ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/4
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12751
1   2   3   4



Сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмекке екпелер жатады ма?


Профилактикалық екпелер елдің барлық азаматтарына арналған мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің базалық пакетіне кіреді (ТМККК).




Жұмыссыздарға медициналық сақтандыру алу үшін жұмыссыз деген статус алу қажет дейді. Бірақ, егер ауылда жұмыс болмаса және ЖК ашуға да табыс жетпесе, табысымыз тек 2-3 сиыр мен бақша ғана жететін, онда қалай болғаны. Яғни, ертең бізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылады ма?


Сізге көмек беруден бас тартылмайды, өйткені барлық азаматтар үшін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар. Бұл жедел медициналық көмек және санитариялық авиация; әлеуметтік мәні бар аурулар және кезек күттірмейтін жағдайдағы медициналық көмек; профилактикалық екпелер; амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Одан басқа, Сіз медициналық сақтандыру қорына жарналарды ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» арқылы, екінші деңгейдегі банктер арқылы АЖ 2%-ы мөлшерінде аудара аласыз.







Емдеуге жатқызуға ақы қалай төленеді?

Стационарда емделіп шыққан жағдайға ақы төлеу сақтандырылған адамға қор қаражатынан, көрсетілген медициналық көмектің сапасына жүргізілген сараптама нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілеген тарифтер бойынша жүргізіледі.



Жұмыс берушілер аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма?


Ия, жұмыс беруші салымдарды, оның ішінде жалақыны қоса алғанда жұмыскердің табысынан есептеледі және аударады,.



МӘМС жарналарды аудару есептелген жалақыдан немесе салық ұсталған (зейнетақы; табыс) жалақыдан төленеді ме?

Жарналарды аудару есептелген жалақыдан жүргізіледі.




Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге бола ма?

Шұғыл жағдайлар кезінде кез келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге болады.

МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан ұсынылады. Бұл ретте жалғыз шарт медициналық ұйымның медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарты болып табылады.






Егер қолданыстағы жүйе қалыпты жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың қажеті не?

Жаңа тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қажеттілігі бұрыннан айтылып келеді, керек жүйе. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге бастама болған негізгі проблемалардың арасында – денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының болмауы, денсаулық сақтау жүйенің қаржылық тұрақсыздығы және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігінің жеткіліксіз құрылымы.

Денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының болмауы салдарынан денсаулық сақтауды қорғауды қамтамасыз ету ауыртпалығын мемлекет көтереді, ал азаматтар денсаулығын сақтауға тұтынушылық қатынаста ғана қарайтын болып кетті.

Бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше негізгі проблемаларды шешуге жағдайы жоқ:
1) Медициналық ұйымдар арасында пациенттерді тартуға бәсекелестіктің болмауы.
Қолданыстағы жүйеде мемлекет медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдар арасында қаражатты тең бөлуде жалғыз қызметтерді жеткізуші рөлін атқарып отыр.

Бұл ретте қаражатты тең бөлу практика жүзінде мынаған әкеп соқты, бір бейінді және бірдей қабылдау күші бар медициналық ұйымдар, олар көрсететін медициналық көмектің сапасына қарамастан бірдей қаржыландыру көлемін алады. Бұл, қымбат тұратын ауруларды емдеуді кеңейту есебінен көптеген медициналық ұйымдарда барынша көп ақшаны «тартып алу» процесін туындатады, ең басты көрсеткіш – көрсетілетін қызметтердің сапасы жоқ.


2) Ақы төлеуде теңестіру және бейресми төлемдердің өсуі
Өкінішке орай, дәрігердің тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына қарай барлық бір бейінді мамандар, жұмыс тәжірибелері бірдей мамандар тең еңбекақы алады.

Осыған байланысты, қазір пациенттер таңдаған көпке танылған дәрігерлер жекеше құрылымдарға немесе жекеше кабинеттерге ауысуда, ол жерде сәйкесінше кәсіптік тәжірибесіне қарай ақша таба алады. Бұл өз ретінде халық үшін қосымша ауыртпалық болып келеді.


3) Әлеуметтік қамқорлықты сақтау
Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі халықтың басым көпшілігі олардың денсаулығы үшін мемлекет жауапты деп ойлайды. Практика жүзінде азаматтардың денсаулығының 20 %-дан астамы медицинаға тәуелді, қалғаны – өмір салты мен қоршаған ортаның, генетиканың және т.б. әсері болып табылады.

Осы проблемалардың барлығы жинақталып келіп қоғамдағы денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі кездегі сынға алынып отырған негіздердің бірі болып қалыптасып отыр.


Бұл жағдай енгізіліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көзделіп отырған медициналық көмекті қаржыландыру мен ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді талап етеді.





Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қандай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Кореядағы медицина бізде де болады ма?

Тек елдердің тәжірибесі ғана емес, сол елдердегі әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту үрдістері де, сондай-ақ қателіктері де зерделенді.

Мысалы, Францияда бірінші жылдары жарналарды төлеу ауыртпалығы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында бөлінген, барлық шығыстардың 50%-ы экономикалық белсенді емес халыққа жүргізілетіні анықталғанда мемлекеттік бюджеттен аударымдардың көлемі ұлғайтылды.

Германияда медициналық ұйымдарды қаржыландырылатын мыңнан астам ауруханалық кассалар қызмет еткен. Кассалардың осындай саны, аурулардың қатерлері болған кезде әр түрлі жарналар деңгейлері бар жүйенің қатысушылары арасындағы қаражатты қайта бөлуге жол бермеді.

Осыған байланысты, Германия ауруханалық кассаларды ірілендіре бастады, нәтижесінде олардың саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен 100-ге дейін қысқартылды.

2014 жылдан бастан АҚШ президент Обаманың бастамасы бойынша медициналық қызметтердің қымбат болуы себебінен халықтың барлық тобына медициналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген жинақтаушы медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care Act, немесе халықта Obamacare аталып кеткен заң негізінде жалпыға қолжетімді медициналық сақтандырудың әмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-тың денсаулық сақтау реформасының басты элементі АҚШ азаматтарының, егер олар сақтандырылмаған болса, медициналық сақтандыруды сатып алу міндетін енгізу болып табылады. Сонымен қатар, аз қамтылғандарға субсидиялар көзделеді.

Реформа сондай-ақ полисі бар азаматтардың медициналық сақтандыру жағдайын жақсартуға арналған. Осылайша, заң жобасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап егер еңбек шарты басталмас бұрын жұмысшының ауыр созылмалы ауруы расталған болса (мысалы, ЖИТС, қатерлі ісік және т.б.) жұмыс берушілер және оларды сақтандырушылар жұмысшыларға медициналық сақтандыру ұсынудан бас тарта алмайды немесе оларға сақтандыру жарналарын көбейте алмайды.






Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма?

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады.




Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма?

Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кезінде Қор:

  • ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл, жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді;

  • жоспарланбаған шығыстарға резервтер Қор активтерінің 3 %-на дейінгі көлемде қалыптастырылады.



Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әр түрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?

Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар күнделікті медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерді төлеуге б0ағытталады.

Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі дағдарысты қамтитын өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың табысынан жүзеге асырылатын жарналармен өтелетін болады.





Мен МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба?

Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпия сөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, дәрігерлердің қабылдауы және т.б. туралы мәлімет орналасады



Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады?

Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. МӘСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі;

Көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі;

Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне);

Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық веб-сайтта және жеке БАҚ басылымдарда)

МӘСҚ-ның стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын МӘСҚ веб-сайтын жүргізу.




Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма?

Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.




МӘМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жемқорлықтың өсімін тудырмайды ма?

Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біздің жарналар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз үшін аударымдары бұл біздің жоспарланған емдеуге жатқызуға төлем болып табылады.

Осыған байланысты, медициналық көмек ұсыну кезінде медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК-ға және МӘМС-ке кіретін қызметтерге «қосымша шартты төлемдер» ұсынылмауға тиіс.

Қызметтерге ақы төлеу, медициналық ұйымның ұсынылған медициналық көмегінің сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.




Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анықтайтынын білгіміз келеді?

Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдарға жұмсалған шығыстарды Қор өтемейді.



Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді ме? Ия болса, қашан?

МӘМС жүйесінде медициналық көмек тізбесіне мыналар кіреді:

- шұғыл стоматологиялық көмек (қатты қақсау), балаларға және ересектерге: жансыздандыру, препарация жасау және химиялық қатайтылған композиттік материалдан пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлу, периостотомия, іріңдікті ашу;

- жоспарлы стоматологиялық көмек, балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтиялықтан және ортопедиялықтан басқа) маманның жіберуі бойынша, оның ішінде жансыздандыру арқылы тісті жұлу, препарация жасау және химиялық қатайтылған композиттік материалдан пломба салу;

- ортодонтиялық жақ сүйек-беттің туа біткен патологиясы бар балаларға көмек, тіс-жақ сүйек аномалиясын жоюға арналған аппаратты қолдану арқылы (ортодонтиялықтан пластина).





Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда Қор жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?

Қормен шарт жасаған кезде медициналық ұйым өзіне материалдық (дәрілер, азық-түлік және т.б.) және еңбек ресурстарының бар болуын міндет қылады. Қор арқылы сақтандырылған стационарлық көмекке төлем толықтай өтеледі. Пациент дәрілерді өз қаражатынан сатып алмауға тиіс. Егер қандай да бір дәрі-дәрмек болмай қалса, дәрігер немесе медициналық ұйым оның алмастырушысын қамтамасыз етуге тиіс.

Егер, сонда да, дәрігер препараттарды өз бетінше сатып алуды ұсынса, онда емхананың басшылығына немесе Қорға түсіндірме және жағдайды шешу үшін жүгінуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады (айыппұлдар, қаржыландыруды қысқарту).






Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлейді ме?

Жоқ, зейнеткерлер үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Олар жұмыс істеген жағдайда, оның жұмыс берушісі оған жарналарды төлеуден босатылады.






Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесем, онда салымдар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма?

Жоқ.

Медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып табылады және қатысушылардың дербестендірілген есебін және аурудың қатері келгенде жүйені қатысушылары арасында қаражатты қайта бөлуді қарастырады.






Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене аламыз ба? Егер ия болса, онда неден бастау керек?


Бұл процедура, МӘМС медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Сондықтан процедураны ,бекітілген тәртіпте көрсетілімдер бойынша өтуге болады.



Мысалы, егер адам апатқа ұшыраса, оған шұғыл көмек көрсету үшін жарақаттанушыда медициналық сақтандыру бар ма екендігін анықтау керек пе?


Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл көмек барлық азаматтарға, МӘМС-ке қатысуға тәуелсіз көрсетіледі.


Жұмыс берушілердің сұрақтары



Неліктен мен жұмыс беруші ретінде МӘМС жүйесіне қатысуым керек?


Пайда болған қаржылық дағдарыс жағдайында әрбір кәсіпорын үшін шығындарды қысқарту мәселесі бірінші орынға шығады. Бұл қиын кездерден өту үшін басшыларға барлығын, бірінші орында – жұмыс күшін үнемдеуге тура келеді. Дегенмен, персоналды қысқарта отырып, қалған жұмыскерлердің мойнына артылған ерекше жүк проблемасы туралы екінің бірі ойлай бермейді. Басшыға персоналдың өзара алмасу жүйесін үнемдеуге тура келгенде, кез келген жұмысшының ауруы кәсіпорын үшін одан да күрделі салдарға әкеп соғады.

Осындай жағдайларда қызметкерлердің денсаулығы туралы ойламау зиянды болады. Өз жұмысшыларының проблемаларын шеше отырып, басшы бірінші орында өз бизнесі туралы уайымдайды. Тек қызметкерлердің денсаулығы проблемасын қалайша оңтайлы шешуге болатыны мәселе болып тұр.

Сақтандыру медицинасы Сіздің жұмыскерлеріңізге, олардың табыстарына тәуелсіз барлық медициналық көмек көлемін, оның ішінде жоспарлық стационарлық көмек пен дәрілік қамтамасыз ету және жоғары мамандандырылған медициналық қызметтерді, оңалту қолдауын, консультациялық-диагностикалық көмекті, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, егер бүгін Сіздің жұмысшыңыз қатты аурып қалса, ол қымбат ем алуға мұқтаж және ұзақ науқастық демалыс алуға мәжбүр. Медициналық қызметке ақы төлеу үшін жеткілікті жеке қаражаты болмай ол өз жұмыс берушісіне және кәсіпорын ұжымына материалдық көмекке жүгінеді, ол барлық тараптардың маңызды материалдық шығындарына әкеп соғады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында науқас жұмысшыны емдеу, күту және оңалту бойынша шығыстарды медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады.

Бұдан басқа, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары, бірінші орында денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буынын кеңейтуге, емдеуге жатқызу жағдайларын азайту мақсатында аурулардың алдын алуға, тиісінше тиімді амбулаториялық-емханалық көмек есебінен жұмыс уақытын жоғалтуды азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, бүгін еңбек нарығында жұмыс берушілердің бір бөлігі ғана біліктілігі жоғары мамандарды тартуға басымдылық ретінде қолдана отырып, өз жұмыскерлеріне толық әлеуметтік пакетті, оның ішінде медициналық сақтандыруды ұсына алады. МӘМС енгізу арқылы аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығының барлық қатысушыларына қолжетімді және әмбебап артықшылық болады, ол кадрлық мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек өндірісі жоғары деңгейлі елдерде (Франция, Германия, Корея, Жапония) міндетті медициналық сақтандыру үлгісіне артықшылық танытты. Өйткені бұл үлгі шығындарды азайту, өнімнің өсуі және кәсіпорынның табысын арттыру арқылы бизнес үшін даусыз экономикалық пайданы қамтамасыз етеді.

Медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі пайдасы жұмыскерлердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындарды азайту.

Осылайша, жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді) шығаратын, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды.

Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.






Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін салымдардың көлемі қандай болуға тиіс?


Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылғы 1 шілдеден бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 жылы - 4%, 2020 жылы - 5% сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс салығынан (КТС) шегеруге жатқызылады.

Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан (ЖТС) шегеруге жатқызылады. Сонымен қатар аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыс минималды еңбекақының 15-еселік көлемінен аспау керек (2016 жылы – 342 885 теңге).



Сақтандыру аударымдары мен жарналар қорға мынадай табыс түрлерінен төленбейді:

қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан;

қызметкерлердің егістік жұмыстарынан;

бюджет қаражатынан қызметкерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы және компенсацияға байланысты шығындардан;

сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минималды жалақы (МЖ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден;

стипендиядан;

сақтандыру сыйақыларынан




Жұмыс беруші үшін МӘМС-қа аударымдар тетігі қандай болады?


Жұмыс беруші өз бетінше ай сайын, МӘМС туралы заңмен орнатылған мөлшерлеме бойынша жұмысшының табысынан аударымдарды екінші деңгейдегі банктер арқылы шегереді және аударады.



2019 жылы табыс салығын есептеу кезінде жұмыскерлердің жарналары шегеруге жатқызылады ма?


МӘМС-ке салымдар ЖТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық салынатын негіз жарналардың сомасына азайтылады.



Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының жұмыскерлері, базардағы сатушылар жарналарды қалай төлейді?


Жарналарды есептеу және төлеу:

  • жалпы орнатылған салық салу тәртібі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге ҚР салық заңнамасы орнатқан шегерімдерді ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстан жүргізіледі.

  • шаруа қожалығының басшыларына, арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерлерге (оның ішінде патент бойынша) бір минималды еңбекақы төлемінің (МЕТ) 2%-7% дейінгі көлемде жүргізіледі.

МӘСҚ-ға шаруа қожалығының жұмыскерлері үшін жарналарды жұмыс беруші (шаруа қожалығының басшылары) төлейді.

Базардағы сатушылар, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда сол сияқты салық салу режиміне байланысты (жалпы орнатылған тәртіп немесе арнайы салық режимі бойынша) жарналар төлейді. Егер сатушы жалдамалы жұмысшы болса (базардағы сатушылар), онда аударымдар мен жарналар жұмыс беруші есептеген табыстан саналады және төленеді.





Менің жұмыскерлерім қымбат жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті ала алады ма?


Ия, әрине. Әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс беруші және жұмыскерлер бірігіп жүргізген салымдар көлемінен құны айтарлықтай артық жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға Сіздің жұмыскерлеріңізге мүмкіндік береді.

Мысалы, Қорға жылына 240 мың теңге сомасына аударымдар жасаса, егер мәселе 1 млн. теңге тұратын жүрек операциясы жайлы болса, онда Сіздің жұмыскеріңіз Медициналық көмек қорының қаражаты есебінен төлеуге сүйене алады, оған қоса дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуды қолдау.

МӘМС жүйесінің ортақ және әділдік принциптері бар табыстан жүйеге жарналар төлеп және жарналар көлемінен тәуелсіз медициналық көмекті қажет көлемде алуды көздейді.




Жұмыс беруші өзінің МӘМС-ке салымдарына бақылауды жүзеге асыра алады ма?


Қор, Сіздің жұмыскерлеріңіздің мәртебесі (сақтандырылған немесе сақтандырылмаған) және сұрау салынған кезеңге енгізілген қаражат сомасы туралы ақпаратты ұсына алады.

Одан басқа, жұмыс беруші:

қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі – қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету;

кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге қатысу;

бола тұра, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.




Тұрақты табысы жоқ маусымдық қызметкерлер МӘСҚ-қа аударымдарды қалай жасайды?

Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табыс бар кезінде оның жұмыс берушісі төлейді, табыс жоқ кезеңде ол өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы МӘСҚ-қа МЖА-ның 2%-ы көлемінде аударымдар енгізе алады.



Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме медициналық ұйымды таңдай аламын ба?


Жоқ, таңдай алмайсыз. МӘМС кезінде медициналық қызметтерді алу үшін жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды.

Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медициналық сақтандыру кезінде жүзеге асырылады.






Менің жұмыскерлерім ерікті сақтандыру есебінен жеке медициналық компаниядан қызмет алады. Тағы МӘМС-ке төлеудің керегі неде?


Жұмыс беруші өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС) шарт жасайды, ол жұмыс берушінің аударымдар сомасымен шектелген медициналық көмектің белгілі бір көлемін алуды көздейді. Бұдан артық ЕМС шеңберінде медициналық көмек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді.

Сонымен қатар, МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің тізбесі ЕМС шартында атап айтылады. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызметтердің түрі ЕМС арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістердің жұмысшыларына арналған міндетті мерзімдік медициналық тексерулер, санаторий-курорттық ем, косметология және т.б.

Одан басқа, ЕМС жеке емханалар тарапынан көрсетілген қызметтерге жоғарылатылған шоттардың қатері бар, ол жұмыс берушілерге ақталмаған шығындар әкеледі. Сондай-ақ ЕМС-та тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс берушіде) жеткізуші көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылаудың тетігі жоқ. ММС жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.





Жұмыс берушілер, салықтардан құтылып, жұмыскерлердің санын жасырмайды ма?


Өкінішке орай, табысты және «көлеңкелі» жалақыны жасыру қатері, салықтан құтылу тәсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мәселені шешу үшін фискалдық органдар тарапынан әртүрлі күресу әдістері бар.

Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген кезде жұмыс берушінің (2017 жылдан бастап) және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан бастап) салымдары, ол үшін қаншалықты уақтылы аударылғаны салыстырылады. Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады.

Екіншіден, салық қызметінің органдары МӘСҚ-қа салымдар туралы декларация қабылдайды, олардың негізінде қарыздарды бақылау және өндіріп алу жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейтінімізді атап өту керек. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн.-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд. теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес халық үшін МӘСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.






Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-ға жүгінбесе, онда төленген салымдарды қайтару жұмыс берушілерге қарастырылған ба?


Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы МҰ-ға жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген салымдары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қайшы келеді – жүйенің барлық қатысушыларының ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.



Біздің кәсіпорында жеке ведомстволық медициналық-санитариялық бөлім бар, онда біз кәсіпорын есебінен ем аламыз. Онда не үшін біз тағы МӘСҚ-ға жарналар төлейміз?


Қолданыстағы «МӘМС туралы» заңға сәйкес МӘСҚ-ға аударымдар мен жарналарды енгізу барлығына міндетті болып табылады және Сіз оны медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына уақтылы төлеуге тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бөлімге қатысты болса, онда ол қосымша ақша таба отырып, Қор өткізетін амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға құқығы бар.



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау