ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен


Шылым қоспалары (немесе шылым микстері)



жүктеу 17,89 Mb.
бет8/9
Дата14.05.2018
өлшемі17,89 Mb.
#12725
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шылым қоспалары (немесе шылым микстері) шөптер мен олардың сығындысынан тұрады. Кез келген шылым қоспасы құрамына кіретін шөптер энтогендер болып табылады және олар адамзат үшін ежелден белгілі.

Этногендер (ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда, «іштей илахи деңгейге жету» дегенге саяды) – ғалымдар психотроптық әсері бар өсімдіктер қатарына жатқызатын заттектер. Қазіргі заманда бұл терминдер әр түрлі әсер беретін әрі қолданылуына рұқсат берілген бірқатар психикалық белсенді заттектерге қатысты қолданылады. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, құрамындағы алкалоидтер, терпеноидтер, амин қышқылдарының бірнеше құрылымдық түрлері психикалық белсенді болып табылатындықтан, қарапайым химиялық топтамасы болмайды.

Шылым қоспаларының құрамына өсімдіктің ерекше әдіспен әзірленген әр түрлі бөліктері кіруі мүмкін: тамыры, тұқымдары, жапырақтары, қабығы, гүлі және т.б. Хош иісті микстерді дайындауда кең қолданылатын танымал өсімдіктердің ішінде сәегей шалфейі, сасық мендуана, қызыл шыбын қырғыш, гавайлық ағаш тәрізді кіші раушан, мимоза, гуарана, кратомды атауға болады.

Шылым қоспалары екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа таза өсімдіктерден тұратын микстер кіреді. Шөптер мөлшері белгілі бір сәйкестікте алынып, араластырылады да, «әсерін беретіндей деңгейге» жеткізіледі.

Шылым микстерінің екі түрі – бұл химиялық заттектермен (синтетикалық каннабиноидтермен) өңделген және толығымен зертханада жасап шығарылған шөптердің қоспасы.

«Спайста» қолданылатын каннабиноидтер, есірткі құралдарын тұтынумен байланысты адамның денсаулығы үшін ортақ салдарынан тыс, әдеттену функцияларын күшейтіп, кейіннен тәуелділіктің пайда болуына жағдай тудырады. Сонымен қатар, бұл жағдайда мастық күйден арылуесірткі заттектерін тұтыну кезіндегіге қарағанда, аса ауырлау болады.



Шылым қоспалары құрамы бойынша екіге бөлінеді:

  • тек қана табиғи заттардан тұратын, белгілі бір сәйкестікке

араластырылған қоспалар.

- құрамы химиялық заттектермен өңделген қоспалар.



Шылым микстерінің ағзаға зиянды әсер беретінін барлық медициналық қызметкерлер бірауыздан мойындап отыр. Қоспалардың хош иісті түтінінің 3 түрлі қаупі бар:

  1. Түтіннің сілемейлі қабықшаны тітіркендіру нәтижесінде пайда

болатын жергілікті реакция.

Микстерді шегушілердің барлығы дерлік шегу кезінде және одан кейін жөтел, жас ағу, тамақтың ауруына шағымданады. Хош иісті түтіннің үнемі сілемейлі қабықшаға тиюі, тыныс алу жолдарында созылмалы қабыну процестерін тудырады (фарингиттер, ларингиттер, бронхиттер). Ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей және бронхілердің қатерлі ісігі пайда болу мүмкіндігі жоғары болады.



  1. Орталық реакция

Микстер түтінінің құрамында орталық жүйке жүйесіне тигізетін әсері қоспаның құрамына байланысты. Шегушілердің реакциясы алуан түрлі болады.: бұл масаңсу, себепсіз күлкі не жылау, зейінді шоғырландыру, кеңістікте бағдар ұстау қабілеттерінің бұзылуы, елестер, өз іс-қимылын қадағалаудан қалу болуы мүмкін. Бұл реакциялардың барлығы адам өміріне қауіп төндіреді. Шегіп алған жасөспірімдердің серуендеуге 8-қабат терезесіне шыққаны, үстіндегі киімін шешіп, аязды күнде жалаңаш жүгіргені жайындағы оқиғалар белгілі.

Бірақ мұндай тікелей реакциялар ең қорқынышты емес. Микстерді үнемі шегу орталық жүйке жүйесіндегі бұзылу процестеріне әкеп соғады. Адамның зейіні, жады, есте сақтау нашарлайды, ойлану қызметі баяулайды, депрессияға ұшырау бейімділігі пайда болады. Қазірдің өзінде шылым қоспаларының көбісі есірткіге тәуелділікті тудыратыны дәлелденген.



  1. Улы (уытты) реакция

Адам ағзасына хош иісті түтінмен бірге әсері күшті заттектердің шамадан тыс мөлшерде келіп түсуі мүлдем күтілмеген әсер беруі мүмкін. Жүрек айнуы, құсу, жүректің тарсылдауы, қан қысымының артуы, құрысу, естен тану, тіпті комаға дейін. Шылым қоспаларынан улану салдарын емдеу мәселесіпациенттердің қанына есірткі заттектерінің табылмауына, сол себептен де улану деген диагноз қойып, тиісті емін тағайындаудың қиындығында болып отыр.
Әдебиеттер тізімі


  1. Должанская Н.А и др. Роль семейного фактора в формировании

здорового образа жизни подростков // Вопросы наркологии 2003. № 4.

2. Исмуков Н.Н., Программа предупреждения и преодоления наркотической и алкогольной зависимости. ФАИР-ПРЕСС 2001. – 384 с.



3. Алкоголь. Предупрежден – значит защищен! / Карагандинский областной центр формирования здорового образа жизни, 2008.





жүктеу 17,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау