«qs world University Ranking – Top Universities» атты халықаралық рейтинг агенттігінің



жүктеу 12,29 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата25.01.2020
өлшемі12,29 Mb.
#27328
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


№ 7-8 (164-165),  

сәуір 2014 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Университетіміз  әлемдік  рейтингте

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасында 

жоғары сапалы білім берудегі 2013 жылғы табыстары үшін «Қызмет көрсету» аталымы 

бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты атанды. 

* * *

Еуразия ұлттық университеті екі жыл қатарынан Қазақстандық тәуелсіз агенттігінің 

білім беру саласында сапалық көрсеткіші бойынша ұлттық рейтингте бірінші орында тұр. 

«QS World University Ranking – Top Universities» атты халықаралық рейтинг агенттігінің 

қорытындысына сәйкес әлемнің 400 алдыңғы қатарлы ЖОО ішінде 303-орынды иеленді. 

Бұл әлемнің 17000  ЖОО арасындағы бәсекеде қол жеткізетін орны, яғни бұл Қазақстан 

мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері ЖОО-лары арасында озық жетістік болып 

саналады.

Үстіміздегі жылы Еуразия ұлттық университеті білім  беруді  бағалау бағытындағы 

Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясының соңғы QS Top 50 Under 50 

Қазіргі заман талабы білікті де білімді мамандар қызметін тиімді пайдалана отырып экономикалық жетістіктерді көтеру, адамдардың хал-ахуалын 

жақсарту болып табылады. Қай кезеңде болмасын ең құнды болып саналатын адам капиталын қандай мемлекет болмасын өзінің негізгі стратегиялық бағыт- 

бағдарламаларының басты байлығы, экономикалық табыстарының қайнар көзі деп таниды. Білікті де білімді маман қоғамды алдыға сүйреуші басты тұлға 

болып отыр. Осыны жете түсінген Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев елімізде білім мен ғылымның жедел дамуына байланысты мәселелерге ерекше көңіл 

бөлуде. Соның айқын бір мысалы – кезінде өзі шаңырағын көтерген ЕҰУ аз уақыттың ішінде елімізде ғана емес, әлемдегі белгілі білім ордаларының қатарынан 

көрінді. Университетіміздегі кәсіби профессор-оқытушылар құрамы жасақталып, әлемдік стандарттарга сай жаңа оқу-әдістемелік бағдарламалар енгізілді. 

Студенттеріміздің әлеуметтік-мәдени жайларына ерекше көңіл бөлініп, техникалық, лабораториялық, аудиториялық қор нығайтылды.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген екен данышпан халқымыз. Олай болса, талабы биік, мақсаты айқын талапкерлерге есігіміз қашанда 

айқара ашық!

Ректор,  ҚР ҰҒА  академигі, профессор 

Ерлан СЫДЫҚОВ

Құрметті  талапкерлер!

рейтингісінің нәтижесінде 32-орын алды. Бұл құрылғанына 50 жыл толмаған оқу орында-

ры арасында өткізілген болатын. Мұндай атақ Орта Азия былай тұрсын, ТМД-да жоқ. Бұл 

құрылғанына 18 жыл ғана болған оқу орны үшін үлкен жетістік, мерейлі мәртебе. 

* * *

Биыл университетіміз Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жариялаған 

"Еуропалық стандарт" рейтингісіне жоғары көрсеткішпен енді.  ЖОО-ның  ғылыми 

жетістіктері, инновациялық жобалары, мамандарының  біліктілігі,  түлектерінің 

 

 

қызметке орналасу көрсеткіштері Европалық  Одақ талаптарына сай деп танылды.

* * *

ЕҰУ  отандық 116  ЖОО арасынан Қазақстан бойынша Webometrics рейтингісіне 

сәйкес 1-орынға және бүкіл әлем бойынша 22 000  ЖОО мен білім беру ұйымдары арасы-

нан 2 213-орынға тұрақтады. 


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 7-8 (164-165), 

сәуір, 2014 жыл

Пікір

Ардақ Нұрғали, 

Экономика факультетінің 

2-курс студенті:

Еуразия ұлттық университеті 

- дүниежүзілік сахнада өз 

деңгейін дәлелдей білген 

абыройлы жоғары оқу орны. Дәл 

осы ұядан еліне жанашыр өрелі 

азаматтар мен азаматшалардың 

түлеп ұшуы айқын бір дәлел.   

Жоғары санатты ұстаздардың 

студенттерді білім нәрімен 

сусындау жолында шет 

мемлекеттерден тәжірибе 

жинақтап, тиісінше ғылымға 

баулу әрекеттерін күшейтіп 

жүргізуде. Бұл тараптан алғанда 

мұғалімдердің ролі орасан зор.  

Ал мен, өз мамандығымның жас 

маманы ретінде, Қазақстанның 

экономикалық деңгейін 

көтеруге барынша еңбек етуге 

уәделімін.  

Мақсатымыз – терең білім алу

Сағым Матқали, 

журналистика және 

саясаттану факультетінің 

3-курс студенті :

Ел келешегіне қомақты 

үлес қосу үшін жаңылмай 

Еуразия ұлттық университетін 

таңдағаныма шексіз ризамын. 

 

Болашақ журналист ретінде 



мамандығымның қыр-сырын 

толығымен меңгеруге түгелімен 

дерлік жағдай жасалған. Ал 

студентке стимул ретінде 

шеберлік сабақтарын кеңінен 

танымал журналистер мен 

саясаттанушылар, қоғам мен 

мемлекет қайраткерлері 

жүргізеді. Бұқаралық ақпарат 

құралдары өкілдерінің 

қоғамдағы орны ерекше екені 

бесенеден белгілі.   Жақсыға 

қарап бой түзей аларыма  және 

мамандығымның озығы болуға 

ниеттімін, әрі кәмілмін.

Әлішев Бексұлтан, 

ақпараттық технологиялар 

факультетінің 3-курс 

студенті:  

Университет қабырғасында 

«Алтын белгі» иегерлері 

қауымдастығы студенттік 

ұйымы белсенді қызмет етуде. 

Олардың құрамы жылдан-

жылға мектепті алтын белгімен 

аяқтаған түлектермен толығып 

отырады. Мақсаты айқын, 

бағыты анық қауымдастық 

студенттік өмірдің әрін ғана 

келтіріп қоймай, сонымен қатар 

жастарды жауапкершілік пен 

ынтымақтастыққа тәрбиелеуде. 

Ұйым мүшелері өз-өздерін 

басқарумен қатар, жаңа 

мүшелерін де бағыттап, ортақ 

қызмет атқаруда. Өйткені, мүдде 

– ортақ, міндет – ортақ, бағыт – 

ортақ. 


Мағжан Ендібай, 

Астана қалалық 

жастар мәслихатының 

депутаты, «Алтын 

белгі» иегерлері 

қауымдастығының  төр -

ағасы: 

Еуразия  ұлттық 

 

университеті еліміздің 



жоғары оқу орындары 

арасында көшбасшысы, 

ал әлемдік аренада «qs 

world university rankings» 

сараптамасы бойынша 303- 

орынға табан тірегеніміз 

баршаға аян. Бұл көрсеткіш 

университетіміздің білімі 

мен инновациялық даму 

деңгейінің шарықтағанын 

білдіреді. Жылдан-жылға 

«Алтын белгі» иегерлері 

түлектерінің 

көбеюі   

еліміздегі ең таңдаулы оқу 

орны екенін тағы да дәлелдей 

түскендей. «Алтын белгі» 

иегерлері көпшілігінің 

таңдауы – Еуразия ұлттық 

университеті болған себепті 

де 2010 жылы Қазақстанда 

аналогы жоқ ұйым, яғни 

«Алтын белгі» иегерлері 

қауымдастығы 

құрылды.  

Қазіргі таңда университет 

қабырғасында 1946 «Алтын 

белгі» иегері оқып жатыр. 

Шын мәнісінде, ЕҰУ – 

біліктілік пен жетістік, элита 

мен интеллект, құрмет пен 

абыройдың асқар шыңы. 

Құрылғанына небәрі 18 жыл 

болса да үлкен жетістіктерді 

бағындырып үлгерді. Оған 

дәлел -  Білім беруді бағалау 

саласындағы көшбасшы 

Quacquarelli Symonds (QS) 

халықаралық компаниясының 

рейтинг нәтижесі бойынша 

ЕҰУ әлемдегі дамыған 50 

жоғарғы оқу орындарының 

ішінде 32-орында тұрақтауы.  

«Мәңгілік Ел» жастарының 

баянды болашағын 

қалыптастырушы – Еуразия 

ұлттық университеті.

Еуразия ұлттық университеті 

құрылған сәттен-ақ студенттердің 

өзін-өзі басқару жүйесі бұл оқу 

орнында өте маңызды болып табы-

лады. Университетіміздің үздік ата-

нуына белсенді жастардың қосқан 

үлесі зор.

Бүгінгі таңда университет 

қабырғасындағы ең Жоғарғы сту-

денттік өзін-өзі басқару ұйымы 

– Жастар саясаты орталығы. Бұл – 

студенттерге байланысты барлық 

сұрақтарды қарастыратын негізгі 

Орталық. Бір жыл уақыт ішінде 

ЖСО  357    іс-шара өткізді, олардың 

көпшілігі – мәдени бағытта. Жастар 

саясаты орталығының құрамында 

350-ден астам белсенді студент бар.

Ұйымның негізгі мақсаты – 

жастардың белсенді азаматтық 

ұстанымдарын насихаттау, Отанға 

деген сүйіспеншілік сезімін 

Жастар саясаты - ел болашағы

тәрбиелеу, ынта, еңбексүйгіштік 

сияқты көшбасшылық қасиеттерді 

бойға сіңіру.

Жастар саясаты орталығы 

студенттерді барлық бағытта 

дамытуға тырысады. Ол үшін түрлі 

қызығушылықты қамтитын Сту-

денттік клубтар Ассоциациясы 

құрылған.

Университетіміздің әрбір фа-

культетінде  Жастар орталығының 

Төрағалары бар. 

Қысқа мерзім ішінде Жа-

стар саясаты орталығы Жаңа 

жылғы бал-маскарад, Студенттер 

қатарына қабылдау, «Зеренді» 

оқу-сауықтыру орталығына саяхат, 

сонымен қатар халықаралық сту-

денттер күніне арналған «ENU 

Student’s Day», «ENU-vision» 

атты жойқын музыкалық жобалар-

ды керемет дәрежеде өткізді.

ЖСО-ның белсенді сту-

денттері жалпыуниверситеттік 

шараларға белсене араласады. Мы-

салы, «Еуразия дауысы», «Қыз 

Жібек», «Күлтегін Декадасы» 

және т.б. Сонымен қатар, сту-

денттер қалалық, республикалық 

деңгейде өтетін ірі жобаларды 

ұйымдастыруға көмек көрсетіп, 

белсенділік танытады. 

Біз өзге де жастар 

ұйымдарымен тығыз жұмыс істей-

міз. Олар: «Қазақстан студенттер 

альянсы», «Жас Отан», «Жасыл 

Ел», «Қазақстан жастар конгресі» 

және басқа университеттердегі 

 

өзін-өзі басқару ұйымдары.



Жастар саясаты орталығының 

белсенді студенттері үшін «Барлығы студент үшін!» деген жариясыз ереже 

бар. Міне, ұйым ашылған сәттен бастап белсенді студенттеріміз осы ережеге 

сай өмір сүріп, өздерінің студенттік өмірлерін ұмытылмастай етуде! 

ENU



жүктеу 12,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау