басшылық стильдерінің матрицасы басқаруға екі қатынастың əр түрлі
комбинацияларының өзара үйлесуін береді: адамдарға қамқорлықпен
жəне өндіріс үрдісіне күш сала отырып басшылық жасау. Матрица
дегеніміз – əр қайсысын 9 бөлікке бөлген 2 шкаланың қиылысуы
болып табылады. Тігінен ұжымды басқарудағы адамдарға қамқорлық
дəрежесі, ал көлденеңінен өндірістік үрдіске басшылық жасау дəрежесі
қойылады. Барлығы 81 ұстын (9х9), яғни басқару стилінің 81 нұсқасы
алынады.
Компанияны басқару кезінде мінез-құлық нұсқауларының
əрқайсысын аталған матрицадан алынған кез келгенімен салыстыруға
болады. Р. Блейк пен Дж С. Моутон матрицаның 5 шеткі жəне
неғұрлым тəн ұстынын сипаттады.
1. Авторитарлық басшылық.
Бұл ұстын басшысы өндіріс туралы қамқорлық болып табылатын
жəне ешқандай əлеуметтік қызметті мүлдем жүзеге асырмайтын
менеджерлерге
тəн.
Олар
қызметті
жанама
нəтиже
деп
таниды.Олардың есептеуінше, басқару шешімдерінің сапасы ол
қабылдаған бағыныштылардың қатысу дəрежесіне тəуелді емес.
Осындай менеджерлерге тəн оң белгіне жоғары жауапкершілік
деңгейі, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық дарын, зайаткерлік тəн.
Бірақ мұндай басшылар мен бағынушылар арасында үнемі қашықтық
сақталады, тікелей байланыс пен өзара түсіністік жиі қалыс қалады,
топтық тəртіптің қанағаттанарлық деңгейі ғана сақталады.
2. Əлеуметтік басшылық (либералдық стиль). Бұл ұстын өз
бағыныштыларына айрықша назар аударатын басшыларға тəн. Мұндай
менеджерлер табыс негізін ұжымдағы сенім, өзара түсіністік ұстау деп
санайды.
3. Өндірістік-əлеуметтік басқару (ымырашылдық стиль). Бұл ұстын
адамдар
туралы
қамқорлықтықты
өндіріс
туралы
қамқорлықпенүйлестіре білетін басшығы тəн. Мұндай менеджердің
есептеуінше, барлық жағдайда ымыра-жақсы шешім, ол нəтижелі
басқаруға негіз. Шешім қабылдау үрдісіне бақылау жасау өндіріс
үрдісіндегі бақылауды жүзеге асыруға жұмысшалар үшін өтемақы
болып табылады. Мұндай белгілердің басшылардың оң белгісі
тұрақтылақ,
бастаған ісіне құлшыныс, ойлаудың стандарттық еместігі,
алға басушылық көзқарастар. Бірақ, өкінішке қарай, көзқарастардың
алға басушылығы басқару стилінің өзіне тікелей аз таралады.
4. Қарапайым басшылық немесе «жұмыстағы демалыс»
(ұйымшылдықты бұзу, берекені кетіру: барлығын уыстан шығарып
алу). Бұл ұстын өзінің бағыныштыларына да, өндірістік үрдіске де
салқын, сылғырт қарайтын басшыға тəн. Оның есептеуінше,
67