ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



жүктеу 17,89 Mb.
бет1/9
Дата14.05.2018
өлшемі17,89 Mb.
#12725
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде
7-жинақ
3-ші басылым, өңдел. және толық.

Қарағанды 2016
ӘОЖ 504.75 (574)

КБЖ 20.1 (5 Каз)

Э 40
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

Құрастырушы-aвторлар: Т.С. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Н.А. Алпысбаева, Д.Е. Джакупова, А.К. Мубаракова, Н.К. Омарова, А.Т. Такибаева,

Р.Т. Шерембаева, М.К. Малыбаева, Ю.Д. Обухов, С.С. Жұмаділов,

Г.К. Қабылбекова, А.М. Сүйімбаева, Н.К. Цой, С.У. Арқалықова,

Л.П. Ивлева, С.Н. Дербуш., А.К. Карилхан




Э 40 Экология және ұлт денсаулығы. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 7-жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 3-ші басылым, өңдел. және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2016. – 106 б.

Жинақта экологияның ұлттың денсаулығына әсер ету мәселелері, сондай-ақ салауатты өмір салтының негізгі факторлары қарастырылатын мақалалар бар.

Жинақ материалдары кураторларға «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру концепциясын жүзеге асыру аясында куратор сағаттарын және басқа шараларды дайындау үшін ұсынылады.

ӘОЖ 504.75 (574)

КБЖ 20.1 (5 Каз)

© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2016


Кіріспе
Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуына тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.

Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстанның алдында да тұр. Алайда біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе – Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Әскери полигондардағы сынақтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдаланып болған соң, улы өнеркәсіптік заттарды тонналап қоршаған ортаға тастауынан, ал ауыл шаруашылығы арам шөптер мен құрт-құмырсқаларды жою үшін улы химиялық заттарды пайдалануынан Республика аумағының төрттен бір бөлігі өмір сүруге жарамсыз. Жердің шөлге айналу салдарынан жайылымдардың тең жартысы пайдалануға келмейді, суармалы жердің 75% сортаң жерлерге айналған. Жекелеген аудандарда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы дамыған елдерге қарағанда 15-20 жылға қысқарды.

Бүгінгі күнде Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі қоршаған ортаны қорғау саласына ерекше назар аударуда. 2007 жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдері арасындағы осындай кодексті қабылдаған жалғыз ел екенін ерекше атап өту қажет. Бұдан басқа, үш томдық ұлттық Экологиялық атлас құрастырылған, әскери-сынақ полигондарында және «Байқоңыр» космодромында зерттеу жұмыстары жүргізілуде, қоршаған ортаның жағдайы және тұрғындардың денсаулығы арасындағы байланыс мәселелері зерттелуде. Жыл сайын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық есеп баспаға шығарылады.

Алайда экологиялық проблемаларды шешу тек мемлекеттің ісі ғана болуы мүмкін емес. Әрбір адамның бойында осыған деген өз қатысын, елінің экологиялық болашағы үшін азамат ретіндегі оның жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Сондықтан студенттерге экологиялық тәрбие беруді отаншылдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.



Бұл жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуалды, сондай-ақ экология мен денсаулықтың өзара байланысы және өзара тәуелділігін сипаттайтын материалдар ұсынылған. Бұл материалдар «Экология және ұлт денсаулығы» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттарды дайындау мен өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек көрсетеді.
Е.Ж. Ерғалиев,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты,



Әлеуметтік-мәдени даму және

ғылым комитетінің мүшесі


ОРМАН – ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ОРАСАН БАЙЛЫҚ
Әлем бойынша соңғы жылдары орман өртінің өршіп бара жатқандығы алаңдатарлық жағдайға жетіп отыр. Орман өртінің алаңдатарлық жағдайы Қазақстан бойынша да бар екендігі жасырын емес. Қазір жыл сайын республика бойынша 18 мың орман өрті орын алып келе жатса, мұның 14 мыңы немесе 78 пайызы далалы аймақтың өртінің үлесіне тиеді екен. Қолымыздағы бар мәліметтерге қарағанда, бұрнағы жылы Қазақстан ормандарында 274 өрт шыққан. 1154 гектар алқаптың орманы күйіп, күлге айналса, бұдан 13 миллион теңге залал келген. Далалы аймақтарда 31 өрт болып, ол 3065 гектар аумақты қамтыса, бұдан 7,5 миллион теңге зиян шегіппіз.

Қазақстанның орманды және далалы аймақтарында өрт шығудың себептерін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсетіп отырғанындай, соңғы жылдары өрт сәуір айында басталып, қазан айының орта шеніне дейін жалғасады екен. Әсіресе, ауылдық әкімдіктердің өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен және арнайы техникамен қамтамасыз етілулері сын көтермейді. Осыны ескере отырып, ауылдық және соған қоса, аудандық әкімдіктердің өртке қарсы қызметтерінің тиісті құрал-жабдықтармен және техникамен жабдықталуын онан әрі жақсартуға мейлінше көңіл бөлінуін қажет деп санаймыз.

Жыл сайынғы өрттің 15-18 пайызы найзағай отынан да болып жатса, 80 пайыздан астам өрттің шығуына адамдардың өздері себепкер екен. Әсіресе, шаруашылық нысандары мен шаруа қожалықтары көктемгі дала жұмыстары басталар алдында және орақ аяқталғаннан соң егістіктегі сабан мен топан қалдықтарын өрттеудің соңы көбінесе, күні кешегі Хакасиядағы секілді, орман өртіне ұласып кетіп жүр.

Егістік алқаптарындағы сабан мен топан қалдықтарын өрттеудің салдарынан ауа қабатына улы газ бөлінумен қатар, топырақ қабатының пайдалы қыртыстары да жанды. Мамандардың айтуларынша, сол отқа күйген топырақтың құнарлылығын қайта қалпына келтіруге, кем дегенде бес жылдай уақыт керек болады екен. Маңайдағы орман және дала өрттері кезінде осы Астана қаласының өзі көк түтінмен тұмшаланып қалатынын да байқап жүрміз. Егістіктердегі сабан мен топан қалдықтарын өрттеуге жер­гілікті жерлерде қаншалықты тыйым салынғанымен, ол өз нәтижесін берер емес. Өйткені, тыйым салу заң жүзінде қарастырылмаған.

Біздің ғалымдарымыздың тағы бір мәлімет деректері бойынша, қазір Қазақстан аумағында өте сирек кездесетін, болмаса жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған 387 өсімдік түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген екен. Бізде жиі орын ала бастаған орман және далалы аймақ өртінің кесірінен және де дәрілік емдік өсімдік түрлеріне деген әлемдік нарықтағы сұраныстың жыл сайын күрт өсе түсуіне орай алдағы уақытта жойылып кетер өсімдік түрлері көбеймесе, азаймасы тағы да анық жай.

Алайда, осыған қарамастан, Қазақстан күні бүгінге дейін өсімдік әлемін қорғау және оларды сақтау мен өсіріп өндіру, табиғаттың өсімдік ресурстары мен генетикалық қорын тиімді әрі өлшемді пайдалану, халық­тың өсімдік әлеміне деген сұраныстарын, өсімдік әлемінің ресурстарын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын заңдылықтары мен құқықтық тәртібін нығайту жөніндегі «Өсімдік әлемі туралы» («О растительном мире») заңының жоқтығы ойлантарлық мәселе болса керек-ті.

Біз өсімдік әлемін қорғау жөніндегі заң қабылдау арқылы ғана егістіктердегі сабан мен топан қалдықтарын өрттеуге тыйым сала алатынымызды, сөйтіп, өзіміздің қасиетті де құтты жеріміздегі небір сирек кездесетін өсімдіктердің небір түрлерін сақтап қала алатынымызды біз пікірлескен талай заңгерлердің алға тартқандары да болды.

Сонымен бірге, соңғы жылдары Қазақстан аумағынан аса бағалы дәрілік өсімдіктер мен шөптерді жинау және оларды шетелге шығару бақылаусыз кетіп жатқандай. Мысалы, кедендік статистика бойынша 2011 жылы Қазақстаннан тыс жерлерге бір ғана мия тамырының (солодковый корень) 4 220,7 тоннасы, ал 2012 жылы 17 121,7 тоннасы, 2013 жылдың алты айында 9 932,8 тоннасы экспортқа шығарылған. Мия тамырын 2012 жылдан бастап Қазақстан жерінен жаппай терудің басталуының басты себебі, бұл өсімдікке деген әлемдік нарықтағы сұраныс күрт өсе түссе, бұрынғы негізгі өндіруші Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан жерлерінде мия тамырының қоры мүлдем азайып кеткен көрінеді.



Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет алдағы уақытта «Өсімдік әлемі» туралы заң әзірлеуі қажет деп санаймыз. Сонымен бірге, табиғи жағдайда өсетін түрлі өсімдіктердің генетикалық қорын сақтап қалу мақсатында мемлекеттік орман қоры аумақтарынан емдік және техникалық шикізаттарды теріп, жинауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзырына жатқызу үшін қазіргі қолданылып жүрген «Орман кодексіне», емдік және техникалық шикізаттың жыл сайынғы көлемін анықтауды жергілікті атқарушы органдардың құзырына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Өзін өзі басқару» Заңына, мемлекеттік емес орман қорлары аумағынан емдік және техникалық шикізат теру ісіне өкілетті органдардың бақылау жүргізу құзырын беру үшін «Экология кодексіне» де өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін де қарастырған абзал болар еді.

Қазақстанның орман байлығын сақтау және оны молайту жауапкершілігі, негізінен, мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері мен ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының қызметкерлеріне жүктелген. Орман қызметкерлерінің еңбекақыларының төмендігі, орман қорғау қызметтерінің материалдық-техникалық базаларының әлсіздігіне де назар аударатын кез келді деп санаймыз. Соңғы жылдары орман қорғау ісін біресе Ауыл шаруашылығы, біресе Қоршаған ортаны қорғау министр­ліктеріне берудің салдарынан орман қорғау және оны байыту мәселесінің жауапкершілігі төмендеп кеткендігі де бар. «Орман қызметкері күні» кәсіптік мерекесін де енгізудің реті бар сияқты. Орман шаруашылығының болашақ мамандарын дайындау ісіне де, кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге де мемлекеттік көзқарас қалыптастыратын кез келгені анық.



Тағы бір айтар жай, Қазақстанның кез келген теміржолы мен автокөлік жолдары қапталдарында өсіп тұрған ағаш атаулыға осы күні ие жоқ па деп қаласың. Кей жерлерде өртеніп, қара шала болып тұрған, болмаса сойдиып-сойдиып қурап қалған, сынған, құлаған, әйтеуір осы бір сиықсыз көрініс көңіліңді жүдетеді. Еліміздің жол бойларындағы өсіп, жайқалып тұрған ағаш алқаптарын да тәртіптеп, күтіп ұстаудың жауапкершілігін арттырып, бұл іске де мән бергенімізді жөн деп санаймыз.
«Егемен Қазақстан», 2015, 18 сәуір
Н.К. Омарова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының доценті, т.ғ.к.

e-mail: nazim48@mail.ru



жүктеу 17,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау