«ЌР шетелдік инвестицияларды реттеу жаѓдайлары мен мѕселелері»



жүктеу 397,5 Kb.
бет4/5
Дата20.11.2018
өлшемі397,5 Kb.
#22352
1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының стаистикалық жалдығы (ежегодник) // Абдиев К.С. редакциясында, Алматы қаласы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2004 ж., 317-318 бет.
Қазақстанның жағдайында өзінің экономикалық мәселелерін шешу үшін шетел фирмалары өзін-өзі қамтамасыз ету қағидасымен жұмыс істейтін шаруашылық ұйымдарды құруы мүмкін. Мұндай ұйымдар қамтамасыз ету және бөлу торымен иемденуі керек. Мұндай жағдай батыстың шаруашылық тәжірибесіне қарама-қарсы, ол жерде жетілген рынокта бәсекелестің көбеюі кезінде компаниялар товарлармен қызметтердің бар түрлерін шығаруға, рыноктің бос жерлерін іздеуге саясат жүргізеді.

Қазақстанда бұл үрдістер керісінше жүреді, әсіресе экономикалық құлдырау және валюталық жүйенің тұрақсыздығы кезінде бартерлік және басқа да формалды емес мәмілелердің жасалуы өзіндік қамтамасыз ету көздерінің болуын талап етеді.

Қазақстан экономикасында тікелей шетел инвестициялары біріккен кәсіпорындар және 100% шетел капиталы бар кәсіпорындар түрінде ұсынылады (көрсетіледі). Республикада 2003 жылы мұндай кәсіпорынның 6597-сі қызмет етті және Алматы, Астана қалаларында және Атырау облысында орналасқан (кесте 3).

Кесте 3
Қазақстан Республикасында шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың саны

және аймақтардың ондағы үлес салмағы

(дана)






1999

2000

2001

2002

2003

Қазақстан Республикасы


1865

2366

3995

5300

6597

Ақмала


12

14

17

22

47

Ақтөбе

41

56

81

114

42

Алматы

45

90

117

117

129

Атырау

89

139

270

361

441

Шығыс Қазақстан

42

78

129

160

252

Жамбыл

21

24

26

32

40

Батыс Қазақстан

37

60

98

99

130

Қарағанды

94

150

191

246

260

Қостанай

14

35

65

76

103

Қызлорда

7

7

15

19

20

Манғыстау

33

72

75

85

138

Павлодар

26

29

37

41

50

Солтүстік Қазақстан

8

21

76

96

107

Оңтүстік Қазақстан

22

35

67

83

127

Астана қ.

121

197

270

345

378

Алматы қ.

1253

1359

2461

3404

4233

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы және біріккен кәсіпкерлігі. Стаистикалық жинақ (сборник) // Б.К. Тортаев редакциясында, Алматы қаласы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, 2004 ж., 220 бет.


Қазіргі кезде көптеген біріккен кәсіпорындар халық тұтынатын товарлардың импортымен айналысады. Мұндай импорттың белгілі бір артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мұндай жағдайларда мемлекет экономикалық механизмдерді ескере отырып, осы бағыттағы біріккен кәсіпорындар қызметін бақылап, ынталандыруы керек. Әсіресе салық жеңілдіктерін қажет ететін инвестициялық товарлардың импортын ынталандыру керек.

Біріккен кәсіпорындар өзінің қызметтерін ішкі рынокта да атқарады. Шетел инвесторлары Қазақстан экономикасының шикізат саласына инвестиция салғанды көздейді, әсіресе таукен өндірісі және жылу энергетикалық кешені таукен өндірісі кешенінде ”MINPROKCHILEVICH” және “НАК”, “Алтын - Алмас” фирмалары арасында Семей облысындағы алтын-мышьякті кендерді өндіруге арналған біріккен кәсіпорындар құруға тартылған тікелей шетел инвестицияларын мысалға келтірсе болады. Күтілетін инвестиция көлемі 198 млн.$ жылу энергетикалық кешенінде тікелей шетел инвестициялары негізінде мұнай мен газды өндіру мен іздеу салаларына салынады. Біріккен кәсіпорындардың ішінде белгілісі “TENGIZ - SHEVROIL” АҚШ-тың “SHEVRON OVERSEAS” компаниясы мен бірге олар тенгиз және Корольдік мұнай кен орындарын игереді.

Шетел инвестициясын тиімді тартып қолдану үшін инвестицияның ағымын ынталандыратын факторларды ескеру қажет. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметтің қаржылық шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер 4-ші кестеде келтірілген.

Кесте 4


Инвестициялық қызметтің қаржылық шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер

(пайызбен)








2000

2001

2002

2003

2004

Бір жыл ішінде екінші деңгейдегі банктерге берілген кредиттер бойынша сый ақының орташа безбенделген мөлшерлемесі, теңгемен

19,4


17,9


16,1


15,5


13,7


ҚҰБ-ны қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (кезең аяғына)

14,0

9,0

7,5

7,0

7,5


Ақша жиыны (МЗ) (жыл аяғына), млрд. теңге

397,0

576,0

764,9

971,2

1634,7


ЖІӨ-дегі МЗ-тің үлесі (монетизациялау кэффиценті)

15,3

17,7

20,4

23,6

29,5


Қолда бар ақшаның МЗ-тегі үлесі (жыл аяғына)

26,8

22,8

23,2

24,6

23,2


ҚР-ның алтын-валюта резервтері, млн. АҚШ доллары, жыл аяғына

2095,8

2508,2

3140,8

4962,0

9277,0


Теңгедегі АҚШ долларының бағамы

142,1

146,7

153,3

149,6

136,04


Тұтыну бағаларының индексі

113,2

108,4

105,9

106,4

106,9

Әнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексі

138,0

100,3

100,3

109,3

116,3


Құрылыстағы баға индексі

108,7

107,6

106,3

103,5

104,2

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет \\ Б.К. Тортаев редакциясында, Алматы қаласы: Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі, 2004 ж., 12 бет.
Кейбір экономикалық заңдылықтар мен сұраулардың нәтижесінде кеден және салықты реттеумен, кепілдендіру және сақтандыру жүйесімен байланысты мәселелерді шешуіміз тиіс. Біздің экономикадағы нақты салаларда шетел капиталының келуін таңдалған жеңілдіктер ынталандырады.

Тарау III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ

3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері

Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, инвестициялар бойынша шетелдiк кеңесшiлер аудиторлық және заң фирмаларын қоса алғанда, коммерциялық және экономикалық сұрақтар бойынша шетелдiк елшiлiктердiң атташелерi (олар қызығушылық бiлдiрiп, бiрақ инвестициялауға толық шешiм қабылдамаған мүмкiн инвесторлармен тiкелей таныс) қазiргi күнге дейiн республикада келiссөздер жүргiзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сәйкесiнше жағдайлар жасалмаған деп есептейдi. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстердi дәлелге алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру және даму банкi), ол бойынша Қазақстан қолайлы емес инвестициялық жағайлары бар елдер қатарына жатады. Олар жемқорлық, мәліметтерді жиі бұзу, инвестициялауды жүзеге асырудағы жоғары шығындар, виза дайындаудағы қиындықтар мен жергiлiктi iскер серiктестерiнiң сенiмсiздiгi туралы айтады. Осы проблемалардың бәрi инвесторларды кен өндiру өнеркәсiбiнен басқа өндiрiс және қызмет салаларына инвестициялаудан шошытады.

Шетел инвесторларының қатты уайымы инвестициялық процесстерге жемқорлық болып отыр. (Заирдағы Мебуту, Италиядағы бiрнеше даулар т.б.). Жеке мамандардың ойынша жемқорлықтың белгiлi бiр дәрежесiнен құтылу мүмкiн емес. Бiрақ инвестициялық процесстердегi ақшаны заусыз табу мен пара алу қазiргi кезде экономика мен қаржыны әлемдiк масштабта тұрақсыздандыра алатын көлем алды. Жемқорлықты жою бойынша үлкен жұмысты Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) жүргiзуде.

Көптеген елдерде белгiлi бiр кезеңде жемқорлық дамуды шектеу факторына айналады. Сөйтiп, Венгрияда мыңдаған адамдар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде пара күтiп тұрады мұндай жағдайдағы жасампаз және тиiмдi экономикалық қызмет тiптi мүмкiн емес. Заңды бизнес жемқорлыққа терiс қарайды. Жемқорлықтың мүмкiн деңгейi негiзiнде әрқалай. ХВҚ мәлiметтерi бойынша 2000 жылы әлемде пара мен ақшаны заңсыз табуға $5 млрд шамасында кеттi.

Әрине, ешкiм өзiне зиян жасап жұмыс iстемейдi және сондықтан барлық паралар жоба құнына қосылады, бұның кесiрiнен оның құны, эксперттер бағалауы бойынша 25-30% өседi. Бұл жағдайда елдiң сыртқы қаразы да өседi, ал жобаны өткiзу мерзiмi жемқорлық кесiрiнен 40%-ке өседi. Европалық одақта трансұлттық жемқорлық туралы хаттама дайындалып жатыр, ол бойынша мемлекеттiк шенбердi басқа жақтың сатып алуы қылмыс ретiнде қаралады. ОЭСР-де жемқорлықты болдырмау және онымен күресу туралы конвенция бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Шетел инвесторлары үкіметтік кепілдігі бар жұмысты артық көреді. Сыртқы қарыз алумен сыртқы қарызды басқару туралы Қазақстан Республикасының заңында мұндай кепілдікті беру механизмі берілген. Бірінші кезекте ол сыртқы қарыздың шегімен келісіледі. Кепілдік беретін критершілерге қатысты айтатын болсақ, заңда олардың екеуі қарастырылған: жобаның кұнынан 15 %-тен кем болмайтын мөлшерде өзінің ресурстарының болуы және мемлекеттік бюджет; бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың алдында қарыздың болмауы. Ал қалғандары жобаны қабылдайтын ведомствалардың қарауына қалады. Осылайша іріктеп алу мәселесінде бәсекенің тазалығы кепілденбеген. ТШИ-ді тиімді пайдаланған кезде ол республикалық бюджетке қарыздық жүк болмайды. Қазақстан экономикасы үшін маңызды өндірістерге қаржылық ресурстар алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл кезде шетел инвесторын таңдауда мұқият ыңғай табу керек. Көбінесе мәмілеге отырғаннан кейін инвестордың өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі анықталады. Осылайша, тек 1995 жылдың екінші жартысында отырған 21 мәміленің 7-і бұзылды. Республиканың экономикалық даму шындығы шетел тікелей инвестицияларының сыртқы қаржыландыру көзі ретіндегі басымдылығы жеңді бұл орта мерзімді инвестициялық бағдарламалар жобасынан көрінді. Бұдан ТШИ тартудың мүмкін теріс жақтарын объективті бағалау маңыздырақ, оларды есепке ала отырып бұл процестің барлық артықшылықтарын толық көлемде қолдануға болады. ТШИ республиканың сыртқы қарызын көбейтпейді деп есептелінеді. Оған қарамастан қазіргі кезде ТШИ құрлымында бірлескен және еншілес кәсіпорындардың шетел тікелей инвесторларынан алған ссудалары, несиелері мен қарыздары басым болып келеді, олар фирмалық қарызды құрайды.

Шетелдік тікелей инвестицияны тартудың басқа формасы жалға беру мен концессияны білдіреді, яғни сыртқы кәсіпкерлік құқық беру, ұзақ мерзімді жалға беру қызметіндегі шаруашылық қызметтерінің әртүрлі түрдегі ерекшелігі. Орны толатын және орны толмайтын табиғат ресурстарын өңдеуге құқық беру, мемлекеттің жеке меншік басқа түрдегі салалардың ерекшелігі сонымен қатар елдің заңдастырылған сәйкестіктеріне сай мемлекеттің монополияны белгілейтін арнайы уақыттарды бекіту. Біріккен кәсіпорындарының Қазақстандағы даму перспективаларын бағалаған кезде ол елге шетел инвестициясын тартуды көздеу керек және олардың басқа қаржылық қызметтерінің артықшылығын ескерген жөн. Бірақ оны таңдаулар кезінде тенденцияның инвестициялар басымдылық формасын қазіргі уақытта әлемдегі экспортталатын капиталды қадағалау болып табылады. Қазақстан мен басқа да мемлекеттердің әлемдік нарықтағы әлсіз позицияларына байланысты шетелдік капиталға баланста сұраныс пен ұсыныс жеткілікті жолдамда, тек олардың өзара бәсекелесу, яғни капиталдың төменгі әлемдік сегментінде, банк несиелерімен және халықаралық ұйымдардың ресми несиелері мен жоюлы кепілдіктерді қамтамасыз етулер арасында. Бағалау перспективасы бұл елдердегі шетел капиталының түсімі 60-70% болса батыс елдерінің үкіметінің ресми және кепілді несиелерін көрсететін болады, сонымен қатар халықаралық ұйымдар несиелері. Бұл белгілі жағдайда Халықаралық валюта қорының өсуін оның қысым тұтқасындағы өсуін жеке капиталдың түсіміне әсерін, экономикалық саясаттағы бұл елдердің энергетикалық құрылымдық реформаларын болжайды. Осыған қарамастан Қазақстанның капиталдар экспортында жалпылама мақсатта елдермен байланыста, бірақ мұндай форма шетелдік кәсіпкерлік капиталға тікелей инвестиция тартуды көрсетеді. Бірлескен және толық кәсіпорындарды қалыптастыру формасымен мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы кәсіпорынның шарттарын қалыптастыру арқылы ерекшеленеді. Шетел кәсіпкерлігінің капиталдарын тарту сонымен қатар бәсекелестіктің дамуымен және ішкі нарықта монополиямен күрестің активті құралдары болып табылады. Инвестициялық ресурстар көмегімен ұлттық өндірушілер күшінің тиімділігін арттыруға болады. Тікелей шетелдік инвестицияның парасаттылығы экспорт диверсификациясымен салыстырулар бойынша шетелдік несиелермен қосымша жұмыс орындарын пайдалану қабілеті.

Тек шетелдік инвестиция мен бірлескен кәсіпорынды қалыптастырудан басқа республикадағы шетел капиталының түсім формаларын оның ішінде бірлескен және шетелдік банктерді қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұндай банктер мемлекеттік ұлттық банктерге тіркеп қояды. Әлемдік тәжірибе инвестициялаудың басқа формасын иемденеді. Олардың арасында соңғы он жылдықта «жаңа формадағы өнеркәсіп инвестициялар» немесе акционерлік формадағы емес инвестициялар деп аталатын ерекше дамуды көрсетті. Оларға лицензиялау, лизинг, франчайзинг, бірлескен өндіріс, құрылыс заводтары жатады. Стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында әрбір нақты жағдай формасында фирма оңтайлы жағдайларды таңдайды. Қазіргі уақытта батыстың инвесторлары қаншама тәуекелділікті қысқартса да капитал салымдарымен шетелдік инвесторлар үшін қамтамасыз етудің белгілі артықшылығын ескеріп отырады. Акционерлік бірлескен кәсіпорынның мүшелік жетекшілік органдары компания істері шешімдері жөнінде өзіне жауапкершілікті жүктейді.

Тікелей инвестициялау тек капиталдың орын ауыстыруы деп қарастыру дұрыс емес. Көбінесе бас компания өз маркасын, басқару құрылымын, ноу-хауын және т.б. қолдану арқылы барлық қажетті қаржылық ресурстарды толығымен немесе ішінара инвестицияны қабылдаушы елден алады. Филиал тиімді болған кезде ол өз пайдасы мен қайтадан алынған несиесі есебінен өседі, бірақ пайданың бір бөлігін бас компания өз еліне аударады.

ТШИ ағымдарының әсері қиын болжанады, және олар республиканың төлем балансының жағдайына теріс әсер етіп, сыртқы қаржыландыруды алудың өте қымбат әдісі болады.

Шетел инвестицияларының 10-12 % орта пайдалылығында тікелей инвестордың дивиденд алуының уақытша шектеулері болмайды және қаражаттың кетуін инвестордың акционерлік капиталға қатысуының спецификалық ерекшеліктеріне байланысты алдын-ала есептеу мүмкін емес. Қазақстанда шетел инвесторларының қызығушылығы негізінен республиканың шикізат өнеркәсібіне шоғырланған. Бұл салаларға капитал сала отырып, олар 3-5 жылдан кейін бастапқы шығындарды жабатын және өндірістің одан әрі дамуын жүзеге асыратын пайда бере бастайды деп күтеді. Негізінен шетел инвесторы өз пайдасын өз кәсіпорындарының дайын өнімі ретінде алады; мұнай, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері, түсті металл және т.б., яғни Қазақстан экспортының негізгі өнімдері. Сонымен 1998 жылдан бастап шетел инвесторларының дивидендтері республика экспортының үлкен бөлігін құрады, яғни шығарылатын өнімнің көлемінің номиналды өсімі экспорттық волюталық табыстың дәл сондай өсімімен сай келмейді, бұл республиканың төлем балансының ағымдағы есебіне теріс әсер етеді. Шетелдік инвестициядан алынған ЖІӨ және басқа көрсеткіштер макроэкономикалық процестер тұрғысынан сипатталатын шетелдік капиталдарды қадағалау керек болып табылады. Шетелдік несиелерді тарту көлемі экономикада сыртқы берешектерді өтеу мүмкіндігімен және қосымша ұлттық капитал салымдарын төлеу міндеттеледі. Сыртқы ресурстар түсімі минималды қажеттіліктен (төменгі шекара) мөлшерге дейін ұлттық қауіпсіздік деңгейінде жүзеге асырылады (жоғарғы шекара). Егер қарызға алу қарыз дағдарысын туындататын басқа қаржылық инвестиция көздерінің қатынастары бойынша сәйкестіксіз арқылы құрылады. Сондықтан сыртқы несиелерді тарту кезінде қарызға алу деңгейі қауіпсіздігін есептеу қажет, сондай-ақ елдің экспорттық көлеміне сыртқы несиелер бағамы арасындағы қатынасты анықтау керек. Болжаулар бойынша Қазақстан Республикасының Минэкономикалық бағамы, төрағалық міндеттемелер ұзақ мерзімді жеңілдіктер заемдар және несиелер бойынша 12 және одан жоғары жылдарда өтелу керек. Коммерциялық несиелер бойынша Қазақстан Республикасының кепілдіктері қызмет көрсету мөлшерінен сыртқы берешектер деңгейінде 18-20 процент экспорттық тауарлар мен қызметтерден беріліп отырады. Сыртқы қарызға алу тәжірибесі құрылым есептемесімен мерзім бойынша өтемдер ЖІӨ-нің 35-40 проценті сыртқы қарыздың шекті деңгейі бойынша қабылданады. Қазақстада соңғы уақытта өнеркәіпті басқару барысында шетелдік капиталдармен мен шетелдік басқару тәжиребесі қолданылып жүр. Капиталды тартудың жаңа формасы күрделі өнеркәсіптің ауырлау қаржылық дағдарысын байқатты. Дегенмен тәжиребедегі шарт жасасу фирмамен басқару оның ішінде шетелдіктер басқару көрсетілген. Күрделі кәсіпорындарды бір нақты саламен табыстау, шетелдік инвестордың елеулі монополиялы саланы иемденгенін білдіреді. Бұдан басқа белгілі формада шетел капиталын тарту тек ағымдағы мінездемелер арқылы орындалады.

Қазақстанның шетел инвесторларына тартымды фактор – ел экономикасының бір жақты дамуы себеп болуы мүмкін. Қазақстан экономикасының алдынғы болашағында өнеркәсіптің өндіруші және қайта өндіруші шикізат салаларынан кірісті алуға бағдарлануымыз қажет. Транзиттік процестегі деңгейінің маңызды индикатор қызмет секторының дамуы болып табылғанмен, тиісіт денгейге дейін даму үшін белгілі мерзім керек. Халықаралық нарықта Қазақстанның позициясын нығайту үшін алдын ала маңызды шарт өнеркәсіптің экспорттық потенциалын көбейту болуы мүмкін. Экономика секторларының арасында инвестицияны қайта бөлу пайдасына республикадағы инвестициялық саясатты қайта қарастыру болашақта саналы болып көрінеді, басқа салалардың жеткілікті инвестицияланбауынан экономиканың жеке салаларында инвестиция осы көп болып кетуі «голландтық ауруға» шалдықтыруы мүмкін. Инвестициялық саясаттың ұзақ мерзімді және басымды мақсаты экономиканың әр түрлі салаларының дамуында теңдікке жету болып табылады.

Ал стратнегиялық проблемалар қайта құру және кәсіпорынды жаңғырту шешілмейді. Басқарушы фирмаларды капитал құрылыстары және жабдықтарды сатып алу кәсіпорынның жекелік формасындай салым құралдарына деген құқықты жоққа шығарды. Осындай көз қарастар тәжірибеде шарт жасау барысында қалдықсыз шикізат және фирманың жедел басқармасы өнімінде кәсіпорынның негізгі қорларымен табиғи ресурстарды жеделдетуді молайтуды қамтамасыз етті.

Елдің ішкі артықшылығының маңызды факторы жұмыспен қамтамасыз етілуі болып табылады. Мамандардың бағасы бойынша елде халықтың активті бөлігінде жұмыссыздардың үлесі жетуге болатын шектен асып кетті, статистикалық есеп берудің жетілдірілмегендігі жұмыссыздықтың нақты мөлшерін, соның ішінде жоғары квалификацияланған мамандардың жұмыссыздығын, дипломдалған жұмыссыздардың жасырылған формасын анықтау мүмкін емес.

Инвестиция және салық бойынша халықаралық орталық Қазақстанда инвестициялық климаттың арнайы зерттеуін жүргізді. Қазақстанда инвестициялық позицияны (бағытты) ұстанатынын немесе осындай мүмкіндікті қарастырып жатқанын 46 респонденттердің 39-ы көрсетті. Бұл респонденттер қазіргі кезеңде республикада орын алатын шетел инвестициясының сферасындағы барлық негізгі позицияларды көрсетеді. Ірі батыс компаниялары басшыларының пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық климат жалпы алғанда қолайлы, бірақ ары қарай шетел капиталының құйылуы үшін күрделі кедергілер мыналар болуы мүмкін:



  • бюрократиялық бөгет;

  • қаржылық тәуекел;

  • Қазақстанның салық және қаржылық режимдеріндегі жетіспеушілік;

  • құқықтық инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;

  • валюталық бақылау.

Инвестициядан пайда алу мүмкіндігіне қарамастан инвестициялық саясаттың анықталмағандығы Қазақстанға инвестицияның құйылуына кедергі жасайтын басым факторлар болып табылады. Инвесторларға тұрақты және сенімді саяси талап етіледі.

Шетел инвестицияларын кеңейту үшін қолға алған шаралар республикада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен оларды реттеуді қарастыру қажет және бірінші кезекте, табиғи ресурстармен республиканың адамдық потенциалын есепсіз пайдалануды тоқтату керек. Мұндай жағдайлар өкінішке орай, шетел компанияларында бар, олар өндіріс ұйымына көп емес материалдық және қаржылық құралдарды тартып, еңбекшілердің құқықтарына қысым көрсету есебінен заңды емес баюға жетеді. Өндірісте шығындарды азайту ресурстарды тиімді пайдалану жолымен ғана емес және де айлықты кешіктірумен және қысқартумен, күзет талаптарын және жұмысшылардың еңбек шартын орындамаумен жетеді. Шетел кәсіпорындарында қазақстандық жұмысшылардың құқықсыз жағдайы белгілі денгейде мелекеттік оргондардың жұмыспен қамтамасыз ету саясатын құруда, осындай кәсіпорындарда еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне байқамдықпен қарауында болып отыр.

Қазақстан трансұлттық корпорациялардағы әлеуметтік еңбектік қатынастарды реттеу туралы үкімет аралық келісімге қосылмады, ол ТМД мемлекет қатысушылар территориясында әрекет етеді. Бұл келісім ТМД елдерінің үкіметтерінің басшылар кеңесімен 1997 жылы 9 қазанда Бішкекте қабылданды. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда бірігу бостандығы және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы, жұмыссыздықтан қорғау, айлықты қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету облысында құқықты сақтау бөлігінде халықаралық еңбек ұжымының негізін қалайтын конвенция бекітілмеген.

Республикада әлеуметтік серіктестік қалыптаспаған. Үкімет арасында, кәсіподақтар арасында (оның ішінде ресми және ресми емес кәсіподақтар) республикалық жұмыс берушілер бірлестігі, өнеркәсіпшілер одағы және кәсіпкерлер, Қазақстанның кәсіпкерлерінің конгресі арасында 2002 жылдың басында үшжақты келісімге қол қойылғанына Қазақстандағы шетелдік кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында әлеуметтік серіктестік дұрыс жолға қойылмаған. Ұжымдық келісім шартқа отырған ірі кәсіпорындар қатарына мына кәсіпорындарды жатқызуға болады: «Испаткармет» ОК, «Феррохром» Акционерлік қоғамы, «Казахстан Алюминий» Акционерлік қоғамы, «Целинный кен химиялық комбинат» Акционерлік қоғамы, “Алматы темекі компаниясы” Акционерлік қоғамы тағы да басқа ірі кәсіпорындар. Көп кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуына сәйкес ұжымдық келіссөздерді жасаудан бас тартады.

Жергілікті кадрлерді қозғау мақсатында республикада «Шетке жұмыс күшін шығаруды лицениялау» туралы заңы өз күшінде жұмыс істейді. Бірақ қазіргі кезде республика үкіметі шетелдік инвестицияны тарту мақсатымен шетелдік жұмыс күшін либерилизациялауды көздеп отыр. Шетелдік жұмыс күшінің екі сатылы тәжирибе етуі тұрғылықты халықтың шетелдік кәсіпорындарды жоғары квалификацияланған маман ретінде жұмыс орнын сақтап қалуды қиындатып отыр.

Осылайша мемлекет шетелдік капиталды тарту мақсатымен, оны пайдалы салымға сала отырып мемлекет ұлттық кадрлердің шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істеуін, жұмыс тәртібі мен жұмыс уақытын қадағалай отырып, оның төлемақысы, оқуы мен қосымша білім алуы сияқты маңызды мәселелерді реттеуінде көп кемшіліктері бар.



жүктеу 397,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау