Медицина қызметкерлерінің сұрақтары
|
МӘМС қалай жұмыс істейді?
|
Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер мен мемлекеттің экономикалық белсенді емес тұрғындары үшін енгізген барлық жарналары мен аударымдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.
Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, ал дербестендірілген есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік бірлестігінде сақталады.
Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ресурстық қамтамасыз етуін орнатылған мемлекеттік минималды стандарттарға сәйкестігіне бағалау жүргізіледі (ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар).
Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда көрсетілетін қызметтердің көлемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша сапасын бағалау жүргізіледі.
Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз ету мен білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерге ие болады.
|
|
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері сақтандырылған мәртебесін қалай анықтайды?
|
Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тізбесіне қолжетімділікке ие болады.
Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның ЖСН енгізіп оның сақтандыру дәрежесін алуға болады.
Егер аударымдар жүргізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушы ұсынатын қызметтердің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі (ТМККК).
|
|
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің сақтандырылу мәртебесін қалай анықтайды?
|
Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тіркеліміне қолжетімділікке ие болады.
Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде оның тек ЖСН енгізу және оның сақтандыру мәртебесін алуға тиіс.
Егер аударымдар енгізілген болса, онда өтініш білдірген азамат МӘМС ұсынатын медициналық көмектің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көмек көрсетіледі
|
|
Медициналық ұйымдар МӘМС енгізуден не алады?
|
Көрсетілген қызметтер көлемі үшін сәйкес қаржыландыру;
Медициналық персоналға еңбекақыны арттыру мүмкіндігі және жұмыс нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу;
Тарифке амортизациялық аударымдарды енгізудің есебінен медициналық техниканы жаңарту мүмкіндігі;
Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту.
|
|
Медициналық ұйымдар МӘМС жағдайында медициналық көмекті қалай ұсынады?
|
Қор медициналық қызметтерді ТМККК шеңберінде де МӘМС бойынша да конкурс негізінде мемлекеттік және жеке клиникалардан сатып алады.
Конкурс екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде әрбір медициналық ұйым қызметтер берушілердің Бірыңғай тізбесіне өзінің техникалық-экономикалық және медициналық деректерін енгізеді.
Ұсынылған деректерге сәйкес Қор олардың белгіленген ең төменгі стандарттарының сәйкестігіне баға береді.
Оң нәтиже болған жағдайда медициналық ұйым конкурстың екінші кезеңіне өтеді.
Екінші кезеңде Қор ұсынылған қызметтердің көлеміне, оның құнына және өткен жылы көрсетілген қызметтердің сапасына баға береді (белгіленген критерийлер).
Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төменгі стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті қызмет беруші ретінде таңдалады.
|
|
МӘМС жағдайында қандай медициналық көмектің түрлері көрсетіледі?
|
Медициналық қызметтердің екі пакеті болады.
Бірінші – елдің барлық азаматтары үшін мемлекет кепілдік беретін пакет. Оның ішінде:
Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
Әлеуметтік мәні бар аурулар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
Профилактикалық егулер;
Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).
Екінші пакет – Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС жағдайларында ұсынылатын медициналық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды:
Амбулаториялық-емханалық көмек:
Емханадағы емдеу;
Дәрігерлердің қабылдауы;
Зертханалық қызметтер;
Диагностика және манипуляциялар;
Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу;
Стационарды алмастыратын көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау;
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек;
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде;
Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар;
Паллиативтік көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде ұстап тұру;
Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту.
|
|
Медициналық ұйымдарға МӘМС шеңберінде қызметтерге ақы төлеу тәртібі қандай?
|
Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы келісімшарт жасаған барлық медициналық ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады.
Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын сараптауды Қордың өңірлердегі аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Ай сайын Қор аумақтық бөлімшелерден төлем қажеттілігін алады және оның негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Қор, Бірыңғай ақпараттық жүйе деректерінің негізінде, келешекте келісімшарттың іске асырылуына әсерін тигізетін медициналық ұйымдардың рейтингін үнемі анықтайды.
|
|
Медицина қызметкерлері үшін жалақының мөлшері артады ма?
|
Міндетті түрде, медицина қызметкерлерінің жалақылары артады. Елдің экономикасында медицина қызметкерлерінің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина қызметкерлерінің (дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан 2 есе артуға тиіс. Осы барлық есептеулер даярланып қойған. Одан басқа, 2024 жылға дейін бірінше буынның және ауылдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақыларын арттыру көзделген.
|
|
Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру тетігі қандай? Қандай көздерден бұны жасау болжамдалған?
|
МӘМС жағдайында әрбір медициналық ұйым еңбекке ақы төлеу мәселесінде сараланған әдісті енгізе алады, персоналдың материалдық ынталандыру үлгісін өз бетінше қалыптастыра алады.
Бұл танылған кәсіпқойлар, тәжірибелі жоғары білікті дәрігерлер, қазіргіге қарағанда, көбірек еңбекақы алады дегенді білдіреді. Медициналық ұйым менеджменті емханалардың табысты қызметі мен қаржылық әл-ауқаты жоғары санатты мамандарды тартуға байланысты болатынын түсіну керек. Осындай еңбекке ақы төлеу тетігі жеке медицина секторында бұрыннан бері қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді. Практикада бүгінгі таңда көптеген пациенттер емделу мен консультация үшін, сәйкесінше лайықты материалдық қамтамасыз етуді алуға тиіс атақты дәрігерлерді таңдайтыны құпия емес. Медициналық сақтандыру жүйесінде медицина қызметкерлерінің еңбегін ынталандыратын осындай тетіктер болады, өйткені медициналық қызметтердің сапасы мен түпкілікті нәтиже МӘМС-тің негізгі мақсаты болып табылады.
|
|
Медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың қандай критерийлері болады?
|
Қор қолданатын критерийлердің негізгі топтары:
Пациенттердің қауіпсіздігі;
Клиникалық және экономикалық тиімділік;
Медициналық қызметтерді берушілер арқылы нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу.
|
|
МӘМҚ қаражаттарын бөлудің айқындылығы қалай қамтамасыз етіледі?
|
Қазіргі уақытта, жаңа модельде Қор тұрақтылығы теңгерімділігінің және қамтамасыз етудің жаңа макроэкономикалық құралдары көзделген секілді, қаражатты жинау мен бөлудің де айқын жүйелері де ескерілген.
Бастапқы кезеңде, қаржылық есептілікті жариялау жөніндегі стандарттық талаптармен қатар Қор қызметінің айқындығын арттыру тетіктері әзірленеді.
|
|
Медициналық сақтандыру қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйенің болуы міндетті ме?
|
Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымдардың жеке ақпараттық жүйесінің бар болуы бойынша қатаң талаптар жоқ. Бұл қағидат ұсынымдық сипатқа ие. ДСӘДМ-нің қолданыстағы ақпараттық жүйелері интернет арқылы ТМККК қызметтерін көрсететін кез келген медициналық ұйымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
|
|
МӘСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме?
|
Бақылауды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда бар – бұл Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия. Бұл комиссия ДСӘДМ, МӘСҚ, көпшілік өкілдерінің арасындағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау осы комиссияның құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерін міндетті түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады.
МӘСҚ жарғысында МӘМС жүйесінің қызмет етуі және оны дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құру мүмкіндігі қарастырылуда, оған мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері және ҚР азаматтары кіре алады. Өз кезегінде, Қордың директорлар кеңесінің бекітуі бойынша ережемен айқындалатын Қоғамдық кеңестің қызмет регламентіне, сондай-ақ, ӘМС Қорының жұмысын қоғамдық бақылау тетігі қосылуы мүмкін.
|
|
Медицина қызметкерлері МӘМС енгізуден не алады?
|
Денсаулық сақтау қызметкерлері МӘМС енгізуден мынадай пайда мен артықшылықтар алады:
еңбек нәтижесі бойынша ақы төлеу;
ынталандыру пакеті, оның ішінде материалдық ынталандыру, әлеуметтік пакет, сыйақылар, бонустар;
жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру мүмкіндігі:
медициналық техниканы жаңарту;
жұмыс процестерін оңтайландыру және еңбек шартын жақсарту;
жұмыс орнында оқыту;
кәсіптік мобильділік;
|
|
МӘМС енгізуге байланысты ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейді?
|
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның МӘМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді.
ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған клиникаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘМС-ке енбейтін қызметтер – стоматология және т.б.) қызмет алуға мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтердің көлемін өзі таңдайтын болады.
|
|
МӘМС енгізумен медициналық көмектің сапасы жақсара ма?
|
МӘМС енгізумен медициналық қызметтердің сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін шаралардың мынадай кешені іске асырылуда:
Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды; Сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту;
Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту;
медициналық қызметтерді берушілердің арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз;
сапа индикаторларын Қор мен медициналық қызметтерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлестіру және т.б.
|
|
МӘМС енгізу кадрлық проблеманы шешуге көмектеседі ме?
|
МӘМС енгізуді басқа реформаларды іске асыру кешенінде қарастыру қажет, оның ішінде, бұл медициналық ЖОО арқылы білікті кадрларды даярлау және практикалық медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Министрлік және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде медицина персоналын қамтамасыз ету, барлық халыққа білікті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жабдықтау.
Медициналық ұйымдар, әлеуетті қызмет берушілер ретінде, белгіленген талаптарға сәйкес МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысу үшін өз ұйымдарының дайындығы бойынша барлық шараларды қарастыруға тиіс.
|
|
Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеушілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма?
|
Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда. Ол МС және қаражатты ұтымды үлестіру кезінде диагностиканың және емдеудің жаңа технологияларын жаңартуға мүмкіндік береді.
|
|
Біздің ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?
|
МӘМС енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, МӘСҚ үшін медициналық қызметтерді беруші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.
|
|
МӘМС жүйесіне өту кезінде стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржыландырылады?
|
Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі санат бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді.
|
|
Айтыңызшы, медициналық ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржыландыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?
|
ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘМС және МӘСҚ арқылы ТМККК жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады.
|
|
Жабдықтарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?
|
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда. Құны 100 млн. теңгеден астам құралдарға төлем және күрделі жөндеу ЖАО есебінен жүргізілетін болады.
|
|
Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?
|
Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы, сондай-ақ Бекітілген халық тіркелімі. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде МӘМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар тізілімі қалыптасады.
|
|
МӘМС енгізу кезінде жеке медицинаны дамыту мүмкін бе?
|
2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжамдаймыз.
|
|
МӘМС-тің қандай халықаралық тәжірибесі бар?
|
Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері).
Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі, Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда - 66% және т.б.
Жұмыс берушілердің МӘМС-ке жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%.
МӘМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.
|
|
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде бизнеспен айналысуда: медициналық қызметтердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘМС енгізу кезінде жағдай қалай өзгереді?
|
ТМККК пакеттерінің және МӘМС шеңберіндегі медициналық көмек пакетінің шеңберінде қызметтер қазір де, МӘМС енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «МӘМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек кіретінін еске саламыз.
Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу МӘМС шеңберінде экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады.
|
|
Ертең барлық медициналық ұйымдар МӘСҚ-пен келісімшарт жасай алады ма?
|
Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология бөлімшесі бар үш аурухана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып алудың ең төменгі стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи жабдықтарды, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай жасайтын медициналық ұйымды таңдайға құқылы.
Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың ішінде шеберлік-жоспарларды оңтайландыруды ынталандырады.
|
|
Белгілі тұрғын орны жоқ адамдар (БТЖА) қандай медициналық көмекке сене алады?
|
Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар.
2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке амбулаториялық-емханалық және амбулаториялық-дәрілік көмек кіретін болады.
|
|
ММК-ке және ЖММК-ке баға белгілеу қаншалықты өзгереді?
|
ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығындық топтардың негізінде жетілдірілетін болады.
|
|
Пациенттер басқа аудандарға жүгінетін болса, Бекітілген халықтың тіркелімі (бұдан әрі – БХТ) рөл атқарады ма?
|
Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер бекітілу орнын мынадай жағдайларда ауыстыра алады:
Тұрақты немесе уақытша тұрғын орны, бір әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жұмыс немесе оқуы ауысқан кезде;
МСАК ұйымын қайта құру немесе тарату кезінде;
|