құбылысты зерттеуге 
арналған, шығармашылық лабораториялық жұмыстар жатады. Тәжірибелік және 
алдын  ала  болжанған  нәтижелердің  сәйкес  келуінің  ӛзі  білімге  ынтаны 
арттырады, ізденіске талпындырады. 
Физиканы  оқытуда  компьютерлiк  техниканы  қолдану  болашақ  физика 
мұғалімдерінің ӛз бетiмен теориялық жолмен iздену негiзiнде шығармашылық 
типтегi  iскерлiктi  қалыптастырады.  Шығармашылық  қабiлеттiң  дамуы  үшiн 
жаңа  мүмкiндiктер  қағидасы  ойлау  теориясын  ашады.  Компьютерлiк  нұсқа 
әзiрлеу  мәндi  жайтқа  байланысты  жан  жақты,  ӛзiнше  тұжырым  жасауға, 
оқиғаның  құбылыстың  ӛту  жағдайына  әсерi  сонымен  қатар  қол  жеткен 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау