«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін жалпы білім беретін
оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас
ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық
қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік
беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық
қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.
Осы негізде сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа
технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынамын.
Жоба аясында сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық
әдісін қолдану
«Идеялар қоржыны» – «қызығушылықтар өрісін» анықтайтын әдіс.
«Идеялар қоржынымен» жұмыс жасау алгоритмі:
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Жеке жұмыс. Әр білім алушы тақырып бойынша өзінің білгенін
дәптеріне қысқаша жазады. Бұл кезең – 2-3 минутқа созылады.
Топпен немесе жұппен жұмыс жасау. Қатысушылар қай жерде
ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып,
ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты – 3 минут.
Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз
білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша
идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық
айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады.
«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер,
жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.
«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:
1. Неге? - Why?
2. Түсіндір - Explain
3. Ата - Tell
4. Ұсын - Offer
5. Ойлан тап - Invent
6. Бөліс – Share
6. «Ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізу» – жүргізуші
айтылған бекітумен келіседі де, бірақ содан кейін одан қисынға сыймайтын
қорытындылар шығарады.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАСЫНЫҢ ІШКІ МАЗМҰНЫ
Ғылыми негізі:
ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы 12.04.17
Өткізілу кезеңі:
І этап 2018-2019 жылдар аралығы.
Мақсаты:
Мәңгілік еліміздің ұлттық құндылықтары мен мәдениетін насихаттау.
Рухани жаңғырудың бағдарламасы:
Тәрбиелік
білім
Атамекен
Рухани қазына
Ақпарат
толқыны
Базалық жобасы: «Кітап - білім бұлағы»
Жұмыс түрі: «Оқы және өзгеге ұсын!» акциясы.
Күтілетін нәтижесі: 100 кітап көрмесі
Базалық жобасы: «Отаным-тағдырым»
Жұмыс түрі: Менің инициативам-менің отаныма
Күтілетін нәтижесі: Идеялар қоржыны. «Ұлы жаңалыққа алғашқы
қадам»
Базалық жобасы: «Өлкетану»
Жұмыс түрі: «Туған жерге тағызым» жобасы бойынша
шәкірт ізденісі
Күтілетін нәтижесі: «100 жаңа есім» жинағы
Базалық жобасы: Саналы азамат
Жұмыс түрі: «Кәсіби білім және бизнес: серіктестер диологы» ашық
марафон.
Күтілетін нәтижесі: Ашық марафон