Рабочая учебная программа Оқу пәні / Учебная дисциплина: Мәнерлеп оқу/ Выразительное чтение



жүктеу 76,43 Kb.
бет2/10
Дата14.03.2023
өлшемі76,43 Kb.
#41756
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
РУП манерлеп оку МТ 191-1г

«Мәнерлеп оқу» пәнінің осы оқу жұмыс бағдарламасы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылгы 15 маусымдагы № 384 бұйрығына өзгерістер толыктырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығына сәйкес 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 010101 3 – «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі), 010102 3 - «Тәрбиеші-ана (патронат тәрбиешісі)», 010103 3 - «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктіліктері бойынша әзірленген.
Оқу жұмыс бағдарламасы «Мәнерлеп оқу» пәні мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумдарына және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды іске асыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмыс бағдарламасын құруға негіз болады.
Оқу жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік және тағы басқа), мультимедиалық жұмыстарды, дидактикалық материалдарды және модельдерді, электронды оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану ұсынылады.
Пәнді оқытуда проблемалық, дамыта, деңгейлеп-саралап, ұжымдық оқыту, жобалау, зерттеу, ақпараттық ойын технологиялары және сабақты талдау, жинақтау, салыстыру, индуктивтік, дедуктивтік әдістер қолданып, шығармаларды нақышына келтіріп оқытуына көңіл бөлу.
«Мәнерлеп оқу» пәнінің мақсаты — көркем мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Пәннің міндеті - мектепке дейінгі балалардың көркем сөйлеу әрекетін қалыптастырып, сөйлеу техникасы, дем алу, дикция дұрыс дыбыстау, оқу қисынын қалыптастыру, кідіріс жасау, ой екпінін қоя білу, ымишара мен қимыл-әрекетін тиімді қолдану, ертегі айту, өлең мен прозалық шығармаларды мәнерлеп оқу, мысалдарды нақышына келтіре отырып айту, шағын фольклорлық шығармаларды орындау ерекшеліктері мен көркем шығармаларды сахнаға қоюға ыңғайлау және мультимедиалық тапсырмалар арқылы әртүрлі тіршілік иелерінің даусын сала отырып мәнерлеп оқу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Мәперлеп оқу бағдарламасында мәнерлеп оқудың амал-тәсілдері, мәнерлеп оқуға, әңгімелеуге әзірлік кезеңдеріне арналған теориялық мәселелер қамтылған.
Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы мынадай тарауларды меңгереді: мәнерлеп оқудың сөз өнеріндегі орны, сөйлеу техникасы, тыныс алу жүйесі, дикция, дыбыстарының айтылу аппараты, әдеби жанр түрлері, жаттығу жұмыстары, мультимедиалық жұмыс түрлері, шығармашылық тапсырмалар.
Бағдарлама бойынша бұл пән II, III курстарда оқытылады.
Мәнерлеп оқу пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы білім ұйымының жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
- үлгілік оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемін әлеуметтік серіктестіктің сұранысы бойынша арнайы пәндердің мазмұны мен сағат сандарын (теория және тәжірибелік) 50%-ға дейін өзгертуге кұқылы;
- бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджетгік көлемдегі уақыт);

  • бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;

  • жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға құқылы.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі (соның ішінде резервті уақыт есебінде) жергілікті шарттарды және жұмыс берушінің талаптарын есептегенде аймақтық компонентерді енгізген жағдайда терендетілген немесе кеңейтілген жағына өзгеруі мүмкін.

жүктеу 76,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау