Қызылорда облысы Арал ауданы
Г.Жұмағұлова – «Қамбаш» балаларды сауықтыру
және қосымша білім
беру орталығы директоры
оқу-тәрбие ісінің орынбасары;
Жас ұрпақ тәрбиесі –
ұлт болашағы, ел
ертеңі. «Балам дейтін
жұрт болмаса, жұртым
дейтін
бала
қайдан
болады»
деп
А.
Байтұрсынов айтқандай
мемлекетіміз де ұрпақ
тәрбиесіне
барынша
назар аударып келеді. Себебі, бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен
тілегі. Сонау тарихи толқулардың талай теңселуінен өтіп келсек те,
басымызды биікке көтеріп, алпауыт дамыған елге айналуымыз,
әлем елдерімен қатар тұруымыз Елбасымыздың жолдауы,
халқымыздың қолдауы, жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігінің
арқасы.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында жас ұрпақты патриотизмге, мәдениеттілікке және
білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге шақырды.
Осындай тәрбиелік ұстанымды жазғы лагерь кезінде бала санасына
ұялату мақсатында мәдени іс-шаралармен ойындар ойнатылады.
Сондай ойындардың бірі квест «Болашаққа бағдар».
Ойын шарты: топ алтыға бөлінеді. Ойын кезінде балаларға карта
беріледі. Аялдамаға ойын шартын білетін тәрбиешілер бекітіледі.
Әр аялдамаға 7 минут уақыт беріледі және 5-10 ұпаймен
бағаланады. Ойын соңында бірінші болып келген топ «Нүкте»
аялдамасына келіп, туын тігеді.
1. «
Бәсекелік қабілет» аялдамасында балаларға логикалық
тапсырмалар беріледі:
1.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен
Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың
қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің
аты кім?
(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы)
2. Үш ағайынды: Арман, Аян, Абзал үшеуі әртүрлі сыныпта оқиды.
Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені,
ортаншыс және кішісі кім?
(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)
3. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде
кездесті. Бұлардың біреуі –Қосқұдықтан, екіншісі –Үштөбеден,
үшіншісі – Көктөбеден. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі
бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып
көрмегендігі
белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -Үштөбеден)
4.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің
жарқырап тұруы мүмкінбе?
5.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық
дорбада қалды. Бұл қалай ?
6.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай
құрастыруға болады ?
2. «Прагматизм» аялдамасында топтар бір өнер көрсетеді.
Мысалы: ән салу, би билеу, өлең оқу, жылдамдыққа жүгіру, бір
орында тұрып секіру т.б.
3. «Ұлттық бірегейлік» аялдамысында б
алалардың сөздік қорын
тексеру мақсатында ағылшын әріптері партаға шашып
тасталынады. Балалар әріптерді қолдану арқылы бірнеше сөз
шығарып, қазақ және орыс тілдеріне аудару керек.
4. «Білім» аялдамасында
балалар «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» тақырыбын қорғайды
(ол үшін қажетті құралдар