Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет15/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50

арқылы  оқушылардың  адами  құндылық  қасиеттерін  қалыптастыра  аламыз. 
Сондай-ақ  ұлттық  салт  –  сананың  өмірдегі  қолданылмалы  көріністері: 
рәсімдер,  рәміздер,  ырымдар,  тыйымдар,  жөн-жоралғылар,  діни  уағыздар, 
сенімдер,  кісілік  рәсімдері,  перзенттік  парыз,  адамгершілік  борыш, 
ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.  
Оқушының 
ұлттық 
қасиеттері: 
меймандостық, 
кісілік, 
сыйласымдылық,  имандылық,  кішіпейілділік,  кеңпейілділік,  салауаттылық, 
тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, 
мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.  
Осыған  орай  мұғалім  (тәрбиеші,  тәлімгер,  сынып  жетекшісі)  қазақ 
баласының 
келбетін 
қалыптастыруда 
мектеп 
тәрбие 
жұмысында 
төмендегідей қасиеттерді қалыптастыру жолдарын  қарастыру керек: 
–  өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу; 
–   әлеуметтік  –  саяси  жағдайда,  өз  көзқарасы  мен  сеніміне,  идеалына 
және ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қоя білуі ; 
–  ұлттық  санасы,  азаматтылық  отангерлік  қасиеттері  болып  елінің 
экономикалық  және  мәдени  дамыған,  әлемдік  қоғамға  сай  орны  бар 
зиялы мемлекет болып қалыптасуына қатысуға талпынуы ; 
–  заңды  сыйлап  және  әлеуметтік  жауапкершілікті  болуы  ,  азаматтық 
ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы ; 
–  өзін  обьективті  бағалайтын  және  өзін  дамытатын  қабілеті  болуы  ,  өз 
потенциялдарын  (қабілеті,  мүмкіншілігі)  сезініп,  оны  іске  асыра  білу, 
өздігінен  шешім  қабылдап,  оны  шеше  білуі,  алдына  мақсат  қоя  білуі 
және  алдын - ала сезуі; 
–  өмірде  бар  жағынан  жоғары  әлеуметтік  белсенді  болуы,  жаңаны 
ізденуге  өмірлік  және  кәсіптік  мәселелердің  стандарттары  емес 
шешімдерін 
табуға, 
әлеуметтік 
– 
экономикалық 
жағдайда 
бәсекелестікке қабілетті болуы ; 
–  жанашыр,  өнегелі,  парасатты,  басқа  ұлтты,  басқа  діндегі,  басқаша 
ойлайтын  адамға  шыдамсыздық  пен  жауапкершілік  көрсетпейтін 
қабілеттері болуы ; 
–  өз денсаулығын қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалауы; 
–  әлемдік және ұлттық мәдениет байлықтарын бағалай білуі . 
Жан жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол 
жігіттің сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу халық арманы. Жан жақты дамыған 
нағыз  ел-жер  қамын  ойлайтын  азамат  тәрбиелеу  қазақ  мектебінің  басты 
мақсаты болуы керек екенін әр ұстаз есінде сақтауы қажет.   


Бұл  жалпы  адамзаттық  құндылыққа  негіз  болар  деген  оймен  қазақ 
баласының келбетін тәрбиелеуді ұсынып отырмыз. 
Қазақ  баласының  келбетін  тәрбиелеу  дегеніміз  –  бұл  мұғалім  мен 
оқушылардың  оқу-тәрбие  процесі  үрдісінде,  өзін-өзі  тәрбиелеуде, 
өздігінен  білім  алуда  іске  асатын  ата-ананың  көмегімен,  оқушылардың 
жеке  көзқарасы,  жалпы  мәдени  кәсіптік  қабілетінің  жасалуына 
бағытталған  мектеп  ұжымының  іс  әрекеттері  арқасында  іске  асады 
деп білеміз (С.Ғ.Тәжібаева). 
Оқушылар  бойына  ұлттық  құндылықтарды  құрметтеуге,  сақтауға 
тәрбиелеуде  белгілі  әлемдік,  отандық  ғалымдарымыздың  еңбектеріне 
тоқталып өтелік. 
Белгілі педагог К.Ушинский «Халық (этностың) тәжірбиесінде педагог 
та  жоқ,  педагогика  да  жоқ»  дейді.  Ал  Аристотель  «Біз  бала  тәрбиелеуде 
халыұ тәжірбиесіне сүйенеміз» деп жазады. 
Отандық  ғалымдарымыздың  бірі  Қ.Жарықбаев  «Еліміз  бен  жеріміздің 
түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана 
тән  біртұтас  ұлттық  ерекшелік  бар  деп  айту  қиын.  Өйткені,  қазақ 
этносының  бүкіл  тыныс-тіршілігінде,  отбасындағы  әдет-ғұрып  пен  салт-
санасында көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын 
жылқы мінез болып, енді қой мінез болған жуас, намыссыз халық емеспіз» 
деп тұжырымдайды.  
Әрбір  мәдениетті,  білімді  адам  өзінің  кәсіптік,  дүниетанымдық 
деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу 
үшінбілімді  болу  міндетті.  Білімді  болғанмен  ұлттық  мәдениетті 
игермеген  болса,  ондай  тұлға  ұлт  алдында  мәңгүрт,  мәдениетсіз  болып 
көрінеді  де,  халықтың  наразылығына  ұшырайды.  Кәсіптік  –  мұрагерлік 
әдеп  (мәдениет)  сақталған  жерде  дамыған  дарынның  мәдени  жемістері 
көрінеді. 
Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы 
Ж.аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан 
соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған 
саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің  көздейтін  түпкі 
мақсаты  осы.  Мектеп  осы  бағытта  баланың  келешекте  жетілуіне  мықты 
негіз салуы керек» деген екен. 


Ойымызды қорыта келе, құрметті ұстаздар мен тәлімгерлер қауымына 
бала бидің сөзін естеріне түсіргім келеді: 
«Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім, 
Судан терең дегенім – оқу-ғылым, 
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі, 
Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі!»  - осы ойды дамытуда ақиқат 
шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сіз жүргізген 
тәлім  –  тәрбие,  білім  нәтижелі  болмақ.  Ұстаз  үшін  еңбегінің  жемісін 
көруден артық бақыт жоқ!  
ОҚУШЫ БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ 
КӨПМӘДЕЕНИЕТТІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Бұл үрдіс оқу уақытында екі жолмен іске асады: 
1.  Оқушылармен  қарым  –  қатынас  кезінде  адамгершілік  тәжірибе 
жинау; 
2.  Әлеуметтік  –  ізгіліктік  циклдегі  пәндер  мазмұны  (этика,  эстетика, 
әдеп  сабақтары,  мәдениеттану,  тілдер  және  т.б.)  рухани  сезіну  және 
меңгеру арқылы. 
Оқушыларды  тәрбиелеуге  педагог  тұлғасының  рөлін  бағалау  қиын. 
Педагогтың  тәрбиелік  әсер  ету  қасиеттері:  кішіпейілділік,  ұқыптылық, 
сөйлеу мәдениеті, талап етушілігі, жауапкершілігі, бағалауда әділ болуы, 
парасаттылығы және кінәмшылдығы жатады. 
Оқудан  оқу  үрдісінде  тәрбиелік  ситуациялар  жасап  отыру  керек,  жай 
ғана сол салада маман болмай, толық мәнді педагог болуы керек. 
Оқудан тыс уақытта оқушыларға «қарым – қатынас мәдениеті», «өзін – 
өзі  тану»,  «өзін  –  өзі  бағалау»,  «темперамент»,  «мінез»,  «эмоциялар», 
«эмпатия»  сияқты  түсініктермен  басқа  адамды  тану  құралы  ретінде 
танысады.  Тағы  да  олар  тренинг  көмегімен  эмоционалдық,  психикалық 
күйін 
өздігінен 
басқарунегізімен 
жеке 
тұлғалар 
арасындағы 
келіспеушіліктерді шешу тәсілдерімен танысады.  
 
Оқудан  тыс  уақытта  тәрбие  жұмысының  әртүрлі  формаларын  іске 
асыруға болады: адамгершілік мәселелеріне, өнерге, ұлттық мәдениетке және 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау