бөлім. Сөйлеу техникасы
тақырып. Сөйлеу техникасының қызметі.
Сөйлеу техникасы. Сөйлеу техникасының негізгі мақсаты. Демалу және оның түрлері. Сөйлеу кезінде дұрыс дем алу ережелері. Қабырғалы-диафрагмалық демалу жаттығулары. Дауыс. Дауыс өзгермелілігі. Дауыс гигиенасы, ережелері.
тақырып. Сөйлеу техникасын меңгерудің жолдары.
Сөйлеу мәдениетін оқытуда жүктелетін міндеттер. Орфоэпиялық зандылықтарын қатаң сақтауды қалыптастырудағы дағдылар. Әр тілдің өзіне тән мағынасы, қолданылатын аясы, стильдік реңі, тіркесетін сөздері. Сөйлеу мәдениеті оқу-әдістемелік кешені мен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен фонетикалык зандылықтары туралы теориялық білімі.
тақырып. Сөйлеу қалпының әуені.
Сөйлеу қалпының әуені. Мәнерлеп оқу кезінде, қалыпты оқуға қойылатын талаптар. Сөйлеу әуені. Сөйлеу әуенін түзейтін дыбыс зандылығы.
тақырып. Дауыс ырғағы.
Дауыс ырғағының жоғары-төмен болуы. Дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, жылысуы. Нормалы дауыс ырғағын меңгертудегі грамматтикалық ережелер зандылықтары. Грамматикалық тұлғалардың ауытқуы. Тыныс белгілер, сөйлем мүшелері мен сөз тіркестерінің мағыналарына дауыс ырғағының әсері. Дауыс ырғағымен жұмыс жасағанда мына тақырыптармен байланыстыру: «Менің отбасым», «Жол ережесін сақтайық», «Алтын күз», тағы басқа.
бөлім. Тыныс алу жүйесі.
тақырып. Тыныс алу мүшесінің құрылысы.
Тыныс алу мүшесі. Мәнерлеп оқудағы маңызы. Дыбыстау мүшелері. Тыныс алу аппараты. Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхалар және өкпе. Мұрын қуысының негізі сүйек пен шемір- шектен түзеліп, терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жағуы. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары
3.2-тақырып. Тыныс алу жүйесінің жұмысы.
Тыныс алу жүйелерінің жұмысын техникалық жаттығулар жасау арқылы тексеру. Доп ойнап жүріп, секіріп жүру арқылы тексеру. Жаттығулар барысында ентігетін болса, дем алуды сақтамайтындығы жайлы.
бөлім. Дикция.
4.1-тақырып. Дикция - дұрыс сөйлеудің басты кілті.
Дикция. Артикуляциялық гимнастика. Орфоэпиялық нормалардың сақталуы. Сөзді дұрыс айту, әр дыбыстың анық әрі таза болуы. Дикция деген сөз латын тілінен аударғанда «айту», «айтылу» деген мағынаны білдіруі. Дұрыс сөйлеуге жаттығу. Анық түсінікті, ұғымды сөйлеу. Дыбысты шығару мүшелерінің (тіл, ерін, жақ сүйектері) қозғалысы.
4.2-тақырып. Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу.
Дыбыстау мүшелеріне: ерін, тіс, иек, тіл, кішкене тіл, көмей жатуы. Дикциялардағы кемшіліктер сөйлеу аппаратының дыбысты шығару мүшелерінің дұрыс құрылмауы. Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысы. Тілдің ерекшеліктеріне тоқталу. Тілдік және еріндік жаттығулар.
4.3-тақырып. Дикцияның ашықтығы мен тазалығы.
Дикция. Айтудың (дикция) ашықтылығы мен тазалығы. Тіл дыбыстарының артикуляциясының жасалу міндеттері. Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді үйретудің жас аралығы. Бала тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен жасайтын жаттығулар, қойылатын талаптар.
4.4-тақырын. Оқудағы дауыстың маңызы.
Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы. Дауыстың физиологиялық міндеті (дауыстың өзіндік сапалары, күші, тазалығы, беріктігі, икемділігі мен тұрақтылығы туралы зандылықтар).
Сөйлеу нақышы туралы ұғым. Сөйлеу, оқу үрдісінде сөздің эмоциялық бояуының сөз мағынасына қарама-қарсы ұғым туғызатын зандылықтары. Сөйлеудегі дауыстың эмоциялық бояуы, оның сөз нақышына әсері. Оқудағы дауыстың маңызын бақылау үшін түрлі тақырыптармен жұмыс жасауға болады. Мысалы, «Дұрыс тамақтану-өмір зандылығы», «Дәрумен - денсаулық кепілі», «Шынықсаң, шымыр боласың», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |