УДК 378.115 (085.2)
ББК 74.58я14
К 29
Құрастырушы: Г.Ж.Стыбаев– егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы
кафедрасының меңгерушісі.
К 29
Таңдау бойынша пəндер каталогі. /а.ш.ғ.к., доцент Г.Ж.Стыбаев редакциясымен - Астана:
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ. 2013 ж., 31 б.
«С.Сейфуллина атындағы ҚАТУ» Ғылыми Кеңесінде қарастырылып бекітілген
(хаттама № 1 07.09.2014
ж.)
жəне оқу үрдісіне пайдалануға ұсынылған.
© «С.Сейфуллина атындағы ҚАТУ»
ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАНТ!
Таңдау бойынша оқытылатын (элективті) пəндер каталогі (ЭПК) оқытудың кредиттік жүйесінде
мамандықтың оқу-əдістемелік кешенінің міндетті элементі жəне тандау бойынша компоненттің кұрамдас бөлігі
болып табылады. Оны ЖОО магистрант оқу траекториясын өздігінен, əрі икемді жəне жан-жақты анықтауға
мүмкіндік беру мақсатында əр мамандық үшін əзірлейді. Каталог бүкіл профильдерді мамандандыру жəне
мамандықтың кəсіби қызмет түрлерін ескеретін барлық мүмкін пəндер спектрін қамтиды, ал мұның өзі ЖОО-да
қалыптасқан ғылыми-педагогикалық мектепті құбылмалы кезеңде дамытуға жəне ойдағыдай бейімделуге, əрі оқу
орынының ақпараттық-кітапханалық ресурстары мен оқу-зертханалық базасын барынша тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Сіздерге ұсынылып отырған ЭГГК құрамындағы пəндер Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандарттарымен (МЖМБС) анықталған кəсіптік терең білім алуға мүмкіндік беретін пəндер тізімін біріктіреді.
Таңдау бойынша пəндер каталогін магистрант өзінің жеке оқу жоспарын құрастырған кезде
пайдаланады, мұнда магистранттың өзіндік қабілеті, өсу болашағы, өндіріс пен еңбек нарығының сұранымы
ескеріледі жəне эдвайзердің (академиялық тəлімгердің) жетекшілігімен іске асырылады. Мамандықтың типтік
оқу жоспары сияқты каталогте де пəндер үш циклге біріктірілген: жалпы білім беру пəндері циклі (ЖБП),
базалық пəндер циклі (БП), кəсіптендіру (профильді) пəндер циклі (КП).
Типтік оқу жоспарына сəйкес өзінің білім бағдарламасын қалыптастыру үшін магистрант міндетті
компонент пəндерін (ММБҮС) бекіткен пəндерді түгел меңгеруге тиіс, сонымен бірге таңдау бойынша
компоненттің пəндер тізімінен қажеттісін оқып-үйренуге таңдап алады. Элективті пəндерді тандағанда
магистрант пəндердің логикалық байланысы мен оқылу реттілігін есте ұстағаны жəне эдвайзермен кеңесе
отырып пререквизиттер мен постреквезиттерді мұқият талдағаны дұрыс.
Магситранттың білім алу траекториясының қаншалықты жан-жақты, əрі толыкқанды ойластырылуы,
оның болашақ маман ретіндегі кəсіби дайындық деңгейіне əсер ететіндігін есте ұстау қажет.
Таңдау бойынша пəндерді дұрыс таңдауда сəттілік тілейміз