Заңнама түсіндірмелеріне қанағаттанушылық
Сонымен қатар, 10 балдық шәкіл бойынша кедендік қызметтің кедендік заңнаманы түсіндіру бойынша жұмысы бағаланды (1 – ең төмен балл, 10 – ең жоғары балл). Жеке жүгіну барысында барлық сұхбаткерлер осы қызметтің жұмысын 8,8 балға бағалады, ал телефон және Call-орталық бойынша – 8,6 балға бағалады. Бірақ 1.5.-диаграммада меншіктік нысаны кесігінде қарау кезіндегі көрсеткіштің өзгеріп отыратындығын көруге болады, мұнда ЖК өкілдері бұл сервисті ЖШС пен АҚ-ға қарағанда төмен бағалайды.
76-диаграмма. Айналу қаражаттары жөнінде кедендік заңды түсіндіру бойынша кедендік қызмет жұмысына қанағаттанғандар үлесі, %
Қызмет алудағы мәселелер
11,3% сұхбаткерлер қызмет алу барысында мәселелерге және қиындықтарға кез болды. «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісін беру» бойынша қызмет алу барысында проблемаларға және қиындықтарға жалпы кез болған сұхбаткерлер ішінде шамамен төрттен бір бөлігі үш басты проблеманы атап көрсетті: еңбекті нашар ұйымдастыру, бақылаусыздық, кеден қызметкерлерінің салғырттығы; кеден қызметінің өткізу қабілеті төмен; сыбайлас жемқорлық (1.5-кесте). Проблемаға тап болған шамамен әр бір бесінші сұхбаткер УСҚ қоймаларының қымбаттығы (21,1%), нашар техникалық жасақтану (20,2%), кеден объектілерінің ұтымсыз орналасуы (17,5%) салдарынан қиындықтарға тап болғандығын айтты.
55-кесте. Қызмет алу барысында жалпы проблемаға кез болғандардың ішіндегі проблеманы немесе қиындықты айтқан сұхбаткерлер үлесі, %
|
Сұхбаткерлер үлесі, %
|
Еңбекті нашар ұйымдастыру, бақылаусыздық, қызметкерлердің салғырттығы
|
26,3
|
Өткізу қабілеті төмен
|
25,4
|
Сыбайлас жемқорлық
|
23,7
|
Қоймлардың (УСҚ) қымбаттығы
|
21,1
|
Нашар техникалық жасақталу
|
20,2
|
Бақылау объектілерінің шашыраңқылығы, орналасу ұтымсыздығы
|
17,5
|
Өңдеуге арналған құжаттарды қабылдауды әдейі созу, кеден қызметкерлерінің қызмет алушыларды елемеуі
|
15,8
|
Кеден қызметкерлері мен басқа қызметтердің арасында келісілген өзара әрекеттестіктер жоқ
|
14,0
|
Тауарларды жіктеудегі қиындықтар
|
14,0
|
Заңнама тарапынан проблемалар: күрделі, нормаларды түсіндірудің екіұштылығы және басқалар.
|
12,3
|
Нашар инфрақұрылым
|
11,4
|
Қызметті бейресми делдалсыз (мәселе шешуші адамсыз) алудың мүмкін еместігі
|
11,4
|
Кедендік сүйемелдеуді ұзақ күту
|
11,4
|
Тауар үшін жоғары кедендік төлемдер
|
11,4
|
Кедендік декларация толтыру қиындығы, брокерлерді тарту қажеттілігі
|
9,6
|
Бейресми басымдылыққа ие болған СЭҚ қатысушылары (қолдаушыларымен)
|
8,8
|
POS-терминалдардың жұмыс істемеуі
|
7,9
|
Кеден қызметкерлерінің негізсіз талаптары
|
4,4
|
Кеден қызметкерлерінің контрабандаға салғырт қарауы
|
0,9
|
Кеден органдары қызметкерлерінің заңнаманы бұзуы
|
0,9
|
Басқасы
|
0,9
|
Жүргізілген сұхбаттан проблемалардың көпшілігі бағдарламалық жасақтама байланысты екенін көруге болады. Сонымен, Қарағандының кәсіпкері: «проблемалар тек компьютерлік бағдарламаларға ғана байланысты: қандай да бір уақытта істемей қалады, бірақ бұл адами фактор емес» дейді. Бұл кәсіпкер «қызмет сапасы» деген ұғымға оны көрсету мерзімін қоспайды: «Нашар техникалық жасақтау қызмет сапасын төмендетпейді, құжаттарды беру уақытын ұлғайтады», Алматы қаласының кедендік брокер қызмет сапасына қанағаттанбаушылықты «жеке және кеден қызметі пайдаланатын бағдарламалық өнімнің ұзақ істемеуімен» байланыстырады.
Сыбайлас жемқорлық
Қызметті таныстық бойынша алған 4,6%, заңсыз сыйақы беру: 3,5% (9,9% – жауап беруден бас тартты).
77-диаграмма. Таныстықты пайдаланған немесе сыйақы берген сұхбаткерлер үлесі, %
Бизнестің көлемі бойынша ерекше айырмашылықтар жоқ, бірақ меншіктік нысаны бойынша АҚ өкілдерінің ішінде 8,7% қиындықты заңсыз сыйақы беру арқылы шешті, тек 2,1% ЖШС және 5,4% ЖК өкілдері проблеманы кеден қызметкерлеріне сыйақы беру арқылы шешті.Алайда, АҚ ішінде тек 4,3% сыйақы туралы сұраққа жауап беруден бас тартты, ал ЖШС және ЖК ішінде жауап беруден бас тартқандар 10,0% және 11,1%. Таныстарын тартумен қызмет алу туралы сұрақтағы жағдай да тап осындай: АҚ өкілдерінің 4,3%-ы, ЖШС – 4,2%, ЖК – 5,1% таныстарын тартқан; жауап беруден бас тарту: АҚ – 4,3%, ЖШС – 8,7% және ЖК – 10,5%.
Алайда, проблемаларды сипаттау барысында проблемаларға кез болдым деп көрсеткен сұхбаткерлердің 23,7%-ы сыбайлас жемқорлық бар екендігі туралы айтты. Жүргізілген сұхбаттан біз сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіндегі оң бағаларды көреміз: кәсіпкер, Қарағанды қаласы: «Егер менде мұндай проблемалар туындамған болса, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді жұмыс істейді». Кедендік брокер, Алматы қаласы: «Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің дәрежесі өте төмен, өйткені бұл қызметті алудың қиындығы жоқ, ол ешқандай тексерісті талап етпейді».
23 адам қанша төлегендігін айтты. параның орташа көлемі 81 мың теңгені құрады (оның ішінде доллармен есептегенде 185 теңге бағам бойынша екендігі ескерілді). Сұхбаткерлер параның ең аз көлемі – 5000 теңге, ең көбі – 462 000 теңге деп көрсетті, 20 сұхбаткер сомасын атаудан бас тартты.
Пара берудің ең кең тараған жолы – бейресми өкіл арқылы – 29,0% (белгіленген жауаптардың ішінде).
78-диаграмма. Қызмет алу үшін сыйақы берудің сол немесе басқа жолдарын пайдалану жөніндегі жауаптар үлестері, N=334, %.
Кәсіпорынның көлемі бойынша айырмашылықтарды алатын болсақ, онда шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда, көбінесе бейресми делдал арқылы жұмыс істегенді дұрыс санайды (15,9%, 14,5% және 5,5%), қалғандарында олар шамамен бірдей таңдау жасайды. Ал бизнес нысаны бойынша 26,5% ЖК бейресми делдал арқылы жұмыс істейміз деп көрсетті, ал ЖШС – 7,1% және АҚ – 14,3%. Сонымен қатар, таныстары мен туыстарын ЖК жиі пайдаланады: 13,0%, бірақ ЖШС-дің үлесі де үлкен – 11,6%, АҚ-дар таныстарын сирек пайдаланады: 2,9%.
Сұхбаткерлердің түсініктері
Сұхбаткерлердің 63%-дан астамы өздерінің толық жауаптарында оларды қызметте барлығы қанағаттандырады деп көрсеткен. 11%-дан астамы серверлердің, компьютерлердің, дерекқорлардың жұмысына наразылықтарын білдірді. 5%-ға жуығы қызметкерлердің құзыреттілігінің, әдептілігінің, мүдделлігінің жетіспеушілігін айтты. 3%-ға жуығы салық төлеушінің түрі бойынша кабинет бойынша веб-интерфейс енгізуді талап етеді. 1%-дан астамы кедендік орталықтардың алыстығына шағымданады, «1 терезе» талап етіледі, сонымен қатар жалпы ақпарат ұсынуға және оның туралығына және т.б. сауал болды.
Шағымдар
Жалпы, тергеу деректері бойынша, компания нарықта қаншалықты ұзақ болуына қарай, ол соншалықты шағымдар беру рәсімі туралы және шағым беру бойынша ақпаратты көбірек біледі (кеденде 1 жыл жұмыс істейтін кәсіпкерлермен салыстырғанда, үш жылдан астам жұмыс өтілі бар кәсіпкерлердің шамамен 10-15%-ы рәсімді біледі және шағым бойынша хабардар). Меншіктік нысаны бойынша АҚ өкілдерінің 87%-ы, ЖШС 79,6%-ы және ЖК 70,2%-ы рәсімді біледі. Шағымдану туралы ақпарат бойынша жағдай да шамамен осыған жақын.
79-диаграмма. Шағымдар аспектілері бойынша жағымды жауап берген сұхбаткерлер үлестері, %.
Кеден органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағын бизнес өкілдері көп шағымданды, орта бизнес одан аз шағымданса, ірі бизнес өкілдері мүлдем шағымданған жоқ. Мұнымен меншіктік нысаны бойынша деректердің арақатынасы бар, бұл мәселеде айырмашылықтар одан да көп: ЖК өкілдері кеден қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жазбаша шағымданды, ЖШС өте аз шағымданды, АҚ мүлдем шағымданған жоқ.
Келесі себептер бойынша шағым бермеген сұхбаткерлер, %:
80-диаграмма. Шағым бермеу себептері, %.
Шағымдар қабылдау рәсіміне қанағаттанушылық: 6,4 балл, шағымдарды қарау нәтижелеріне қанағаттанушылық: 5,5 балл.
Были шағымдарды қарау мерзімдері бұзылған: 5,7% (35 сұхбаткерлер), шағымдарды қарау мерзімдерін білмейді: 8,6% (35 сұхбаткерлер).
Түсініктер
Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану рәсімі бойынша түсініктер: 92%-ы оларда шағым болған жоқ және әзірге проблема туындаған жоқ деп көрсетті, бірақ шағымдар бойынша егжей-тегжейді айтқан адамдардың 75%-ы (28 адам) бұл уақытыңды және күшіңді босқа жоғалту деп есептейді. Міне, ең көп таралған пікірлер: «біреуге шағымданның пайдасы жоқ, бұл бір қырынан шығады», «байланысқым келмейді», «мемлекеттік органның әрекетсіздіктеріне шағымданам деп ойлаған да жоқпын», «шағымдар туралы ақпарат жоқ», «қызметкерлердің сауатсыздығы, олар өте қате істеді, 2013 жылы біз соттастық, прокуратура қарады, бірақ олардың жұмысына мүлдем қанағаттанған жоқпыз», «шағымдарды жауапсыз қалдырады, ешқандай оң нәтижелер жоқ» «Бұл ұйымда ешқандай береке жоқ. Шындықтың түбіне жетпейсің, барлығы ақшаға келіп тіреледі. Сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық».
81-диаграмма. Осы қызметті алушылардың Қазақстанның кедендік қызметі және кедендік жүйесі туралы пікірі, 10 балдық шәкіл бойынша орташа балл
ЖК өкілдерінің бағасы орташа алғанда АҚ пен ЖШС өкілдеріне қарағанда 1 балға төмен.
Қызмет сапасын жақсарту бойынша тілектер
56-кесте. Ескерудің жиілігі бойынша ең кең таралған ұсыныстар, ашық сұраққа берілген жауаптарды жинақтау, %
Қызметті, постты, он-лайн қызметті барынша автоматтандыру, қағаз нұсқаларды қысқарту
|
41,9
|
Қызметкерлердің құзыреттілігі, әдептілігі, адалдығы, ынталылығы
|
15,7
|
Төлемдер мен баждарды, УСҚ тарифтерін төмендету, айыппұл көлемдерін қысқарту
|
13,1
|
Сервер, дерекқор, компьютерлер, БЖ жұмысындағы проблемаларды жою
|
9,6
|
Орында да, интернетте де ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін және туралығын арттыру, айқындылықты арттыру
|
8,9
|
Мерзімдерді қысқарту
|
5,1
|
Бюрократияны қысқарту, рәсімді жеңілдету
|
1,9
|
Сыбайлас жемқорлықты жою
|
1,6
|
Сауалнама жүргізілген бизнес өкілдері мен ұйымдардың тілектерінің бірқатары төменде көрсетілген:
«Мейрам күндері кемінде 1 пункт ашық болуы тиіс», «Кеден қызметкерлеріне телефон арқылы қол жетімділікті арттыру: кейде қоңырау шалып хабарласу мүмкін емес», «Кедендік декларацияны толтыруды жеңілдету қажет; барлық объектілерді қалаға жақын бір жерде орналастыру қажет»; «Қызметкерлерді қызмет көрсету мәдениетіне оқыту қажет»; «Баждар бойынша слыстыру барысында кедендік алымдар мен салық өсімпұлдары сәйкес келмейді»; «Шет елдердегідей сотта күші болуы үшін, интернет-хат алысуды заңнама түрінде дәлелденетін ретінде қабылдауға рұқсат ету қажет. Қызметкерлер телефон бойынша жауап беруден ба тартады. Ал жазбаша – бұл көп уақыт алады, ал жауап түсініксіз болып келеді», «Заңнаманың өзгерістері туралы уақтылы таратып немесе хабарлап отыру қажет», «ТББЖ қалыпты жағдайларын құру, нақты бағалар орнату, өңірлік сайт құру, Call-орталықты іске қосу»; «1000 теңге жеткізбей төлегендіктен айппұл өсіп келеді, ал айыппұлдың көлемі – 100 МЕК»; «Күту залында арнайы ауыз суын орнату қажет»; «Стендтерде қызметтер туралы көбірек ақпарат орналастыру».
Қорытындылар
Әдетте ұйымдарға, көбінесе бизнеске көрсетілетін «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есеп айырысулар актісін беру» қызметі. Қызметке қанағаттанушылық 10 балдық шәкіл бойынша 8,4 балға бағаланды немесе толық қанағаттанғандардың 76,2%-ын құрды. Бизнестің меншіктік нысаны кесігінде әр түрлі аспектілердің бағалары бойынша маңызды айырмашылықтар бар. Әдетте, ЖК қызметтің жалпы сапасын айтарлықтай төмен бағалайды, олар ЖШС және АҚ-ға қарағанда проблемаларға жиірек тап болады.
91,4% декларация тапсырушылар оларды бірінші әрекетте тапсырады, бұл жағымды параметр болып табылады, алайда ол да жақсартылуы тиіс.
79,1% сұхбаткерлер қызметті электрондық түрде емес, қағаз нұсқасында ресімдегендерін айтты. Бұл айқындылықтың болмауы салдарына сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін үлкен өріс тудырады, сонымен қатар қызмет көрсету мерзімдерін айтарлықтай созады.
Қызмет сапасын бағалау кезінде автоматтандыру сапасы аспектісі ең төмен бал алды: бизнесмендер серверлердің, компьютерлердің/бағдарламалардың, сканерлейтін жабдықтың жұмысына наразы, және де, ірі, сонымен қатар шағын бизнес өкілдерінің пікірлері ортақ.
Проблемаларға және қиындықтарға ұшыраған сұхбаткерлердің пікірі бойынша үш басты проблема: еңбекті нашар ұйымдастыру (26,3%), бақылаусыздық, кеден қызметкерлерінің салғырттығы; кеден қызметінің өткізу қабілеті төмен (25,4%); сыбайлас жемқорлық (23,7%), сонымен қатар қоймалардың қымбаттығы УСҚ, нашар техникалық жасақталу, кедендік объектілердің орналасу ұтымсыздығы сияқты проблемалар да айтылды.
Заңсыз сыйақы беру әр түрлі жолдармен шамамен тең түрде жүргізілуде.
Сұхбаткерлердің 50%-дан астамы кеден қызметінің бағдарламалық-аппараттық кешенін жақсарту бойынша ұсынымдар берді, салық төлеуші кабинетінің үлгісінде онлайн қызмет көрсетуге сауалдар өте көп.
Достарыңызбен бөлісу: |