«qs world University Ranking – Top Universities» атты халықаралық рейтинг агенттігінің



жүктеу 12,29 Mb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата25.01.2020
өлшемі12,29 Mb.
#27328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 7-8 (164-165), 

сәуір, 2014 жыл

Айбек Нұғымаров – 1987 жылдың 3 маусымында Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келген. «Қазақ күресінен»  әлемнің екі дүркін 

(2008, 2010) жеңімпазы. «Қазақ күресінен»  2008 жылғы Азия чемпионы,   2011 жылғы 

Әлем кубогінің иегері. 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 

Барысы» турнирінің жеңімпазы. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті Заң факультетінің магистранты.



Біздің мақтаныштарымыз! 

Біздің жетістіктеріміз! 

Александр Винокуров – 1973 жылдың 16 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан 

облысы Бескөл ауылында дүниеге келген. Кәсіби велошабандоз ретінде алғашқы 

спорттық жолын  1997 жылы «Казино» құрамасының сапында бастаған. 2003 жылы 

әлемге әйгілі «Париж-Ницца» веложарысында бас жүлдені жеңіп алған. 2012 жылғы 

Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді 

әкелген спортшы. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

Экономика кафедрасының магистранты. 

Университетте «Бәсекеге қабілетті маман 

даярлау» Стратегиясы үш деңгей бойынша жүзеге 

асырылып келеді. Жалпы динамика бойынша өткен 

оқу жылына қарағанда магистранттардың  саны 37 

пайызға, PhD докторанттарының қатары 20 пайызға 

өсті.  Тағы бір жетістік ЕҰУ-дің әрбір бесінші 

студенті – «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері 

немесе олимпиадалардың жүлдегері екендігін айта 

кету керек. 

* * *

Университетте биыл шағын отбасылық 



жатақхана пайдалануға беріліп, жаңа ғылыми 

зертханалық ғимаратты салу аяқталып келеді.

 

2013 


жылы қыркүйекте Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесінің 

қиылысында «Университет гүлбағы» (сквер) ашылды. 

Университеттің интернет-қоры мен сайт жүйесі де даму 

үстінде.


* * *

Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі 

айтарлықтай өсті. 2011 жылы университеттің бұл саласына 276 

млн. теңге бөлінді.  Ғылымды қаржыландыру 2012 жылы – 1,1 

млрд. теңгеге, ал 2013 жылы – 1,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Еу-

разия ұлттық университетінде негізгі  5 бағыт бойынша жүзеге 

асырылып жатқан 200 ғылыми жоба қаржыландырылды. Оған 

ЕҰУ-дың 660 ғалымы тартылған.

* * *

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 



«Start-up» (стартап) жобасын іске қосу басталды. Жас 

ғалымдарға конкурс жарияланды. Олардың жаңалықтарынан 

15 жобаны таңдап, қаржыландыруды университет өз мойнына 

алып отыр. Бұл мақсатқа 1 миллион АҚШ доллары көлемінде 

қаржы жұмсау көзделуде. 

* * *


Бүгінгі таңда еліміздің жетекші жоғары оқу орны ретінде 

профессор-оқытушылар құрамы айтарлықтай біліктілігі 

жоғары кадрлармен қамтылған. Университетте атақты 

академиктер мен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, 

 

әр саланың жетекші ғалымдары қызмет етуде. Жоғары 



оқу орнының штатында 202 ғылым докторы,  519  ғылым  

кандидаты және 73 РһD докторы бар.

* * *

Бүгінде «еуразиялықтардың» электрондық ғылыми 



мақалаларға ашық қолжетімділік мүмкіндігімен қамтамасыз 

ететін Еуразия ұлттық университетінің репозиторий қорында 

16 000  материал бар. Ал ғылыми кітапханасының кітап қоры 1 

485 022 данаға жетіп отыр.  




9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 7-8 (164-165), 

сәуір, 2014 жыл

«ҚР   еңбек сіңірген қайраткері 

Аққұштап апамыз сонау Батыс 

Қазақстан облысының Орал 

өңірінен ат арылтып осынау 

оқу ордасына кездесу кешімізге 

келіп отыр» деп кештің тізгінін 

ұстаған ҚР еңбек сіңірген әртісі 

Кенжеғали Мыржықбай жиналған 

қауымды ақын өмірбаянынан, 

қызмет жолынан, шығармашылық 

өмірінен хабардар етіп, кештің 

шымылдығын ашты.

Өскелең ұрпаққа мол рухани 

азық берер бұл шығармашылық 

жүздесу 2 бөлімнен тұрды. 

1-бөлімінде ақын сөзіне жазылған 

әндер орындалып, өлеңдер оқылды. 

Айта кетсек, дарын иесінің сөзіне 

жазылған Бейбіт Оралұлының 

«Алғашқы көктем» әні 

Журналистика және Саясаттану 

факультетінің студенті Махмұтова 

Орынгүлдің орындауында, 

Сейфуллин Жолбарыстың «Мен 

сені ойлайтынмын» әні аталмыш 

факультет студенттері Серікбаев 

Ермектің гитарада сүйемелдеуінде 

Мадина Жақыптың орын-

дауында шырқалды. 

 

         



«Сен де бастан кештің бе,

Ерке назды самалдың

Әнін тыңдап өстің бе?

Долы дауыл, күн аптап

Дақ салмай ма әріңе?

Сүйгендіктен бірақ та

Көнесің бе бәріне?»

–  деп әрмен қарай өнер иесінің 

жыр шумақтарынан Филология 

факультетінің студенттері 

Кәмшат Жұбатханова, Айшырақ 

Меліс,    Аяулым Айдаболова, 

Ләззат Мақаш, Әйгерім Жүнісова, 

Дидар Аймұхан сыр шертіп, 

жұртшылықты поэзия әлеміне 

сапар шектірді.

Сен ұлттың алдында 

жауаптысың, қазақ қызы



«Сенбе,  дос, өз сертінде тұрмағанға, 

   Махаббат жалған десе, бұл ғаламда, 

   Махаббат болмаса егер, дала кезіп 

   Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма. 

 

   Махаббат теңеу емес өлеңдегі, 

   Емес ол аңыз болған ел ермегі, 

   Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,  

   Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.»

  

Ал кештің 2-бөлімінде 

Аққұштап Бақтыгереева жиылған 

қауымға: «Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

бүгінгі бастап отырған мына 

«Кәусар» бағдарламасы 

басқаларға көп ой салатын дүние 

болатындай.  «Көп естігеннен 

бір көрген артық» дейді. Осы 

кешке о баста мұрындық бо-

лып, өнеге көрсеткен Мырзатай 

Жолдасбеков сынды алаштың 

ұлтқа жаны ашитын азаматы, 

осы оқу ордасын басқарып 

отырған Ерлан Бәтташұлына 

үлкен алғысымды айтамын» деп 

жылы лебізін білдіріп, ішкі ой 

толғанысымен бөлісті. Әдебиетте 

«Жайықтың Ақ шағаласы» 

атанған өнер кербезі осы атауға 

өзінің неліктен ие болғанын, 

неден шыққанын баяндап, ой 

өрбітті және атаудың түпкі төркіні 

болған «Ақ шағала» өлеңін де 

оқып,  жұртты тамсандырды. 

Махаббатпен қоса қазақ 

қызының мұңын, қазақ қызының 

артықшылығын жырына арқау ет-

кен Аққұштап Бақтыгереева осы 

тұрғыда бірнеше өлең шумақтарын 

тудырған болатын. «Сен ұлттың 

алдында жауаптысың, қазақ 

қызы» деп текті халықтың нәзік 

жандыларын өмірлік өнегеге 

баулып, ұлт алдындағы, халық 

алдындағы жауапкершілік 

салмағын айқындап көрсеткен 

жандардың бірі. Өзінің айтуынша, 

«қыз балаға ақын болу өте қиын». 

Десе де, осы бір ауыр жүкті отбасы 

ұйытқысымен қоса арқалап, таразы 

басын теңестіріп ғұмыр кешуде. 

Осы ерлігіне қарап та ақынның 

өр мінезді, өжет болмысты екенін 

аңғаруға болатындай. 

Ақынның бітім болмысын одан 

ары ашып, білмекке ниеттенген 

студенттер бұдан соң көкейлеріне 

маза таптырмаған,  ақынның 

шығармашылығына арналған 

сауалдарды қойды. Әрбір сауалға 

дарын иесі байыппен, барынша 

анық жауап беруге тырысты. 

Қойылған сауалдар арасында 

«Өлеңнің қадірі неден кетеді?» 

деген ұтымды сұрақ болды. Бұған 

ақынның: «Өлеңнің қадірі арасы-

на өтірік қосқаннан, шындықты 

бұрмалап, бұлтарғаннан 

кетеді»деп жауап қайыруы оның 

ақиқаттың етегіне жабысқан 

жан екенін аңғартқандай болды. 

Осы сынды өзге де сауалдар өз 

шешімін тауып жатты. Өнер иесі 

біріне белгілі тұлғалардың нақыл 

сөздерімен, енді біріне өзінің 

сыршыл лирикасымен жауап берді.

Жауабы табылған сауалдардан 

соң Аққұштап апайдың ізін 

қуушылар – ақын Маржан Ершу 

мен Айбатыр Сейтақ – өнер 

кербезіне деген ықылас ниеттерін 

білдірді. Бұдан соң сөз тізгіні 

жазушы Айгүл Кемелбаеваға, 

осыдан 1 ай бұрын «Кәусардың» 

қонағы болған С.Тұрғынбекұлына, 

жазушы, драматург Алтыншаш 

Шахановаға, жазушы, сатирик 

Табыл Құлиясқа, сыншы ақын 

Жұмаш Сомжүрекке берілді. 

Барлығы да кеш иесінің 

шығармашылық кейпіне, өмірдегі 

болмысына жоғары баға беріп, 

сый-сияпаттарын табыс етіп, 

алдағы күндеріне сәттілік тіледі. 

Білмейтіндерге құлаққағыс 

ретінде айта кетейін, «Тағдыр», 

«Қызыма хат», «Той», «Бала 

тілі – бал», «Боз құлын», 

«Жайыққа сыр», «Мергенге 

наз», «Жыр кешінде» және 

т/б көптеген өлеңдердің, 

«Ақжелкен», «Гүлдесте», «Бақыт 

әні», «Лебединая верность», 

«Ақ қанат», «Қуанышым –

іңкәрім», «Сені ойлаймын», 

«Жайық қызы» ,»Ақ шағала», 

«Сүмбіле», «Ақ айдын» атты 

жыр жинақтарының авторы еңбек 

жолын «Орал өңірі» облыстық 

газетінде бастаған.  Кейіннен 

«Жұлдыз» журналы (1970), 

«Қазақ әдебиеті» газеті (1967) 

редакцияларында, «Жазушы» 

баспасында (1978) қызмет 

атқарған. Алғашқы жыр жинағы 

1967 жылы жарық көрді. 

Тырнақалды туындының аты 

«Өрімтал» деп аталды.  Ақын 

өлеңдері орыс тіліндегі «Песня, 

Мечта, Любовь», «Чудесный 

сад» (1980) топтамаларына 

енген. Қазіргі уақытта Қазақстан 

Жазушылар одағы Батыс 

Қазақстан облыстық бөлімшесінің 

директоры болып қызмет атқаруда. 

Кеш соңына қарай студент 

Мұратқызы Гүлім барша 

студенттер қауымы атынан: «Сіз 

алдыңғы ғасыр қызы болсаңыз, 

бүгінгі ғасырдың нағыз үлгісісіз» 

деп Аққұштап Бақтыгерееваға 

деген алғысын білдірді. 

Сондай-ақ, шығармашылық 

кешті жүргізген Кенжеғали 

Мыржықбай Жайықтың Ақ 

шағаласына өзінің Абайдың 

өлеңдері, қара сөздері жазылған 

компакт дискісін сыйға тартты. 

Әсерлі әуен, поэзия ырғағымен 

басталған шығармашылық кеш 

өнер кербезінің «Қазақ қыздары 

сүрініп қалмаңдар, бақытты 

болыңдар. Жаным деген жігітті 

жек көрмеңдер, өзі сүю қыздардың 

соры ғана» деп нәзік жандыларға 

айтқан ақыл кеңесінен соң 

«Танысқым келеді менің» өлеңін 

оқуымен тәмамдалды. 



«Әділет» газетінің 

штаттан тыс тілшісі 

Кенжебаева Назым 

Қайратқызы

Бұл өлең шумақтарының иесі қазақтың талантты ақын қызы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Аққұштап Бақтыгереева. «Бар махаббат» деп сезімнің нәзік 

ирімдерін өлең шумақтарына арқау етіп,   жыр   маржандарынан қамшы өріп, кесте тіккен өнер майталманымен 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сәуір айының 3-жұлдызында шығармашылық кеш 

өтті.  Шығармашылық кеш аталмыш оқу орнының және «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің қолдауымен 

ұйымдастырылды . Оған белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы, филология ғылымдарының профессоры Дүкен 

Мәсімханұлы, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы, проректоры Дихан Қамзабекұлы 

және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков сынды ел алдында жүрген, өнерді бағалап, оның дамуына 

қолынан келген көмегін көрсетіп жатқан өнер жанашырлары қонақ болды.




жүктеу 12,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау