ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



жүктеу 17,89 Mb.
бет5/9
Дата14.05.2018
өлшемі17,89 Mb.
#12725
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ю.Д. Обухов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының профессоры


КАСПИЙ ТЕҢІЗІ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ЖАБЫҚ СУ ҚОЙМАСЫ
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің түйінді элементі болып табылады. Әлемдік деңгейдегі мұнай мен газдың ірі қорына ие біздің еліміз энергетикалық саладағы өзінің сенімді стратегиялық серіктестік және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір адымға да кері шегінбек емес [1].

Каспий – әлемдегі ең ірі тұйық му қоймасы. Көбіне ірі көл ретінде қаралады. Бірақ бұл анық емес, себебі көлеміне, даму процестері мен тарихының сипатына қарасақ, теңіз болып табылады. Бұған арнасының мұхит типіндегі қабат болып табылатындығы айғақ. Гипотезалардың біреуіне сүйенсек, Каспий теңізінің атауы Ксапий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында б.д.д. 1 мыңжылдықта тіршілік еткен ат өсіретін көне тайпа – каспи тайпасының құрметіне берілген.

Үшінші мыңжылдықтың басында экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше тереңдікке ие болды, оның шешілуі әлемдік қауымдастықпен адамзаттың тірі қалуының маңызды факторы ретінде мойындалады. Экологиялық қауіпсіздік экологиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығы, қоршаған ортаға шамадан тыс стихиялық (табиғи) және антропогендік әсер етуінен қоғамның қорғалуының деңгейімен анықталады.

Кейінгі жылдарда шамадан тыс тереңдікке бірден-бір табиғи объект болып табылатын Каспий теңізінің экологиялық денсаулығын сақтау мәселесі ие болды. Каспий теңізі — бірегей су айдыны, оның көмірсутекті ресурстары мен биологиялық байлықтарының дүниежүзінде ұқсастықтары жоқ. Каспий — әлемдегі ең көне мұнай өндіру бассейні. Сонымен, мысалы, Әзербайжанда, Апшерон түбегінде мұнай өндіру 150 жылдан астам уақыт бұрын басталды [1, 9 б.].

Каспий өңірі аудандарында (кең мағынада) Каспий теңізінің периметрі бойынша орналасқан бел елді белгілейді: бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және Түрікменстан. Оларды «Каспий теңізінің бассейні» мемлекеттері деп атау қабылданған. Дипломатиялық тәжірибеде дәл осы термин аймақтық елдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі күні Каспий мәселесі өте өзекті, бірақ халықаралық-құқықтық статусы және Каспий өңірі мемлекеттері арасында мұнай ресустарын бөлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне тәуелділіктен тыс Каспий аймақтың экологиялық объектісі болып қала береді. Оның бөліктерінің біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында бұл әрбір мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді.

Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай ластанулары жасыл-көк және диатомды балдырлармен көрсетілген Каспийдің фитобентосының және фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің өнімділігін төмендетеді. Ластанудың көбеюі су беті мен атмосфераның арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді. Үлкен аудандарда мұнай қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы бірнеше рет төмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі организмдердің басым бөлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың әсер етуі суда жүзетін құстарда көрнектірек көрінеді. Осетр балықтарының қоры азайып барады.

2000 жылы Атырау қаласында 70 ш. оңтүстік-шығысқа қарай теңіздің таяз аймағында ең ірі Шығыс-Қашаған мұнай және газ кен орны ашылды. 2001 ж. Батыс Қашаған кен орнының мұнай-газдылығы дәлелденген. Солтүстік Каспий теңізінің қайнары үлкен дәлелденбеген қорлар бар болғандықтан, Қазақстанның мұнай-газ болашағы келесі үш Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарымен тікелей байланысты. Дәл Қашаған, Теңіз бен Қарашығанақтағы өндірістің мүшкіл деңгейіне тоқталмай, 7-9 млрд. баррель қорымен экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы болады. Сонымен қатар, 2015 ж. қарай Қарашығанақтағы газ өндірісін жылына 25 млрд. м3, ал Теңізде - жылына 8-9 млрд. м3 жеткізу жоспарланады. Осы уақытта Қашаған ҚР ең ірі газ шығару көзі болып отыр. Себебі одан алынатын қор 1 триллион м3 құрайды. Қашағанда жолай газ Теңіздегі сияқты күкірттің мөлшерінен жоғары. Кен орнының өзі жоғары температурамен және қысыммен сипатталады. Бұрғылау жасанды құрылған аралдан жүргізіледі. Теңіздің тереңдігі мұнда 3,5 м.

Мұнайлық ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде теңіздің ауданынан 27.7 % ауданы, судың 6.2 м орташа тереңдігі кезінде жалпы көлемінен 0.94 % судың өте төмен деңгейінен қауіпті. Яғни, егер теңіздің әр түрлі бөліктерінде су көлемінің бірлігіне мұнайдың бір тоннасын құйса, онда Солтүстік Каспийде шамамен экожүйеге ластағыштар 100 есеге қатты әсер етеді. Волга мен Оралдың қатты ағысының арқасында солтүстік Каспий, Орталық және Оңтүстік Каспийге қарағанда едәуір өнімді, басты азық қоры, балықтардың, итбалықтардың «балалар бақшасы», құстардың ұя салу орны болып табылады.

Каспий теңізінің табиғи ортасының негізгі ластану көздері өзен ағындысымен (материктік ағыс) шығару және тазартылмаған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ағындыларының, қалалар мен жағалаудағы ауылдардың коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларының төгінділері; өзен және теңіз кеме қатынасы, каспий кемежайларындағы кемелердің ағынды сулары; құрлық пен теңіз қайраңында мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану; теңіз жолымен мұнай тасымалдау, құбырлардағы апаттар; теңіздің түбін тереңдететін жұмыстар кезіндегі екінші рет ластану, мұнай газ және энергия кешендерінің объектілерін жылытумен және тазартылмаған төгінділеріне байланысты Каспийдің ластануы; жер бетіндегі, су және теңіз экожүйелерінің био әр түрлілігінің және іске қосылған механизмдердің жоқтығынан өнімділігінің азаюы; нормативті-құқықтық құжаттардың жетілмегендігі, халықтың жеткіліксіз экологиялық сауаттылығы; мұнай өндіру аудандарында халықтың ауру-сырқаулығының өсуі болып табылады.

Өзен ағысымен Каспийге жыл сайын 40-45 км3 ағынды сулар келеді, олардың 60 % Волга бассейні береді. Ағындардың жаға бойындағы циклондық сипатының болуы себебінен, теңіздің кез келген бөлігінің ластануы шарасыз басқа бөлігінің ластануына әкеледі. Сонымен қатар, теңіздің биологиялық маңызды бөліктері де ластанады.

Ерекше қауіпті мұнай көмірсутектерінің, хлор-органикалық қосылыстардың, ауыр металдар мен радионуклидтер жоғары мөлшерімен анықталатын химиялық ластану болып табылады. Қазірдің өзінде Каспийде мұнай көмірсутектілердің орташа шоғырлануы 1.5-2 есе балық шаруашылығы су қоймаларының нормасынан жоғары. Каспийде биологиялық жансыз және ең ластанған Баку бухтасының мысалында теңіздегі қарқынды мұнай өндірісінің салдарын көруге болады. Ресей жағалауында мұнай көмірсутектілерінің Теректің сағаларында шоғырлануы, сондай-ақ ықтимал нормадан асты, бұл Шешенстандағы соғыс әрекеттерімен байланысты болды. Жыл сайын 20-30-ға жуық көп төгінділер тіркеледі, үнемі техногенді апаттардың саны көбейіп отырады [2, 277 б.].

Апшеронға ұқсас жолдан жаңа мұнай өндіру орталықтары – Теңіз (Қазақстан) және Челекен (Түрікменстан) өте бастайды. Мұндағы экологиялық жағдай көбінесе Каспийдің батыс жағалауында қалыптасқан жағдайды қайталайды. Бірақ, ол мұндағы мұнай құрамы бойынша жоғары күкіртті, құбыр жүргізу транзитінің алдында арнайы тазартуды талап ететін меркаптандардың көп мөлшерлі болуымен күрделілене түседі. Оның теңізге түсуі үлкен экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Ал мұнай өндірудің пластылық жағдайлары (жоғары температуралар мен қысымдар) апатсыз пайдалануға маңызды қосымша шығындарды ғана емес, сонымен қатар, барлау мен өндіру кезінде өте қатты экологиялық стандарттарды сақтауды талап етеді. Каспий сулары орташа ластанған болып бағаланғанда, аздап, жасанды тұндырғыштардың ролін атқаратын өзеннің су қоймаларына, каспийлік түптік шөгінділерге және теңіздің қыздырылатын жоғары қабаттарында өзін-өзі тазарту процестерінің жоғары жылдамдығына міндетті.

1978 ж. бастап Каспий трансгрессивтік кезеңде тұр. Кейінгі бірнеше жылдарда Каспийдің деңгейі тұрақтандырылды, мұнай өндіру аудандарындағы теңіздің деңгейін артуы кез келген апаттық жағдайларға, қорғау бөгеттерінің және үйінді ғимараттардың бұзылуына, құбыр жолдарының жарылуына, жер асты суларының ластануына және т.б әкелуі мүмкін.



Орталық Каспийдің оңтүстік және үлкен бөлігі үлкен геодинамикалық қауіптілікке ұшырайды. Ол жоғары сейсмикалылыққа байланысты. Ал, дәл осы учаскелер бойынша транскаспийлік су асты мұнай құбыр жолдарының жобаларын: жылына 20 млн.т. дейін қазақстандық мұнайды Теңізден және Түрікменстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия транскаспийлік газ құбырынан тасымалдау іске асыру жоспарланды. Ресей сейсмологтарының қорытындыларына сәйкес, Каспийдің түбі бойынша мұнай құбырларын салу апаттарға және жер астындағы жер сілкіністерінің салдарынан ауқымды мұнай құйылуына ұшыратады. Қатты жер сілкінісі кезінде 1000-ға жуық атм. миллион қысыммен үстіңгі бет пен атмосфераға құрамында күкірт-сутектілері бар көмірсутектілер тоннасының төгінділері болуы ықтимал, бұл үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Ал Каспийдің тұйық жүйесіне, теңіз «өлімінің» басын бастау үшін мұнай құйылысымен шағын апат жеткілікті. Теңіз қайраңында мұнайды өндіру, бұрғылау, дайындау және тасымалдау процесі кезінде жағалау мен су мұнаймен ғана емес, сондай-ақ, бұрғы шламымен, ауыр жуу сұйықтарымен және әсіресе, құрамында теңіз флорасы мен фаунасына зиянды әсер ететін әр түрлі химиялық қосылыстары бар ағынды сулармен ластанады [2, 278 б.].

Каспий теңізінің мұнай кен орындарын пайдаланудың ерекшелігі - құрамында мұнай бар жыныстарының нашар тұрақтылығынан ұңғымалардан алынатын сұйықта құмның көп көлемінің болуы. Құрамында қалдықты мұнайдың 5-10 проценті бар құм кейде пайдалану колоннасында және сорғы-компрессорлық құбырларда жиналады және тіпті кептеліс жасауға да қабілетті. Барлық дерлік өндірістік мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері (соның ішінде құбыр жүргізу жолдары) сәйкес жағдайларда қоршаған ортаны әр түрлі экологиялық маңызды көптеген зиянды заттармен ластайды. Әр түрлі зерттеулер бойынша мұнай физиологиялық процестерге кері әсер ететіні, әр түрлі тіндер мен органдарда патологиялық өзгерістерге әкелетіні, ферментативтік аппарат пен нерв жүйесінің жұмысын бұзатындығы қалыптасқан. «Зиянсыз» болып саналатын салыстырмалы шағын мұнаймен ластанулар балықтарда, ұлуларда қан құрамының өзгеруіне әкеледі және зат алмасуын бұзады. Ластану көздерін талдау, теңіздік мұнай және газ кенорындарын Каспийде әзірлеу және барлау кезінде теңіз көбінесе мұнаймен, химиялық өңделген құм ерітіндісімен, ЖММ, химиялық реагенттермен, сондай-ақ, техникалық йодтармен ластанатынын көрсетеді [2, 280 б.].

Кейінгі жылдары Каспий теңізінің ластануы тікелей теңіз жағалауында орналасқан мұнай өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының ағынды суларының төгінділерінің, құрамында әр түрлі жемірлі синтетикалық үстіңгі-белсенді заттары бар өнеркәсіптік және тұрмыстық қала ағындыларымен болды. Бұл ластанулардың негізгі себептері мыналар болды:



- гидротехникалық ғимараттардың құрылымдық жетілмегендігі, технологиялық жабдықтың жеткіліксіз сенімділігі;

- кенорындарды игерудің технологиялық процестерінің жетілмегендігі;



- диагностиканың жеткілікті деңгейі және қауіпті объектілердің жұмысын бақылау;

- мұнай газ кенорындарын бұрғылау және әзірлеу кезінде теңіз ортасының ластануын, сонымен қатар, теңіздің бетінен төгілген мұнайды оқшаулау және жинау бойынша құралдарды жоюға арналған арнайы құралдардың жоқтығы және жеткіліксіздігі.

Гидрохимиялық зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінің фенолдармен (18 ПДК дейін) бұзылу қауіптілігін дәлелдейді, ал Маңғыстау облысының аудандарында теңіз суының мұнаймен ластану деңгейі 10-13 ПДК құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің солтүстік бөлігінде сынаппен, ауыр металдармен және хлорланған көмірсутектілермен ластанудың жоғары деңгейі байқалды.

Қоршаған ортаның сапасына өндірістік кәсіпорындар мен объектілердің кері әсері қатты климаттық жағдайлармен, тұзды шөгінділерден өндірілетін және қайта өңделетін көмірсутекті шикізаттағы күкіртті қосылыстардың көп шоғырлануымен, Каспий деңгейінің жоғарылауымен және жағалаудағы мұнай кенорындарын жылытумен, теңіз кенорындарын игеру процесінің қарқынды өсуімен, континент аралық магистраль құбыр жүргізу жолдарының салынуымен және т.б күшейеді.

Каспийдің теңіз кеңістігінде көмірсутектілер қатар ластағыштар ауыр және ауыспалы металдар – жасанды және өзен ағындысымен өнеркәсіптік қалдықтардың (ерітілген және шөгінді) құрамды бөлігі түрінде ұсынылғандар болып табылады. Металдар қоршаған ортаның түрлі әсер ету және қайта құрылу түрлеріне бейім (физикалық, химиялық, биологиялық). Микроэлементтер сияқты металдар балықтар мен басқа да гидробионттардың өмірінде маңызы зор. Олар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың құрамына кіреді, балықтардың организмдерінде өтетін биохимиялық процестерге қатысады. Бірақ, көп көлемде суда бола отырып, өмірлік процестердің пайда болуына антибиотикалық әсер етеді және генетикалық өзгерістер әкеледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су пунктілерін гидрохимиялық зерттеу кезінде, олардың қатарында қорғасынның, кадмийдің, бромның, нитраттардың, хлоридтердің және сульфаттардың ПДК арттыру байқалды. Жағалаудағы мұнай кен орындарын (Шығыс Кокарна, Жағалау, Шөл, Тәжіғали) жылыту және Мартыши, Қорсақ, Прорва, Терең-Өзек кен орындарының бөгеттері арқылы теңіз суын тазарту кезінде Каспийде мұнай өнімдерін шоғырландыру жеке орындарда 100 ШМШ дейін ұлғаяды.



Маңғыстау облысында мұнай кен орындарының «тарихи ластануы» проблемасы, соның ішінде, Каспий теңізінің суларымен жайылу және басу зонасында бұрғыланған ұңғымаларды жою проблемасы бар. Каратурун (4 дана) және Комсомольская (10 дана) аудандарында консервацияның өткен мерзімдерімен жағалаудағы ұңғымалардың жағдайы ерекше қауіп төндіреді. Осы ұңғымаларды жою бойынша шұғыл шаралар қолданбау Каспий теңізінің акваториясы үшін үлкен салдарларға әкелуі мүмкін. Каспийге жақын зоналарда, БАҚ деректері бойынша, қазіргі таңда, Каспий теңізінің топырағы мен суын ластайтын 200 қараусыз қалған мұнай ұңғымалары бар. Тек Маңғыстау облысында ғана мұндай ластау объектілері – 23.

Каспийге басқа теңіздер мен көлдерден басқа организмдердің енуі басталды. Мысалы, Каспий теңізінің нақты зардабы мнемиопсис гребневигінің көбеюі болды. Оны, мүмкіндігінше, Солтүстік Америка жағаларынан кемелерде балласт суларымен бірге әкелінген болуы керек; Каспийге одан әрі енуі қиындық туғызған жоқ. Гребневик көбінесе зоопланктонмен қоректенеді, тәулік сайын шамамен 40% тұтынады, сонымен, каспий балықтарының азықтық базасын жояды. Нақты жаулардың көбеюі мен жоқ болуы оны планктонның басқа тұтынушыларымен бәсекелестіктен тыс ұстайды және осетр сияқты құнды балықтар үшін қауіп төндіреді.

Құнды балықтар түрлерінің әсері жанама ғана емес, сонымен қатар азық базасын азайту арқылы, және де тікелей оларды жоюда пайда болады. Егер Каспийдегі жағдай Азов және Қара теңіздерде сияқты дамитын болса, онда 2012-2015 жж. аралығында теңіздің балық шаруашылығы мәнін толық жоғалтады. Теңіздің және оған құйылатын өзендердің жоғары деңгейі бұрыннан Каспийде оттексіз зоналарын, әсіресе оңтүстік Түрікмен аудандары үшін қалыптастыру қаупін әкелді. Сонда да бұл проблема өзекті болып саналмайды. Сонымен қатар, органикалық заттың синтезі мен құлдырауы балансының бұзылуы үлкен және тіпті апаттық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Ендеше, жоғарыда айтылғандардың бәрін қарастыра келе, Каспий ауданның жалпы экологиялық объектісі Каспий болып табылатынын көре аламыз және оның бір бөлігінде болған дағдарыс ортақ, бөлінбейтін экологиялық апатқа ұшырайды. Ал бұл, соңында әр мемлекеттің жеке жоспарына және оның даму перспективаларына әсер етеді. Каспий маңындағы мемлекеттердің арасында мұнай ресурстарының бөлінуі туралы сұрақтың қалай шешілетіндігіне тәуелсіз, мұнай операцияларына және Каспийдегі жалпы жағдайға тиімді экологиялық бақылау жүргізу осы мемлекеттердің бірлесіп бақылау кезінде ғана мүмкін екені айдан анық. Мұндай бақылау Каспий маңындағы мемлекеттермен құрылған және сәйкес өкілеттіктермен басқарылатын мемлекетаралық экологиялық орган, соның ішінде мұнай жобаларын алдын ала экологиялық сараптау, жоғары тәуекелге баратын экологиялық қауіпті болған жағдайда осы жобаларды тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ, экологиялық сипаттағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру құқығы арқылы іске асырыла алады [3, 197 б.].

Сонымен, Каспийдің және оның жағалауының экологиялық проблемалары аймақтың елдерде қарқынды экономикалық дамуының салдары болып табылады. Бұған ұзақ мерзімді табиғи өзгерістермен (теңіз деңгейінің ғасырлық тербелісі, климаттың өзгеруі) қатар, бүгінгі күннің терең әлеуметтік-экономикалық проблемаларының да (ауыспалы кезең, экономикалық дағдарыс, қақтығыстар, трансұлттық корпорациялар және т.с.с) негізі бар.

Мұнаймен ластану қауіпі және теңіз деңгейінің қарқынды көтерілуі мен Каспийдің Қазақстандық бөлігінде мұнай және газ кен орындарын өнеркәсіптік әзірлеуді бастаумен байланысты да ұлғаяды. Каспий теңізі қайраңының мұнай-газ кен орындарын игерудің технологиясын таңдау және әзірлеу кезінде қажет экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ҚР мұнай-газ саласының маңызды міндеттерінің бірі.

Каспийдің жағдайы мен ластануы бойынша туындаған мәселелер аумақта қоршаған ортаны қорғау бойынша шұғыл шаралар қолдануды талап етеді. Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту және қалпына келтіру үшін 1998 жылдан бастап жағалауындағы бес мемлекет үкіметінің шешімімен Каспий Экологиялық Бағдарламасы (Тасис, ЮНДП, Бүкіләлемдік банк) жұмыс істей бастады, оның шеңберінде аумақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Стратегиялық Іс-әрекеттер Жоспары әзірленетін болады. Каспий теңізінің бассейнінде көмірсутектілер ресурстарын игеру және іске қосылғандарын пайдалану кезінде табиғатты қорғау шараларын жүргізу қажет. Каспий теңізі аумағы дағдарыс шегінде тұрған экологиялық зоналардың категориясына кіреді. Аймақтың нақты экологиялық сыйымдылығын ескерумен мұнай өндірудің теңгерілген көлемі кезінде, Каспийдің балық шаруашылық мәні бірнеше онжылдықтар барысында тұрақтандырылады, және тұру ортасы болашақ ұрпақ үшін қанағаттанарлық күйде толық сақталады [3, 287 б.].


Әдебиеттер тізімі
1. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана» Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» //Казахстанская правда, 2012, 15 декабря.

2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2012. – 320 с.



3. Габов Ю. А. Экологическая безопасность Казахстана (мифы и реальность). – Астана: Книга сервис, 2006. - 407 с.

С.С. Жұмаділов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: zhssk777@mail.ru




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек [1].

Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3 дейін бағалайды.

Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда – 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Теріскей Алатауында (11 км3), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3) болады.

Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі - 44,0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.

Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі – 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27 м және Балқаш – 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені 74 км-ге дейін, судың көлемі 112 км3. Екінші орында Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі 56,6 км3. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т.б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі 190 км3, олардың ішіндегі ең тұщысы – шамамен 20 км3.



Бұдан басқа республикада шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.

Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда – 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған – Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы – 0,36 мыңға дейін м3/км2.

Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы – шамамен 58 км3. Жер асты суларының ресурстары жылына 15,1 км3 балансталған пайдалану қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз ету үшін – жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км3; суармалы жерді суару – жылына 8,0 км3; бальнеологиялық (минералды) сулар – жылына 0,01 км3.

Ең үлкен қор – республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі тау етегіндегі аудандарда жинақталған, ең аз қор – солтүстік және орталық аудандарда, Каспий мен Арал маңында [1, 116-118 б.].

Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды игеруге кететін маңызды шығындарды талап етеді. Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және жылына 1,2 км3 немесе 7,9 % құрайды.

Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.



Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.

Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.

2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.

Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.

Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар [2, 108-110 б.].

Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК).

Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.

Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.



Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер ҚХР, Тәжікстан, Түрікме­нстан, Қырғызстан және Өзбекстан – осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.

Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.

Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11,1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада - 18,9, Ақтөбеде - 17,6, Астанада - 16,0 %). Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18,7, Алматы қаласында - 41,0 % құрайды). Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4,0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы - 1036, Павлодар облысы - 921,1, Маңғыстау облысы - 667 млн. м3 құрайды).

Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58,3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.

Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді [3, 114-116 б.].

Ертіс өзенінің экологиясы

Су жүйесінде және олардың құрамдас бөлігінде химиялық элементтердің жинақталуының негізгі көздері – түпкі түзілімдер – Ертіс бассейні аумағында тау қазбаларында табылған үстіңгі беттері, олардың үйінділері, байыту фабрикаларының қоймасы және өнімдер қоймасы, үйінді өнімдері, металлургия, химия-металлургия, химия, машина жасау, жылу-энергетика кәсіпорындары және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнеркәсіптік пайдаланылған суларын өзенге ағызу, сондай-ақ олардың өнеркәсіптік шығарындыларын атмосфераға шығару болып табылады, ол шығарындылар кейін жер бетіне шөгеді.

Топырақтан ластану көздерінің келуі, мысалы, Ертіс өзені бассейніндегі жер үсті су ағыстарындағы қорғасын 70 т/жыл деңгейде бағаланады. Алаң көздерінен келетін ТМ келу көлемін Ертіс өзені бассейніндегі жер үсті су ағыстарын ластанудың балансын есептеу кезінде ескеру қажет.

ТМ ластаушылары өңірдегі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын химияландыру құралдары болып табылады.

Ертіс өзеніндегі суды және оның ағыстарын өнеркәсіптік ластанудың әмбебап индикатор элементтері мыс, мырыш, қорғасын, хром болып табылады. Көрсетілген ТМ мазмұны Ертіс өзені бойында және оның оң жақ саласында ШРК мүлдем асып кетеді. ШРК артуының қайталануы санитарлық-тұрмыстық және балық шаруашылығы пайдалану есебінен, мыс үшін - 100 %, мырыш үшін - 66 %, қорғасын үшін - 27 %, хром үшін - 82 % құрайды.

Жоғарыда көрсетілген металдар бойынша ШРК қайталануы Қазақстан бойынша алғанда 55-65 %-ға жоғары. Қазақстанда табылған осы ингредиенттер бойынша қауіпті құбылыстардың негізгі бөлігі (85-90 %) Ертіс бассейнінің үлесіне келеді. Әсіресе ТМ ластануымен байланысты қауіпті құбылыстар тек осы бассейнде ғана байқалады [5, 115-118 б.].

Ертіс үшін маңызды экологиялық проблема оның суын Қытай жағы өнеркәсіптік мақсаттар және иррагациялық жүйелер үшін жинауы болып табылады. 1999 жылы басында ҚХР ауыз су және өнеркәсіпті сумен қамтамасыз ету үшін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында Қара Ертіс суын Қарамай мұнай кәсіпшілігіне бұрып әкелу үшін канал құрылысы басталды, соңғы кезде жаңа су қоймасының құрылысы туралы белгілі болды.

Алдын ала есептеулер бойынша Қытай каналында суды максимум жинау өзен суының жалпы көлемінен 10-11 % құрайды, Хельсинки келісімінде қарастырылған шамаға қарағанда 12 %-ға аз. Қара Ертістің орташа жылдық ағысы - 9 км3, бірақ жылдық ағыстың шамасы маңызды тербелістерге ұшыраған. Егер суы көп жылдары судың көлемі 20 % құрайтын болса, онда су таяз жылдары Қара Ертіс ағысының 50 % құрауы мүмкін, ал бұл күрделі экологиялық және экономикалық проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстан ғалымдары биоөнімдерді қайта жаңартудың бірегей орындарына қатер төніп тұр деп санайды, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының өзін-өзі тазартатын қабілеті маңызды түрде нашарлауда, себебі Қытайдан Ертіс өзеніне нитраттармен және мұнай өнімдерімен ластанған су келіп түседі. Өскемен ауданындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың лақтырындысының қолданыстағы көлемін сақтау кезінде Ертіс өзені ағысының азаюы өзен суының ластану деңгейінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Әрине, бұл ауыз судың сапасын нашарлатады (Ертіс өзені – Семей мен Павлодар қалаларын сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз көз, ал Ертіс-Қарағанды каналы – Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі көз, Қарағанды қаласын - 90 % және облысты - 50 % сумен қамтамасыз етіп отыр). Өз кезегінде, бұл халықтың денсаулығына келеңсіз әсерін тигізеді.

Сырдария өзенінің экологиясы

Сырдария өзенінің су ресурстары негізінен Қырғызстан аумағында қалыптасады, Тәжікстан мен Өзбекстан аумақтары арқылы өте отырып, Қазақстанға келеді. Тау аумағынан келетін өзен суларының сапасы төмен қарай аққан кезде күрт нашарлайды, сондықтан таулардан өзендер аққан кезде орташа және төменгі ағыста оларға жоғары минералдау тән. Бұл ретте ластаушылардың негізгі көздері гербицидтер, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, судың, суармалы жердің және ауыл шаруашылығының жалпы минералдануын қалыптастыратын иондар қосылысы болып табылады. Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық объектілер негізінен ауыр металдармен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен және т.б. ластайды [6, 116-119 б.].

Судың ащылығы топырақ қабатының сортаңға айналуына әкеледі, грунттың екінші реттік сортаңдауын дамытады және дақылдардың түсімін маңызды түрде азайтады.

Екінші рет топырақтың сортаңға айналу нәтижесінде күріш алқабында тұзды шөлдің жаңа дақтары қалыптасады. Қатты сортаң жерге айналған ауданның өзі тек Қызылорда облысының өзінде ғана 40 мың га (13,9 %), орташа сортаңға айналған жер - шамамен 200 мың га (69,4 %), әлсіз сортаңға айналған жер - 43 мың га (16,7 %) құрайды. Нәтижесі көрсетіп отырғандай, бұл өңірдегі сортаңға айналмаған жер күріш себілген алқаптар, суармалы жердің мелиорациялық жағдайын сипаттамайды.

Жыл сайын Сырдария өзеніне ластанған 850 млн. м3 пайдаланылған су ағады, олардың 210 млн. м3 Қызылорда облысы бойынша сульфат-натрийлі құрамы бар 1,5ден 6,0 г/л дейінгі минералдауды құрайды.

Әсіресе шиеленіскен жағдай соңғы жылдары Ферғана аңғарындағы шағын өзендер суларының сапасының күрт нашарлауымен байланысты (Қасансай, Падша-Ата, Исфайрам, Сох, Исфара, Ахангаран, Чирчик). Соңғы 15-20 жыл ішінде осы өңірдегі тұрғындар санының күрт артуымен байқалады, ал бұл табиғи және су объектілерінің экологиялық жағдайына жүктеменің күрт ұлғаюына әкеліп соқты. Осы өңірдегі елді мекендердің барлық ағыс сулары тазартусыз өзендерге лақтырылады, осылайша күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.

Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы ашық су қоймаларында шекті рауалы концентрациядан (ШРК) жоғары пестицидтердің болуы 10-200 сынаманың біреуінде, құдық суларында - 5-30, құбырмен келетін суларда - 20-35 сынамада байқалады. Азық-түлік өнімдерінде пестицидтер көбінесе жеміс- жидектерде - әрбір 50-сынамада, азықтарда - әрбір 30-50 сынамада кездеседі.

Таулар арасындағы шұңқырлар мен аңғарлар шегіндегі, сондай-ақ тау беткейлері, алқаптары мен өзен сағаларындағы жер асты суларының үлкен бір бөлігі беттік ағыстармен тікелей байланысты. Жер үсті өзен суларының көлемінің қысқаруы және олардың сапасының нашарлауы жер асты суларының тиісті көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Бұл ретте жер үсті суларының жер асты суларымен гидравликалық өзара байланысы жер үсті сулардың да, сондай-ақ жер асты суларының да, әсіресе өзен ағыстары мен дамыған суландыру аймақтарындағы қалыпты сапасының толықтай жоғалуына әкелді.

Өзен сулары сапасының нашарлауының басты себебі суармалы жер ауданын күрт ұлғайту болып табылады, бұл ретте су ресурстары тек толықтай жойылып қана қойған жоқ, бірақ сапасы жағынан да сарқылды. Өзен ағысы таудан ағыс түзетін аймақтан бастау алатын жерде суаруға бөлінеді. Өзен ағысына орташа алғанда олардың артық ағысы ғана және коллектор-дренажды желісінің ағысы ғана құйылады. Сырдария өзені бассейніндегі коллектор-дренажды сулардың жалпы көлемі жылына 12-14 км/жыл жетеді, оның 10 км3 өзенге қайтадан құйылады, ал 2-4 км табиғи түрде төмендеуге бұрылады.

Осыған сәйкес өзендердің гидрологиялық және гидрохи­миялық режимі өзгерді. Аңғардың орташа бөлігіндегі өзендердің толық емес барлық ағысы оның төменгі ағысының жоғарғы бөлігінде суару үшін екінші рет алына бастады. Соның нәтижесінде өзінің меншік төменгі ағысына табиғи ағыстың келуін тоқтатты. Өзен ағысы бұл жерде дренажды ағысты басты қабылдағыш қызметін атқарды. Оның мысалы Сырдария, Қарадария мен Нарын өзендерінің жоғары және орташа ағысы қызмет етуі мүмкін. Сырдария өзені Шардара су бөгетіне дейінгі дренажды және ақаба суларды жалғыз су қабылдағышы болып табылады, өйткені басқа су қабылдағыштар болмайды.

Сырдария өзенінің жер үсті ағыстарын қарқынды реттеу орташа ағыста, әсіресе төменгі ағыста гидрологиялық режимнің маңызды өзгерісінің нәтижесінде оның өздігінен тазарту жағдайы күрт нашарлайды.

Соңғы жылдары Сырдария өзені бассейнінде өткір пайда болған қарама-қарсылық жоғарғы ағыста су ресурстарының үлкен бөлігі қалыптасуы болып табылады. Бұл ретте судың энергетикалық потенциалын пайдаланатын суды пайдаланушылардың мүдделері басым тұрады, су ресурстары күзгі-қысқы мерзімде барынша жиі қолданылады, төменде орналасқан суармалы жерге су өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінде қажет.

Сырдарияның бірегейлігі өзен суларын пайдаланудың жоғары сапасынан тұрады. Әлемде осыған ұқсас су объектілер аз, олардың пайдаланылатын ресурстары олардың қолдағы көлемінен асып кетеді. Төменгі ағыс бойынша Сырдарияның өзен ағысына қайтып келген қайтару ағысы түріндегі шамамен 40 % көлемі қайтадан пайдаланылады. Соның нәтижесінде пайдаға асыру процесінің осыған ұқсас қарқындылығы су сапасына айтарлықтай әсерін тигізеді және күрделі экологиялық проблемалардың себепкері болып табылады.

Өзен ағысының қысқаруы, Сырдария өзеніндегі жалғыз су көзінің ластануының жоғары деңгейі, Арал теңізінің таяздануы, экологиялық жүйенің табиғи тепе -теңдігінің бұзылуы қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді, популяциялық сипаттаманы және осы өңірдегі халық денсаулығының көрсеткіштерін нашарлатады.

Ластанудың жоғары дәрежесі Қазақстанның басқа өзендері үшін белгіленген. Мысалы, Үлек өзені – Оралдың негізгі ағысы – Алға химиялық зауытының АҚ («Фосфорхим») және Ақтөбе хром бұйымдары зауытының ААҚ бор мен хроммен ластанды. Ластану көздері осы кәсіпорындардың сүзгісіз салынған шлам жинақтағыштары болып табылады.


Әдебиеттер тізімі
1. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана» Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» //Казахстанская правда, 2012, 15 декабря.

2. Панин М.С. Загрязнение бассейна Иртыша тяжёлыми металлами // Экология Сибири, Дальнего Востока и Арктики – 2011 г. // Материалы межд. конф. – Томск, 2011.

3. Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск, 2009.

4. Нысанбек У.М. Концептуальные проблемы экологической безопасности Республики Казахстан // ANALYTIC, 2012, № 5.

5.Дускаев К.К. Трансграничные проблемы водных отношений Республики Казахстан // Экология и устойчивое развитие, 2011, № 2.

6.Тусупбаева Г.А. Геополитические факторы обеспечения национальной безопасности – составные параметры государственной политики Республики Казахстан // Спектр, 2012, № 2.



7. Жанбеков Х.Н. Накопление и миграция тяжёлых металлов в водном бассейне р. Сырдарьи // Вестник МОН РК, 2012, № 3.

Г.К. Қабылбекова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: Shaiza68@mail.ru


БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.

Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады [1, 41-44 б.].

Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі.

Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.

Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.

Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.

Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында [2, 33-34 б.].

Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:



  1. Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ);

  2. Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс [3, 22-24 б.].

Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметиленгидрозин (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.

Симметриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.

Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екенін ескеруіміз қажет.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:



  • ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;

  • атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран

жанармайының қалдықтарымен ластайды;

  • атмосфераның озон қабатын бұзады;

  • территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен,

сынықтарымен зақымдайды;

  • қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

  • ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.

Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.

Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді [4, 12-13 б.].

Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран «Спейс - Шаттл» 150 тонна көмір оксидін, 500 тонна су және сутегін бөледі, осындай биіктіктегі «энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км2 қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.

Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан – 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған [5, 3 б.].

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:



  • қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

  • егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді

химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

  • токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда

қауіпсіздік шараларын сақтау;

  • аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу

жұмыстарын жүргізу;

  • зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың

денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.

Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.
Әдебиеттер тізімі
1. Адушкин В.В., Козлов С.И., Петров А.В. Экологические проблемы и риски воздействий ракетно-космической техники на окружающую природную среду: Справочное пособие/ Под общ. ред. В.В. Адушкина, СИ. Козлова, А.В. Петрова. – М.: Анкил, 2012.

2. Американские ученые создали экологически чистое ракетное топливо // Elvisti // Экология. – 2003 – 18 января // http://www.elvisti.com/2003/01/18/ ecology.shtml.

3. Батырбекова С.Е., Злобина Е.В., Иванова Н.В., Тасибеков Х.С., Кенесов Б.Н., Лю Е.Е., Айдосова С.С., Шалахметова Т.М., Наурызбаев М.К. Мониторинговые исследования территорий Республики Казахстан, подвергнутых воздействию ракетно-космической деятельности. Алматы, 2013.

4. Власов М.Н. Экологическая опасность космической деятельности: Аналит. обзор // За экологическую безопасность ракетно-космической деятельности: описание программы / М.Н. Власов, С.В. Кричевский. – М: Наука, Центр экологической политики России, 1999.

5. Доскалиев Ж., Бактыбеков К.С., Жакишев М.Е. Доклад на Парламентских слушаниях 11.01.2011 «Воздействие запусков с космодрома Байконур на здоровье населения и окружающую среду», // Экология и устойчивое развитие. № 2, 2011.

6. Оспанов Б.С. Доклад на Парламентских слушаниях 11.01.2003 «Воздействие запусков с космодрома Байконур на здоровье населения и окружающую среду». Экология и устойчивое развитие. №2, 2003.



.




жүктеу 17,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау