Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.
Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. Шылым шегумен қауіп-қатердің бірде-бір факторы салыстыруға келмейді. Статистикалық деректердің негізінде құрастырылған болжам 18 жастағы 100 мың жас балалардың ішінде 35 мыңы 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін, 300 өлтірілетінін, 600 өздеріне өзі қол жұмсап өлтіретінін, 750 СПИД-тың құрбаны болатынын, 770 автокөлік астына түсіп өлетінін, 2200 маскүнемдік әкетеді, 12 мыңның өлімінде шылым кінәлі болады [2, 48 б.].
Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында - 30 % астам, оның үстіне басым бөлігі - қыздар.
Зерттеулер, сондай-ақ, шылым шегетіндердің 60-70 проценті жаман әдеттен құтылуды тілейтінін көрсетеді, бірақ көп жылдық сынау көрсететіндей, бұны жасау оңай емес. Сондықтан, әрбір жас адам, шылымды ақымақтықтан ішке тартқан адам, екінші рет тартады, содан кейін үшінші рет және қалған өмірінде құмарпаз «темекі тартқышқа» айналатынын ұғынғаны дұрыс.
Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады.
Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді. Жүрек тамырлары ауруларынан өліп қалу қаупі темекі тартатындарда тартпайтындарға қарағанда екі есе. Темекі тарту әйел организміне және болашақ ұрпаққа өте зиян, бала анасының құрсағында бола тұра зақымданады. Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азартты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін. Айтпақшы, бұл сырқаттар әрбір шылым шегушіге тән. Сонымен қатар, шылым шегетіндердің шашынан үнемі темекінің иісі шығып тұрады, олардың «тістері сарғайып кеткен», саусақтарында сары дақтар бар, аузынан шылымның иісі шығып тұрады, терілері ақшыл немесе қоңыр түсті дақтарымен құрғақ болады. Мұндай іздер адамның ішкі органдарында (өкпе, кеңірдек тамыры, жүрек және т.б.) да байқалады.
Шылым шегетіндерде мерзімнен бұрын әжімдер пайда бола бастайды. Көбісінде никотиннің әсерінен көру қабілеті төмендейді (темекі соқырлығы). Айтпақшы, тіпті темекі тартатын ер адамға шылым шегетін әйелдің иісі жағымсыз екені белгілі. Темекі тартпайтындар туралы не айтуға болады, ал олардың саны, қуанышқа орай, артуда.
Шылым шегетіндерде жиі созылмалы бронхит, туберкулез және басқа да өкпе аурулары пайда болады. Шылым шегу атеросклероздың, инфаркттың және инсульттің дамуы мен онкологиялық аурулардың (ең бастысы өкпенің) қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады: темекі тартатындардың тамырлары 10-15 жылға ерте тозады, терінің қартаюы 20 жылға ерте басталады, ал өмірлері 10-15 жылға қысқарады.
Ата-аналардың шылым шегуі баланың денсаулығына әсер етеді, туа біткен дене кемістігіне, генетикалық ауруларға және балалардың қатерлі ісіктеріне, соның ішінде лейкемияға – қан ауруына әкеледі.
Өзіңе немесе жақын адамыңа никотин тәуелділігі кезінде қалай көмектесуге болады:
- көз алдынан шылымды еске түсіретін заттардың барлығын алып тастау керек. Үйде және жұмыс орнында шылымға, оттыққа, күл сауытқа орын болмауы керек;
- шылымнан бас тартатын нақты күнді белгілеу керек;
- өзіне бір күнге ғана мақсат қою керек. Шылымды бір жолға тастаймын деп серт етпеу;
- назарды басқаға аудара білуге үйрену. Қатты шылым шеккісі келгенде тез тұрып басқа бір істерді жасай бастау керек;
- досыңды немесе отбасының бір мүшесін сізбен бірге шылым шегуді тастауға үгіттеу керек.
Шылым шегуге ұмтылысты азайту үшін бірінші жарты жылда құрамында никотин бар препараттарды, мысалы, «Никоретто», «Коррида +R», «Табакул» сағыздарын немесе осыларға ұқсас заттарды қолдану керек.
Сонымен қатар, құрамында никотимед бар азық-түліктерді, мысалы, баклажан, қартоп, гүлді капустаны пайдалану ұсынылады. 1 мкг никотимед 240 г қызыл қызанақта, 140 г қартопта, 10 г баклажанда бар. 1 кг гүлді капустаның құрамында 4 бастап 16 мкг дейін никотимед бар.
Егер сіз шылым шегуді жалғастыра берсеңіз, онда тамақтану рационына С витамині бар азық-түліктерді: орамжапырақты, көк шөпті, томатты, тәтті бұрышты, қара қарақатты, ақжелекті, бүлдіргенді, лимонды және т.б. қосу қажет, себебі бір тартылған темекі витаминнің тәуліктік нормасының жартысына дейінгі мөлшерін «тартып алады».
Достарыңызбен бөлісу: |