Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет37/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65

 
83 
талдау  нәтижелері  дәстүрліден  ӛзгеше,  алайда  оған  ұқсас  оқытудың  жаңа 
жүйесін  құруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жүйе  жаңа  байланыстар  мен  жаңа 
құрылымдарға  ие.  Мұндай  жаңа  жүйе  компьютерлік  оқытудың  дидактикалық 
моделі  деп  аталады.  Физиканы  компьютерлік  оқытудың  дидактикалық  моделі 
бес ӛзара баййланысқан компоненттерден тұрады: оқыту мақсаты, оқыту әдісі, 
оқыту  құралы,  оқу  формасын  ұйымдастыру  мен  оқыту  мазмұны,  меңгеруін 
бақылау және жоспарланған білім сапасын саралау. 
Жалпы дидактикада оқытудың мақсаты даму, білім беру және тәрбиелеуді 
біріктіріп қарастырады. 
Жоғары оқу орнында «Оптика» пәнін оқыту мақсаты:   
-  пәнде  оқытылатын  негізгі  заңдылықтар  мен  құбылыстарды  меңгеруді 
жеңілдету,  ӛз  бетінше  анықтама  бере  алу  қабілеттіліктерін  қалыптастыру; 
креативтілігін қалыптастыру; 
- есептерді  ӛз  бетінше  талдай  алу,  есептердің  шартын  ӛзгерте  алу,  жаңа 
есеп құрастыра алу қабілеттіліктерін қалыптастыру;   
- зерттеу  жұмыстарын  орындауда  ерекше  ой  туғызу,  икемді  ойлау,  ойлау 
жылдамдығы секілді кӛрсеткіштерін қалыптастыру; 
- жаңа  нәрсені  жасай  алуға,  ерекше  идеяларды  таба  алуға,  жаңа  идеяларға 
сынақ жүргізе алуға үйрету; 
-   компьютерді  меңгеру  арқылы  ӛзіндік  тұжырым  жасауға  және 
компьютердің кӛмегімен шығармашылық жұмыс жасауға ұмтылу; 
-   компьютердегі ӛзіндік жұмыс нәтижелеріне, ӛзінің жіберген қаателеріне 
жеке жауапкершілік алу; 
-  таңдаған мамандыққа қызығушылықты арттыру   
Қысқаша  мазмұны:    Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  білім  беру  стандарты  бойынша  жоғары  оқу  орындарында  5В011000-
Физика  мамандығы  бойынша  «Оптика»  пәнінің  мазмұны  тӛменде  келтірілген. 
Осы  аталған  тақырыптар  «Оптика»  пәні  бойынша  біздің  жасаған  әдістемелік 
жүйеміз  бойынша  оқытылды  аталған  тақырыптарды  оқыту  бойынша 
әдістемелік  кешен  жасалынған,  барлық  тақырыптар  бойынша  білімдер 
келтірілген.  Кейбір  тақырыптар  бойынша  оқыту  әдістемесіне  келесі  тарауда 
тоқталамыз.    
Фотометрия.  Жарық  шамалары.  ЭМ  толқындар  шкаласы.  Жарықтың 
табиғаты  туралы  ілімнің  дамуы.  Ферма  принципі.  Жарық  жылдамдығы. 
Энергиялық  бірліктер  мен  олардың  арасындағы  қатынастар.  Пішіні  әр  түрлі 
кӛздерден шығатын жарық ағыны.  
Аталған  тарауда  жарық  әсері  жарық  толқындары  тасымалдайтын 
энергиямен  анықталатынын  ескеріп,  бұл  энергияны  сипаттау  үшін  енгізілетін 
бірнеше  ұғымдар  мен  арнайы  бірліктердің  тиімді  оқытылуын  қамтамасыз  ету 
қажет.     
Когеренттілік.  Монохрамат  жарықтың  интерференциясы.  Когерентті 
тербелістер  алу  жолдары.    Жазық  толқындардың  интерференциясы.  Екі 
нүктелік  жарық  кӛздерінен  шығатын  толқындардың  интерференциясы. 
Толқындық  фронтты  бӛлу  және  амплитуданы  бӛлу  әдістері  бойынша 
тәжірибелер.   


 
84 
Жарық  интерференциясын  бақылау  тәсілдері.  Интерференциялық 
жолақтарды  локализациялау.  Кӛлбеулігі  бірдей  және  қалыңдығы  бірдей 
жолақтар. 
Ньютон 
сақиналары. 
Квазимонохромат 
жарықтың 
интерференциясы.Интерференция  апертурасы.  Интерференция  құбылысын 
қолдану. Фурье-спектрометрлері.  
Дифракция 
құбылысы. 
Гюйгенс-Френель 
принципі. 
Қорытынды 
амплитуаны  есептеу.  Френель  зонасы  санының  саңылау  радиусы  мен 
бақылаушының  және  экранның  ӛзара  орналасуына  тәуелділігі.  Зоналық 
пластинка. Дӛңгелек саңылаудағы, дӛңгелек бӛгеттегі дифракция. 
Фраунгофер  дифракциясы.  Дифракциялық  тор.  Интесивтілікті  есептеудің 
графиктік  және  аналитикалық    әдістері.  Максимум  және  минимум  шарттары. 
Саңылау  енінің,  жарық  кӛзі  ӛлшемдерінің  әсері.  Дӛңгелек  саңылау  мен 
экрандағы дифракция.  
Кеңістік 
құрылымдарындағы 
дифракция. 
Рентген 
сәулелерінің 
дифракциясы  Голография.  Бейненің  голографиялық  жазу  әдісінің  физикалық 
негіздері. Кӛпӛлшемді құрылымдағы дифракция. Брэгг-Вульф формуласы. Лауэ 
әдісі. Кристалды айналдыру әдісі.  
Геометриялық  оптиканың  негіздері.  Табиғаттағы  сыну  және  рефракция 
құбылыстары. Жарық талшықтары. Геометриялық оптиканың негізгі ұғымдары 
мен  анықтамалары.  Оптикалық  бейнелердің  геометриялық  теориясының 
бастамалары. Сфералық бетте сыну. Центрленген оптикалық жүйе. Жұқа линза 
формуласы.  
Жарық  поляризациясы.  Жарықтың  анизотропты    ортада  таралуы. 
Жарықтың 
электромагниттік 
теориясының 
шеңберіндегі 
сәуленің 
поляризациясын  бейнелеу.  Жарық  толкындарының  кӛлденеңділігі.  Сызықты 
поляризацияланған жарық. Малюс заңы. Брюстер заңы. Жарықтың қосарланып  
сынуы.  
Жасанды 
анизотропия. 
Поляризация 
жазықтығының 
бұрылуы. 
Поляризациялық  құралдар,  қалыңдығы  θ  толқын  ұзындықты  және  γ  толқын 
ұзындықты пластинкалар. Табиғи оптикалық активтілік. Сахарометрия.  
Жарықтың  затпен    әсерлесуі.  Ортаның  электрлік  және  оптикалық 
қасиеттері.  Екі  диэлектриктің  шекарасында  электромагниттік  толқынның 
шағылуы  мен  сынуы.  Френель  формулалары  және  одан  шығатын  салдар. 
Ортаның шағылу коэффициенті. Поляризациялану дәрежесі. 
Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың заттағы таралуының микроскопиялық 
бейнесі.  Дисперсияның  классикалық  электрондық  теориясы.  Сыну  және  жұту 
кӛрсеткішінің жиіліктен тәуелділіктері.  
Жарықтың  жұтылуы.    Жарықтың  шашырауы.  Жарықтың  жұтылуын 
классикалық  теория  тұрғысынан  түсіндіру.  Бугер-Ламберт  заңы.  Жұтылу 
коэффициенті.  Жұтылу  коэффициентінін  интенсивтілікке  тәуелділігі.  Мӛлдір 
емес ортадағы жарықтын шашырауы.  
Жылулық сәуле шығару. Заттың сәуле шығару және жұту қабілеттері мен 
олардың  қатынастары.  Абсолют  қара  дененің  моделі.  Стефан-Больцман  заңы, 
Вин  ығысу  формуласы.  Рэлей-Джинс  формуласы.  Сәуле  шығарудың 
классикалық теориясының шектелуі. Кванттық теорияның элементтері.  


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау