«qs world University Ranking – Top Universities» атты халықаралық рейтинг агенттігінің



жүктеу 12,29 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата25.01.2020
өлшемі12,29 Mb.
#27328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 7-8 (164-165), 

сәуір, 2014 жыл

Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық универси-

теті Академиялық мәселелер 

департаментінің директо-

ры Палымбетов Шәмен 

Балтабайұлына талапкер-

лерді қабылдау үдерісі мен 

оған дайындық барысында 

университетте жүзеге асы-

рылып жатқан іс-шаралар 

мен атқарылатын жұмыстар 

жөнінде және талапкерлер 

көкейінде жүрген мәселелер 

төңірегінде бірнеше сұрақтар 

қойып, ата-аналар мен 

талапкерлердің білгісі келетін 

сауалдарына жауап алынды. 

– Шәмен Балтабайұлы, 

 

биылғы жылы университет-

ке қабылдау талаптарының 

қандай ерекшеліктері бар? 

– Жоғары оқу орында-

рына жалпы орта, техникалық 

және кәсiптiк (бастауыш және 

орта кәсiптiк, орта бiлiмнен 

кейiнгi), бiлiмi бар Қазақстан 

Республикасының азаматтары мен 

Қазақстан азаматтығы жоқ тұлғалар 

қабылданады. Оқуға түсушi талап-

керлерді қабылдау конкурстық 

негізде иеленген мемлекеттiк 

бiлiм беру тапсырысы (бiлiм беру 

гранты) және азаматтардың өз 

қаражаты мен басқа да көздер есе-

бiнен оқу ақысын төлеу арқылы 

жүзеге асырылады. Әскери оқу 

орындарын қоспағанда, Қазақстан 

Республикасының азаматтары 

мен азаматтығы жоқ ұлты қазақ 

тұлғалар белгілі бір оқу деңгейінде 

(бакалавриат, магистратура, PhD 

докторантура) бiрiншi рет бiлiм 

алатын болса, мемлекеттiк бiлiм 

беру тапсырысы конкурсының 

нәтижесіне сәйкес тегiн жоғары 

бiлiм алу  құқығына ие.  

Университетімізде білім беру 

жұмыстары көптеген мамандықтар 

бойынша үш деңгейде жүзеге асы-

рылады: бакалавриат, маги-



стратура және PhD докторан-

тура.

– Талапкерлерді қабылдау 

қандай құжаттар негізінде 

жүзеге асырылады? Жалпы, 

мемлекеттік білім грантының 

конкурсына қатысу тәртібі 

мен оған  қажетті құжаттар 

тізімін атап өтсеңіз.

– Қазақстан Республикасының 

жоғары оқу орындарына түсушi 

тұлғаларды қабылдау ҰБТ немесе 

кешендi тестiлеудiң нәтижелерi 

бойынша берiлген сертификаттағы 

балдарға сәйкес конкурстық негi-

зде олардың өтiнiштерi бойынша 

жүзеге асырылады. Кешендi те-

стiлеу өткен жылдардағы жалпы 

орта бiлiм беру ұйымдарының 

бiтiрушiлерi, техникалық және 

кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының 

бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған, 

халықаралық оқушылармен ал-

масу желiсi бойынша шетелде 

оқыған жалпы бiлiм беретiн мек-

теп бiтiрушiлерi, республикалық 

музыка мектеп-интернаттарының 

бiтiрушiлерi, сондай-ақ оқу орнын 

шетелде бiтiрген тұлғалар үшiн 

өткiзiледi. 

Ұлттық жоғары оқу орындары-

на ақылы негізде оқуға ағымдағы 

жылғы ҰБТ немесе кешендi те-

стiлеу нәтижесi бойынша мынадай 

пәндерден кемiнде 70 балл: мем-

лекеттiк немесе орыс тiлiнен (оқу 

тiлi), Қазақстан тарихы, математи-

ка және таңдау бойынша пәнінен, 

оның iшiнде бейiндiк пәннен ке-

мiнде 7 балл (әрбiр шығармашылық 

емтихан бойынша кемiнде 10 

балл), ал қалған пәндер бойынша 

кемiнде 4 балл алған талапкерлер 

қабылданады. 

Сондай-ақ, ҰБТ немесе 

кешендi тестiлеу  шеңберiнде 

тапсырылған пәндердiң бiреуiнен 4 

балдан кем жинаған тұлғалар ақылы 

негiздегі оқуға қабылданбайды әрі 

бiлiм беру гранттарын тағайындау 

конкурсына қатыса алмайды.

Білім беру грантын иелену 

конкурсына қатысу үшін талапкер 

жоғары оқу орнының қабылдау 

комиссиясына белгіленген үлгідегі 

бланкіде өтiнiш, білімі туралы 

құжат (аттестат немесе диплом 

түпнұсқасы), ұлттық бірыңғай 

немесе кешенді тестілеудің сер-

тификатын (түпнұсқасы), 3х4 

көлемiндегi екi фотосурет, 086-У 

нысаны бойынша медициналық 

анықтаманы, сондай-ақ жеке 

басын куәландыратын құжаттың 

көшірмесiн тапсырады. 

– Талапкерлердің 

құжаттарын қабылдау 

мерзімі қай күндер аралығын 

қамтиды?

– Жалпы жоғары оқу 

орындарының қабылдау комиссия-

лары жыл сайын 20 маусым мен 31 

тамыз аралығында жұмыс атқарады. 

20 маусым мен 9 шілде аралығында 

кешенді тестілеу өтетін талапкер-

лерден құжаттар қабылданады, ал 

шығармашылық мамандықтарды 

таңдағандар 20 маусымнан 1 

шілдеге дейін құжаттарын тап-

сырады. 20 маусымнан 20 шіл-

деге дейінгі аралықта магистра-

тура мен PhD докторантураға 

түсуші талапкерлерден құжаттар 

қабылданады. 23-31 шілдеде грант 

тағайындау туралы конкурсқа 

құжат қабылдау жүргізіледі. Ақылы 

бөлімге қабылдау 25 тамызға дейін 

жүргізіледі.



– Мемлекет тарапынан 

талапкерлерге берілетін 

квоталарға тоқталсаңыз. 

Басты міндет – сапалы білім 



Сұхбат

Қандай тұлғалар квотаға ие 

бола алады?

– ЖОО-ға оқуға қабылдау 

кезiнде ҚР Үкiметiнiң шешiмімен 

бекiтiлген мөлшерде қабылдау 

квотасы белгiленедi. Ауылдық бiлiм 

беру ұйымдарын бiтiрген тұлғалар 

үшiн Қазақстан Республикасы 

ЖОО-ның қабылдау квотасы бел-

гiленген бакалавриат және жоғары 

арнайы бiлiм мамандықтарының 

тiзбесiн бiлiм беру саласындағы 

уәкiлеттi орган бекiтедi. Сондай-ақ, 

шетел азаматтарын бөлiнген мем-

лекеттiк бiлiм беру тапсырысының 

квотасы бойынша және 

мемлекетаралық келiсiмдер негiзiн-

де құрылған халықаралық жоғары 

оқу орындарына қабылдауды 

жоғары білім беру ұйымы дербес 

жүзеге асырады. Шетел азамат-

тарын ақылы негiзде жоғары оқу 

орындарына қабылдау жоғары оқу 

орындарының қабылдау комисси-

ялары өткiзетiн әңгiмелесу түрiнде 

жүзеге асырылады.

– Шығармашылық 

маман 

дықтарға түсуге ниет 

білдірген талапкерлерге 

қойылатын талаптар мен жал-

пы ережелерге тоқталсаңыз. 

– 

 Шығармашылық дайын-



дықты талап ететiн мамандықтарға 

қабылдау шығармашылық емти-

хандар есебiнен жүзеге асырыла-

ды. Жоғарыда атап өткеніміздей, 

бұл үшін талапкерлер өтiнiштерiн 

қабылдау комиссиясына 20 мау-

сым мен 1 шiлде аралығында тап-

сырулары тиіс. Шығармашылық 

мамандықтарға қабылданатындар 

бiр ғана шығармашылық 

мамандықты көрсетедi және 

өздерi таңдаған ЖОО-ның 

қабылдау комиссияларына екі 

шығармашылық емтихан тапсыра-

ды. Шығармашылық емтихандар 

2-7 шiлде аралығында өткiзiледi. 

Әр емтиханның ең жоғарғы балл 

саны – 25. Ал әр шығармашылық 

емтиханнан 10 балдан төмен 

алған немесе емтиханға келмеген 

тұлғалар осы мамандыққа түсу 

үшiн кешендi тестiлеуге жiберiл-

мейдi. Шығармашылық емти-

ханды қайта тапсыруға рұқсат 

етiлмейдi. Осы мамандықтарға 

түсетiн тұлғалар үшiн мемлекет-

тік білім грантының конкурсы-

на қатысуда және ақылы негізде 

оқуға қабылдауда шығармашылық 

емтихандардың нәтижелері мен те-

стiлеу нәтижесінде алған екi пәннің 

балдары ескерiледi, олар: мемле-

кеттiк тіл немесе орыс тiлi және 

Қазақстан тарихы. 

– 

Сіздердің универси-

тетке талапкерлерді қабылдау 

қанша мамандық бойынша 

жүргізіледі және өткен жыл-

дары шамамен қанша талап-

кер білім алушылар қатарына 

қабылданады?

– Қазіргі таңда университет-

те 13 факультет жұмыс атқарады, 

осы факультеттерде бакалавриат 

бойынша 65 мамандық, магистра-

тура – 66 мамандық және PhD до-

кторантурада 31 мамандық бойын-

ша мамандар даярланады. 2013 

жылы барлығы 3682 білім алушы 

оқуға қабылданды. Оның ішінде 

2447 – қазақ тілінде оқитындар, ал 

1235 – орыс тілінде оқитындар. 

– 

Ал енді мемлекет-

тік білім гранттары санына 

тоқталсаңыз. Университет 

өзін таңдаған талапкерлері 

арқылы мемлекеттік білім 

гранты иегерлерінің қандай 

үлесін иемденуде? 

– 

 Мемлекеттік білім 



гранттары жоғары оқу орын-

дарына бөлістіріліп берілмейді, 

олар Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрлігі 

тарапынан өткізілетін конкурс 

бойынша тағайындалады. Әрбір 

талапкер осы конкурсқа қатысуға 

құжаттарын тапсыру барысында 

4 жоғары оқу орнын, тиісінше, 

сол оқу орындарында әзірленетін 

таңдаған бейіндік пәніне сәйкес 

келетін 4 мамандықты көрсетіп, 

өтініш береді. Демек жоғары оқу 

орны иеленетін мемлекеттік білім 

гранттарының саны олардың білім 

беру деңгейі, әлемдік рейтингтерде-

гі орындары және басқа да жетістік-

тері негізінде талапкерлердің 

таңдауына тікелей байланысты. 

Мемлекеттік білім беру грантымен 

қабылданған талапкерлер саны 

әр жылы өзгеріп отырады. Мыса-

лы, 2012 жылы университетімізге 

2642 студент мемлекеттік білім 

гранты бойынша оқуға қабылданса, 

2013 жылы олардың саны 3000-ға 

жуық болды. Ал магистратура мен 

PhD докторантураға білім грант-

тары тікелей оқу орындарына 

бөлістіріліп беріледі, олардың саны 

жыл санап артуда.  Өткен 2013 

жылы магистратураға 1105 маги-

странт және  PhD докторантураға 

78 докторант мемлекеттік білім 

гранттарымен қабылданды.

– 

Шәмен Балтабайұлы, 



университетте жаңадан ашы-

лып жатқан мамандықтарға 

тоқталып өтсеңіз.

– 

Университеттің стра-



тегиялық жоспарының басты 

бағыттарының бірі – жылдан-

жылға бакалавриат сатысындағы 

мамандарды дайындауды азай-

тып, жоғары оқу орнынан кейін-

гі сатылардағы магистратура 

мен PhD докторантурадағы 

мамандықтар мен оларда оқитын 

білім алушылардың санын арттыру, 

осы негізде ғылыми-зерттеу уни-

верситетіне айналуға қол жеткізу. 

Бүгінгі таңда осы мақсатта 

«6D020800 – Археология және 

этнология», «6D071300 – Көлік, 

көлік техникасы және техноло-

гиялары», «6D071900 – Радио-

техника, электроника және теле-

коммуникациялар», «6М074600 

– Ғарыштық техника және техно-

логиялар»  т.б. мамандықтарды ашу 

үшін Білім және ғылым саласындағы 

бақылау комитетіне өтініш беріліп, 

тиісті құжаттар тапсырылды.

Талапкерлердің өз 

мамандықтарын жаңылыспай 

таңдауына және таңдаған 

мамандығы мен оқу орнына 

қабылдануларына тілектеспін! 

Алдағы қабылдау науқанында 

білімді, өнерлі, қабілетті жастардың 

біздің университетті таңдап, 

болашақ білікті маман болып 

шығатынына сенімім мол.   

– 

 Сұхбат бергеніңізге 



рахмет! Жұмыстарыңызға 

сәттілік тілейміз!  

– 

Сұхбаттасқан 



МҰХАТАЙ ГҮЛІМ


жүктеу 12,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау