ақпаратты жəне мақсатты моделдерді оңдейтін əдістері бар мамандар
болу керек. Бұл мамандардың құрамы мен саны кəсіпорынның өзінше
бұл күрделі жəне жоғары профессионалды жұмысты қажет ететін
мүмкіндігіне байланысты. Егер мұндай мүмкіндіктер шектеулі болса,
біздің
мемлекетімізде
қалыптаса
бастаған
нарықтық
инфрақұрылымның
элементтерін
басқару
бойынша
сырты
кеңесшілерді, жаңалық енгізу мамандарын, ақпараттық технологияны,
есептеу əдістерін қолдану керек.
10 кесте
Тапсырманы тұжырымдау миссиялары
Ұйым
Тапсырма
Автомобиль зауыты
Бəсекеге қарағанда таза экологиялық дигательмен
жəне төмен бағамен жоғарғы тұтынушыларға сапалы
машиналар шығару
Коммерциялық банк
Қазақстандағы жоғарғы сапалы қаржылық қызмет
спекторын жасау арқылы орта жəне кіші бизнестің
құралуын жəне дамуына көмектесу. Тұрғындарға
барлық операциялар бойынша қызмет жасау.
Зергерлік көркемдік фирма
Əр түрлі дəрежедегі тұтынушыға кең көлемде қол
жеткізе алатын қымбат металдар мен тастардан
жасалған бұйым.
Мемлекеттік кəсіпорын
Тəжірибелі құрастырушы
бюро
Бұл қызмет ғылыми техникалық потенциал саласының
дамуына бағытталған. Қоршаған ортаны сақтайтын
жəне қорғайтын жоғары деңгейлі өндірісті қорғау
жəне жұмыс орындарымен өндіріс мəдениетін жасау.
Офистерге арналған құрал-
жабдықтарды шығаратын
компания
Мақсат – ыңғайлықпен еңбек шарттарына қамқорлық
жасай отырып əкімшілік, ғылыми жəне адам мəселесін
шешу
Инвестициялық компания
Табысты жəне болашақта дами алатын əр сала
капиталын инвестрлеу
Өндіріс ұйымның мынандай қызмет түрлерін: өндірістің
құралдарын алу, сақтау жəне бөліп беру, қолданылатын ресурстарды
соңғы өнімге айналдыру, оны сақтау жəне бөліп беру, сатудан кейінгі
қызмет көрсетуді қамтиды.
44
Бұл жүйе бойынша мақсатты белгілеуде орындалатын жұмыс
түрінің əр түрлілігін ескеру қажет. Өндіріске дейінгі дайындық
тауарларды, шикізатты, материалды қабылдаумен, қоймада сақтаумен,
қорды басқарумен байланысты. Өндірістің өзі машиналық оңдеуді,
жинауды, сапаны бақылауды, қаптаманы, құралдың техникалық
қызмет көрсетуін қажет етеді, нақты өніс емес жұмыс дайын
тауарларды қоймаға таратумен, тапсырысты өңдеумен, тауарды
жеткізумен байланысты. Сатудан кейінгі қызмет көрсету орнатып
беру жұмыстарын, ремонтты, қор бөлмектерін алдуды қажет етеді.
Ұйымның мұндай күрделі жүйесінің мақсаты – тауар көлемін өнім
ассортиментін, сапасын, еңбек өнімділігін, шығындарын көрсететін
көрсеткіштердің жүйе түрінде белгіленуі.
Өнім ассортименті – кəсіпорынның өніміндегі, өндіріс саласындағы
немесе тауарлардың қандай да бір тобындағы заттардың бөлек түрінің
құрамы мен сəйкес келуі. Сапа объектінің нақты болуын көрсететін
философиялық санат. Еңбек өнімділігі – уақыт бірлігінде өндірілген
өнім саны немесе өнім бірлігін өндіруге жіберген уақыт бірлігімен
өлшенетін өндіріс процесіндегі еңбек тиімділігі. Шығындар əр түрлі
болады жəне бағаны құрайтын негізгі элементтің бірі болып табылады.
Зерттеулер мен өңдеулерге байланысты жүйе кəсіпорында жаңалық
енгізудің мақсатын іске асырады. Оның бағыты – бұл өнімнің жаңа
түрлерін жəне ауыстыру үшін қызмет көрсетуді іздеу, ғылыми
зерттеулер мен оңдеулерді өткізудің мақсатын белгілеу, жаңалық
енгізу
жəне
кəсіпорынның
барлық
жұмысының
түрін
модернизациялау.
«Персонал» жүйесінің мақсаты – еңбек ұжымымен жұмыс,
жұмысқа алу, қызметкерлерді жұмысы бойынша белгілеу, оқыту,
кəсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысы мен алға жылжуына
бағытталады. Бұл жүйенің маңызды мақсаты – кəсіпорынның жалпы
мақсатын шешуде қызметкерлердің жоғары қызығушылығын танытуы
үшін жағымды климат құру болып табылады.
Кəсіпорынның қаржылық жүйесі өзінің қызметін қаржылық,
немесе салық ұйымдарына бюджетті құруға (жалпы кəсіпорын, оның
бөлімшелері мен программалары бойынша) бағыттайды. Бюждет – бұл
белгілі бір уақытқа мемлекеттің, кəсіпорынның, жанұяның табысы мен
шығысының жазылуы.
Кестеде əр жүйе алдында қойылатын негізгі мақсаттың мысалы
келтірілген. Нақты жағдайда бұл мақсаттар нақтылы жəне сəйкес
көрсеткіштер көмегімен сəн жүзінде өлшенуі керек. Байқасаңыз,
көрсетілген жүйелер – бұл басқарушылық қызметтің бағыты болып
табылады.
45
11 кесте
Функционалды
жүйе асты
Негізгі мақсат
Маркетинг
Нарықты өнімді (белгілі бір түрін) сату бойынша бірінші
орынға шығу
Өндіріс
Өнімнің барлық (немесе нақты) түрін өндіруде еңбек
өнімділігін жоғарлату
Ғылыми-зерттеу
жұмыстары
(инновациялар)
Сату көлемі табысының нақты процентін зерттеуге жəне
өңдеуге қолдана отырып, өнімнің, қызмет көрсетудің жаңа
түрлерін енгізу бойынша лидерлік позицияны жаулап алу
Қаржы
Қажетті деңгейде барлық қаржылық ресурс түрлерін сақтау
жəне қолдау
Персонал
Қызметкерлердің творчествалық потенциалын дамытуына
қанағаттанушылықтың деңгейін жоғарылатуына, жұмысқа
қызығушылық танытуына қажетті шарттармен қамтамасыз
етеді
Менеджмент
Жоспарланған қорытындыны алуды қамтамасыз ететін
приоритетті мақсатты жəне басқарушылық əсер етудің
дағдарыс облыстарын анықтау
Менеджердің
қызметінде
көп
мақсатты
сипаттама
бар.
Бағдарламалық мақсаттармен қатар олар ағымдағы жəне оперативті
мəселелерді шешуі қажет. Экономикалық, мəселелерден басқа
олардың алдында əлеуметтік, ұйымдық, ғылыми жəне техникалық
мəселелер тұрады. Уақтылы қайталанатын дəстүрлік мəселелермен
қатар олар оқыс жағдайларда да шешім қабылдауы қажет. Мақсаттың
классификациясы мəселенің нақты болуына жəне мақсат кластары
үшін сəйкес өңделген механизм мен əдістерді қолдануға көмектеседі.
12 кесте
Менеджмент мақсатының классификациясы
Классификацияның
критериилері
Мақсат топтары
Мақсат топтары
Белгілеу кезеңі
Стратегиялық Тактикалық
Əлеуметтік
Техникалық
Саяси
Мазмұны
Экономикалық
Ұйымдық
Ғылыми
Əлеуметтік
Техникалық
Саяси
Құрылымдық
Маркетингілік
Инновациялық
Кадрлық
Өндірістік
Қаржылық
Əкімшілік
46
Достарыңызбен бөлісу: |